13
қаріпті, кейінгі абзац бұрынғы абзацты, жаңа бет бұрынғы бет
пішімдерін (форматтарын) өзінде толық сақтап қалады.
Мəтін процессорындағы амалдардың кейбіреулерімен Paint
бағдарламасы арқылы танысқан едіңдер. Сондықтан оны
ешқандай қиындықсыз іс жүзінде қолдана аласыңдар. Ат қойы-
лып сақталған құжат Word бағдарламасында да нақ Paint
бағдарламасындағыдай Мои документы (қысқаша Документы )
папкісінде сақталады.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Мəтiн редакторларына қарағанда мəтiн процессорларының
артықшылығы не?
2. Мəтiн процессорында шығарылған мəтiн не деп аталады?
3. Word мəтін процессорының іске қосу əдістерін іс жүзінде көрсет.
4. Word мəтін процессорының интерфейсі жөнінде қысқаша мəлі-
мет бер.
5. Word мəтін процессорының тақырып жолында нелер бейнеленген?
6. Word мəтін процессоры Файл менюінің амалдарын сипатта.
7. Word мəтін процессорында таспалар қандай міндет атқарады?
8. Word интерфейсі суретінен қаріп (шрифт), қатар, абзац секілді
ұғымдарға мысалдар көрсет.
9. Осы оқулықтан қаріп, сөз, қатар, өріс, абзац сынды ұғымдарға
мысалдар көрсет.
10. Word мəтін процессорындағы мұрагерлік ерекшелік жөнінде əң-
гі меле.
11. Word бағдарламасында сақталған құжат қай папкіде орналасады?
ЖАТТЫҒУЛАР
1. Сол бағандағы атаулар сипаттамасын оң бағаннан тап.
Қарiп
бет шетіндегі таза бос орын
Сөз
абзацтар жинағы
Жол
əліпби əріптері, цифр жəне əр түрлі белгілердің түрі
Өрiс
екі жағынан пробелмен бөлінген белгілер тізбектігі
Негiзгi жол
негізгі жолы болатын жолдар тізбектігі
Абзац
бір сызықта орналасқан сөздер, əріптер немесе белгілер
тізбектігі
Мəтiн
өріс шетінен шегінісі бар жол
14
2. Нүктелер орнына оң бағандағы белгiлердiң дұрыс жауабын та-
уып қой.
Word есептер панеліндегі … пиктограммасының жəрдемімен іске
қосылады
Word Windows жұмыс үстеліндегі … ярлыктың (таңбашаның)
жəрдемімен іске қосылады
Word бағдарламасында істі аяқтау үшін … пиктограммасы таңдалады
3. а) төмендегі мəтінді жаз жəне оны «Абзац» деген атпен сақта:
«Сөйлемдер тек тақырыбымен ғана емес, негізгі идеясымен де
тығыз астасып жатады. Бір ой жөніндегі бірнеше сөйлем дербес
абзац түрінде өрнектеледі»;
ə) мəтіннің бірінші сөйлемінде неше қаріп жəне неше сөз бар
екенін анықта;
б) мəтінді төмендегі көрініске келтіру үшін Шрифтің ерек-
шеліктерін өзгерт:
Сөйлемдер тек тақырыбымен ғана емес, негізгі идеясымен де
тығыз астасып жатады. Бір ой жөніндегі бірнеше сөйлем дербес
абзац түрінде өрнектеледі.
4. Үйде дайындалған «Өмірбаян» тақырыбындағы бес абзацты
мə тінді Word мəтін процессорында жаз. Ана тіліндегі абзац
ұғымы мен Wordтағы абзац терминін өзара салыстыр. Құжатты
«Өмірбаян» атауымен сақтап қой.
5. Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, дəптеріңе мəліметтерді
жаз:
а) ағаң мен ініңнің, əпкең мен сіңліңнің аты-жөндерін, олардың
қашан, қай жерде туылғанын, қазір қай жерде оқитынын немесе
жұмыс істейтінін;
ə) пəндерден алған бағаларыңды.
ҚҰЖАТ ЖАСАУ ЖƏНЕ САҚТАУ
Word бағдарламасында мəтiндiк құжат жасау жəне сақтаудың
тəсiлдерi өте көп, олар жағдайға қарай қолданылады. Бұл тəсiлдердi
есiңде сақтап қалу үшiн шамалы жаттығу керек.
Кілт сөздер: құжат жасау, перне (клавиатура) жағдайлары, құ-
жатты сақтау.
3-сабақ
15
ҚҰЖАТ ЖАСАУ
Мəтiндiк құжаттар дайындау үшiн, алдымен жаңа бет (жұмыс кеңiс-
тiгi) жасалады. Microsoft Word мəтiн процессорында бұл төмендегiдей
жүзеге асырылады:
1) Iске қосылған бағдарлама
атымен жаңа құжат жасау
ұсынылады;
2) Файл менюiнен Жасау (Создать) командасы таңдалады. Нəтижеде
мəтiн теру үшiн жаңа бет ашылады.
Сонымен мəтiндiк құжат дайындау барысы басталады.
Белгiлi, мəтiн сөйлемдерден, сөйлем сөздерден, ал сөздер əрiптерден
құралады. Бұдан тыс, мəтiнде тыныс белгiлерi мен арнаулы белгiлер
де қолданылады. Бұл белгiлердiң барлығы пернетақтада (клавиату-
рада) бар. Сондықтан осы пернелердiң пернетақтада орналасу ретiн
қаншалықты жақсы бiлсең, мəтiн теру соншалықты оңай болады. Ол
үшiн қажеттi белгi пернелерiн тiзбектеп басса жеткiлiктi. Басылған
пернеге сəйкес белгi жұмыс кеңiс тiгiнiң меңзер көрсетiп тұрған жерiне
жазылады жəне меңзер бiр орынға, оңға жылжиды.
Кейбiр пернелерде екi немесе үш белгiнiң кескiнi түсiрiлген бола-
ды (қара, 5-сынып). Бұл кескіндер не əріптерді, не арнайы белгілерді
өрнектейді. Мəселен:
Бұл пернелердi басқанда, онда бейнеленген белгiлердің қайсы бiрi
экранға шығуы компьютер жəне пернетақта жұмыс iстеп тұрған тіл
жағдайына байланысты. Пернетақта пайдаланушы таңдаған тілдердің
бірінде, мəселен:
тіл жағдайларының бірінде жұмыс істеп жатқан болуы мүмкін. Əдетте
тіл жағдайлары Мəселелер панелінің оң жағында орналасқан тіл
панелінде кескінделеді. Тіл панелінде жоғарыда көрсетілген 3 тілдің
жағдайына сəйкес
,
немесе
пернелерінің бірі өрнектеліп
тұрады.
Тіл жағдайларының керектісін таңдау төмендегі əдістердің бірімен
жүзеге асырылады:
Достарыңызбен бөлісу: |