УўК 004(075) кбк 32. 81 я72 і-74 а в т о р л а р т о б ы : Б. Болтаев, M. Mахкамов



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет5/18
Дата08.03.2018
өлшемі0,51 Mb.
#11944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

16

1-əдіс. «Тышқанның»  көмегімен

Тіл  панелінде  кескінделген  түйме  таң-

далғанда  пайда  болған  (сол  жақтағы 

суреттегідей)  таңдау  тізімінен  қажетті 

түйме басылады.

2-əдіс. Пернелер көмегімен. Тіл панелінде қажетті тіл жағдайына 

сəйкес түйме көрінгенше Alt (немесе Ctrl) пернесін басып тұрып Shift 

пернесін басу неше рет керек болса, сонша рет қайталанады.

Пернетақта (клавиатура) тіл жағдайларынан тыс «төменгі регистр» 

немесе  «жоғарғы  регистр»  жағдайларының  бірінде  тұрады.  Əдетте 

компьютер  іске  қосылғанда  пернетақта  төменгі  регистр  жағдайында 

болады.

Төменгі  регистр  жағдайында  перне  басылғанда  тіл  жағдайына 



сəйкес  түрде  əліпбидің  кіші  əріптері  немесе  пернетақтаның  төменгі 

бөлігінде көрінген арнайы белгі экранға шығарылады.

Мəселен, төменгі регистрде:

пернені  басқанда  экранға

шығарылатын белгі 

Пернетақта латын əліпбиі жағдайында: b

Пернетақта кириллица жағдайында: и

пернені  басқанда  экранға

шығарылатын белгі 

Пернетақта латын əліпбиі жағдайында: 3

Пернетақта кириллица жағдайында: 3

пернені басқанда экранға

шығарылатын  белгі

Пернетақта латын əліпбиі жағдайында: /

Пернетақта кириллица жағдайында: .

Белгілерді  жоғарғы  регистр  жағдайында  экранға  шығару  үшін 

  Shift   пернесін басып тұрған күйде керекті пернелер басылады. Демек, 

пернетақта жоғары регистр күйіне тек  Shift  пернесін басып тұрғанда 

ғана өтеді. Егер  Shift  пернесін басуды тоқтатсаң, пернетақта төменгі 

регистр  күйіне  қайтады.  Жоғарғы  регистрде  тіл  жағдайына  сəйкес 

түрде  əліпбидің  бас  əріптері  немесе  пернелердің  жоғарғы  бөлігінде 

кесінделген белгілер экранға шығарылады.

Мəселен, жоғарғы регистрде:

пернені  басқанда  экранға

шығарылатын белгі

Пернетақта латын əліпбиі жағдайында: B

Пернетақта кириллица жағдайында: И

пернені  басқанда  экранға

шығарылатын белгі

Пернетақта латын əліпбиі жағдайында: #

Пернетақта кириллица жағдайында: №

пернені басқанда экранға

шығарылатын белгі

Пернетақта латын əліпбиі жағдайында: ?

Пернетақта кириллица жағдайында: ,



17

Кейде мəтіннің көлемді бөлігін тек бас əріптермен жазуға тура 

келеді.  Бұндай  кездерде  Caps Lock  пернесі  пайдаланылады. 

Бұл  пернені  басқанда  пернетақтаның  оң  жақ  жоғарғы  бөлігінде  

 Caps Lock   индикаторы жанады да, пернетақта тек бас əріптерді 

енгізу күйіне (жоғарғы регистр күйіне емес!) өтеді.  Caps Lock  

пернесін қайта басса,  Caps Lock  сөнеді жəне пернетақта тағы да 

кіші əріптерді енгізу жағдайына қайтады.

Жоғарғы регистрде жазу үшін   Shift   пернесін басуды ұмытпа!

Тек бас əріптермен жазу қажет болғанда   Caps Lock   пернесін 

пайдалан!

Өзбек  əліпбиінде  О‘,  о‘, G‘ жəне g‘ əріптерін  жазудың  өзіндік 

қиындықтары бар. Бұл əріптерді жазу үшін а) О, о , G жəне g əріптерінің 

керектісі  жазылады;  ə)  пробел  басылады  да, «‘» белгісі  жазыла-

ды;  б)   пробел  өшіріледі.  Осылайша  жазылған  О‘,  о‘, G‘, g‘ əріптері 

қатысқан  өзбек  тіліндегі  сөздер Word бағдарламасындағы  термин 

сөздерге қайшы келеді. Өйткені өзбек тіліндегі «буын» сөзі Word үшін 

3 сөзге айналады.

ҚҰЖАТТЫ  САҚТАУ

Жасалған мəтiндi жадта сақтап қою қажет. Ол үшiн мəтiндi соңына 

дейiн жазып болуды күту шарт емес. Əдетте мəтiндi енгiзу басталы-

сымен  оны  дискте  сақтап,  мəтiн  жазып  болғанға  дейiн  оқтын-оқтын 

сақтап  отыру  керек.  Себебi  əр  түрлi  себептермен  компьютер  өшiп 

қалуы мүмкiн. Ол жағдайда дискте мəтiннiң соңғы рет сақталған бөлiгi 

қалады.

Мəтiндi  сақтау  үшiн,  егер  ол  бiрiншi  рет  сақталып  жатса,  Файл 



менюiнен  Сақтау  (Сохранить)  немесе «... сақтау  сияқты» (Сохра-

нить как) командасы таңдалады. Нəтижеде экранда «...сақтау сияқты» 

терезесi пайда болады.

Егер құжат бірінші рет сақталып жатқан болса, оған міндетті түрде 

ат беру керек. Бұл үшін:

  бағдарлама  ұсынған,  мəселен,  Документ 1 немесе  құжаттың 

алғашқы қатарындағы мəтін бөлігі сияқты атпен сақтау; 

  пайдаланушы  берген  құжаттың  мазмұнына  сəйкес  (мəселен, 

мазмұнға сай: Отан-ана – шығарма немесе Кепілдемем яки Зертханалық 

жұмыс 1; құжатты қолдануға қатысты: Ана тілінен шығарма 1 неме-

се  Құжаттарым 1 яки  Физикадан  зертх. 1 деген  сияқты)  атаулармен 

сақтау.


2 –Информатика, 6-сынып


18

Жаңадан  сақталып  жатқан  құжатқа  ағымдағы  папкіде  бұ-

рыннан  сақталып  тұрған  құжаттың  атауы  берілгенде,  бағ-

дарламаның  «Заменить» (Алмастыру)  ұсынысы  қабылданса, 

бұрынғы құжат өшеді де, оның орнына жаңа құжат жазылады!

Қажеттi  қапшық  (Папка)  таңдалып,  файл  аты  (мысалы,  Инфор-



матика-реферат»)  жазылады  жəне  Сақтау  (

 

)  батырма-



сы  басылады.  Кезектегi  сақтауда  файл  менюiндегi  Сақтау  команда-

сын  таңдау  немесе  Жедел  панелiндегi

 

 

сақтау  батырмасын  басу 



жеткiлiктi.

Егер,  алдын  сақталған  файлды  басқа  атпен  немесе  басқа  папкада 

(қапшықта) сақтау қажет болса, ол жағдайда Файл менюiнен тек қана 

«...сақтау сияқты»

 ( 


 

командасы таңдалады.



Жазылып  жатқан  мəтiнiңдi  оқтын-оқтын  сақтап  тұру  есiңнен 

шықпасын!

МS Word бағдарламасы  да  құжатты  белгіленген  уақытта 

ағымдық сақтауға кепіл болады!



СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1. Word бағдарламасында жаңа құжат жасау үшiн қандай əрекеттер 

орындалады?

2.  Қайсы  менюдің  көмегімен  жаңа  құжат  үшін  бет  жасалады?

3.  Жаңа  бет  жасаудың  əдістерін  іс  жүзінде  көрсет.

4.  Пернетақта  (клавиатура)  қандай  жағдайларда  болуы  мүмкін?

5.  Перне  басылғанда  ондағы  қайсы  белгі  экранға  шығады?

6.  Төменгi  регистр  жəне  жоғарғы  регистр  күйінде  жұмыс  істеуді 

көрсетіп  бер.

7.  Бас  əрiптердi  жазу  үшiн  қосымша  қайсы  перне  басылады?

8.  Тек  бас  əрiптердi  жазу  жағдайына  қайсы  перненiң  жəрдемiмен 

өтiледi?


9.  Құжатты  сақтаудың  қандай  тəсiлдерi  бар  екенін  көрсет.

ЖАТТЫҒУЛАР

1.   Үйде  дайындаған  мəліметіңді  «Өмірбаян 1» тақырыбындағы 

құжаттың  жалғасына  жаз.  Құжатты  «Өмірбаян 2» деген  атпен 

сақта.  Бағдарламаны  жап.

2. Microsoft Word бағдарламасын іске қос. Құжатқа «Пернетақта ісі» 

деген атау бер. Төмендегі мəтінді жаса да, бағдарламаны жап.




жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау