Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет18/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

52 



5.  Көлік  нысандарының  зиянды  әртүрлі  шоғырлану 

әсерлерін қалай қорытындылауға болады? 

 

90-тапсырма.  Мәтіндегі  көмектес  септігінде  тұрған 

сөздерді теріп жазыңыздар. 

 

91-тапсырма. Мәтіндегі барыс септігінде тұрған сөздермен 

сөйлем құрастырыңыздар. 

 

Қауіпті  жүктерді  тасымалдау  кезіндегі  апаттың  алдын  алу, 



дәл  уақытында  құтқару  жұмыстарын  іске  асыру  және  пойыздар 

қозғалысы  уақытының  үзілісін  қысқарту  үшін,  төмендегі 

жайттарға баса назар аудару қажет: 

–  қауіпсіздік  шараларын  кадрларды  жүйелі  түрде  және 

қайталап  даярлау  арқылы  жүргізіп,  қауіпсіз  тасымалдауды  заң 

жүзінде бекіту; 

– қоршаған ортаның өзгеру дәрежесі мен қатерлі жағдайын 

анықтайтын  факторларға  мониторинг  жасау  үшін,  экологиялық 

қауіпсіздік  қызметін  құруға  және  табиғи  ортаның  ластану 

фактілерін  бақылау,  оны  анықтауға  септігін  тигізетін,  табиғи 

жағдайдың көздерінің бірқалыпсыздығы жөніндегі ақпараттарға 

талдау 


жасау, 

яғни 


өсімдіктерге, 

аңдарға, 

тұрғылықты 

аймақтағы  тұрғындардың  өздерін  қолайсыз  сезінуіне,  су 

құрамының  өзгеруіне,  ауаға,  топырақтың  физика-химиялық, 

биологиялық, т.б. құрамының ластануы. 



 

92-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден  зат есімдерді теріп 

жазыңыздар. 

 

Көкшетау өңірінің елді мекендері уақыт өте келе, ауыз суға 



зәру  болар  деп  ойлады  ма  екен?  Тың    игеру  жылдарында  тас-

талқаны шығып жыртылған қу дала бірер жылда мәйегі тозаңға 

айналып,  аспанға  көтеріліп,  табиғи  су  көздерін  құм  басып, 

жерасты сулары тартылып тынды. 

Мұғалжар  ауданы  экологиялық  жағынан,  күйзеліске 

ұшыраған  аймақтардың  қатарына  жатады.  Аралдың  аянышты 

тағдыры, оған да әсер етпей қойған жоқ. 



Қазақ тілі 

 

 



53 

Көмірсутегі  шикізаттың  барлау  барысында  осы  маңдағы 

өзен  аумағының  су  жиналатын  учаскелері  мұнай  өнімдерімен 

ластанады.  Облыста  уытты  қалдықтарды  ұқсату  мен  көму 

жөніндегі  полигондардың  болмауынан,  талай  жылда  жиналған 

мазут  сіңген  топырақ  үйінділері  ауданның  көптеген  жерлерінде 

атмосфералық  ауа  мен  суды  ластап  жатыр.    Мұғалжардағы 

қиыршық  құм  зауыты,  табиғатты  қорғау  жұмыстарын  өте  баяу 

жүргізеді.  Ауданда  500-ден  аса  ауаны  ластайтын нысандар  бар. 

Ауданның  өнеркәсіп  қалдықтары,  негізінен  қоршаған  орта  мен 

адам денсаулығына қауіпті зиянды заттар. 

 

93-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар

 

Ауыз суға зәру, өнеркәсіп қалдығы, жер жырту, шаң-тозаң, 



күйзеліске  ұшырау,  топырақ  үйінділері,  қиыршық  құм,  қауіпті 

заттар. 


 

94-тапсырма. Мәтінге ат қойып, аударыңыздар.   

 

 



Көліктен шығатын улы газдарды бақылаудың тағы бір әдісі 

–  қалаға  әкелінетін  жанармай  сапасын  тексеру.  Алматыға 

әкелінетін  этилендірілген  жанармайды  сатуға  1989  жылдан 

бастап  тыйым  салынды.  Дәрігерлердің  зерттеуі  бойынша  соңғы 

жылдары  ауадағы  қорғасынның  мөлшері  1.5−2  жыл  арасында 

азайып, мөлшерге жеткен. 

Жылу  мен  жарық  тұрмыс  көзі  болуымен  қатар,  қалада 

үлкен экологиялық тауқымет болып отыр. Өйткені көмір, сұйық 

мазут  сияқты  отындарды  жағу,  ауаны  ластаудың  басты  көзі 

екені  белгілі.  Ол  үшін  энергияны  ұқыпты  пайдалану,  жобалау 

бағдарламасында басты орында. 

Қаладағы  экологиялық  проблемалардың  бірі  –  ауыз  су. 

Соңғы жылдары қалада су тапшылығы байқалуда. Жалпы су екі 

жолмен  алынады.  Оның  бірі  –  жерасты  сулары.  Бұл  қаланы 

сумен  қамтамасыз  етудің  басты  көзі  деуге  болады.  Бірақ, 

Алматы  жерасты  суларының  үстіне  орналасқан.  Бұл  қазір 

жерасты  суларын  қорғайтын  ештеңе  жоқ  деген  сөз.  Сондықтан 

лас сулар, оның ішінде канализация сулары, өндірістен шыққан 

лас  сулар  ағынды  жоғары  мөлшерге  дейін  көтерді.  Осыдан 

кейбір  су  көздері  130  м-ге  дейін  ауыр,  зиянды  металдармен 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

54 



ластанған. Оған қоса мұнай   өнімдері, фенол да осы тереңдікке 

дейін  жеткен.  Оларды  бақылау  жұмыстары  қиынға  соғады. 

Ерітінді  суды  қолдану  гидродинамикалық  режимді  бұзуға  әкеп 

соғады.  Соның  салдарынан,  үлкен  шұңқыр  пайда  болды. 

Орталықтан  қала  сыртындағы  лас  сулар  және  кіші  өзендер 

ластанып, сол шұңқырларға құйылуда. 

Алматы  қаласы  басқа  да  үлкен  қалалар  сияқты  қалдық 

өндіруші болып саналады. Өйткені әр жылы қаладан 1,8 млн-нан 3 

млн-ға дейін күл-қоқыс шығады. Бұл әр Алматылыққа бір жылда 7 

т  күл-қоқыстан  келеді  екен.  Қалада  улы  тастандыларды,  күл-

қоқысты  көметін  жер  жоқ.  Сондықтан  олардың  70  т  астамы, 

өндіріс мекемелерінің уақытша сақталатын қоймаларында қалады. 

 

95-тапсырма.  Мәтінді    оқып,  өз    пікірлеріңізді  жазбаша 

білдіріңіздер. 



Қала  экологиясы 

 

Ірі    қалаларда      халық  санының  артуы,  тұрмыстық-

коммуналдық    құрылыстар    мен  өнеркәсіп  орындары,  зауыт, 

фабрикалардың  көбеюіне  әкеледі.  Осыған  байланысты  мұндай 

қалаларда  техникалық  және  ақаба    сулар    көптеп  жинақталуда. 

Қазақстанда  жыл    сайын  шығарылатын  ақаба  судың  мөлшері, 

шамамен, 6 млрд 3 млн деп  есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық 

ақаба суларды залалсыздандыру, үлкен мәселеге айналып отыр. 

Осындай қаланың  бірі –оңтүстік астана  Алматы  қаласы. 

Жылдар  бойы жинақталған ақаба су, Жаманқұм жағалауын 

бұзып-жарып,  Қапшағай    су  қоймасына  қарай    ақты.  Қапшағай  

су  қоймасы  ластанып,  демалыс    орындары  уақытша  қызметін 

тоқтатқан  болатын. Қазір Сорбұлақ суы  шамадан  тыс көбейіп, 

қауіпті  деңгейге  жетті. 

Келешекте  Сорбұлақ  апаты  әкелетін    зардаптар  қандай  

болмақ?  Су құрамында көп  мөлшерде мұнай  өнімдері, зиянды 

химиялық  заттар  жинақталған.  Көлдегі  органикалық  заттардың  

әсерінен  жәндіктердің  көбейе    түсуі,  жағалауда  құстар,  суында 

балықтар көбеюде. Бұдан мал  еркін  су ішеді.  

Сорбұлақ    мәселесін  шешуге    бола  ма?  Бірінші  жоба  – 

Сорбұлақ  көлінен  канал    арқылы  суды  Күрті  су  қоймасына 

жеткізу.  Екінші    жоба  –  суды  қосымша    тазартып,  Іле    өзеніне 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау