Пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелері
1.1. Осы Ереже КМТИУ-де өтетін «Шахмардан Есенов атындағы олимпиада»
оқушылар олимпиадасының (бұдан әрі қарай – Олимпиада) мәртебесін, мақсаты мен
міндеттерін және оны өткізу тәртібін анықтайды.
1.2. Олимпиада 11 сынып оқушыларына арналған зияткерлік конкурс болып
табылады.
1.3. Олимпиада екі кезеңмен өтеді.
2. Олимпиаданың негізгі мақсаты:
Ш. Есенов атындағы КМТИУ жоғары сынып оқушыларын ынталандыруға
ұмтылады:
- сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға;
- қызығушылығы мен оқу саласы ұқсас басқа білім алушылармен білім және
тәжірибе алмасуға;
- мектептердегі гуманитарлық және техникалық білім саласындағы пікір алмасу мен
ынтымақтастыққа.