Тұрсынбекова жазира жұмабекқызының Әлеуметтік қызметкердің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында әлеуметтік



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет4/27
Дата14.05.2018
өлшемі0,7 Mb.
#12267
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

- денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер көрсету барысында 

әлеуметтік  жұмыс  субъектілерінің  өзара  іс-қимыл  және  бірлескен  қызмет 

тиімділігі процесінің мәні туралы. 

Зерттеудің практикалық маңыздылығы алдағы теориялық қағида мен 

тұжырымдар  денсаулық  сақтау  саласындағы  әлеуметтік  жұмысты  дамытуға 

елеулі  үлес  енгізе  алатындығында.  Жұмыс  тәжірибесінде:  біз  әзірлеген 

денсаулық  сақтау  саласындағы  әлеуметтік  қызметкерлерді  даярлау  және 

олардың біліктілігін арттыру бағдарламасы;  денсаулық сақтау саласындағы 

әлеуметтік  қызметкерлердің  қызметін  ұйымдастыруда;  оқытушылар  мен 

студенттердің 

ғылыми-зерттеу 

жұмысында; 

АМСК 


деңгейіндегі 

медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау саласының өзге де ұйымдары 

қызметін  ұйымдастыруда  қолданылуы  мүмкін.  Одан  өзге,  жұмыстың 

практикалық  үлесі  –  диссертациялық  жұмыстың  материалдары  Қазақстан 

Республикасының  Денсаулық  сақтау  министрлігі  мен  ЮНИСЕФ  (UNICEF) 

БҰҰ  Бала  қорының  «Демеу»  Отбасылық  медицина  ОПО  ШЖҚ-дағы  МҚК 

базасында  «Үйге  патронаж  қызметтердің  әмбебап-үдемелі  үлгісін  енгізу» 

тақырыбындағы бірлескен тренингтері, «Әлеуметтік қызметкердің денсаулық 

сақтау саласында кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» атты тренинг жобасында 

тиімді пайдаланылды.  



      Қорғау енгізілген негізгі ережелер: 

1.  Денсаулық 

сақтау  саласында  әлеуметтік  қызметтерді  көрсету 

проблемалары шеңберінде әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттіліктерін 

қалыптастыру  қажет.  Әлеуметтік  қызметкердің  кәсіби  құзыреттіліктерін 

қызметтің осы түріне қалыптастыру, егр ол ООО мен ЖОО қабырғаларында 

ғалымдар мен практиктердің әлемдік кәсіби тәжірибесінде негізделсе, сапалы 

және кәсіби деңгейде өтеді. 

2.  Әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік 

қызметтер  көрсету  барысындағы  кәсіби  құзыреттіліктері  кәсіби  міндеттерді 

тиімді  шешу  сапасына  әсер  ететін,  білім  алу  және  өз  бетімен  білім  алу 

процесінде қалыптастырылғаны бар.  

3.  Әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік 

қызметтер  көрсету  барысында  кәсіби  құзыреттіліктерін  әдіснамалық, 

бейімдеу-инновациялық  және  жүйелік  тәсілдерге  негізделген  клиентке 

бағдарланған  модель  арқылы  жетілдіру  әлдеқайда  мақсатқа  лайықты. 

Әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер 

көрсету  барысындағы  кәсіби  құзыреттіліктерінің  моделі  әлеуметтік 

қызметкер  клиентпен  өзара  іс-қимыл  жасау  барысында  негізгі  бастамашы 

бола  тұрып,  қиын  өмірлік  жағдайға  түскен  тұлғаларға  арнайы  әлеуметтік 

қызметтер  көрсету  кезінде  медициналық-әлеуметтік  қызмет  субъектілерінің 

өзара  іс-қимыл  процесінде  іске  асырылады.  Мұндай  өзара  іс-қимыл 

әлеуметтік  қызметкерлер  қызметінің  ерекшелігін  есепке  алу  жағдайында 

және  олардың  кәсіби  құзыреттіліктерінің  қалыптастырылуы  барысында 

нәтижелі болады. 



4.  Әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік 

қызметтер  көрсету  барысында  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастыру 

технологиясы  –  сапалы  өзгерістерді  (дайындықтың  алғашқы  деңгейінен 

нәтижелілікке 

дейін) 

қамтамасыз 



ететін 

алгоритмдер 

сипатының 

дидактикалық операцияларының жиынтығы.  

5.  Әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік 

қызметтер  көрсету  барысында  әлеуметтік  және  кәсіби  мәртебесін  арттыру 

тікелей  ҚР-ның  денсаулық  сақтау  саласындағы  әлеуметтік  жұмысын 

институционалдыруға  байланысты,  онда  сауатты  басқару  жүйесі, 

мамандандыру  мен  біліктілікті  тұрақты  деңгейде  арттыру  –  әлеуметтік 

қызметкерлердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер көрсету 

барысында кәсіби құзыреттіліктерін іске асыру үшін негізгі факторлар болып 

табылады.  



Зерттеу апробациясы және негізгі нәтижелерді енгізу:   

Жұмыс  нәтижелері  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі 

отырысында  талқыланды,  Академияның  ғылыми-зерттеу  жұмысы  туралы 

есебіне енгізілді.  

        Диссертация тақырыбы бойынша 1 ғылыми кітапша, 19 мақала, оның 4-і 

импакт-факторлы  журналдарда  жарияланған,  нәтижелері  2  Халықаралық 

ғылыми-практикалық конференцияда баяндалды.  

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 

басқару  академиясының  2015-2016  жылдары  «Қазақстандық  зияткерлік 

көшбасшылық:  болашаққа  көзқарас»  атты  2  конкурсына  қатыстым,  оның 

нәтижелері бойынша жеңімпаз атандым, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 

«Қоғамдық денсаулық қызметі» жобасын ілгерлету бойынша жұмыс тобына 

енгізілдім.  



Зерттеу базасы: Зерттеу 10 жыл ішінде үш кезеңде, ҚР Денсаулық сақтау 

министрлігі,  ҚР  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігінің 

Арнайы  әлеуметтік  қызметтер  департаменті,  Астана  қаласының  Денсаулық 

сақтау 


басқармасы, 

сондай-ақ 

мынадай 

ведомствоға 

бағынысты 

медициналық  ұйымдар  базаларында  жүргізілді:  ШЖҚ-дағы  МҚК  №  4 

Қалалық поликлиника, «Демеу» Отбасылық медицина ОПО ШЖҚ-дағы МҚК.  

Диссертациялық  жұмыс  кіріспеден,  үш  бөлімнен,  қорытындыдан, 

қолданылған  дереккөздер  мен  қосымшалар  тізімінен  тұрады.  Бірінші  бөлім 

әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау  саласындағы  қызметінің 

теориялық-әдіснамалық  негіздеріне  арналған,  онда  денсаулық  сақтау 



жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау