Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет26/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40

89
Өсiмдiктер дүниесiн сыртқы орта, əсiресе ол өсiп тұр-
ған  жерсiз  елестетуге  болмайды.  Өсiмдiк тiң  өсуi  жəне 
дамуы үшiн топырақ, су, жарық, температура, оттегi өте 
қажет. Жарықсыз жапырақта органикалық заттар түзiл-
мейтiндiгi белгiлi.
Таулардағы  аршалар  ешқашан  жазирама  құмдарда 
сек сеуiлдермен  бiрге  өспейдi.  Сексеуiлдiң  тамыры  сон-
шалықты  мықты,  олар  қорек  пен  ылғалды  iздеп,  тiптi 
0,5–1 м-лiк гипстi қабаттарды тесiп өтедi. Ал жантақтың 
тамыры 25-30 м-ге дейiн тереңдiке жетiп, өзiн жер асты 
сумен қамтамасыз етедi.
1. Өсiмдiктердегi ортақтық неден тұрады?
2. Өсiмдiк нелiктен бiртұтас ағза деп аталады?
3. Өсiмдiк  мүше лерiнiң  өзара  байланыстылығын  қалай 
түсiнесiң? 
4. Шөл өсiмдiктерi құрғақшылыққа қалай бейiмделген?
Өсiп тұрған райхан мысалында өсiмдiк мүшелерiнiң өзара 
байланыстылығын  жəне  өсiмдiк  тiршiлiгiне  əсер  ететiн 
сыртқы себепшарттарды анықта.
§ 37. ӨСIМДIКТЕР  ДҮНИЕСIНЕ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
СЕБЕПШАРТТАРДЫҢ  ƏСЕРI 
Өсiмдiктердiң  тiршiлiгi  сыртқы  ортамен  тығыз  бай-
ланысқан. Сыртқы ортаның өсiмдiк тiршiлiк əрекетiне əсер 
ететiн  кейбiр  құрамдас  бөлiгi  экологиялық  себепшарт 
деп  аталады.  Экологиялық  себепшарттардың  жиынтығы 
өз  кезегiнде  өсiмдiктердiң  тiршiлiк  ету  жағдайы,  яғни 
олардың сыртқы ортасын белгiлеп бередi.
Экологиялық  себепшарттар  абиотиктiк  жəне  био -
тиктiк  топтарға  бөлiнедi.  Абиотиктiк  себепшарттарға 
өлi табиғаттың құрамдас бөлiктерi жатады. Олардың өте 
маңыздылары – топырақ, температура, су, жарық пен ауа. 
Биотиктiк  себепшарттарға  тiрi  табиғаттың  құрамындағы 
бөлiктер енеді. Бұларға бактериялар, саңырауқұлақтар, жа-
нуарлар жəне өсiмдiктер жатады. Топырақ өсiмдiктердiң 


90
тiр шiлiк ету ортасы болып табылады. Оларды сумен жəне 
минералды заттармен қамтамасыз етедi.
Жарық пен температураның əсерiнен өсiмдiкте фотосин-
тез, тыныс алу, өсу, тұқымның өнуi жəне жемiстердiң пiсуi 
сияқты маңызды тiршiлiк құбылыстары пайда болады.
Өсiмдiк  ағзасының  жалпы  мөлшерiнiң 60–90%-ы 
судан  құралған.  Цитоплазмадағы  сулы  ортада  өсiмдiк 
жасушасының  негiзгi  тiршiлiк  құбылыстары  байқалады. 
Су ағысымен қоректiк заттардың əрекетi де жүзеге асады.
Жарық  жасыл  өсiмдiктер  үшiн  өте  қажет,  себебi  тек 
жа рықта  фотосинтез  құбылысы  жүредi.  Өсiмдiктер  жа-
рықтың қаты насына қарап, көлеңкесүйгiш, жарықсүйгiш 
болып бөлiнедi.
Ауа газдардың қоспаларынан тұрады. Олардың арасын-
да өсiмдiк үшiн маңызды болған оттегi мен көмiр қышқыл 
газы  бар.  Көмiрқышқыл  фотосинтез  құбылысында  сiңi-
рiледi,  ал  оттегi  тыныс  алу  үшiн  қажет.  Жел  де  өсiм-
дiктердегi  судың  бу лануына,  олардың  тозаңдануына,  тұ-
қым жəне жемiстердiң таралуына əсерiн тигiзедi.
Өсiмдiктер  тiршiлiгiне  тiрi  ағзалар  да  əсер  етедi. 
Топырақтағы  əр  түрлi  ағзалар,  солардан,  бактериялар 
топырақта  еркiн  тiршiлiк  етiп,  ауа  құрамындағы  азот-
ты  сiңiрiп,  топырақ  құрамын  құнарлы  етедi.  Бұршақты 
өсiмдiктер  тамырында  тiршiлiк  ететiн  түйнек  бактери-
ялар  өсiмдiктердi  қорекпен  қамтамасыз  етуде  маңызды 
орын алады. Бұдан басқа топырақтағы микроағзалардың 
ықпалынан  органикалық  заттар  ыдырайды.  Ыдыраған 
заттарды жасыл өсiм дiктер сiңiредi.
Өсiмдiктер бiр-бiрiне оң жəне терiс əсер етедi. Мыса-
лы, жарықсүйгiш өсiмдiктер көлеңкесүйгiш өсiмдiктерге 
жағдай жасаса, жiңiшке сабақты арамсояу, лемана арам-
сояуы, сұңғыла сияқты паразит өсiмдiктер, кейбiр жабайы 
жəне мəдени өсiмдiктердiң дамуына керi əсер етедi.
Арша, қарағай, терек жəне басқа өсiмдiктер өзiнен ұшқыш 
заттар  (фитонцидтер)  бөлiп  шығарады.  Бөлiнген  заттар 
көптеген зиянды микроағзаларды тежейдi жəне тiптi өлтiредi.


91
Құстар жəне сүтқоректi жануарлар дəнектi жемiстердiң 
тұқымын  басқа  жерлерге  таратуға  себепшi  болады. 
Жануарлардың  өсiмдiктерге  əсерi  сан  алуан  жолдармен 
тиедi.  Сондықтан,  өсiмдiктер  тiршiлiгi  сыртқы  ортаның 
кейбiр экологиялық себепшарттарының əсерiнде болады. 
Өсiмдiктер түрлерiнiң кемеюiне жəне тiршiлiк жағдайына 
адамзат тiкелей əсер көрсетедi.
Адамның шаруашылықтағы iс-əрекетi өсiмдiктер дү-
ниесiне  өте  үлкен  əсер  тигiзедi.  Олардың  өсiмдiктерге 
тигiзетiн  əсерiн  оң  жəне  терiс  деп  бөлуге  болады.  Оң 
əсерге  үлкен  алқаптарда  сан  алуан  мəдени  өсiмдiктердi 
егу жəне жоғары өнiм алу, ормандарды қалпына келтiру, 
ашық жерлерге ағаштар отырғызу, қалалар мен ауылдар-
ды  жасыл  желекке  айналдыру  сияқтылар  жатады.  Терiс 
əсерлерге ормандарды кесу, өсiм дiктердi тамырымен, түй-
негiмен жəне тамырсабағымен жинау мен ору, мал бағу, 
су қоймаларын салу, жаңа жерлердi игеру, сырт қы ортаны 
зиянды химиялық заттармен ластау сияқтылар жатады.
Адамдардың  өсiмдiктерге  терiс  əсерiнiң  нəтижесiнде 
Жер бетiнде өсiмдiктер жамылғысы қысқарып, түр құрамы 
кемейiп барады.
Адамзаттың  суды  дұрыс  пайдаланбауы  салдарынан 
Арал  теңiзiнiң  деңгейi  төмендеп  кеттi,  нəтижеде  зиян-
ды  қалдықтармен  ластанған  топырақ  өсiмдiктерге  терiс 
əсер  етуде.  Өзен  жағалауындағы  тоғайлар  құрғай  баста-
ды.  Бұрынғы  құнарлы  жайылым  мен  шабындықтардың 
өнiмдiлiгi күрт өзгердi.
Ормандар өрттерден жəне су шаюынан да үлкен зиян 
шегедi.Туристер де ормандарға үлкен зиян келтiредi. Олар 
шатыр тiгу үшiн бiрнеше жас ағаштарды кеседi. 
Адам  дəрiлiк  өсiмдiктердi  көп  пайдаланады.  Қазiргi 
кезде дəрiлік өсiмдiктердiң 1500-ден көп түрi дүние жү-
зi  шең берiнде  пайдаланылады.  Сондықтан  да  кейбiр 
өсiмдiктердi  тұрақты  түрде  жинаудың  нəтижесiнде 
олардың қоры азайып барады.


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау