Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
203
-
мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың
тиімді әдістемесі мен әдістерін (технологиялар) игеру/меңгеру;
-
тарихты оқытудың базалық және жоғары деңгейінде зерделеу, тиімді
білім беру тәжірибесін тарату;
-
білім алушыларды негізгі түйінді құзыреттермен бейіндік оқыту
жағдайында білім беру стандарттары, тарих бойынша жаңартылған оқу
бағдарламаларына сәйкес білімді-әрекеттік компоненттерін меңгеру бойынша
білім алушылардың оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастыру;
-
білім алушылардың бейіналды дайындық сапасын қамтамасыз ету.
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың рухани-
адамгершілік дамуы; олардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімді
игеруі; білім алушылардың сенімдерін,
әлеуметтік маңызды тұлғалық
қасиеттерін және өмірлік дағдыларын қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» пәнінің 10-11 сыныптардағы базалық
мазмұны төрт негізгі
тарауды қамтиды: «Таным жолында», «Тұлғаны тәрбиелеу», «Қоғамдағы
өмір», «Адамзат әлемі».
«Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-
сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
11-
сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сәйкес сандық
бағалау емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық
қорытындысы бойынша «сынақ» деген баға қойылады.
Білім алушы бағдарламада көрсетілген білім алушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптардың барлығын және ұзақмерзімді жобаны
орындаса, оған «сынақ» деген баға қойылады.
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Технология
«Технология»
пәні
оқушылардың
өзіндік
еңбек
өміріне
дайындалуларына, олардың жасампаз және қайта құрылу саласына байланысты,
кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік жасайды.
10-11-
сыныптарда пәнді оқытудың мақсаты – техника мен технология
саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің
нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,
сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, шығармашылық көзқарасын
дамыту.
Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:
–
техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген
білімді қалыптастыру;
–
құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-
әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы
біліктер мен дағдыларын қалыптастыру;
–
технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
204
көзқарасын дамыту;
–
оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек
нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
–
еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік,
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
–
оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
«Технология» пәнін оқыту барысына барлық төрт компонент кіреді
азаматтардың әлеуметтік тәжірибесі: біліп тану саласының тәжірибесі (түрлі
облыстағы ақиқат туралы білімі), танымал әдістер саласында тәжірибе
орындау, шығармашылық қызмет тәжірибесі мен нысандарға эмоционалды-
құндылықтар қатынасы және адам қызметіне арналған тәжірибе құралдары. Бұл
барлық компоненттер оқу курсының мазмұнында бар.
Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында ұл балаларға келесі
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі.
«Заманауи өндірісі және жоғарғы білім» жаңа бөлімі тұлғалық қабілеттер
және мамандық таңдау, кәсіптік әрекетке қазіргі заман талабы, жоғарғы оқу
орындары және жоғарғы білімді алу жолдарын оқыту мәселелерін қамтиды.
53-
кесте – 10-11-сынып ер балаларына арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті
қорғау.
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі
техника және технология.
3. Ағашты және ағаш материалдарды
қолмен және механикалық өңдеу
технологиясы.
4. Металды қолмен және механикалық
өңдеу технологиясы.
5. Сәндік қолданбалы өнерінің
элементтерімен көркем материалдарды
өңдеу технологиясы.
6.
Электротехника және электроника
негіздері.
7. Үй мәдениеті. Үй
шаруашылығындағы жөндеу
жұмыстар.
8. Шығармашылық жобалау саласы.
9.
Заманауи өндірісі, техникалық және
кәсіби білім.
1. Қауіпсіздік техникасы және
еңбекті қорғау.
2. Ағашты және ағаш материалдарды
қолмен және механикалық өңдеу
технологиясы.
3. Металды қолмен және
механикалық өңдеу технологиясы.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің
элементтерімен көркем
материалдарды өңдеу технологиясы.
5.
Электротехника және электроника
негіздері.
6. Үй мәдениеті. Үй
шаруашылығындағы жөндеу
жұмыстар.
7. Шығармашылық жобалау саласы.
8.
Қазіргі заман өндірісі және
техникалық кәсіби білім.
Технологиялық дайындықты ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін
Достарыңызбен бөлісу: |