49
3 сурет SQL тілін деректер қорына өтуде
қолдану
Шын мәнінде SQL реляциялық типтегі мәліметтер базасымен ғана
жұмыс істейді. Бірінші суретте SQL-ң жұмыс істеу сызбасы көрсетілген. Бұл
сызбаға қарап есептің жүйесінде маңызды ақпараты бар мәліметтер базасын
көреміз. Егер есеп жүйесі бизнес сферасына қатысты болса, онда мәліметтер
базасында материалдық құндлықтар, шығарылатын өнімдер, сату көлемі және
жалақы туралы ақпараттар сақталынады. Дербес компьютердің мәліметтер
базасында үлкен есептеу жүйесінен алынған қол қойылған чектер туралы,
мекен – жайы, телефондар туралы ақпараттар сақталынған. Мәліметтер
базасын базасын басқаратын компьютелік бағдарлама немесе ДҚБЖ деп
аталады.
Егер қолданушыға мәліметтер базасынан мәліметті алуға қажетті болса,
SQL көмегімен ДҚБЖ ға сұраныс жібереді. ДҚБЖ сұранысы өңдеп қажетті
мәліметті тауып қолданушы жібереді. Мәліметтерді сұрау және нәтижені алу
процесі мәліметтер базасына сұраныс деп аталады. Сондықтан жүйеленген
сұраныс тілі деген ат осыдан пайда болған.
Бірақ бұл атау шындыққат сәйкес келмейді. Біріншіден, қазіргі SQL
қарапайым сұранымдарды туғызатын құрылғыданда үлкен, бірақ бастапқыдан
тек қана сол үшін арналған болатын. SQLдің ең негізгі функциясының бір
мәліметтерді оқи алатындығы болғанымен қазіргі кезде бұл тіл барлық
функционалдық тілді іске асыруда ДҚБЖ- ң қолданушыға беретін
мүмкіндіктерін айтайық.
Мәліметтерді ұйымдастыру. SQL қолданушыға мәліметтердің жалпы
құрлысын өзгертуге және мәліметтер базасының элементтері арасындағы
қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді оқу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға мәліметтер
базасында бар мәліметтерді оқуға және оларды қолдануға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді өңдеу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға мәліметтер
базасын өзгертуге, яғни жаңа мәліметтерді қосуға, сонымен қоса бұрыннан
бар мәліметтерді жаңартуға немесе жоюға мүмкіндік береді.
Қатынасты басқару. SQL-дің көмегімен қолданушыға мәліметтерді
оқуда және өзгертуде мүмкіндіктерін шектей отырып санкцияланған
қатынастан қорғау.
Мәліметтерді бірлесе отырып қолдану. SQL қолданушылар арасында
мәліметтерді бірлесе отырып пайдалануды қамтамасыз етеді. Олар бір – біріне
кедерлі келтірмеу үшін параллельді түрде жұмыс істеуді.