Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
135
9-
сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Қолданыстағы оқу бағдарламасына сәйкес Дүниежүзінің және
Қазақстанның ежелгі дүние тарихын жүйелі түрде оқу 6-сыныптан басталады.
Тарихты зерделеу білім алушыларда адамзаттың өткен тарихи жолы туралы
тұрақты білімін қалыптастыру үшін тиімді жағдай жасайтын оқиғалық-
хронологиялық деңгейде іске асады. Бұл келесі сыныптарда күрделі тарихи
материалдарды, негізгі ұғымдарды жеңіл менгеруге мүмкіндік береді.
Жаңа заман тарихын оқыту 8-сыныптан басталады. Жаңа тарихты
оқытудың нәтижесінде, мұрағат материалдарын анықтау, тарихи оқиғалар мен
жаңа процестерді талдау және салыстыру дағдылары қалыптасады.
«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына байланысты «Алаш»
қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейханов туралы тақырыпты «Алаш»
қозғалысы, «Алашорда үкіметі» оның қайраткерлері туралы қосымша
мәліметтермен толықтыру ұсынылады.
9-
сыныпта «Қазіргі заман тарихы» курсы ХХ ғасырдың басы мен ХХІ
ғасырдағы ең маңызды процестерге, құбылыстарға, ұғымдарға баса назар
аудару, адамзат дамуының жалпы бейнесі туралы түсінік қалыптастыруға
негізделген.
Сонымен қатар саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени
дамуды, 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі
заманға дейінгі тарихи процестердің пайда болуын түсіну және түсіндірумен
ерекшеленеді.
Алаш» партиясының құрылуы. «Алаш-Орда» үкіметі. Қазақ халқының
саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев,
М.Тынышпаев, М.Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының
ғылыми еңбектері. «Алаш-Орда» үкіметі бойынша білім беруде білім
алушыларды «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы
саясатын талдауға; қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметіне талдау
жасауға, ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға
беруге бағыттау ұсынылады. Білім алушылар қоғамдық сананың рөлін қазақ
зиялыларының шығармашылық мұрасын талдай білуі және оған баға беруі тиіс.
Осыған байланысты қызметі қазақ мәдениеті ошақтарын дамытуға, оқу-
ағарту ісіне, қазақ халқының әдеби тілін қалыптастыруға және ғылыми
құндылықтарды сақтауға бағытталғанқуғын-сүргінге ұшыраған екі ұрпақ
алашордалықтар –Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов туралы
жазылған «Хаттар сөйлейді» және «Әке мен бала – өз Отанының патриоттары»
кітап материалдарын; С. Әлжанова мен Г. Төлемісованың «Алаш» партиясы
идеологтері және көшбасшыларының бірі Отыншы Әлжанов туралы жазылған
«Алаш Орда бүркіті»; В. Могильницкийдің зиялы қауым өкілдері, саяси қуғын-
сүргін құрбандары туралы «Атаусыз қызғалдақтар. Карлагтың ұлы
тұтқындары»көркем-деректі очерктерін пайдалану ұсынылады.
Аталған әдебиетте қазақ интеллигенциясы өкілдерінің өз халқына қызмет
жасаудағыжүріп өткен ауыр жолы көрінеді.
1937 жылғы саяси қуғын-сүргінге 80 жыл толуына байланысты білім
алушыларды 1937 жылдағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
136
талдауға бағыттау ұсынылады.
Сонымен қатар, мұғалімге білім алушылармен бірге түрлі жағдайлардағы
қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты мәселелерді және саяси, әлеуметтік, табиғи,
экологиялық қауіп-қатер жағдайындағы дұрыс мінез-құлықтың маңыздылығын
талқылау ұсынылады.
Тарих сабағында дұрыс құрастырылған сұрақтар маңызды орын алады.
Мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте
дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден
қиынға қарай күрделенеді.
Тарих сабағында себеп-салдарлық байланыстарды анықтау кең таралған.
Берілген тарихи түсініктер бойынша тапсырмалар білім алушылар тарапынан
тек қана себеп пен салдарды анықтаумен шектелмей, бұл себептерді берілген
белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі бойынша), түрлі
себептер арасында өзара байланысты анықтау және оларды қатысты
(маңыздылық) деңгейі бойынша орналастыруға мүмкіндік беретіндей түрде
құрастырылуы қажет.
Білім алушылар белгілі бір тарихи оқиғалардың/ құбылыстардың/
процестердің маңыздылығын анықтай білуге үйренулері қажет. Мұғалімнің
білім алушыларға маңыздылық сөзінде қандай мағына жатқандығын түсінуіне
қолдау көрсетуі тиіс.
Мұғалімнің сабаққа арнайы әзірлейтін тапсырмалары:
−
түсінікті болуы;
−
саралаудың ескерілуі;
−
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі;
−
проблемалық оқытуға негізделуі;
−
бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.
Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи
карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация,
интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс.
Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы
қолдану ұсынылады:
-
тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;
-
тұлғалық белгілерін сипаттау;
-
өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;
-
тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.
Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім
алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы
және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды
ұйымдастыру ұсынылады.
Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық жұмысты
ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. Топтық жұмысты ұйымдастыру
кезінде әрбір оқушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру,
олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін анық түсіндіру қажет. Сонымен
Достарыңызбен бөлісу: |