Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет82/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
194 
«Энергия»,  «Күш»,  «Қозғалыс»  және  «Даму»  ұғымдарының  қалыптасуында 
маңызды рөл атқарады. 
Жоғары сыныптардағы география, биология, химия, физика сабақтарында 
пәнаралық  проблемалық  жағдаяттар  жасап  отыру  қажет,  мысалы: 
кездейсоқтық, дәлелдеу, жоққа шығару, болжау жағдаяттары. 
Мысалы,  «География»  оқу  пәнінің  «Табиғатты  пайдалану  және 
геоэкология»,  «Геоэкономика»,  «Геосаясат»,  «Елтану»  және  «Адамзаттың 
ғаламдық  проблемалары»  бөлімдерін  өткенде  зілзалалар  жағдайында  және 
қауіп-қатер  ахуалында  қауіпсіздікті  сақтау,  күтпеген  жағдайды  болжау  және 
осы жағдайларда өзін ұстау ережелерін талқылауға болады, білім алушылардың 
қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылады.  
Пәнаралық  байланыстар  зерттеудің  (эксперименттік  әдіс,  жобалық  және 
модельдеу  әдісі  және  т.б.)  жалпы  әдістерінде  қолданылуы  мүмкін.  Мұғалімге 
пәнаралық  байланыстың:  бұрынғы,  жалғаспалы  және  келешекті  түрлерін 
қолдану ұсынылады. 
Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын 
оқу  барысында,  басқа  пәндерден  бұрын  алынған  білімдерге  сүйенуді 
қарастырады  (мысалы,  жаратылыстану,  география,  биология  курстарынан 
алынған білім). 
Жалғаспалы  пәнаралық  байланыстар  –  бұл  байланыстар,  көптеген 
сұрақтар  мен  ұғымдар  бір  мезгілде  бірнеше  пәнде  зерделенуі  мүмкін  екенін 
қарастырады  (мысалы,  дыбыс  туралы  түсінік  физикада,  ал  есту  органдары  – 
биологияда оқылады және т.с.с). 
Келешекте  пәнаралық  байланыстар  материалды  бір  пәннен  оқу,  сол 
материалды  басқа  пәндерден  оқудан  бұрын  жүзеге  асырылады  (мысалы, 
атомның  құрылысы  туралы  ұғым  физика  пәнінде  химияға  қарағанда  бұрын 
оқытылады).  Бұл  жағдайда  химия  мұғалімі  физикадан  алынған  білімге 
сүйенеді. 
«Жаратылыстану» білім  саласы пәндерінде «геоэкономикалық жағдай», 
«тұрақты  даму»,  «даму  стратегиялары»,  «индустриалды-инновациялық 
реформа»,  «жасыл  экономика»,  «жасыл  энергетика»,  «ел  шаруашылығы», 
«ғылымды  қажет  ететін  технологиялар»,  «таза  технологиялар»  терминдерінің 
ғылыми-теориялық  және  практикалық  мәнін  зерделеу,  аймақтық  және 
жергілікті  аспектіде  олардың  қолданбалы  ерекшелігін  түсіну,  «Мәңгілік  Ел» 
ұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  контексінде  жаһандық  геоэкономикалық 
кеңістікте  тұрақты  дамып  келе  жатқан  ел  ретінде  Қазақстан  Республикасы 
туралы  ғылыми  негізделген  көзқарас  қалыптастыру  және  дамыту  маңызды 
болып  табылады.  Сабақтардың  тәрбиелік  мақсаты  «Мәңгілік  Ел»  идеясын 
қамтып отыру тиіс. 
Халықаралық  маманданырылған  «ЭКСПО-2017»көрмесін  өткізу  елдің 
дамуы үшін стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу үшін маңызды 
болып саналады. 
Білім  алушылардың  үй  тапсырмасын  орындаулары  –  оқу  процесінің 
қажетті  элементтерінің  бірі.  Оны  дұрыс  ұйымдастыру  арқылы,  сабақ 
барысында  алынған  білімді  пысықтауға  және  тереңдетуге,  оқушының  оқуға 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
195 
деген  тұрақты  қызығушылығын  арттыруға  мүмкіндік  пайда  болады.  Үй 
тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:  
– 
үй  тапсырмаларын  оқулық  параграфтарын  жаттап  алуға  және 
тапсырмаларды  орындауға  ғана  пайдалануға  болмайды.  Шығармашылық, 
эксперименттік,  проблемалық  сипаттағы  есептерді,  тапсырмаларды  және 
жаттығуларды көбірек қолдану қажет;  
– 
үй  тапсырмаларына  оқушылардың  өз  оқу  әрекеттерінің  нәтижелеріне 
өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма элементтерін қосу;  
– 
үй  тапсырмасына  мазмұны  және орындалу  түрі  бойынша  түрлілігімен 
ерекшеленетін тапсырмалар беру;  
– 
үй  тапсырмасының  көлемін  анықтау  барысында  оқушылардың  жеке 
және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс. 
Білім  саласы  пәндерінің  қолданбалы  курстары  немесе  таңдау 
курстарының  тақырыптары  мұғалімдердің  мүмкіндіктері  және  жағдайларға 
байланысты өзгертілуі мүмкін: 
Биология:  «Биологиялық  модельдер  және  қолданбалы  есептер», 
«Әлемнің  ғылыми-жаратылыстану  бейнесінің  эволюциясы»,  «Тамақтану  және 
денсаулық»,  «Экологиялық  этика»,  «Биология  және  денсаулық»,  «Әлемнің 
заманауи  ғылыми-жаратылыстану  бейнесі»,  «Биологиялық  белсенді  заттар», 
«Бәрі  біздің  түп-тұқиямызда  (генетика  негіздері  бойынша)»,  «Менің 
денсаулығым  –  менің  қолымда»,  «Тірі  жасушаның  жұмбақтары»,  «Тұқым 
қуалаушылықтың  заңдылықтары»,  «Биология  проблемалары»,  «Жасушалар 
және  ұлпалар»,  «Биогеография  проблемалары»,  «Тері  –  денсаулық  айнасы», 
«Заманауи  микробиология»  «Нанотехнологияларға  кіріспе»,  «Биотехнология 
және қауіпсіз орта» .  
География:  «Әлеуметтік-экономикалық  географияның  математикалық 
модельдері және әдістері», «Картографияның математикалық модельдері және 
әдістері», 
«Қазақстан 
географиясын 
оқу 
барысындағы 
жобалық 
технологиялар»,  «Туған  өлкедегі  әлеуметтік-экономикалық  процестерді 
моделдеу»,  «Дүниежүзілік  энергетика  және  саясат»,  «Қазақстанның 
энергетикалық  әлеуетін  дамыту»,  «Еліміздің  бүгінгі  жасыл  энергетикасы», 
«Медициналық экология», «Медициналық география», «Жобалық есептер мен 
тапсырмаларды  шешу  әдістері»,  «География,  тарих,  өнер:  қиылыстар  және 
өзараәрекеттесу»,  «Адамзаттың  жаһандық  проблемалары  және  апаттар  қаупін 
азайту» . 
Физика:  «Мектептің  физикалық  практикумы:  бақылаулар,  эксперимент, 
модельдеу»,  «Физикада  жаңалықтар  қалай  ашылады»,  «Математикалық 
модельдер  және  физикадағы  әдістер»,  «Күрделілігі  жоғары  физикалық 
есептерді шығару», «Қоршаған ортаның физикалық ластануы және оның адам 
өміріне  әсері»,  «Физика  және  компьютер»,  «Өндірісті  автоматтандыру 
негіздерін  зерделеудің  қолданбалы  физика  курсы»,  «Ауыл  шаруашылық 
өндірісі  материалдарындағы  қолданбалы  физика  курсы»,  «Физика 
ғылымындағы  іргелі  эксперименттер»,  «Физикалық-техникалық  модельдеу», 
«Ғарышкерлік  негіздері»,  «Ғарыш  физикасы»,  «Биофизика  элементтері», 
«Биохимиялық 
физика», 
«Заманауи 
ғарышкерліктің 
жетістіктері», 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау