Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
70
138-тапсырма.
Мәтіннен
күрделі
етістіктерді
теріп
жазыңыздар.
139-тапсырма. «Еліміздегі су мәселесінің шешілуі» туралы
шағын мәтін құрастырыңыздар.
140-тапсырма. Мына берілген сөздерге морфологиялық
талдау жасаңыздар.
Елдеріне,
сумен,
стратегиясының,
атмосфералық,
мемлекетінің, су қорын, жағасының, қабатында.
141-тапсырма. Берілген терминдерді жаттап алыңыздар.
Базис – негіз
Бассейн – алап, хауыз
Бедер – рябь
Жартасты грунттың шайылуы – русло предельного равновесия
Су иірімі – водоворот
Арын, тегеурін – напор
Су айдағыш – водокачка
Су көзі – водоисточник
142-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыздар.
Республика аумағындағы
негізгі гидрогеологиялық алаптар
Республика территориясындағы жер беті ағындысын
негізінен төрт гидрогеологиялық алаптарға бөлуге болады.
1. Арал теңізі алабы – Сырдария өзені, Шу, Талас, Аса
ағыссыз өзендері алаптары, басқа да өзендер – Сарысу, Торғай
және Шалқар – Теңіз ойпатының ағыссыз алабының басқа да
өзендері.
2. Каспий теңізінің алабы – Жайық өзені, Солтүстік-Шығыс
және Солтүстік-Батыс Каспий маңының басқа өзендер алаптары
– Волга және Орал өзен аралықтары өзендері (кіші және үлкен
өзен), Жайық пен Жем өзен аралықтарының өзендері (Ойыл,
Сағыз, т.б.)
Қазақ тілі
71
3. Балқаш көлінің алаптары – Іле өзені, т.б. Қаратал, Ақсу,
Лепсі өзендері, Солтүстік-батыс және Солтүстік-шығыс Балқаш
маңының ағыссыз өзендері және Алакөл, Сасықкөл, Үржар,
Еміл, Қатынсу, Тентек, Қаракөл.
4. Кар теңізінің алаптары – суларын Қазақстан шектерінен
әкететін Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері, Теңіз бен Қарасор көлдері
алаптарының өзендері (Нұра, Құланөтпес, т.б) және Есіл, Ертіс
өзен аралықтары өзендері (Өлеңті, Шідерті, Слеті).
Республиканың
көптеген
өзендерінің
ағысы,
оның
шектерінде қалыптасады. Іле мен Ертіс өзендерінің бастаулары
ҚХР-да, Сырдария өзенінің негізгі ағыс бөлігі Өзбекстанда
орналасқан. Ал Шу мен Талас өзендерінікі – Қырғызстанда,
Жайық өзенінікі – Ресейде.
Өзендердің сулылығы атмосфералық жауын-шашындардың
булануы арқылы анықталады. Қазақстан өзендері сулылығы
бойынша мына түрде сипатталады:
Шығынмен 100 – 1000м
3
/с – 6 өзен
50 – 100 м
3
/ с – 7 өзен
5 – 50 м
3
/ с – 40 өзен
Су құйылыстарының табиғи режимі, климаты жер
бедерімен анықталады. Жеткіліксіз ылғалдану жағдайлары
жазық Қазақстанның өзендері көбінесе көктемгі қар суымен
қоректенеді және сулы режимі бойынша ерекше, Қазақстандық
типке жатады. Олардың ағысының көп бөлігі көктемде жылдық
ағыстың 80 – 90%-ын құрайды. Тау өзендері ағысының режимі
мен көлеміне әсер ететін негізгі факторлардың бірі – бедердің
абсолютті биіктігі болып саналады. Оның жоғарылауымен
атмосфералық жауын-шашынның мөлшері және булануы
төмендейді. Таулы аудандарда су құйылыстарының негізгі
қоректену көзі мәңгілік қорлар мен мұздықтардың еріген
сулары. Бұдан басқа, олардың сулылығы биік таулы аудандарда
жазғы-күзгі жауындардың арқасында 10 – 15% -дан, ал төмен
таулы аудандарда 25 – 30% -ға дейін жоғарылайды. Бұл
өзендерде су тасу, наурыздың соңы мен сәуірдің басында
басталады және ол тамыз қыркүйекте аяқталады. Су тасқынында
тау өзендеріндегі ағыстың көлемі су тартқыш биіктігінің
жоғарылауы бойынша, жылдық ағыс 50–60-тан 70–80% -ға
дейін жетеді.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
72
Республиканың маңызды су артериялары Ертіс, Іле, Тобыл,
Жайық, т.б. өзендері.
А. Т. Қуатбаев. Экология.− Алматы: 2008 – 312 б.
143-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне
аударыңыздар.
Өзендердің
ағысы,
булану,
өзендердің
сулылығы,
ылғалдану, қар еру, қоректену, су тасқыны, жылдық ағыс.
144-тапсырма.
Мәтін
бойынша
сөз
тіркестерінің
сыңарларын табыңыздар.
1. Жылдық _______________
2. Абсолютті _____________
3. Жауын-шашын _________
4. Таулы ________________
5. Сулы _________________
6. Жеткіліксіз ____________
7. Өзендер ______________
145-тапсырма. Кесте сызып, гидрогеологиялық алаптарды
ретімен толтырыңыздар.
146-тапсырма. Бұйрық райлы етістіктерді тауып, қай
жақта айтылғанын тауып, мақал-мәтелдердің мағынасына мән
беріңіздер.
1. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
2. Аға алдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.
3. Оң қолың ұрыс бастаса,
Сол қолың арашашы болсын.
4. Келмей жатып қорықпа,
Көрмей жатып тарықпа.
5. Сол көзіңе оң көзің қарауыл болсын.