Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет81/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
192 
процесті  суреттеуден  оны  ұсынуға  өтуді  және  өзгерістің  мәнін  түсіндіруді 
қамтиды. 
«Модель», «деректер», «параметрлер», «нақты және өзгермелі өлшемдер», 
«болуы  мүмкін  мән  саласы»  ұғымдары  зерделенеді  және  қолданылады. 
Параметрлерінің мәні әртүрлі модельдермен зерттеулер жүргізіледі. 
Орта  мектепті  бітірушінің  мектептің  ақпараттық  білім  беру  ортасының 
жаратылыстанудың ғылыми аспектілері бойынша белсенділігі маңызды нәтиже 
болып саналады. 
Бұл  оның  процесінің  алгоритмін  құру,  алгоритм  бойынша  бағдарлама 
жасау  және  компьютердің  көмегімен  оны  зерттеу  қабілетінен  көрініс  табады. 
Оқушылар  алынған  деректер  бойынша  эксперименттің  нәтижелерін  зерттеу, 
математиканың және компьютердің кестелік деректерін қолдану, диаграммалар 
және  тәуелділік  графиктерін  құру,  дөңгелектеуді  жүзеге  асыру  білігі, 
қателіктерді  анықтау,  яғни  есептеулерді  дәстүрлі  құралдардың  көмегімен  ғана 
орындамай,  ол  үшін  компьютерді  және  сандық  құралдарды  да  қолдану 
дағдыларын меңгеруі маңызды болып табылады. 
Бұл  жоғары  сынып  оқушыларының  география,  физика,  химия, 
биологияны  зерттеудің  озық  тәжірибесін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді, 
математикалық  және  ақпараттық  сүйемелдеулер  маңызды  құралдар  болып 
табылады. 
Бұл  мектептегі  ғылыми-жаратылыстану  білімін  тереңдетуге  және 
түрлендіруге,  жоғары  сынып  білім  алушыларын  одан  әрі  кәсіби  оқытуға 
дайындауға және инновациялық өзгерістер кезеңін дамытуға мүмкіндік береді. 
Сабақтарда  газеттердің,  журналдардың,  фильмдердің,  бейне-таспа 
материалдары,  веб-сайттар  мен  әдебиеттердің  материалдарын  қолдану 
ұсынылады. 
Пән  бойынша  академиялық  лексика  қалыптастыру  үшін  сабақта 
терминологияны  қолдану  жұмыстарын  әрдайым  жүргізіп  отыру  қажет. 
Оқушылардың  терминдерді  дұрыс  пайдалануын  қамтамасыз  ететін  ауызша 
және  жазбаша  тапсырмалар  қолдану  ұсынылады.  Білім  алушылардың  білім 
жетістігін  бағалау  барысында  академиялық  лексиканың  дұрыс  қолданылуына 
көңіл аудару қажет.  
Сапалық және сандық есептерді шешуге тең дәрежеде көңіл бөлу керек, 
өйткені  құбылыстардың,  процестердің  терең  мәнін  түсіну  және  оларды  шешу 
дағдыларын қалыптастыруға қол жеткізу қажет. 
Техника  қауіпсіздігі  ережелерін  сақтай  отырып  барлық  оқу  құралдары 
және  техникалық  жабдықтарды  білім  алушылардың  дұрыс  пайдалануы 
маңызды болып табылады.  
Білім  алушылардың  ғылыми-зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  үшін 
жоғары  оқу  орындары  мен  мектеп  оқушылар  сарайлары  жанындағы  күндізгі 
және  сырттай  оқу  мектептеріне  қатысу  ұсынылады.  Оқушыларға  атом 
энергиясы  бойынша  «Росатом»  мемлекеттік  корпорацияның  және 
«Қазақстанның  ядролық  қоғамы»  қауымдастық  іс-шараларына  қатысу 
ұсынылады,  олар  жыл  сайын  өткізілетін  «Kazatomexpo»  көрмесінде  жоғары 
сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
193 
Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар 
атом  электр  стансасының  жұмысын  зерделеуге  мүмкіндік  беретін,  «басқа 
планетадан  келушілердің  атомды  шабуылынан  –  құйынға  дейін»  атты  түрлі 
ойын  сценарийлерін  жүргізумен,  «Алақандағы  АЭС»  қосымшасымен  таныса 
алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about 
Энергияның балама көздері, оларды  өндірудің заманауи тәсілдері туралы 
ақпаратты:  alternativenergy.ru;  aqua-rmnt.com/otoplenie/alt  сілтемелері  бойынша 
алуға болады. 
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық 
қоғамы»  республикалық  қоғамдық  ұйымы  материалдарын  пайдалану 
ұсынылады. Сілтеме:kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz 
«
ЭКСПО-2017»  көрмесі  жұмысының  бағыттары  туралы,  сонымен  қатар 
дүниежүзілік  бұрынғы  көрмелердің  материалдарын  келесі  сілтемелер  арқылы 
алуға 
болады: 
skachatreferat.ru/poisk/
экспо

http://www.skachatreferat. 
ru/poisk/экспо-2017

Сабақтарда  «Болашақ  Энергиясы»  көрмесінің  жаңа  және  ақылды 
технологиялары материалдарын қолдануды ұсынамыз.  
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сын тұрғысынан 
ойлау  келесі  дағдыларды  дамытуды  қарастырады:  мәнмәтінді  есепке  ала 
отырып  тыңдау,  бақылау,  талдау  және  жинақтау  арқылы  дәлелдеуге  үйрену. 
Сондықтан  оқушылардың  бақылау,  талдау,  пайымдау  және  түсіндіру 
дағдыларын  қалыптастыруларына  жағдай  жасау  қажет.  Ол  үшін  білім 
алушыларды: 
– 
пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға; 
– 
олар  туралы  негізгі  дереккөздерді  бағалауға  және  сәйкес  сұрақтар 
қоюға; 
– 
тұжырымдамалар  және  қорытындылармен  қоса  алғанда  негізгі 
дереккөздерді салыстыруға және талқылауға; 
– 
жеке  тәжірибесінің  молаюына  қарай  өзінің  көзқарастары  мен 
болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады. 
География,  физика,  химия,  биология  сабақтарындағы  пәнаралық 
байланыстар  қоршаған  әлемдегі  процестер  мен  құбылыстардың  өзара 
байланысын  көрсете  отырып,  бір  пәнді  оқу  барысында  басқа  пән  бойынша 
білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше 
рөл атқарады.  
Дидактика  тұрғысынан  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  оқытудың 
ғылыми  деңгейін  артырады,  оқу  материалының  мазмұнына,  мұғалім 
қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз беттерінше 
жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді. 
Сонымен  қатар,  пәнаралық  байланысты  белсенді  пайдалану, 
жаратылыстану бағыты пәндерін оқыту процесінде оңтайландыруға және білім 
алушыларға түсетін оқу жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. 
«Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінің  сабақтарында  пәнаралық 
байланысты  қолдану  ғылыми-жаратылыстанудың  негізін  құрайтын  –  «Өмір», 
«Адам»,  «Табиғат  кешені»,  «Экономика  және  экология»,  «Зат»,  «Дене», 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау