Белдемдік құрылыс көптеген минералдарға тән , ал кейбіреулер үшін (смальтин, герсдорфит, кобальтин, касситерит, арсенопирит, саффлорит, бравоит және пирит) бұл құрылыс ерекшелігі тұрақты және диагностикалау белгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Минералдарда кристалды-белдемді құрылыс түрінде, кристалдану орталығының айналасында түзілімдердің тізбегін куәландыратын жекелеген кристалдарда байқалатын өсу белдемділігі табылады.
Белдемдік құрылыс кристалдар мен метакристалдар үшін тән және кристаллобластарда болмайды. Гѐтиттің, псиломеланның, настуранның және басқа минералдардың сауысты агрегаттарында концентрлік - белдемдік құрылыс байқалады.
Қатты кірінділер қатты ерітінділердің ыдырауында жаралу, минералдарды диагностикалауда үлкен мәнге ие, мысалы сфалерит үшін халькопириттің, пирротиннің және станниннің тамшы тәрізді кірінділері; титан құрамды магнетитте ильменит ыдырағандағы денелер, ульвошпинел эмульсия, пластина және тор тәрізді; магмалық пирротинде пентландиттің пластина тәрізді және жалын тәрізді бөлінуі байқалады.
Қаттылық – рудалық минералдың басты тұрақты қасиеттерінің бірі. Рудалық минералдардың қаттылығы деп минералдардың жоғарғы өңделген бетінің тырнағанда, тегістегенде және микрожаншылғанда қарсы тұру қабілетін айтады. Минералдарға кристаллографиялық бағыттардан тәуелді әр түрлі қаттылық қасиеттер тән. Минералдардың қаттылығын анықтауда екі әдіс қолданылады: сапалық және сандық .
Қаттылық – рудалық минералдың негізгі қасиеттерінің бірі. Рудалық минералдың қаттылығы деп оның бетін сызғанда, тегістегенде көрсететін тегеурінін айтады. Минералдың қаттылығын анықтаудың екі түрі қолданылады: сапалық және сандық.
Минералдың қаттылығын сапалық анықтаудың тырнау әдісі. Минераграфиялық практикада көбінесе рудалық минералды мыс және болат инемен анықтау кең қолданылады. Болат иненің қаттылығы 5-ке, ал мыстікі 3-ке тең.
4,7х; 9х объективте көз аясындағы минералдың бетіне иненің ұшын тигізіп, қолдың бағытымен оны тартамыз. Егер минералдың қаттылығы инеден төмен болса, онда минералдың бетінде сызат қалады. Көптеген рудалық минералдар мортты болады, сондықтан инемен сызғанда бетінде ұнтақ қалады.
Моос шкаласы бойынша қаттылық үш топқа бөлінеді:1) қаттылығы 3-тен төмен мыс инемен тырналмайтын, 2) қаттылығы орташа 3-тен 5- ке дейін болат инемен тырналатын, бірақ мыс инемен тырналмайтын, 3) қаттылығы 5 -тен жоғары сызат түспейтін.
Бұл әдіспен қаттылықты анықтауда мынаны есте ұстаған жөн: анизотропты минералдарда (антимонит, вольфрамит) түйірлердің бағдарына байланысты, ал изотроптыда кристалдық құрылымына байланысты, ал жасырын кристалды минералдың қаттылығы толық кристалдыға қарағанда төмен. Мысалға: колломорфтық мельниковит-пирит және кристалды пирит бір-бірінен қаттылығы бойынша ажыратылады.
Салыстырма бедеріне немесе тегістелінуіне байланысты сапалық қаттылығын анықтау.
Жалтыратылған тастілімді дайындаған кезде рудатүзуші минералдар қырғанға тегеурін көрсетеді. Осының нәтижесінде қатты минералды жалтырату жұмсақ минералдарға қарағанда қиынырақ болады.
Бедері бойынша минералдың салыстырмалы қаттылығын жалтыратылған тастілімде де жақсы көрінетін жарық реңі арқылы анықтайды. Бұл үшін микроскоптың көру аясына зерттелетін минералды және қаттылығы белгілі минералды қояды, апертурлық диафрагманы жабыңқырайды, микроскоптың тубусын ақырындап көтереді. Тубусты көтерген кезде жарық реңі жұмсақ минералдарға қарай түсіргенде – жолақ қатты минералдарға қарай қозғалады. Жарық реңін орта объективте 9х бақылауға болады, егер көрінбесе, үлкен объективте (40х) бақылау қажет.
Жарық реңі қаттылығы жақын минералдарға, сол сияқты қаттылығы белгілі минералдарда кездесетін кірме минералдың қаттылығын анықтауға қолданылады.
Микрожаншу арқылы қаттылықтың сандық өлшемін анықтау. Жалтыратылған минералдар бетінің қаттылығы немесе микроқаттылығы микроскоптың астында алмас ұшты (индентормен) жаншу арқылы анықталады. Микроқаттылық минералды анықтауда негізгі белгі болып табылады. Микроқаттылықтың минималды және максималды шамасын өлшеп орташасын шығарады.
Жаншу фигурасының пішіні мен сапасы әр түрлі болады. Көптеген рудатүзуші минералдар бедері бойынша қаттылығы мен микроқаттылығы сәйкес келеді, бірақ кейде қаттылығына қарағанда микроқатылығы төмен болады (молибденит, халькопирит). Бұл минералдың жіктілігін, морттылығына, тұтқырлануына, химиялық құрамына байланысты. Минералдың микроқаттылығын өлшеуге микротвердометрдің әртүрлі модельдері қолданылады. Кең қолданылатыны ЛОМО фирмасының ПМТ-3 микротвердометрі.
ПМТ-3 аспабында төрт қырлы 1360 бұрышты алмас пирамида қолданылады. Микротвердометр 1μ диаметрлі түйірді зерттеуге де қолданылады. Шетелде микроқаттылықты өлшеуге әртүрлі аспаптар және индекторлар қолданылады, соның ішінде Виккер (табаны шаршы пирамида) мен Кнупа (ұзынша пирамида) индикаторлары кең қолданылады.
Магниттілік қасиет – кейбір минералдарда ғана болады. Оларға: темір, магнетит, магномагнетит, франклинит, поликсен, пирротин, кубанит, реньерит жатады.
Минералдың магниттілігін магниттік тілшікпен және магнитті болат инемен анықтау. Тастілімді магниттік тілшікке жақындатып бақылаймыз (солтүстік немесе оңтүстік полюске). Ал магнитті болат инені минералдың ұнтағына жақындатсақ, ұнтақ инеге жабысады.
Рудадағы минералдың магниттілігін магниттік ұнтақ арқылы зерттеу. Егер магнитті минералдар магниттік қасиеті жоқ минералдарда ұсақ сеппе түрінде кездессе, оның санын магнитті ұнтақ әдісі арқылы анықтайды. Бұл әдіс сол сияқты шағылған жарықта магнитті минералды нашар магнитті немесе магниттік қасиеті жоқ (троилит-пирротин, магнетит-маггемит, моноклинді пирротин – гексагондық пирротин) минералдардан ажырату үшін қолданылады.
Бұл әдіс былай дайындалады: бірінші сабынды ерітінді жасайды, ол үшін «Детское» сабыны қолданылады. Ерітіндіге магнитті ұнтақты салады. Магнитті ұнтаққа таза магнетит ұнтағын немесе НЦ-400, Ф-600, Фк-600 ұнтағын қолданады. Құрамы: су-10 мл, магнитті ұнтақ 0,1 г, сабын «Детское» көпіршігенге дейін қосылады. Дайын ұнтақты түтікшемен тастілімнің бетіне тамызады, 1-2 минут ұстайды, уақыты келгеннен кейін тастілімнің беті бірнеше тамшы спирт немесе тазартылған сумен шайылады. Сосын тастілімнің беті толық кепкенше тұрады. Спиртпен шайылса 15-30 сек, ал сумен 1,5-2 минут тұрады. Магнитті қасиеті бар минералдарға магнитті ұнтақ тұтасып қалады.
Бақылау сұрақтары:
1.Қандай физикалық қасиеттері бойынша шағылған жарықта рудалық минералдар анықталады?
2.Кристалдар және метакристалдар пішініне қарай қалай бөлінеді?
3.Рудалық минералдың кристалломорфтық ерекшеліктері.
4.Қаттылықты сапалық және сандық әдіспен анықтау
5.Микрожаншу арқылы қаттылықтың сандық өлшемін қалай анықтауға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |