Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен


 Экологиялық себепшарт дегенiмiз не? 2



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет27/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40

92
1. Экологиялық себепшарт дегенiмiз не?
2. Экологиялық себепшарттар неше топқа бөлiнедi?
3. Жа рық  пен  температура  себепшарттарының  өсiмдiк  тiр-
шiлiгiнде қандай маңы зы бар?
4. Өсiмдiктер бiр-бiрiне өзара қандай əсер етуi мүмкiн? 
5. Бактериялар мен өсiмдiктiң тамырлары ортасында қандай бай-
ланыс бар?
6. Жануарлар өсiмдiктердiң тiршiлiгiнде қандай рөл ойнайды?
Сен тұратын жерде адамдардың өсiмдiктер дүниесiне жəне 
жағдайына  тигiзiп  жатқан  терiс  əсерiн  анықта.  Тигiзетiн 
терiс əсердiң алдын алу шараларын ойлап көр.
V  ТАРАУ.  ӨСІМДІКТЕР  СИСТЕМАТИКАСЫ
§ 38. ӨСIМДIКТЕР  СИСТЕМАТИКАСЫ
ТУРАЛЫ  ҰҒЫМ
Өсiмдiктердi бiр-бiрiне жақындастыратын белгiлердiң 
ұқсастық  дəрежесiне  қарай  өсiмдiктер  дүниесiн  белгiлi 
ретке – жүйеге  салу  өсiмдiктер  систематикасы  деп 
ата лады.  Өсiм дiктер  систематикасы – өсiмдiктану  ғылы-
мының  негiзгi  бөлiмi.  Бұл  бөлiмде  өсiмдiктердiң  шығу 
тегi,  ұқсастық  (тұқымдастық)  дəрежесi  жəне  тарихи 
дамуы на қарай топтарға – жүйелiк бiрлiктерге бөлiнедi.
Өсiмдiктердi  жiктеуде  төмендегi  жүйелiк  бiрлiктер 
қабылданған: түр, туыс, тұқымдас, класс (ұрпақ), тип 
(ататек) жəне өсiмдiктер дүниесi.
Өсiмдiктер  систематикасындағы  ең  кiшi  бiрлiк – түр.
Түр – барлық  мүшелерi (тамыры,  сабағы,  жапырағы, 
гүлi,  жемiсi,  тұқымы)  бiр-бiрiне  ұқсас,  белгiлi  бiр  жерде 
кездесетiн өсiмдiктер жиынтығын өз iшiне алады. Мыса-
лы,  сары  долананы  алайық.  Ол – бiр  түр.  Бiрақ  тауларда 
бұл  түрге  жататын  өсiмдiк  топтары  кең  таралған.  Олар 
гүлi, жемiсi, жапырағы жəне басқа белгiлерiмен бiр-бiрiне 
өте ұқсас. Сондықтан олар бiр түрге жатады.
Туыс – бiр-бiрiне жақын түрлерден құралған.
Ғылымда  өсiмдiктердi  қос  (екi)  атпен – түр  жəне  туыс-
тық  аттарымен  атау  (бинар  номенклатура)  қабылданған.  


93
Түрдi екi  атпен  атауды бiрiншi рет шведтiң табиғат зерт-
теушiсi Карл Линней (1707–1778) ғылымға енгiзген. Мыса-
лы, сарымсақ пияз бен анзур пияздағы сарымсақ жəне анзур 
сөздерi түрге тиiстi, ал пияз сөзi туысқа тиiстi сөз дер, бұл 
осы түрлердiң пияз туысына қатысты екендiгiн бiлдiредi.
Ғылымда əрбiр түрдiң жергiлiктi аттарынан бас қа тағы 
ғылыми, яғни «латынша» да аты бар.
Қалаған  өсiмдiктiң  ғылыми  атын  арнаулы  кiтаптар-
дан (флоралардан немесе өсiмдiктердiң анықтағышынан) 
табуға болады. Бiр-бiрiне жақын туыстар қосылып, өзiнен 
үлкен  жүйелiк  бiрлiктi – тұқымдасты  құрайды.  Мыса-
лы, бадам, алма, өрiк, итмұрын,  долана сияқты туыстар 
бiрiгiп, рау шангүл тұқымдасын құрайды (79-сурет).
Кейбiр  белгiлерiмен  бiр-бiрiне  өте  ұқсас  жəне  шығу 
тегi  жағынан  жақын  тұқымдастар  бiрiгiп  класты 
құрайды.  Мысалы,  бiр  тұқымжарнақты  өсiмдiктерден 
құралған  лалагүл  тұқымдастыр,  астық  тұқымдастар 
(масақтылар)  сияқты  тұқымдастар  жинақталып,  дара-
жарнақты өсiмдiктер класын құрайды. Екi жарнақты 
(екi тұқымжарнақты) өсiм дiктерден құралған раушангүл, 
итжүзiм,  құлқайыр  сияқты  тұ қымдастар  бiрiгiп,  қос-
жарнақты өсiмдiктер класын құрайды.
Даражарнақтылар  мен  қосжарнақтылар  класына
қатысты өсiмдiктердiң барлығы да гүлдi өсiмдiктер бол-
79-сурет.
Өсімдіктер дүниесі
Тип
Тип
Класс
Класс
Тұқымдас
Тұқымдас
Туыс
Туыс
Түр
Түр


94
ғандықтан, бұл екi класс қосылып, гүлдi өсiмдiктер неме-
се жабық тұқымды өсiмдiктер бөлiмiн түзедi.
Өсiмдiктер  дүниесi – өсiмдiктер  систематикасын дағы 
ең  үлкен  жүйелiк  бiрлiк.  Ол  жабықтұқымды  өсiм дiктер, 
жалаңаштұқымды  өсiмдiктер,  қырыққұлақтə рiздiлер, 
мүктəрiздiлер,  жасыл  балдырлар,  саңы рау құлақтар,  бак-
териялар жəне басқа бөлiмдердi қамтиды.
Жүйелiк бiрлiктердiң бірізділігіне мысал ретiнде қоза 
өсiмдiгiн аламыз.
Тип – Гүлді өсімдіктер (магнолиялар)
Класс – Қосжарнақтылар (магнолиятəрізділер)
Тұқымдас – Құлқайырлар
Туыс – Қоза
Түр – Мексика қозасы
1. Өсiмдiктер систематикасы қандай ғылым?
2. Өсiм дiктердi жiктеуде қандай жүйелiк бiрлiктер қолда ны-
лады? 
3. Түр дегенiмiз не?
4. Неге ғылымда өсiмдiктердi қос атпен атау қабылданған?
5. Өсiмдiктер дүниесi дегенiмiз не?
§ 39. БАЛДЫРЛАР.  БІР  ЖАСУШАЛЫ
ЖАСЫЛ  БАЛДЫРЛАР
Төмен сатылы өсiмдiктер – едəуiр қарапайым түзiлген 
өсiмдiктер.  Оларда  тамыр,  сабақ  жəне  жапырақ  болмай-
ды.  Балдырлардың  арасында  бiр  жасушалы  жəне  көп 
жасушалылары  да  бар.  Көп  жасушалы  төмен  сатылы 
өсiмдiктердiң  денесi  қатдене  немесе  таллом  (тамыр, 
сабақ жəне жапыраққа бөлiн беген дене) деп аталады.
Төмен  сатылы  өсiмдiктердiң  көпшiлiгi  балдырларға 
жатады.  Су  өсiмдiктерi – суда  тiршiлiк  ететiн,  жасуша-
ларында  хлорофилл  түйiршiктерiн  сақтайтын  жəне 
жарықтың  əсерiмен  органикалық   заттар  түзетiн   төмен 
сатыдағы  өсiмдiктер.
Қазiргi уақытта балдырлардың ғылымға белгiлi болған 
түрлерi 30000-ға  жуық,  олардың  арасында  көгiлдiр-


95
жасыл,  сарғыш-жасыл,  жасыл,  қоңыр,  қызыл  жəне 
алтын түстi балдырлар бар. Бұл балдырлардың жасуша-
ларында хлорофилден тыс əр  түрлi   түс  беретiн  пигмент-
тер де  бар.
Балдырлардың судан басқа дымқыл топырақта, ылғалы 
мол  жерде  өсетiн  ағаштардың  қабығында,  дөңкелерде, 
өзен  жағасындағы  тастардың  үстiнде  өсетiн  түрлерi  де 
кездеседi. Балдырлардың арасында жай көзбен көруге бол-
майтын,  бiр  жасушалы  түрлерiмен  бiрге  денесi  бiрнеше 
метр келетiн көп жасушалы түрлерi де бар.
Бiржасушалы балдырлар – өте майда, жай көзбен кө руге 
болмайтын  ағзалар.  Бiрақ  олардың  жиынтықтарын  жай 
көзбен көруге болады. Жазда арықтар, əуiздер, ұзақ тұрып 
қалған көлмек сулар жасыл түске енiп қалады. Бұндай суды 
«су көктептi» дейдi. Негiзiнде сол жасыл жо лақтар да, судың 
жасыл түсi де – жиналып қалған бiр жасушалы балдырлар.
Егер  «көктеп»  қалған  судың  бiр  тамшысын  микрос-
коптың заттық айнасына қойып қараса, бұл судың iшiнде 
бiрнеше  ұсақ  тiрi  жəндiктердiң  арасында  хло релла 
тұқымдасына  жататын  бiр  жасушалы  жасыл  су  өсiм-
дiгi – қарапайым хлорелланы көруге болады (80-сурет). 
Бұл жасушаның үстi жұқа жəне берiк қабықпен орал-
ған. Iшiнде басқа өсiмдiктердiң жасушасындағыдай цито-
плазма мен ядро болады. Цитоплазманың iшiнде ядродан 
басқа  хлорофилмен  жасыл  түске  боялған  тостағаншаға 
ұқсас де не –хроматофор да орналасқан.
Хроматофор  жоғары  сатылы  өсiм-
дiктердiң  жапырағындағы  хлорофилл 
түйiршiктерi  сияқты  қыз меттi  атқа-
рады.  Жарықтың  əсе рiмен  онда  су  мен 
көмiрқыш қыл   газынан   ақуыз,  крахмал 
жəне басқа органикалық заттар пайда бо-
лады, ал суға оттегi бө лiнiп шығады. Хло-
релла суды да, онда ерiген көмiрқышқыл 
газын  жəне  минералды  тұздарды  да  қа-
бықшасы арқылы сiңiрiп алады.
80-сурет. 
Хлорелла:
1–жасуша қабығы;
2–цитоплазма;
3–ядро;
4–хроматофор.
1
2
3
4


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау