Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет114/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
267 
Сабақ  мазмұны  және  оқытудың  қолданылатын  формалары  мен  әдістері 
білім алушылардың білімді толық меңгеруіне, білім алушының жеке тұлғасын 
қалыптастыруға және Ежелгі дүние тарихының тәрбиелік әлеуетін іске асыруға 
бағытталуы  қажет.  Тарихты  зерделеу  нәтижелерінің  бірі  өткен  оқиғалардың 
жарқын  және  әсерлі  бейнелері  негізінде  құрылған  білім  алушылардың  тарихи 
түсінігін қалыптастыру болып табылады.  
Оқыту  процесінде  білім  алушылардың  бейнелік  түсігінігін  дамытуда 
көрнекіліктерді  түрлендіріп  қолданудың  маңызы  зор.  5-сынып  білім 
алушылары сурет желісін, бейнефрагментті сипаттау, ерекшеліктерді анықтау, 
оған сұрақ қоя білу, қысқа әңгіме құру және онда тарихи ұғымдарды қолдана 
білуі  қажет.  Білім  алушыларда  тарихи  картамен  жұмыстың  негізі  5-сыныптан 
қаланады,  ол  картаның  шартты  белгілерін  қолдана  білуі,  тарихи  және 
географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет.  
Жаңартылған  оқу  жоспарлары  оқыту  процесінің  тиімділігі  мен 
өнімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен, тарихи ойлау дағдыларын пәндік 
(мазмұн) мақсаттармен байланыстыру оқыту мақсаттарын біршама қолжетімді 
және өлшемді етуге мүмкіндік береді. 
Сонымен  қатар  оқу  процесін  ұйымдастыру  барысында  оқу  мақсатында 
нақты  көрсетілмеген  дағдыларды  да  дамытуға  болады.  Мысалы,  «Қоғамдағы 
діннің  рөлін  шектеуге  қатысты  адамдар  өміріндегі  өзгерістерді  анықтау»                          
(7-
сынып)
 
оқу мақсаты білім алушылардан міндетті түрде осы мәселе бойынша 
тарихи  деректерге  салыстырмалы  талдау  жасау  негізінде  себеп-салдарлық 
байланысты анықтауды қажет етеді.  
Оған  қоса  мұғалім  білім  алушыларға  тарихи  картадан  ислам  мен 
христианның  таралу  динамикасын  көрсетуге  және  сол  арқылы  білім 
алушылардың  бойында  уақыт  пен  кеңістікте  бағдарлану  дағдыларының 
дамуына септігін тигізеді. 
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытуға  
әдістемелік ұсынымдар.  
Мұғалім  оқыту  процесінің  әдісі  мен  ұйымдастырылуын  анықтайтын 
ұйымдастырушылық-әдіснамалық принциптер: білімнің зерделілігі, толықтығы, 
тұтастығы, сабақтастығы, өзара байланыстылығы мен білім алушылардың жас 
ерекшелігіне сәйкестігіне сүйену қажет.  
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, 
сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары 
ұсынылады: 

мұқият  іріктелген  тапсырмалар  мен  іс-әрекет  түрлері  арқылы  білім 
алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 

білім  алушыларды  зерттеу  және  зерттеушілік  жұмыстарын  жүргізуге 
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;  

білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;  

білім  алушылардың  жеке  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  деңгейлік 
тапсырмалар құрастыру;  

білім  алушылардың  жеке,  жұптық,  топтық  және  тұтас  сыныптық 
жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану ұсынылады. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
268 
Пәндерді оқытуда білім алушылардың басқа пәндерден алған білімдеріне 
сүйену қажет. 
Пән  мазмұнына  сәйкес  «Дүниежүзі  тарихын»  оқытуда  тарихи  зерттеу 
жүргізу (гипотезалар ұсыну, зерттеуге арналған сұрақтар құрастыру, деректерді 
талдау,  әртүрлі  көзқарастарды  салыстыру,  қорытындыларды  тұжырымдау,өз 
көзқарасын анықтау) дағдыларын қалыптастыру мен дамыту ұсынылады.  
Мұғалімнің  сабаққа  арнайы  әзірлейтін  тапсырмалары  келесі 
критерийлерге сәйкес болуы қажет: 
• 
тапсырманың мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;  
• 
саралауға негізделуі; 
• 
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызуы; 
• 
проблемалық оқытуға негізделуі;  
• 
бағалау мүмкіндіктерінің болуы . 
Жұмыстың  келесі  түрі  –  оқушының  уақыт  пен  кеңістікте  бағдарлану 
дағдыларының дамуына септігін тигізетін тарихи карталарды қолдануы болып 
табылады.  Бұл  тарихи  оқиғаларды,  олардың  өзгерісі  мен  даму  жағдайын 
картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді. 
Білім  алушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  презентация, 
интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады. 
Тарихи  тұлғаға  сипаттама  бергенде  мынадай  арнайы  жадынаманы 
қолдану ұсынылады: 

тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу; 

тұлғалық белгілерін сипаттау; 
-  
өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау; 

тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.  
Бұл  тарихи  тұлғалардың  іске  асырған  ерекше  әрекеттерінің  білім 
алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. 
Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың 
құқығы мен бостандығын құрметтейтін және қабылдайтын, Отанының дамуына 
өз  үлесін  қосуға  ниетті  тұлғаны  тәрбиелеуден  көрінетін  «Мәңгілік  Ел» 
жалпыұлттық біріктіруші идеясын іске асыруда маңызды рөл атқарады.. 
Білім  алушылардың  тарихи  білімін  тәжірибеде  нақтылау  мақсатында 
мүмкіндігінше  мұражайларға,  тарихи  ескерткіш  орнатылған  немесе  тарихи-
археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады. 
 
«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  ұсынылатын  сайттар: 
http://www.tarih-begalinka.kz

http://www.e-history.kz

http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
.  
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:  
 
http://www.world-history.ru

http://historic.ru

http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
 
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге 
бейімдейтін,  жұмыс  тәжірибесін  жинақтайтын,  жаңа  жағдайдағы  қарым-
қатынасқа  үйрететін,  қызығушылықтар  мен  талаптарды  іске  асыратын 
әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.  
Тәрбиелік компонент 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау