Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет33/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

5. Негіз, мəтініне,  көрсетіледі, бұйрықтарда, мұндай, кейін, бұйрық.
14-апта. 28-сабақ.
216-тапсырма. Хабарландыру  қандай, не  істейтін  құжат? Бір-
біріңізбен ой бөлісіңіздер.
217-тапсырма. Хабарландыру  беріп  көрдіңіз бе, оның  құрылымына
не кіреді? Сұрақ-жауап  құрастырыңыздар.
218-тапсырма. Хабарландыру  туралы  берілген  қысқаша  мəліметпен
танысып, бұл құжаттың  жазылу үлгілерімен танысыңыздар.
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-
шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжаттың түрі – хабарландыру.
Мұнда  хабарланып  отырған  мəселенің (жиналыс, мəжіліс, кездесі, т.б.
жайлар) айы, күні, жылы, болатын уақыты мен орны көрсетіледі.
Соңынан хабарландыру  беруші мекеменің , ұйымның аты қойылады.
Хабарланатын  мəселенің  мазмұны  мен  мақсатына  қарай  хабарландыру
түрлі-түрлі  көлемімен, көркемделуімен  ерекшеленеді. Ол  белгі  бір  оқиғаны
немесе  жағдаяттың  болатын  мерзімін, орнын  баяндайтын  ресми  құжат.
Хабарландыру жазбаша да,  ауызша да болуы мүмкін.
219-тапсырма. Төменде  берілген  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің
аудармаларын есте сақтаңыздар.
Хабар – информация; сообщение; уведомление;  передача
Хабарлау – сообщить; уведомить; известить
Хабарлаушы – уведомитель
Хабарландыру – объявление; уведомление; оповещение; объявить;
известить; оповестиь;  оповещать
Хабардар болу – быть в курсе дела
Хабарласу – сообщаться; давать друг другу известие
Хабарсыз – известно; хабарсыз кетті – пропал без вести
Хабаршы – вестник
Хабар иесі – человек,  который  известил
Хат-хабар – известия; корреспонденция
Хабарландыру беру – давать  объявление
Хабарландыру жазу – писать объявление
Хабарлама – извещение;  сообщение
Радиомен соңғы хабарларды беру – передача последних известий по
радио; қуанышты хабар – радостное известие
Хабарландыру іліп қою – повесить объявление
Ақпараттық хабарлама – информационное сообщение


220-тапсырма.  Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Хабарландыру  ненің  негізінде  хабарланады? 2. Хабарландыруды
ауызша  беру  мүмкін  бе? 3.  Хабарландыруды  кім  жазады? 4. Оны  қандай
жағдайда  бірнеше  жерге  ілу  керек? 5. Хабарландыруды  кімнің  жазғанын
көрсету  керек пе?
221-тапсырма.  Төмендегі  мəселелерге  байланысты  хабарландыру
жазыңыздар.
1. Емтиханды уақытынан ерте тапсыру;
2. «ҚазҰТУ көктемі» атты конкурсқа талапкерлерді шақыру;
3. Қазақ тілі пəнінен  пəндік олимпиаданы өткізу;
4. I курс  студенттерін  студенттер  қатарына  қабылдау  мəдени  іс-
шарасына қатысу туралы,  т.б.
222-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  жалғауларды  қосып
жазыңыздар.
1. Тақтада  хабарландыру...   үлгісі  ілулі  тұр. 2.  Студенттер  жазылған
хабарландыру...   оқыды. 3. Жиналыстың  болатынын хабарландыру...   білдім.
4.  Күн  тəртібі  хабарландыру...  жазылған. Студенттер  кешінің  болатынын
хабарландыру...  жазыңыздар. 5. Хабарландыру...   көлемі əр түрлі болады.  6.
Эдвайзер хабарландыру...   айтуға келді.
223-тапсырма.  Хабарландырудың үлгілерімен танысыңыздар.
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
2003 жылдың 8 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да университеттің үлкен
мəжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу болады.
Бағдарламада: 1. ҚазҰТУ ректорының құттықтау сөзі.
                         2. Ұлы Отан соғысы  ардагерлерінің естелік-əңгімелері.
                         3. Көркемөнерпаздардың концерті.
Ректорат_Х_А_Б_А_Р_Л_А_Н_Д_Ы_Р_У'>Ректорат
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
«Томирис» мейрамханасына  сымбатты  қыз-жігіттер  конкурс  негізінде
жұмысқа  қабылданады. Қатысамын  деушілерге  есік  ашық, талапқа  сай
құжаттарды 1 мамырға дейін тапсыруға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы,
15-үй, Абай даңғылының қиылысы.
Телефон: 356-48-31, ұялы телефон: 8-777-768-65-34
                                                                                   Мейрамхана басшысы


Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Ертең, 15 мамыр  күні, сағат 19.00-де, Республика  сарайында
Қазақстанның  халық əртісі Р.Рымбаеваның «Шақырады көктем» атты концерті
болады.  Билеттер Қазақконцерт кассасында сатылады. Келіңіздер! Көріңіздер!
                                                              Мəдениет  министірлігі əкімшілігі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
2011 жылы 17 ақпан  күні  сағат 11.00-де «Математика» пəні  бойынша
университет  көлемінде  олимпиада  өткізіледі. Келіп  қатысуға  болады.
Олимпиада ҚазҰТУ мəжіліс залында өткізіледі.
Деканат
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Бəріңе! Бəріңе! Бəріңе!  22 наурыз  күні  университет  өнерпаздарының
дайындаған  «Əн – көңілдің  ажары» атты  концертіне  шақырамыз. Концерт
Наурыз мерекесіне арналады.
 Келіңіздер! Көріңіздер!
Университет көркемөнерпаздарының ұйымы
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің II курс
студенттері 2011 жылдың 25 мамыры күні мемлекеттік аралық (ПГК) бақылау
тестін тапсырады.  II курс  студенттері түгел қатысуға міндетті.
Ректорат
К Е П І Л Х А Т
Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат пен кепілхат  бір-біріне ұқсас.
Кепілхат  та, қолхат  та  біреуден  белгілі  құндылықтардың (құжат, мүлік, зат,
ақша, т.б.) алынғанын  жəне  оны  белгілі  бір  мерзімде  қайтарып  беретіндігін
міндеттеп  көрсететін, кепілдік  беретін, куəландыратын  ресми  құжаттың  бір
түрі.
Мұнда  алынған  заттың  аты,  көлемі, саны, тізімі, т.б. беруші  адамның
аты-жөні, қызметі, заттың  қайтарылу  мерзімі  толық  көрсетіледі. Сандық
белгілер  жақшаның ішіне сөзбен жазылады.
Соңынан  қолхат, кепілхат  берген  адамның  аты-жөні  толық  жазылып,
күні, айы, жылы қойылады.  Нотариалдық кеңседе  тіркеліп, мөр басылады.


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау