Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
209
дамуын қалыптастыруға ықпал ету.
Оқу пәнінің міндеттері:
оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету
үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде,
практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;
оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі
туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері
бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен
тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу
құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және
жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын
арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру
лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (басшылығымен келісе отырып)
10-
сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны
өткізіледі. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту
бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару
органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде
қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.
11-
сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен
практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының
соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ)
қарастырылған.
10-
сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа
(бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын
анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және
компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс
және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс
кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі
заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының
халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен
қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану
ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған
адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.
Әрбір оқу орнында меншік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша
келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:
1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың
көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі;
2) алғашқы әскери дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері және
азаматтық қорғаныс, медициналық білім бойынша арнайы жабдықтарды
сақтауға арналған бөлме;
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
210
3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;
4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін
орын;
5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;
6) тактикалық алаң;
7) кедергілерден өту жолының кешені;
8) жабдықталған ату тирі;
9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.
Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдар
макеттерімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске
асырылады.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
-
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-
2017);
- «
ЭКСПО-2017» «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017
жылғы маусым-қыркүйек).
Оқушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша қорытынды тексеру
сынақтарын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып
саналады, сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, спортқа, әскери
істерге
қызығушылықтарын
қалыптастырады,
дене
шынықтыруды
жетілдіріреді.
«
Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:
10-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша
далалық оқу жиынына 30 және қорытынды тексеру сынаққа 4 сағат вариативті
бөлімнен қарастырылған;
11-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
211
4
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2017-
2018 оқу жылында 1-ші және 2-ші сыныптар білім мазмұны
жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын болады.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
-
пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі, яғни білім мен
біліктерді тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (дағдыларды
тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);
-
пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін және
таным заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум таксономиясы
бойынша иерарахиясы;
-
білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында
педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау, бұл пәнішілік байланыстарды
барынша ескеруге мүмкіндік береді;
-
білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың болуы;
-
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына
сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;
-
оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар
түрінде технологияландырылуы болып табылады.
Оқу бағдарламаларында оқу пәні бойынша үштілді білім беру іске асыру
көзделген. Көптілді оқыту ортасын құру үшін әрбір оқу пәнінің қосатын үлесі
жиынтықта үштілді білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тілдерді оқыту негізі коммуникативтік тәсіл болып табылады, ол әрбір
оқу пәні әдіс-амалдары – әртүрлі оқу жағдаяттарында білім және дағдыларымен
алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс пайдалану арқылы білім
алушылардың сөйлеу қызметі дамуының жетекші принципі ретінде
қарастырылады.
Тілдерді оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрін дамыту арқылы жүзеге
асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым.
Мұғалімнің білім алушылардың сөйлеуінің дамуына ықпал ететін,
күнделікті жағдайларға жақындастырылған ортаның үлгісін жасауы өте
маңызды.
Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі – олардың пәндік білім
мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды
қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең ауқымды
дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және
шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу
жұмыстарын
жүргізу,
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс
істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақтылығы
оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Мұғалімдер тараудың және
Достарыңызбен бөлісу: |