●
3D мазмұны ойнатыла бастағаннан кейін линзалар қарайып
кетуі мүмкін жəне көзілдіріктер қосылғанда кескін жыпылықтауы
мүмкін.
●
Көзілдіріктерге орнатылған батарея шамамен 180 сағаттық 3D
көруін тамашалауға мүмкіндік береді. Батарея қуатын сақтау
үшін, егер 5 секунд ішінде инфрақызыл сигнал анықталмаса,
көзілдіріктердің күту күйі қосылады.
3D Фильм технологиясын пайдалану
3D компьютерінің параметрлері орнатылғаннан кейін 3D мазмұнын
дұрыс көре алатындығыңызды тексеруге болады.
ЕСКЕРІМ:
Компьютердің 3D мазмұнын көру кезінде айнымалы қуат
көзіне жалғандығына көз жеткізіңіз. Компьютердің дисплейіне 3D
пішімінде ойнату кезінде өнімділігі жоғары кірістірілген сызбалық
процессор талап етіледі.
ЕСКЕРІМ:
Стереоскопиялық 3D əсері қараңғы бөлмеде тиімді
жұмыс істейді. 3D оптималды көру үшін, экран жарықтығын басқару
элементтері 3D мазмұнын көру кезінде жұмыс істемейді.
1.
Бұл 3D мазмұнын ашу үшін, мына əрекеттердің біреуін
орындаңыз:
●
Компьютердің жұмыс үстеліндегі 3D показ (3D көрсетілімі)
белгішесін екі рет басып, мəзірден 3D клипін таңдаңыз.
●
Blu-ray 3D фильмін (бөлек сатылады) дискілер салынатын
ұясы бар компьютердің оптикалық диск жетегіне салып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Дискіні ол нық отырғанша оптикалық диск
жетегіне салыңыз. Дискіні шығару үшін пернетақтаның
үстіңгі оң жағында орналасқан оптикалық дискіні шығару
пернесін басыңыз.
2.
3D көзілдірігін киіңіз. Егер қажет болса, жеткізілетін
саптамаларды пайдалану арқылы көзілдіріктерді реттеңіз.
3.
3D көзілдіріктері 3D мазмұны ойнатыла бастағаннан жəне
инфрақызыл (ИҚ) сигнал анықталғаннан кейін автоматты
3D Фильм технологиясын пайдалану
17
қосылады. Көзілдіріктер қосылғаннан кейін линзалар қарайып
кетуі мүмкін немесе кескіннің жыпылықтауы мүмкін.
Егер 3D режимінде нақты сурет көрсетілсе, бұл параметрлерді
орнату үрдісінің аяқталғанын жəне 3D фильм мазмұнын көруге
дайын екеніңізді білдіреді!
ЕСКЕРІМ:
3D Фильм технологиясы жəне бөлмені жарықтандыру
жұмыс жасайтын жиіліктердің əртүрлі болуы суреттің
жыпылықтауына əкелуі немесе көзілдіріктер жұмысына кедергі
жасауы мүмкін. Оны болдырмау үшін, бөлмедегі шамдардың
жарықтығын азайту немесе өшіру қажет.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Егер сіз 3D мазмұнын көре алмасаңыз, 3D
көзілдіріктерін шешіп, 3D Фильм технологиясын пайдалануды
тоқтатыңыз. Егер стереоскопиялық 3D режимінде көру кезінде
физикалық проблеманы сезінсеңіз, 3D қауіпсіздігі туралы
ақпарат бөлімін қараңыз жəне дəрігерге барып көріңіз.
18
Бап 2 HP 3D Фильм технологиясын пайдалану
3D пішімдерін түсіну
Мына 3D пішімдері компьютерде жұмыс істейді:
●
Blu-ray 3D фильмдері
●
Стереоскопиялық 3D ойындары
●
3D пішімінде ойнатуға арналған 3D MPEG 4 MVC файлдары
●
3D пішімінде ойнатуға арналған 3D H.264 MVC жəне Fujifilm AVI
қос ағынды бейне файлдар пішімдері
●
3D пішімінде фотосуреттерді көруге арналған 3D Fujifilm MPO
файлдары
ЕСКЕРІМ:
3D ойнату функциясы тек толық экранды режимде жұмыс
істейді.
CyberLink PowerDVD бағдарламалық құралын
пайдалану
CyberLink PowerDVD құралында 3D Blu-ray DVD дисктерін, 3D бейне
файлдарын жəне түпнұсқалық 3D фотосуреттерін ойнатуға қолдау
көрсетіледі. Түпнұсқалық 3D Blu-ray DVD дискісін салған немесе
түпнұсқалық 3D бейне не фото файлын ойнатқан кезде, егер 3D
режимі қосылған болса, файл 3D пішімінде автоматты түрде
ойнатылады.
Ойнату кезінде жақсартылған стереоскопиялық 3D пішімінде көруге
арналған 3D конфигурациясының параметрлерін қолмен реттей
аласыз. CyberLink PowerDVD бағдарламасын пайдалану туралы
ақпаратты бағдарламалық құралдың анықтамасынан қараңыз.
▲
CyberLink PowerDVD бағдарламасын бастау үшін, Пуск (Бастау)
> Все программы (Барлық бағдарламалар) > CyberLink
PowerDVD тармақтарын таңдап, CyberLink PowerDVD
басыңыз.
3D ойындарын ойнату
3D ойындарын компьютеріңізді TriDef 3D Experience Ignition ойындар
ойнатқышын пайдалану арқылы ойыната аласыз.
▲
Ойындар ойнатқышын пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > TriDef
3D > TriDef 3D Ignition тармақтарын таңдаңыз.
3D пішімдерін түсіну
19
3D мазмұнын 3D теледидарынан көру
HDMI 1.4 қосқышы Blu-ray 3D фильмдерін сыртқы 3D HDTV немесе
3D проекторыннан (бөлек сатып алынады) ойнатуға мүмкіндік
береді. Мазмұнды 3D теледидарынан көру үшін, компьютер тек қана
Проектор режиміне орнатылып, жылдамдығы жоғары HDMI кабелі
арқылы теледидарға жалғанған болуы тиіс. Компьютермен емес,
теледидармен жеткізілетін 3D көзілдіріктерін пайдалануыңыз тиіс.
ЕСКЕРІМ:_Тек_қана_шахмат_тақтасы,_қатарлар_алмасатын_жəне_HDMI_1.4_уақыт_тізбектілігі_сияқты_3D_теледидар_түрлеріне_қолдау_көрсетіледі._ЕСКЕРІМ'>ЕСКЕРІМ:
Тек қана шахмат тақтасы, қатарлар алмасатын жəне
HDMI 1.4 уақыт тізбектілігі сияқты 3D теледидар түрлеріне қолдау
көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ:
3D пішімінде фотосуреттер мен бейнелерді тек қана
компьютер дисплейінен ойнатуға болады.
20
Бап 2 HP 3D Фильм технологиясын пайдалану
3D көзілдіріктеріне күтім көрсету
Саптамаларды пайдалану
3D көзілдіріктерінің өлшемі түрлі 3 саптамасы бар. Саптамалардың
біреуі зауытта орнатылады жəне басқа екі қосымша саптама
көзілдіріктермен бірге жеткізіледі. Көзілдіріктерді киіп көріңіз жəне,
егер қажет болса, дұрыс өлшемді саптаманы таңдау үшін оларды
ауыстырыңыз. Егер қажет болса, саптамасыз көзілдіріктерді киюге
болады.
ЕСКЕРІМ:
3D көзілдіріктері стандартты рецепт бойынша берілетін
көзілдіріктерге ұқсас жасалады.
▲
Саптаманы қосу үшін оны көзілдіріктерге енгізіңіз. Саптаманы
алу үшін оны көзілдіріктерден тартып алыңыз.
3D көзілдіріктеріне күтім көрсету
21
Достарыңызбен бөлісу: |