5.
Қатты диск қақпағындағы бұ рандаларды (3) бұрап қатайтыңыз.
6.
Батареяны орнына салыңыз.
7.
Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды
жалғаңыз.
8.
Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде екі жад модулі ұясы бар. Жад модулі ұялары
компьютер түбінде қатты диск қақпағының астында орналасқан.
Компьютердің жад сыйымдылығын жад модулін қосу немесе жад
модулі ұяларының біреуінде бар жад модулін ауыстыру арқылы
жаңартуға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін
азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын,
барлық батареяларды шығарып алыңыз.
68
Бап 6 Күтім
ЕСКЕРТУ:
Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық
бөліктерді зақымдауы мүмкін. Қандай да бір іс ретін бастамастан
бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы бойыңызда
тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ:
Екінші жад модулін қосқанда, қос арна теңшелімін
пайдалану үшін, екі жад модулінің бірдей сыйымдылықта болуын
тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
ЕСКЕРТУ:
Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені
болдырмау үшін
Жад модулін компьютерден шығармас бұрын компьютерді өшіріңіз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда,
жад модулін шығарып алмаңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына
сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз.
Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
1.
Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2.
Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
3.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз да,
батареяны шығарып алыңыз.
4.
Қатты дискінің қақпағын алыңыз.
а.
Қатты диск қақпағындағы екі бұранданы (1) бұрап
босатыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
69
ə.
Қатты дискінің қақпағын (2) алыңыз.
5.
Жад модулі бөлімінің қақпағын алыңыз.
а.
Жад модулі бөлімінің қақпағындағы 2 бұранданы (1) бұрап
босатыңыз.
70
Бап 6 Күтім
ə.
Жад модулі бөлімінің қақпағын (2) алыңыз.
6.
Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып
тастаңыз:
а.
Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын
қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
71
ə.
Жад модулінің жиектерінен ұстап (2), одан кейін оны
ұясынан сыртқа жайлап тартыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін,
оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге
тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны
электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз.
7.
Жаңа жад модулін енгізу үшін:
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны
жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз
жəне жад модулін қисайтпаңыз.
а.
Жад модулінің түйіскен жиектерін (1) жад модулі ұясының
құлақшасына туралаңыз.
ə.
Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад
модулімен модульді (2) жад модулінің ұясына орныққанша
басыңыз.
72
Бап 6 Күтім
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере
отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын
қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.
8.
Жад модулі бөлімінің қақпағын орнына салыңыз.
а.
Жад модулі бөлімінің қақпағындағы ілгектерді (1)
компьютердегі кетіктерге туралаңыз.
ə.
Қақпақты (2) жабыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
73
б. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы 2 бұранданы (3) бұрап
қатайтыңыз.
9.
Қатты диск қақпағын орнына салыңыз.
а.
Қатты диск қақпағындағы ілгектерді (1) компьютердегі
кетіктерге туралаңыз.
ə.
Қақпақты (2) жабыңыз.
74
Бап 6 Күтім
б. Қатты диск қақпағындағы 2 бұранданы (3) бұрап
қатайтыңыз.
10.
Батареяны орнына салыңыз.
11.
Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды
жалғаңыз.
12.
Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
75
Компьютерді тазалау
Дисплейді тазалау
ЕСКЕРТУ:
Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге
суды, тазалауға арналған сұйықтықтарды немесе химиялық
заттарды қолданбаңыз.
Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы,
талшықтарды қалдырмайтын матамен жүйелі түрде тазалаңыз.
Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала суланған
антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған
антистатикалық тазалағышты пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
Сенсорлы тақтаның кір жəне май көрсеткінің экранда жылжуына
əкеліп соғуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін сенсорлы тақтаны
дымқыл шүберекпен сүртіңіз жəне компьютерді пайдаланғанда
қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай
немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты
қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне
тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмау үшін пернетақтаны жəне
шаң мен пернелердің астында қалатын басқа да заттарды əрқашан
тазалап отырыңыз. Пернелердің жаны мен астында орналасқан
шаңды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде
соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды
жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support
торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу
үшін тіркелу қажет.
76
Бап 6 Күтім
Достарыңызбен бөлісу: |