Стратегия каз indd



жүктеу 474,72 Kb.
Pdf просмотр
бет9/16
Дата08.03.2018
өлшемі474,72 Kb.
#11986
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

20

AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY

•  алдыңғы  қатарлы  қазақстандық  және  шетелдік  сабақ  беру  және  оқыту 

практикасына  зерттеулер  жүргізу  және  талдау,  оларды  Қазақстанның  білім  беру 

жүйесіне бейімдеу және енгізу;

•  Зияткерлік  мектептер  мұғалімдерінің  және  бастауыш,  негізгі  және  жоғары 

мектептер  үшін  Интеграцияланған  білім  беру  бағдарламасын  әзірлеумен  айналысатын 

халықаралық сарапшылардын жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру;

•  Интеграцияланған  білім  беру  бағдарламасын  байқаудан  өткізу,  мониторинг 

жүргізу және жетілдіру;

•  Зияткерлік мектептерге Интеграцияланған білім беру бағдарламасын енгізуге 

әдіснамалық қолдау көрсету;

•  базалық  және  басқа  да  жалпы  білім  беретін  мектептерге  Интеграцияланған 

білім  беру  бағдарламасын  қоса  алғанда,  ДББҰ-ның  білім  беру  моделін  бейімдеуге  және 

енгізуге қолдау көрсету;

•  ел 

ішінде 


конференциялар 

мен 


семинарлар 

өткізу, 


халықаралық 

конференцияларға қатысу. 

ББО қызметі білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

ДББҰ  оқу-әдістемелік  ресурстарды  үздік  әлемдік  практикаға  сәйкес  әзірлеу, 

бейімдеу және енгізу жөніндегі жүйені қалыптастыру үшін, сондай-ақ e-learning жүйесін 

дамытуға  білім  беру  контентін  әзірлеу  үшін  жеке  мамандандырылған  институт  –  Білім 

беру ресурстары орталығын құрады. 

Қызметтің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

•  ДББҰ-ның  жаңа  интеграцияланған  білім  беру  бағдарламасының  талаптарына 

сәйкес келетін оқу-әдістемелік кешен әзірлеу; 

•  дайын білім беру ресурстарын аудару және бейімдеу;

•  e-learning жүйесін дамыту үшін білім беру контентін әзірлеу;

•  қазақстандық авторларды, редакторларды, дизайнерлерді, иллюстраторларды, 

суретшілерді,  аудармашыларды,  медиа-зерттеушілерді  және  оқу  ресурстарын  әзірлеу 

жөніндегі басқа да мамандарды оқыту.

3.2 Білім беру сапасын бағалау жүйесі

Білім беру процесін тиімді ұйымдастыру, білім беру қызметтерінің жоғары сапасын 

қамтамасыз  ету  жөніндегі  қызметті  жоспарлау  және  жұртшылықты  білім  берудің 

жай-күйі  туралы  ақпараттандыру  үшін  стандартталған  бағалау  нәтижелері  қажет. 

Қазақстанның  білім  беру  жүйесінде  жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарының  қызметін 

және  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалауға  стандартталған  көзқарас  жеткілікті 

әзірленбеген  және  пайдаланылмайды.  Сондықтан  ДББҰ  көрсетілетін  білім  беру 

қызметтерінің  жоғары  сапасын  қамтамасыз  ету  және  олардың  қызметінің  тиімділігін 

бағалау үшін білім беру сапасына мониторинг жүргізу мен бағалаудың кешенді жүйесін 

әзірлейді және енгізеді. 

Сапаға  мониторинг  жүргізу  мен  бағалау  жүйесінің  негізгі  міндеттері  мыналар 

болып табылады:

•  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  конкурстық  іріктеуден  қорытынды 

аттестациялауға дейін бағалау;

•  халықаралық  ұйымдардың  мектептердің  қызметін  бағалауы  (аккредиттеу 

және авторландыру);

•  білім беру сапасын қамтамасыз етуді бағалау.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мыналарды қамтиды: 

•  оқушылардың  жаратылыстану-математика  ғылымдарын  оқуға  қабілетін 

бағалау. Бұл үшін ДББҰ Сито Педагогикалық өлшемдер институтымен (Голландия) және 

Джонс  Хопкинс  Университетінің  (АҚШ)  Талантты  жастар  орталығымен  (CTY)  бірлесіп, 

күрделілігі  жоғары  деңгейдегі  оқу  бағдарламалары  бойынша  оқу  үшін  оқушыларды 



21

AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY

анықтау  және  қабылдау  мақсатында  пәндер  бойынша  функционалдық  сауаттылықты 

бағалауды  және  қабілетті  психометриялық  бағалауды  үйлестіретін  оқушыларды 

конкурстық негізде іріктеу жүйесін әзірлейді және енгізеді;

•  оқушыларды оқытудағы жеке дара прогреске мониторинг жүргізу.

Бұл  үшін  ДББҰ  Сито  Педагогикалық  өлшемдер  институтымен  (Голландия) 

бірлесіп,әрбір  оқушыныңжеке  оқу  траекториясын  ұдайы  түзету  үшін  оқушылардың 

пәндер  бойынша  жетістіктеріне  мониторинг  жүргізу  жүйесін  (модель,  құралдар, 

технология) әзірлейді және енгізеді;

•  оқушыларды  бастауыш,  негізгі  және  жоғары  мектептерді  бітіргеннен  кейін 

сырттай қорытынды бағалау.

Бұл  үшін  ДББҰ  КембриджУниверситетімен  бірлесіп,  халықаралық  көзқарас 

деңгейінде  бағалау  құралдарын  (тапсырмалар,  әртүрлі  типтегі  тесттер,    портфолио 

форматтары,  жобалар,  шығармашылық  жұмыстар),  өлшемдері  мен      технологияларын 

әзірлейді  және  енгізеді.  Ағылшын,  қазақ  (екінші  ретінде)  және  орыс  (екінші  ретінде) 

тілдерін  тіл  білудің  жалпы  еуропалық  шеңбер  деңгейіне  сәйкес  білуді  бағалау  үшін 

Педагогикалық  өлшемдер  орталығы  базасында  CambridgeEnglishLanguageAssessment 

орталығының филиалы ашылатын болады. 

Оқушылардың  жекелеген  пәндер  бойынша  оқу  жетістіктерін  тәуелсіз  білім  беру 

ұйымдарының халықаралық сертификаттар беріп сырттай бағалауы ұйымдастырылатын 

болады. 

Халықаралық  ұйымдардың  Зияткерлік  мектептердің  қызметін  бағалауы 

(аккредиттеу және авторландыру)

Зияткерлік  мектептерге  көрсетілетін  білім  беру  қызметтерінің  жоғары  сапасын 

растау, мектептердің білім беру бағдарламасын халықаралық тану, бітірушілерге әлемнің 

жетекші  университеттеріне  түсуге  мүмкіндік  беру  үшін  олардың  қзыметін  бағалау 

нәтижелері  бойынша  халықаралық  ұйым  аккредиттеген  мектептердің  мәртебесін 

алу  қажет.  Астана  қаласының  Зияткерлік  мектебіне  жоғары  (DP)  және  негізгі  (MYP) 

мектептің білім беру бағдарламалары бойынша «Халықаралық Бакалавриат мектептері» 

мәртебесін алу қажет. 

Зияткерлік  мектептер  үш  кезеңнен  өтеді:  дайындық  –  қызметін  халықаралық 

стандарттардың  талаптарына  өзін-өзі  бағалау  үшін,  халықаралық  ұйымға  өтінім  беру 

кезеңі,  өзін-өзі  бағалау  нәтижелерін  валидациялау  және  мәртебе  беру  туралы  шешім 

қабылдау үшін халықаралық ұйым комиссиясының сапары. 

Аккредиттеу  және  авторландыру  жөніндегі  жұмыс  Кембридж  Университеті  мен 

Халықаралық  Бакалавриат  Ұйымы  халықаралық  сарапшыларының  консультациялық 

қолдауымен жүзеге асырылады. 

Зияткерлік мектептердің қызметін өзін-өзі бағалау құралдары мен технологиялары 

білім беру ұйымдарының қызметін стандартталған инспекторлық тексеруді ұйымдастыру 

үшін еліміздің білім беру жүйесіне берілетін болады.    

Білім беру сапасын қамтамасыз етуді бағалау мыналарды бағалауды қамтиды:

•  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тиімділігі;

•  Зияткерлік мектептер іске асыратын оқу бағдарламаларының сапасы;

•  үш тілділік саясатының тиімділігі;

•  педагогтардың кәсіби құзыретінің сапасы;

•  педагог  кадрлардың  және  басқа  да  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру 

сапасы;

•  ПШОбазасында  біліктілікті  арттырудың  деңгейлі  курстарының  мұғалімдері 



мен жаттықтырушылары қызметінің тиімділігі;

•  оқытатын ортаның жай-күйі;

•  оқушылардың  денсаулық  жағдайы  және  психологиялық  қызмет  жұмысының 

тиімділігі;

•  мектеп әкімшілігі жұмысының тиімділігі; 



жүктеу 474,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау