Country report цифрлық медиалар картасы


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет53/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54

Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
1 1 6
БАҚ қызметін реттейтін заңнамадағы соңғы өзгертулер көбінесе шектеулі сипатта болып отыр 
жəне,  пайдаланушылық  контентті  қоса  алғанда,  контент  үшін  журналистер  мен  басылымдарға 
қосымша  құқықтық  жауапкершілік  жүктейді.  БАҚ  бостандығы  пайдасына  шешілген  азғантай 
жақсаруды халықаралық қысымның, əрі Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы   төрағалығы қарсаңындағы 
биліктердің  жұмсаруының  нəтижесі  деп  санауға  болады.  Жалпы,  реттеу  өзінің  негізінде 
репрессиялық қалпында қалып отыр, сондықтан жақын келешекте бұл жағдайдың жақсы жағына 
қарай өзгеруіне саяси ерік бар деп үміттенуге негіз жоқ.
Хабар тарататын БАҚ нарығы жеке-дара иелікке өткен жəне мемлекет пен билікке жақын топтар 
арасында  бөлінген  (аймақтарда  ғана  бірнеше  тəуелсіз  телеарна  сақталған).  Соған  байланысты 
барлық  ұлттық  арналарды  міндетті  пакетке  (ағылшынша – must-carry package) қосу  туралы 
шешімді  жаңалықтардың  плюрализмін  қамтамасыз  ету  жолындағы  оң  қадам  деп  қарау  қиын.  
Одан  өзге, «Қазтелерадио»  АҚ-ының  қызметіндегі,  сондай-ақ «Katelco», «Хабар»  немесе 
«Бірінші  арна  «Еуразия»  іспетті    ұйымдардағы  меншік  құрылымындағы  ашықтық  дəрежесінің 
төмендігіне байланысты  көптеген мəселелер түсініксіз күйінде қалып отыр. Цифрлық тəсілмен 
хабар таратуды дамытудың қымбат тұратын үдерісіне бөлінетін мемлекеттік қаржыны пайдалану 
саласында да ашық айқындық жоқ.
БАҚ қызметін реттеу соңғы бес жыл бойы мемлекеттің интернетке жəне жаңа медиаларға мұқият 
көңіл бөлетін мəселесіне айналды. БАҚ-тарға қысым көрсету:  қайыршылық күйге түсіретін сот 
істерінің  нəтижесінде  банкроттыққа  жеткізу,  сондай-ақ  үкіметке  бейіл  БАҚ-тарды  мемлекеттік 
тапсырыс жүйесі арқылы марапаттау жолымен  іске асырылады.


1 1 7
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
8. Қорытындылар
8.1.  БАҚ бүгінгі таңда
Қазақстандық БАҚ пен журналистиканың бүгінгі жай-күйі айтарлықтай дəрежеде бір саяси тұлға 
мен бір партияның үстемдігімен, сондай-ақ қоғамдық пікірсайыстар үшін тарылып бара жатқан 
кеңістікпен  жəне  ақпарат  бостандығын  шектейтін  заң  бастамаларымен  сипатталатын  елдегі 
саяси  ахуалмен  айқындалады.  Қазақстанның  медиа-нарығына  бұрынғыдай:  меншік  құқықтары 
саласындағы  ашықтықтың  төмен  дəрежесі,  сондай-ақ  елдің  ақпарат  өрісін  қатаң  үкіметтік 
бақылау тəн болып отыр. 
8.1.1. Оң өзгерістер 
2007 жылы олигарх жəне саясаткер, Қазақстан президентінің бұрынғы күйеубаласы Рахат Əлиев 
саяси  алаңнан  кетіп,  оған  тиесілі  болған  жетекші  БАҚ-тардың  бірқатары  кейіннен  мемлекет 
меншігіне берілді немесе басқа иеленушілердің қолына өтті. Бұл өзгерістер медиа-нарықта жаңа 
ойыншылардың пайда болуына келтірді, бірақ ақпараттың плюрализмі үшін жағдайды түбегейлі 
өзгерте қоймады, жұмыс істеп тұрған БАҚ-тардың тəуелсіздігін нығайтқан да жоқ.
Нарықтың  жаңа  ойыншылары  билеуші  саяси  дегдар  топпен  біріккен.  Соңғы  жылдарда 
Қазақстанда  жаңалықтар  беретін  бірде-бір  тəуелсіз  жаңа  БАҚ  ашылмады.  Жаңа  ойыншылар 
ешқашан  сын  бағытын  ұстанбағанмен,  бұл  олардың  өздерін  мемлекеттік  БАҚ-тардың  немесе 
«Нұр-Медиа» холдингіне кіретіндердің бəсекелесі деп көрсетуіне кедергі жасамайды. Нарықтың 
жаңа  қатысушылары  түпнұсқадағы  ақпарат  форматтарын  пайдалану  үшін  белсенді  іс-
əрекеттер  қабылдайды.  Өздерінің  алдыңғы  орындағы  міндеттерінің  арасынан  олар  бастапқыда 
сапалы  жаңалықтар  контентін  құруды  жариялайды,  бірақ  уақыт  өте  келе,  олар  ойын-сауық 
бағдарламаларына қарай ойысады.
Мұнай бағаларының көтерілуінен, оны өндірудің артуынан жəне жылжымайтын мүлік құнының 
ақтауға  болмайтындай  қымбаттауынан  туған  елеулі  экономикалық  өсу  кезеңі 2008 жылдың 
соңында  салдарлары  бүгінгі  күні  де  айқын  сезіліп  отырған  қатал  дағдарысқа  ұласты.  Соған 
қарамастан,  экономикалық  дүрбелең  жылдарында  жергілікті  компаниялар  коммуникациялық 
инфрақұрылымды  жақсартып,  жаңа  стандарттарға  көшуге,  қызметтердің  сапасын  жақсартуға, 


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
1 1 8
бағаларды төмендетуге қол жеткізді. Бұл, өз кезегінде, жұртшылықтың кабельдік жəне жерсеріктік 
хабарлар  алу  мүмкіндігін  кеңейтіп,  сонымен  қатар  интернет-технологиялар  нарығында 
қызметтердің жаңа ауқымдарына қол жеткізуге жағдай туғызды.
БАҚ-тар  да,  тұтынушылар  да  бірте-бірте  интернетке  көшіп  жатыр,  алайда  ақпараттық  онлайн-
контент əлі де жұтаң. Кəсіби интернет-БАҚ-тардың өсуі  мультимедиалық қызметтері технология 
тұрғысынан  өзгеріп  тұратын  баспа  басылымдарының  онлайн-нұсқаларының  пайда  болуымен 
ілесе жүреді. Жаңа медиалардың қазақстандық БАҚ-тардың іс-тəжірибесіне енгізілуін бұрынғы 
премьер-министр Кəрім Мəсімов бірінші кезекте атқарылатын міндет ретінде белгіледі. Алайда 
көптеген белгілі БАҚ-тар интернетке оларға іс жүзінде қысым көрсетілуіне байланысты көшті. 
Сөз  жоқ,  интернет  сын  айтатын  дауыстарға  пікірлерін  білдіретін  платформа  береді,  бірақ  күні 
бүгінге  дейін  инновациялық  құралдарды  пайдалана  отырып  сапалы  журналистика  жасауға 
қабілеті  бар  беделді  онлайн-БАҚ-тар  аз.  Блогерлердің,  азаматтық  журналистердің  жəне  терең 
пікірлі тілшілердің қатарлары бірте-бірте жаңа белсенділермен толығып келе жатқанмен, олардың 
қоғамдастықтары көп емес.
БАҚ-тардың  мүдделерін  қорғайтын  белгілі  құқық  қорғау  ұйымдарының  күш-жігерлері  кейбір 
жетістіктерге  жетуге  мүмкіндік  бергенмен,  азаматтық  қоғамның  мемлекеттік  шешімдерге 
ықпалы мардымсыз күйінде қалып отыр. Сонымен қатар салыстырмалы түрде еркін пікірсайыс 
алаңы болып отырғанына қарамастан, интернеттің қоғамдастықтың назарын бірқатар маңызды 
əлеуметтік  мəселелерге,  оның  ішінде  интернетті  реттеу  мəселесінің  өзіне  де  аударуға  көмегі 
тигенмен, ақпараттық технологиялардың ықпалы да шектеулі.
8.1.2. Кері өзгерістер
Өзіндік  цензура  кең  таралған:  билікті,  президенттің  жеке  басын  жəне  отбасы  мүшелерін, 
жоғары  лауазымды  тұлғалардың  сыбайлас  жемқорлығын  сынауға  қатысты  тыйым  салынған 
тақырыптардың белгілі бір ауқымы бар. Аймақтарда журналистер республикалық БАҚ-тардағы 
редакциялық  саясатты  ұстанады.  Оппозиция  демеушілік  көрсететін  газеттер  оқырмандарға 
оқиғаларды  əділетті  талдауға  немесе  журналистік  зерттеулерге  негізделген  сапалы  сын 
материалдарын беріп отырған жоқ.
Сынға  жол  бермеудің  жалғасып  отырған  тəжірибесі  (тіпті  Қазақстанның 2010 жылы  ЕҚЫҰ-да 
төрағалық еткен кезінде де) өзіндік үлкен цензураға мүмкіндік туғызады. Диффамация (біреулерді 
ғайбаттайтын  мəлімет  тарату)  желеуімен  сот  шешімі  арқылы  жосықсыз  көлемде  айыппұл 
салғызатын  талап-арыздар – билікті  сынайтын  басылымдарды  банкроттыққа  дейін  жеткізудің 
негізгі тəсілдерінің бірі.
Соттар оппозициялық БАҚ-тардың жұмысын тоқтата тұру немесе жауып тастау туралы шешім 
шығарады,  бұл  олардың  меншіктерінің  тəркіленіп,  баспаханаларға  кіре  алмауына    жəне 
тираждарының    алынуына  келтіреді.  Журналистер  мен  редакторларды  сот  арқылы  қудалау, 


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау