Қазақ тілі
61
110-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып, қай
шырайда тұрғанын анықтаңыздар.
Суды қорғау
Адам суды өз қажетіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
үшін пайдаланады. Мәліметтерге қарағанда қаланың бір адамы
түрлі қажеттігін өтеу үшін тәулігіне 700 л дейін таза су
тұтынады. Пайдаланылған су шайынды суға айналады. Ол –
ластанған су.
Суға құйылатын ластаушы заттар көп. Олар: өнеркәсіп,
шахта, кенорындар, мұнай өнеркәсібі, су, темір жол және
автомобиль көліктерінің, т.б. шайындылары. Шайындылар
арқылы суға тірі ағзалар, қатты,
сұйық, еріген газ күйіндегі қалдықтар
түседі. Олардан судағы майда ағза-
лар, жәндіктер, өсімдіктер, балықтар
қырылады немесе ауру таратады.
Шаруашылыққа орны толмас аса
үлкен зиян келеді.
Мұхиттар мен теңіздердің суы да үздіксіз ластануда.
Оларға орасан көп мөлшерде мұнай және өндіріс қалдықтары
төгіледі. Ол мұхит пен ауа арасындағы газ алмасуын
қиындатады.
Арал теңізіне құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінің
тұщы
суын
Қазақстан
және
көршілес
елдер
бірігіп
пайдаланады. Соның салдарынан, теңізге су аз құйылады.
Жаңбыр сирек жауады. Теңіз тартылып шөлге айналды.
Құрғаған теңіз түбінен тұз тозаңы ұшып, мыңдаған километр
жерге таралды. Адамдар өміріне қауіп төнді. Ғалымдар Аралды
дағдарыстан құтқарудың жолын іздестіруде.
Балқаш көлінің жағдайы да мәз емес. Іле өзенінде
Қапшағай су қоймасы салынғаннан бері көлдегі су деңгейі 2
м төмендеді. Оның үстіне көлге Балқаш қаласында
орналасқан өнеркәсіптен көптеген зиянды заттары бар лас су
ағызылады. Дағдарыстың салдарын жоюдан гөрі, оны
болдырмау шараларын алдын ала ойластырған тиімдірек.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
62
111-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар әзірлеңіздер.
112-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен септік жалғауымен
аяқталатын зат есімдерді теріп жазыңыздар.
113-тапсырма. Сөйлемдердегі бос орындардың орнына
төмендегі
берілген
сөздерді
мағынасына
қарай
орналастырыңыздар.
Есептеулерге қарағанда қаланың бір . . . алуан түрлі қажеттігін
өтеу үшін тәулігіне 700 л дейін таза су тұтынады. Мұхиттар мен . . .
суы да үздіксіз ластануда. Арал теңізіне құятын Әмудария мен
Сырдария . . . тұщы суын Қазақстан және көршілес елдер бірігіп
пайдаланады. Іле өзенінде Қапшағай су . . . салынғаннан бері,
көлдегі су деңгейі 2 м-ге төмендеді. Балқаш . . . жағдайы да мәз
емес. Жаңбыр . . . жауады. Теңіз тартылып . . . айналды.
Керекті сөздер: шөлге, қоймасы, өзендерінің, сирек,
теңіздердің, адамы, көлінің.
114-тапсырма. Мәтінде көтерілген қоғамдық-әлеуметтік
мәселелерді анықтаңыздар. Осы мәселелер төңірегінде ойталқы
жазыңыздар.
Ауа қабығы
Ауа Жер шарын тегіс қоршап, қабат түзеді. Оның
қалыңдығы бірнеше жүз км-ге жетеді. Бұған қарағанда біз,
газдан тұратын ауа мұхитының түбінде өмір сүреміз.
Ауа қабығы бірнеше қабаттан тұрады. Оның жерге
жақын бөлігінде су буы болады. Одан түрлі бұлттар түзіледі.
Ауа мен Жер арасындағы зат алмасуы, жауын-шашынның
болуы, осы төменгі қабатқа байланысты жүреді. Келесі
екінші бөлігінде газдар сирейді. Бұлттар түзілмейді, өйткені
су буы өте аз. Үшінші, сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы
газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады.
Күндіз ауа қабығы күн сәулесін шашыратады, сондықтан
Жер шамалы ғана қызады. Ал түнде күн көкжиектен батқан
кезде, оны көзге көрінбейтін көрпемен қымтағандай болады.
Қазақ тілі
63
Ауа қабаты – Жердің қорғанышы. Ол жерді қатты ысып, не
суынып кетуден сақтайды.
Аспан денелерінен Жерге қарай көптеген темір, тас
бөлшектер ұшып жатады. Олар сол күйінде Жерге жауса,
тіршілік үшін аса қауіпті болар еді. Бірақ олар Жерге
түгелімен түсе бермейді. Ауа қабатына келгенде олар ауамен
үйкелістен қатты қызып, жанады. Түнгі ашық аспандағы
аққан жұлдыз, ауа қабатында жанған аспан денелерінің
сынықтары болып саналады. Кейбіреулерінің Жерге жетуі де
мүмкін. Олар метеориттер деп аталады.
Сусыз тіршілік жоқ дейміз, ал ауаның қажеттігі одан да
басым. Адам тамақ ішпей айдан аса уақыт, сусыз бірер апта
тіршілік етсе, ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады.
115-тапсырма. Төмендегі сөздерге күшейтпелі шырайларды
жалғап, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ұзын, суық, арзан, жақын, тәтті, көк, түзу.
116-тапсырма. Мәтіндегі берілген негізгі ойды ақпаратты
орыс тіліне аударыңыздар.
Ауаны қорғау
Өркениет пайда болған кезден бастап, ауаға кездейсоқ
заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа табиғи жолмен ғана
ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі
заттар, улы газдар араласады.
Орман өртенген кезде көп мөлшерде газдар ұшып
шығады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде
түзілетін газ заттары да, ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи
ластануға жатады. Қазіргі кезде ауаның ластануы адамның іс-
әрекеті салдарынан жиілеп отыр. Оны ластайтын − жылу электр
станциясынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден,
т.б. шығатын қалдықтар.
Қалаға сырттан қарағанда, оның үстін түтінді тұман басып
жатқанын көресің. Ол тұман мен газ, тозаңның араласуынан
түзіледі. Содан қаланың ауасы нашарлайды. Ормандағыдан гөрі,
қалада өсетін ағаштар тіршілігі ерте тоқтайды. Орманда 400
Достарыңызбен бөлісу: |