Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
137
бірге топ мүшелерінің әрқашан өзгеріп отыруы да маңызды.
Жоғары сыныптарда түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамыту
үшін оқытудың жаңа әдістері ұсынылады. Деңгейлеп оқыту, сын тұрғысынан
ойлауды қалыптастыру, тірек-сызба, салыстырмалы талдау және тағы басқалар.
Мысалы: маңызды тарихи оқиғаларды талдауда STEEPLE-талдауы (S–
әлеуметтік,T – технологиялық, E – экономикалық, E – қоршаған орта, P – саяси,
L –
құқықтық, E -этникалық факторлар) және т.б. қолдану ұсынылады. Бұл
білім алушылардың түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамытуға
мүмкіндік береді.
Білім алушылардың мазмұны жағынан мәндес пәндерді оқу кезінде алған
білімдерін мақсатты және жүйелі түрде пайдалану дағдысын қалыптастыруда
оқытудың кіріктірілген тәсілін қолдану тиімді. Ол үшін оқу процесін
ұйымдастыру кезінде сабақтарды әртүрлі пәндерден алынатын мәліметтер
бірін-бірі толықтырып, тереңдететіндей түрде жоспарлау ұсынылады. Мысалы,
Отандық және дүниежүзі тарихының кейбір тақырыптарын кіріктіруге болады.
Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік
соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын
кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру
оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін біршама арттырады.
Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың
тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны
«Мәңгілік Ел» идеясына сай болуы және Отанымыздың патриоттарын,
құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен
бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын
тәрбиелеуге, қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге
бағытталуы қажет.
Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында
мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған жерлерге немесе
тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар:
http://www.tarih-begalinka.kz
;
http://www.e-history.kz
;
http://bilimsite.kz/tarih/
;
http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru
;
http://historic.ru
;
http://historyatlas.narod.ru
;
http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық
өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым
-
қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын
әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
1)
Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек
би Келдібекұлының 350 жылдығы(1667-1764);
2)
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әйгілі
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
138
батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);
3)
Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);
4)
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);
5)
Белгілі қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай батыр
Қожақұлұлының 325-жылдығы (1692-1770);
6)
Бірінші ресми емес қазақ Конституциясына «Қазақ елінің Жарғысы»
105 жыл (1912-2017);
7)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл(1992-2017);
8)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-
2017);
9) «
ЭКСПО-2017
«Болашақ
энергиясы»
Халықаралық
мамандандырылған көрмесі (маусым-қыркүйек, 2017);
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
-
базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде,
мұражайларда;
-
таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен
олимпиадалар өткізу;
-
оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ұйымдастыру;
-
кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге
үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және
білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын кіріктірілген сипатқа тән «Адам.
Қоғам. Құқық» пәнін оқыту оқушылардың назарын қазіргі қоғамдық, саяси,
мәдени, әлеуметтік құбылыстарға, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара
байланысына аударуға негізделген.
Оқу процесінде білім алушылардың бүгінгі күнгі өзекті қоғамдық және
құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту; сын
тұрғысынан талдау және қоғамдық және құқықтық қатынастармен байланысты
практикалық жағдаяттарды бағалау дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға
көңіл бөлу ұсынылады.
Білім алушының талдау қабілетін, қызығушылығын, дербестігін,
жауапкершілігін дамытуға бағытталған оқытудың ұйымдастырушылық-
әдістемелік түрлері:
-
мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім
алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
-
білім алушылардың білім алуы «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау
көрсету;
-
білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
-
білім алушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
-
білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік
тапсырмалар құрастыру;
-
білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық
Достарыңызбен бөлісу: |