126
4-суреттегі қыздың кӛзінің түсін қоңыр түстен жасыл түске алмастырайық.
4-сурет. Бастапқы сурет.
Ол үшін кӛз қарашығын ерекшелейміз, мысалы Elliptical Marquee Tool құралы
кӛмегімен. Егер шеңбер қарашық формасымен сәйкес келмесе, онда оның кӛлемін Select
- Transform Selectio командасын пайдаланып келтіріңіз .
Егер форманы құптасаңыз Enter пернесін басыңыз.
Негізгі түс ретінде, алмастыратын түсті тағайындаңыз. Біз #268C62 түсті алдық.
Құралмен ерекшеленген бӛлікті бояймыз.
Бірінші кӛз боялып болғаннан кейін, ерекшелеуді алып тастамай тұрып, M (ағылшынша)
осы ерекшеленуді екінші кӛзге жылжытамыз.
Алдыңғы жасаған операцияларды қайталаңыз, содан соң ерекшелеуді Ctrl + D пернелері
арқылы алып тастаңыз. Қыздың кӛзінің түсі ӛзгерді.
Бақылау сҧрақтары:
1. Екпінді қабат ӛшіріліп тұруы мүмкін бе?
2. Түс палитрасына жаңа түс қосу үшін не істеу керек?
3. Ұяшықты негізгі түске алмастыру үшін қандай пернені басу керек?
4. Қандай команда ерекшеленген аймақтың түс реңдерін ауыстыруға мүмкіндік
береді?
127
№12 Лабораториялық жҧмыс. Маскалар мен каналдар.
студенттерді қылқалам, штамп, жамау, протокол құралдарымен жұмыс істеуге
үйрету;
студенттерді каналмен жұмыс істеуге үйрету.
1 тапсырма. Бейнелерді әрлендіру.
1.Clone Stamp ( Штамп) құралын таңдаңыз да мысықтың суретін бейненің оң
жағындағы бос ақ аймаққа кӛшіріңіз. Alt пернесін басып тұрып, мысықтың кӛзінің үстіне
апарып, тышқанның бағыттауышын шерту қажет. Alt пернесін жіберіп, курсорды мысық
суретінің үстіндегі бос ақ аймаққа апарып мысықтың бір бӛлігін кӛшіруге болады.
Бастапқы бейненің крестпен белгіленген аймағы, құралдың жұмыс орнына кӛшіріледі.
Clone Stamp (Штамп) құралы бейне бӛлігін дәл кӛшіреді (1-сурет).
2.Енді Healing Brush ( Емдейтін қылқалам) құралының кӛмегімен бейненің дәл сол
бӛлігін кӛшіріңіз. Нәтижелерде айырмашылық барын байқауға болады. Healing Brush
( Емдейтін қылқалам) кӛшірілетін аймақтың текстурасын, ақшылдылығын және
қараңғылылығын ескереді. Сондықтан да сіз осы құралмен ақшыл аймаққа кӛшіретін
болсаңыз, кӛшіру нәтижесі үлгіге қарағанда ақшылдау болады, қаралау аймаққа кӛшіретін
болсаңыз, кӛшіру нәтижесі үлгіге қарағанда қаралау болады.
3. Алынған нәтижелердің астына жазып қойыңыздар (1-сурет).
4. Patch (Жамау) құралын таңдаңыз. Бұл құрал бейненің бүлінген бӛліктерін жамау
үшін немесе оны басқа бүлінбеген аймақтармен алмастыру үшін қолданылады. Жұмысты
істеуде жӛнделінетін аймақтың текстурасын ӛзгертпеуге кӛңіл аударылады.
5. History (Протокол) палитрасы соңғы орындалған операциялардан бас тартып,
бейнені бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
1-сурет. Штамп, Емдейтін қылқалам құралдарын қолдану нәтижелері.
2 тапсырма. Бейненің бӛлігін қиып алу (2-сурет).
1. Grop (Қиып алу) құралын алыңыз. Оның баптау панелінде алдыңғы баптауларды
тазарту үшін, Clear (Тазарту) батырмасын басыңыз. Құралды диогональ бойынша тартып,
қалаған бӛлігіңізді қиып алыңыз.
128
2-сурет. Бастапқы бейне мен нәтиже.
3 тапсырма. Photoshop программасында әдемі рама жасау.
1. Ӛзіңіз жұмыс істейтін бейне ашыңыз. КАНАЛДАР панеліне ауысыңыз да, панелдің
тӛменгі жағында орналасқан " жаңа канал құру" батырмасын басып жаңа канал құрыңыз.
2. Алдыңғы жоспардың түсін ақ түспен тағайындаңыз, "Тіктӛртбұрышты ерекшелеу"
құралының кӛмегімен тіктӛртбұрыш ерекшелеңіз. Оны инверция жасап, ақ түске бояңыз.
Ерекшелеуді алып тастаңыз.
3. СКРУЧИВАНИЕ – БҰРАУ фильтрін қолданыңыз ( Фильтр-искажение-скручивание)
( Параметрі РАДИУС - 700 градус)
4. Енді тӛмендегі суретте кӛрсетілгендей параметрлермен ЦВЕТНЫЕ ПОЛУТОНА -
ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЖАРТЫЛАЙТОН фильтрін қолданамыз
129
5. Каналды ерекшеленген аймаққа апарыңыз, " Канал мазмұнын ерекшеленген аймақ
сияқты жүктеу" деген батырманы басып, содан соң RGB каналына кӛшіңіз.
6. Раманы толтыратын түсті немесе ӛрнекті таңдап, редакциялау – бояумен құюды
орындау командасын қолданыңыз. Нәтиже тӛменде кӛрсетілгендей болады.
Бақылау сҧрақтары:
1.Масканы қалай қолдануға болады? Маска мен тіктӛртбұрышты біріктіру үшін
қандай пернені басамыз?
2.Ерекшеленген аймақтарды қандай команданың кӛмегімен редакциялауға болады?
3.Автоматты түрде ерекшелеу үшін қандай құрал пайдаланылады?
4.Объектіні қандай команданың кӛмегімен трансформация жасауға болады?
5. Канал мазмұнын ерекшеленген аймақ сияқты жүктеу командасын қандай жағдайда
қолдануға болады?
6. КАНАЛДАР панелі қалай жұмыс жасайды?
Лабораториялық жҧмыс №13. Photoshop редакторында бейнелерді ӛңдеудегі
арнайы эффектілер.
Жұмыс мақсаты:
студенттерді Мәтін және Вертикальды Мәтін құралдарымен таныстыру;
студенттерді Мәтін маскасы құралымен таныстыру;
студенттерді фигураларды құруға және оларды трансформациялауға үйрету;
1 тапсырма. Мәтінді жазу және редакциялау.
Мәтінмен жұмыс істеу үшін, құралдар панелінен Т құралын алыңыз. Т батырмасы
программаны горизонтальды мәтін енгізу режиміне, Т - вертикальды мәтін енгізу
режиміне ауыстырады. Құралды таңдағаннан кейін баптау панелінде мәтінмен жұмыс
істеуді басқару элементтері пайда болады.
Мәтіндік қабат растрлық бейне болмаса да, оған кәдімгі қабат сияқты редакциялау
тәсілдерін қолдануға болады. Мәтінді трансформациялауға, бұруға, белгілі бір бұрыштық
кӛлемге айналдыруға, сығуға, созуға және оған перспектива эффектілерін қолдануға
болады (1-сурет).
1-сурет. Мәтін эффектілері.
2 тапсырма. Тамшылап тұрған мәтін.
Осы мысалдағы тамшылап тұрған мәтін эффектісін орындау үшін:
1. Жаңа терезе ашамыз, оны қара бояумен толтырып, ақ түспен мәтін жазамыз.
2. Қабаттарды Layer – Merge Layers командасы арқылы біріктіреміз (2-сурет). .
Достарыңызбен бөлісу: |