Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет32/44
Дата22.02.2018
өлшемі5,08 Kb.
#10535
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44

 
 
89 
 
Есеп жазбасы (account) – жүйе объектісі, оның кӛмегімен Linux жүйедегі 
қолданушының  жұмысын  есепке  алып  отырады.  Есеп  жазбасы  қолданушы 
үшін  жүйеге  тіркеліп,  жұмыс  істеуге  қажет  мәліметтерді  сақтайды.  Есеп 
жазбалары  жүйе  орнатылуы  немесе  орнатылғаннан  кейін  жасалуы  мүмкін. 
Қолданушы  үшін  есеп  жазбасындағы  ең  бастысы-  оның  атауы, 
қолданушының жүйеге  кіруге  қажет аты.  "login:"  шақыруын бойынша  жүйе 
осы атауды сұрайды. Қолданушыға жүйеде жұмыс істеу үшін атаудан басқа, 
есеп жазбасында  қолданушы туралы  кейбір мағлұматтар сақталады:  
Жүйеге  кіруге  қажет  атау  (login  name)  –  жүйеге  тіркелу  кезінде 
енгізілетін қолданушы есеп жазбасының атауы.  
Қолданушы  идентификаторы.Linux  жүйеге  кіру  атауын  қолданушының 
жүйедегі    идентификаторымен-UID  (User  ID)  байланыстырады.  UID  – 
жүйенің  қолданушыны  бақылап  отыруына  мүмкіндік  беретін  бүтін  оң  сан.  
Әдетте  бұл  сан  есеп  жазбасы  тіркелуі  кезінде  автоматты  түрде  таңдалады, 
бірақ  кез  келген  сан  болмайды.  Мысалы,  "0"  –ден    "100"-ге  дейінгі    UID 
псевдоқолданушылар үшін бекітілген.  
Топ  идентификаторы.Қолданушының  идентификациялық  номерінен 
басқа  есеп  жазбасы  топ  идентификаторымен  байланысқан.  Бірнеше 
қолданушылардың кейбір ресурстарды пайдалануына рұқсатты ұйымдастыру 
үшін  қолданушылар  тобы  қолданылады.  Топ  үшін  де  атау  және 
идентификациялық  номер  -  GID  (Group  ID)  болады.  Linux-те  қолданушы 
үнсіз келісім бойынша кем дегенде бір топта болуы керек.  
Толық  атау.  Есеп  жазбасында  жүйеге  кіру  атауынан  басқа  осы  есеп 
жасбасын  қолданатын  қолданушының  толық  атауы  (аты  және  тегі) 
сақталады.  Қолданушы  ӛзінің  аты  және  тегі  ретінде  басқа  мәліметтер 
кӛрсетуі  мүмкін.  Толық  атау  тек  қана  жүйеге  ғана  емес  басқа 
қолданушыларға есеп жазбасы кімге арналғанын ажырату үшін қажет. 
«Домашний»  каталогы.  Linux  қолданушыларының  файлдары  бӛлек 
сақталады,  әрбір  қолданушының  ӛз  мәліметтерін  сақтайтын  жеке 
«домашний» каталогы бар. Басқа қолданушылар үшін «домашний» каталогқа 
рұқсат  шектеулі.    «Домашний»  каталог  туралы  ақпарат  есеп  жазбасында 
болуы міндетті, ӛйткені жүйеге тіркелетін қолданушы осы есеп жазбасынан 
бастап жұмыс істейді. 
Командалық  қоршау.Жүйеге  командалар  беру  және  оларға  жүйеден 
жауап  алу  үшін  әрбір  қолданушыға  жүйемен  ӛзара  қатынас  жасау  тәсілі 
берілуі керек. Осы мақсатқа арнайы бағдарлама- командалық қоршау (немесе 
командалық жол интерпретаторы) қызмет етеді. Командалық қоршау жүйеге 
тіркелген  әрбір  қолданушыға  қосылады.  Linux  ОЖ-де  бірнеше  командалық 
жол интерпретаторы болғандықтанесеп жазбасында қолданушы үшін қандай 
интерпретаторды  қосу  керек  екені  кӛрсетілген.  Есеп  жазбасын  жасау 
барысында  командалық  жол  корсетілмесе  үнсіз  келісім  бойынша  bash 
тағайындалады. 


 
 
90 
 
Командалық 
жол 
интерпретаторы 
(командалықинтерпретатор,командалық қоршау, қоршау) – қолданушы және 
жүйе  арасындағы  "диалогты"  ұйымдастыру  үшін  қолданылатын  Linux  ОЖ-
дегі  бағдарлама.    Командалық  интерпретатордың  негіздері:  редактор  және 
командалық жолдағы командаларды талдаушы (анализатор команд), жоғарғы 
деңгелі  жүйелі-бағытталған  бағдарламалау  тілі,  командалардың  ӛзара  және 
жүйемен әрекеттесуін ұйымдастыру құралы 
"Администратор"  түсінігі.  Linux  ОЖ-де  басқа  қолданушылардың 
жүйедегі ӛкілеттігінен ерекше айырмашылығы болатын бір ғана қолданушы 
бар- ол «0» идентификаторымен берілген қолданушы. Әдетте UID=0 арқылы 
кӛрсетілген қолданушының есеп жазбасы root (ағылш., "түбір") деп аталады. 
Қолданушы root - бұл Linux жүйесінің "әкімшісі"(администратор). Кез келген 
Linux  жүйесінде  басқа  есеп  жазбасы  болмаған  жағдайда  да  root  қолданушы 
үшін есеп жазбасы міндетті түрде беріледі. Осындай UID арқылы кӛрсетілген 
қолданушы  жүйеде  кез  келген  іс-  әрекет  орындай  алады,  яғни  кез  келген 
қателік  немесе  дұрыс  жасалмаған  әрекет  жүйеге  қатер  жасау,  мәліметтерді 
ӛшіру тәріздес мәлелелерге жағдай жасауы мүмкін. Күнделікті жұмыс жасау 
үшін жүйеде root арқылы тіркелмеген дұрыс.  
Жүйеге  тіркелу.  Егер  жүйеге  шақыру  экран  орталығында  графикалық 
терезе  түрінде  рәсімделген  болса  Ctrl+Alt+F1  пернелерін  басу  қажет- 
бейнережимге ауысу орындалып, қара түсті фонда келесі мәтін шығады: 
Welcome to Some Linux / tty1  
localhost login: 
Парольді  ауыстыру.  Егер  есеп  жазбасы  кӛп  қолданушылық  жүйенің 
әкімшісі  арқылы  жасалған  болса,  ол  пароль  қарпайым  болуы  мүмкін, 
"123456".,  "empty"  т.с.с.  Linux-те  пароль  ұзындығына  немесе  пайдаланған 
символдарға  шектеу  қойылмаған.  Қолданушы  кез  келген  уақытта  ӛзінің 
паролін ӛзгерте алады, ол үшін ағымдағы парольді білу қажет.  
Машинамен  мәтіндек  принципте  жұмыс  істеу  жүйелік  пернетақта  және 
монитор  бейнекартасына  кӛңіл  аудармай  біріңғай  шектелген  құрылғы 
кӛмегімен мәтін енгізіп, оны жүйеге беру және жүйеден қолданушыға қажет 
мәліметтермен  жабарламалар  алуға  мүмкіндік  береді.    Осындай  құрылға 
терминал  деп  аталады.  Жалпы  жағдайда  терминал  –  бұл  қолданушының 
мәтіндік  ақпарат  беруге  қабілетті  жүйеге  кіру  нүктесі.  Терминал  ретінде 
компьютерге  мәліметтерді  тізбектеп  беретін  порт  (дербес  компьютерде  ол 
"COM  port"  деп  аталады).)арқылы  қосылған    жеке  сыртқы  құрылғы  болуы 
мүмкін.  Терминал  ролін  (жүйе  қолдауымен)  бағдарламада  атқара  алады 
(мысалы, xterm немесе ssh). Сонымен қатар, Linux-тегі виртуалды консоль  -
қазіргі  компьютерлерге  сәйкес  құрылғылар  кӛмегімен  бағдарламалық 
ұйымдастырылған терминалдар.  


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау