Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет112/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
262 
жазылады. Оқушылар жиі кездесетін қосылыстардың химиялық формулаларын 
олардың химиялық және физикалық қасиеттерімен танысу кезінде жаттайды. 
«Ерітінділер  және  ерігіштік»  тақырыбы  бойынша  7-сыныптың 
оқушылары заттардың суда ерігіштігін анықтай білуі тиіс. Оқу  бағдарламасы 
қауіпсіз  зертханалық  тәжірибелер,  практикалық  жұмыстар,  көрсетілімдер,  үй 
эксперименттерін  жүргізіу  және  ұйымдастыру  арқылы  зерттеу  дағдыларын 
қалыптастырады.  
7-
сыныптарға  арналған  «Химия»  пәнінің  жаңартылған  мазмұндағы 
үлгілік  оқу  бағдарламасы  4-практикалық  жұмыс,  12  зертханалық  тәжірибелер 
мен көрсетілімдерден тұрады. 
«Химия»  оқу  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі  7  сыныпта  – 
аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  
 
 
АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Қазақстан  тарихы»,  «Дүниежүзі  тарихы»  пәндері  бойынша  оқу 
бағдарламасының  мазмұндық  ерекшелігі:  білім  мазмұны  хронологиялық 
реттілікпен  берілген  (көне  дәуірден  бүгінгі  заманға  дейін)  және  әлеуметтік 
қатынастардың  дамуы,  мәдениеттің  дамуы,  мемлекеттің  дамуы, 
экономикалық даму бөлімдерін қамтиды. 
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер: 

тарихи  пәндер  мазмұнының  қөлемі  тақырыптық  бөлімдерді  біріктіру 
арқылы ықшамдалған; 

тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл өз 
кезегінде  оқу  материалдарын  қайталамауға  және  Қазақстан  тарихын  әлемдік 
тарихи үдерістер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді; 

тарихи ойлау дағдыларын (тарихи үдерістер мен құбылыстарды зерттеу, 
талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған; 

білім  алушыларда  тарихи  сана,  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше 
көңіл бөлінген; 

пәннің  оқу  бағдарламасы  «шиыршық»  принципі  негізінде  әзірленген, 
яғни  оқу  мақсаттары  мен  тақырыптардың  басым  көпшілігі  белгілі  бір  оқу 
кезеңінен  кейін  (оқу  жылы  барысында  немесе  келесі  сыныптарда)  білім  мен 
дағдының  көлемі  көбірек,  тереңірек,  күрделірек  деңгейде  қайта 
қарастырылады.  
Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар: 
Күтілетін  пәндік  нәтижелер  әр  бөлімдер  мен  тақырыптар  бойынша 
анықталған  оқу  мақсаттары  түрінде  берілген.  Күтілетін  нәтижелердің  (оқу 
мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда 
пәндік білім мен дағыдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға 
мүмкіндік туғызады.  
Жаңартылған білім мазмұны бойынша тарихи концептілер (түсініктер) 
негізінде оқыту ұсынылады: 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
263 
Оқыту келесі концептілердің (түсініктердің) негізінде құрылуы тиіс:  
1) 
өзгеріс  және  сабақтастық  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қоғам 
қаншалықты өзгеріске ұшырады) 
2) 
себеп-салдар  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қандай  маңызды 
факторлар саяси үдерістерге әсер етті);  
3) 
дәйек  (белгілі  тарихи  кезеңнің  өнері  бізге  құндылықтар,  наным-
сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);  
4) 
ұқсастық  пен  айырмашылық  (мысалы,  XIII-XV  ғғ.  Қазақстан 
территориясындағы  мемлекеттердің  саяси  құрылысындағы  ұқсастықтар  мен 
айырмашылықтар);  
5) 
маңыздылық  (мысалы,  Қазақ  хандығының  құрылуының  тарихи 
маңызы неде);  
6) 
интерпретация  (мысалы,  белгілі  бір  тарихи  оқиғаны  түрлі 
зерттеушілер қалай сипаттайды). 
Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері: 
1) 
«Өзгеріс пен сабақтастық»: 
Білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды 
уақыт  пен  кеңістікте  талдауы  және  бағалауы;  сабақтастық  пен  өзгеріске 
қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен 
тақырыптарға  дейін  біріктіруі;  тарихи  оқиғалар  мен  процестердің  белгілі  бір 
уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіре 
білуі тиіс. 
2) 
«Себеп және салдар»  
Білім  алушылар:  бір  немесе  бірнеше  себептердің  және/немесе 
ықпалдардың  өзара  әрекеттесуін  талдауы  және  бағалауы;  ұқсастықтарды, 
себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінуі; 
тарихи  құбылыс,  оқиға  немесе  процесті  басқа  ұқсас  тарихи  құбылыстармен 
уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіре және бағалай білуі 
тиіс. 
3) 
«Дәлел»: 
Білім  алушылар:  қарастырылып  отырған  дәлелге  қатысты:  аудитория, 
мақсаттар,  көзқарастар,  формат,  аргумент,  шектеулер  және  контекст  сынды 
тарихи  айғақтың  ерекшеліктерін  талдауы;  тарихи  айғақтарды  талдау  және 
бағалау  негізінде  дәйекті  қорытынды  жасауы;  өткен  заман  туралы  объективті 
түсінік  қалыптастыру  мақсатында  түпнұсқалық  және  қосалқы  деректерден 
әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдай білуі тиіс. 
4) 
«Ұқсастық пен айырмашылық»  
Білім  алушылар:  белгілі  бір  жерде,  белгіленген  бір  уақыт  кезеңінде 
және/немесе  әртүрлі  қоғамдарда,  немесе  бір  қоғамның  ішіндегі  өзара 
байланысқан тарихи оқиғаларды салыстыруы тиіс. 
5) 
«Маңыздылық»  
Білім  алушылар:  қоғамның  дамуы  үшін  тарихи  оқиғаның,  құбылыстың, 
процестің маңыздылығын анықтауы тиіс.  
6) 
«Интерпретация»  
Білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау