Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
129
қорытындысы болуы мүмкін;
–
аргумент негізінде жатқан зерттеудің құрылымын дәлелдейтін немесе
келесі әрекетті анықтайтын негізгі бөлімдерді, пікірлерді немесе болжамдарды
анықтаңыз;
–
көзбен және ауызша дәлелдеу, апараттың негізгі компоненттерінің
өзарабайналысын және біріктірілу принциптерін талдаңыз;
–
жеке
компоненттер
арасындағы
ұқсастықтарды
және
айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз;
–
түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы
білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз;
–
дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар
дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы
келетінін бағалаңыз;
–
сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде алынған білімді
қолданыңыз;
–
тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен
маңыздылығын негіздеңіз.
Жаратылыстану,
география,
физика,
химия
және
биология
сабақтарындағы пәнаралық байланыстар, қоршаған әлемдегі процестер мен
құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында
басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды
дамытуда ерекше рөл атқарады.
Пәнаралық байланыс – бұл түрлі оқу пәндерін сәйкестендіріп оқытуға
мүмкіндік беретін әдіс:
1) түрлі ғылымдарды кіріктіру процесі ретінде, заманауи ғылыми білімнің
ерекшеліктерін көрсету;
2) білім алушылардың сана-сезімінде қоршаған әлемнің тұтас бейнесін
қалыптастыруды қамтамасыз ету.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудағы пәнаралық
байланыстар келесі әдістемелік тәсілдер мен жолдарды қолдану арқылы жүзеге
асырылады:
–
пәннің маңызды заңдылықтарын ашу үшін география, биология, химия,
физика пәндерінен алған білімдеріне назар аудару;
–
басқа оқу пәндерінен алынған білімді жүйелеу және қайта есіне түсіру
үшін кешенді сипаттағы мәселелер қою;
–
пәнаралық негіздегі арнайы тапсырмалар мен жаттығуларды орындау,
есептер шығару;
–
кестелер мен иллюстрациялармен жұмыс істеу;
–
пәнаралық тақырыптарды зерделеу және пәнаралық жобалар орындау;
–
мектеп курстарынан алынған білімді қамтуды талап ететін ғаламдық,
аймақтық, жергілікті және табиғат нысандарының проблемаларына кешенді
сипаттама құрастыру;
–
мектеп оқушыларын туған өлкенің табиғатын қорғау мен зерттеудің
түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру.
Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
130
ғылыми деңгейін арттырады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім
қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз бетімен
жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді. Сонымен қатар, пәнаралық
байланысты белсенді пайдалану, жаратылыстану бағыты пәндерін оқыту
процесінде оңтайландыруға және білім алушыларға түсетін оқу жүктемесін
жеңілдетуге мүмкіндік береді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық
байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «өмір»,
«адам», «табиғат кешені», «экономика және экология», «зат», «дене»,
«энергия», «күш», «қозғалыс» және «даму» ұғымдарының қалыптасуында
маңызды рөл атқарады.
Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және
модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге
пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін
қолдану ұсынылады.
Бұрынғы пәнаралық байланыстар – басқа пәндерден бұрын алынған
білімдеріне сүйенуді қарастырады.
Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар
мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады
(мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда
оқылады және т.с.с).
Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол
материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы,
атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын
оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге
сүйенеді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму
стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика»,
«жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің
ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және
жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел»
ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық
кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы
туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды
болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын
қамтып отыру тиіс.
Білім саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау
курстарының
ұсынылатын
тақырыптар.
Тақырыптар
мұғалімдердің
мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:
Биология: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер»,
«Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы
математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық»,
«
Экологиялық этика»,« Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи
ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі
біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны
Достарыңызбен бөлісу: |