«Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №123 Қаулысы


Өндіру және айдамалау ұңғымаларының конструкциясы және бұрғылау, қаттарды ашу



жүктеу 1,42 Mb.
бет3/7
Дата22.02.2018
өлшемі1,42 Mb.
#10432
1   2   3   4   5   6   7
2.2.1.6. Өндіру және айдамалау ұңғымаларының конструкциясы және бұрғылау, қаттарды ашу

 

98. Ұңғымаларды салу және оларды пайдалануға беру жөніндегі барлық операциялар ұңғымаларды салу жобасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Ұңғымаларды салу жобалары өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.

99. Ұңғымаларды салуды жобалау мына ережелерге негізделеді:



ұңғымаларды бұрғылау ұңғымаларды салудың топтастырылған немесе жеке техникалық жобасы бойынша атқарылады;

техникалық жоба ұңғымаларды салу процесін реттейтін негізгі құжат болып табылады. Техникалық жобаларды осы жобалау жұмыстарының түрін орындауға арналған лицензиялары бар жобалау ұйымдары жасайды, белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен келісімделеді. Жобаларда өнімді қаттарды сапалы ашу, ұңғымаларды бекіту және оның сенімділігі, игерудің жобалық құжаттарының технологиялық талаптарының барлығының орындалуы қарастырылады;

ұңғымаларды салуды жобалағанда барлық негізгі жұмыс түрлеріне және қоршаған ортаны қорғауда қолданылатын нормативтік құжаттар басшылыққа алынады. Технологиялық жоба, геологиялық барлау жұмыстарының және кен орнын игерудің технологиялық жобасы (пішіні) негізінде жасалған ұңғыманы құру жобасына тапсырыс негізінде жасалады.

жобалауға қажет алғашқы мәліметтердің толықтығына және сенімділігіне тапсырысшы, ал жобалық құжаттардың сапасына жобалық ұйым жауапты болады;

ұңғымаларды салу лицензияға сәйкес мердігер бұрғылау ұйымы мен жер қойнауын пайдаланушы ұйым - тапсырысшы немесе жер қойнауын пайдаланушының өзі (оның операциялық компаниясы) арасындағы келісім негізінде атқарылады;

жұмыстың сапасын арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жобаға өзгерістер қоршаған ортаны қорғау, мұнай және газ саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптары арқылы енгізіледі;

жобаның орындалуын қадағалау тапсырысшыға және жобалық ұйымға жүктеледі;

ұңғыманы салудың сапасы және жобаны орындау жауапкершілігі мердігерлік бұрғылау ұйымына жүктеледі.

100. Мынадай:



газда күкіртті сутегінің көлемі алты пайыздан астам болатын;

тереңдігі бес мың метрден астам болатын құрлықта;

тереңдігі төрт мың метрден астам болатын теңізде;

сағалық қысымы отыз бес мегапаскальдан астам болатын ұңғымалар салынған жағдайда ұңғымаларды салу жобаларын құзыретті орган бекітеді.

Ұңғымалардың өзге де түрлері бойынша салу жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.

101. Ұңғымаларды салу жобалары құзыретті орган бекітетін ұңғымаларды салу жобаларын жасау жөніндегі арнаулы талаптар ескеріліп әзірленедi. Ұңғымаларды салу жобалары қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органмен келісуге жатады.

102. Ұңғымаларды салу кезінде тиісті нормативтер, оның ішінде талаптары қазақстандықтан төмен болмаса және оларға қайшы келмесе шетелдік нормативтер де пайдаланылады.

103. Ұңғымаларды салу бойынша барлық операциялар режимдік-технологиялық құжаттардың талаптарына, олардың жобалық жағдайларындағы ұңғымалардың сағалары мен забойларын орналастырудың нақты нүктелерінің сәйкестігін қамтамасыз ететін маркшейдерлік-геофизикалық жұмыстардың барлық кешенін міндетті өткізумен толық сәйкестікте жүргізіледі.

104. Бұрғылау тәсілдері және оларға сәйкес бұрғылау құбырлары, қашаулар, бұрғылау режимі, бұрғылау ерітіндісінің түрі және құрамы техникалық регламенттердің талаптарына сай келуі тиіс.

105. Игерілетін кен орындарында әртүрлі қаттық қысымдарда қаттық түзілімдерді бұрғылаумен ашу тәсілдері көзделеді және негізделеді.

106. Өнеркәсіптік игеру жобасында бұрғылау технологиясы алдын ала келтіріледі және ұңғымаларды салудың жеке немесе топтық жобаларында егжей-тегжейлі қарастырылады.

107. Запастағы бұрғылау ерітіндісінің көлемі техникалық жобада анықталады.

108. Жоғары газ факторымен және ауытқымалы жоғары қаттық қысыммен мұнай, газ және газконденсаттық ұңғымаларды бұрғылауға арналған айналымдық жүйе - арнайы жабдықтарды пайдаланумен бұрғылау ерітіндісін үздіксіз газсыздандыру мүмкіндігін көздейді.

109. Құрамында күкіртті сутек мөлшері жоғары, қимасында тұздың, ауытқымалы жоғары қаттық қысымдардың және жоғары температуралардың болуымен кен орындарында және теңіз кен орындарында ұңғымаларды салу ерекшеліктері:



мұнай және мұнай-газ кен орнын барлау жобасына;

технологиялық схемаға, мұнай, мұнай-газ, газ немесе газконденсат кен орнын игеру жобасына сәйкес ұңғымаларды салуға арналған жеке немесе топтастырылған техникалық жобаларда көзделеді.

110. Ұңғымалардың конструкциялары қажетті диаметрлермен және ұзындықтармен, цементтелген бағаналық кеңістіктермен, өнімді қаттар саласындағы ұңғымалық жабдықпен және ұңғымалар сағасының жабдықтарымен белгіленген шеген құбыр тізбегін құрайды.

111. Ұңғыма құрылымы оны бұрғылау және пайдалану кезінде тұрақтылықты, технологиялықты және қауіпсіздікті, оның ішінде:

ұңғымаларды пайдалану кезінде қолданылатын құбырдың ұтымды диаметрі және түбінің құрылымы есебінен объект өнімділігін барынша толық пайдалануды;

жобаланған әдістерді қаттарға қолдану немесе жер бетінің табиғи режимін пайдалану жағдайында ұңғымаларды пайдаланудың ұтымды тәсілдері мен режиміне арналған жабдықтарды тиімді пайдалану мүмкіндігін;

ұңғымалар құрылысы және пайдаланудың барлық кезеңінде жұмысты қауіпсіз және күрделенусіз жүргізуді;

ашылатын қимаға қажет тау-кендік-геологиялық мәліметтерді алуды;

Бірінші кезекте ұңғымалардың бекітілуінің беріктігі және ұзақ мерзімге төзімділігі, бекіту құбырларының және сұйықтық қатының бір-бірінен және жер бетінен оқшаулануы үшін олармен қоршалып тұрған шеңберлі кеңістіктің тығыздығы есебінен қоршаған ортаны қорғауды;

ұңғыма діңі және бекіту құбырларының мөлшерін барынша жетілдіруді;

ұңғымаларды пайдалану кезінде жөндеу және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдайлар жасауды;

бөлу клапандарын, пакерлік және басқа құрылымдарды қондыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

112. Газлифтік тәсілмен игеруге бағытталған ұңғымалардың құрылымы, газдық ұңғымалардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес болуы міндетті.

113. Ыстық су, бу және газ айдайтын құбырлардың құрылымы игерудің жобалық құжаттарында және ұңғыманы құру жобасында негізделеді.

114. Өнімділігі дәлелденген мұнай, газ және газконденсат кен орындарындағы барлау ұңғымаларының құрылымы оларды пайдалану талаптарына сай болуы тиіс.

115. Ұңғымалардың діңі ұңғымалардың мақсатына, бұрғылаудың геологиялық-техникалық мүмкіндіктеріне, жер беті және күзет аумағына байланысты жобаланады.

116. Өнімді қатта тік діңді жайпақталған көлбеу ұңғымалары қолданылады.

117. Діңі көлбеу ұңғымалар, оларды пайдалану мақсатына және бұрғылаудың нақты геологиялық-техникалық жағдайларына байланысты жобаланады.

118. Ұңғыманың көлбеу бағытталған діңі, бұрғылау құбырларының соңы, бұрғылау режимінің көрсеткіштері, ұңғыма діңін тереңдету қарқыны және басқа шаралар жиынтығы мына мәліметтерді қамтамасыз етеді:



бұрғылау жұмыстарының технологиясы және бұрғылау техникасының ахуалына сәйкес ұңғыманы жобалық тереңдікке дейін қиындықсыз жеткізу;

уақыттың және қаржының төмен көлемінде ұңғыма құрылысын сапалы салу;

түптік тік бағыттан ауытқуының, белгіленген бағыттан ауытқуының мүмкін шегін қамтамасыз ету;

ұңғыма діңінің қисаю радиусының деңгейінің белгіленген шегінен аспауы;

пайдалану және жерасты жұмыстары кезінде жерге енгізілген бұрғылау құбырларының және бекіту құбырларының, сонымен қоса жер асты жабдықтарының еркін өту мүмкіндігі;

бекіту құбырларының егелуіне, науалануына, аспаптардың және геофизикалық құралдардың қыстырылып қалуына, созылып кетуіне жол бермеу.

119. Өнімді қаттардағы жайпақ ұңғымалардың діңі, кен орындарын жайпақ ұңғымалармен игеру жобаларына негізделеді.

120. Діңі жайпақ, еңкіш ұңғымаларды бұрғылау барлық геофизикалық зерттеулер кешенін атқаруды қамтамасыз ететін жеке техникалық жобаға сәйкес жүргізіледі.

121. Жер бетіндегі құрылымдар және ұңғыма сағасының жабдықтары ұңғыма құрылысын салу кезінде нақты геологиялық-техникалық жағдайларға сәйкес бұрғылау жағдайларымен байланыстырылады.

122. Бұрғылау кондырғысын таңдау, бұрғылау құбырларының немесе бекіту құбырлары мен оның секцияларының ауадағы едәуір ауыр салмағының ілмекке түсірілетін жұмыстық салмағына сәйкес таңдалынады. Ілмекке түсетін салмақтың мүмкін болатын шегінің ауырлығы едәуір ауыр бұрғылау құбырларының ауадағы салмағынан кем дегенде 40 пайыз артық болуы керек.

123. Бұрғылау ертіндісін механикалық тазалаусыз ұңғымаларды бұрғылауға тыйым салынады.

124. Жетекші және аралық құбырларды қондырғаннан кейін, егер оларды мына төмен құбырларды қондырғанға дейін газдық, газконденсаттық, сонымен қоса мұнайлық немесе сулық деңгейлер ашылу мүмкіндігі болса, ұңғыма сағасы превенторлық қондырғылармен жабдықталады.

125. Превенторлық қондырғыларды, манифольдарды (дроссельдік сызықтар және тұншықтырғыштар), гидробасқару станцияларын, дроссельдеу пульттерін және траптық-факельдік қондырғыларды таңдау нақты тау-кендік геологиялық жағдайларға тәуелді мына технологиялық операцияларды атқаруда қолданылады:



ұңғыма сағасын түсірілген бұрғылау құбырларында және оларсыз тұйықтау;

ұңғымадан флюидтерді қабылданған технология бойынша жою;

төменгі превентарды жапқаннан кейін бұрғылау құбырларын плашкаға ілу;

бұрғылау құбырларының кесілуі;

тұйықтау кезінде ұңғыманың жағдайын бақылау;

бұрғылау құбырларын қысылудан сақтау мақсатында кеңейту;

саға тұйық жабылған мерзімде бұрғылау құбырларын толық немесе бөлшектеп түсіру немесе көтеру.

126. Өте үлкен қысымды газдық, мұнайлық және сулық деңгейлерді ашу кезінде, сонымен қоса күкірт сутегі болғанда (алты пайызға дейін) ұңғыма сағасына үш, сонымен қоса бір әмбебап превентор қондырылады.

127. Өте жоғары қысымды қаттарды ашқанда және күкірт сутегі мөлшері алты пайыздан артық болған жағдайда кемінде төрт превентор, оның ішінде бір кеспелі плашкасы бар және бір әмбебап превентор қондырылады.

128. Мұнайды өндіру, әзірлеу, сақтау және көмірсутек шикізатын өндіру және сақтау орнынан магистралдық құбырға немен басқа көлік түріне ауыстыру орнына дейін қажет өндірістік объектілер мен басқа инфрақұрылымдарды салу қажеттілігі белгіленген тәртіп бойынша бекітілетін жобалық құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

129. Бұрғылау кезеңінде өнімді қаттарды ашу түп аумағының табиғи жағдайын барынша сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

130. Ұңғыма құрылысының техникалық жобасында қаттарды ашуға арналған бұрғылау ерітіндісінің түрі мен параметрлері геологиялық-физикалық құрылым ерекшеліктеріне, қаттардың коллекторлық және сүзгілік сипаттамаларына сәйкес, бұрғылау кезеңінде жүргізілетін зерттеулердің әдістері мен мақсатына сәйкес негізделеді. Бұрғылау ертіндісі ретінде коллекторлардың табиғи өтімділігін және мұнайлылығын барынша сақтауға ыңғайлы жүйелер, сонымен қатар қажетті геофизикалық зерттеулерді жүргізу мүмкіндігі қолданылады.

131. Өнімді қаттарды ашудың сапасына бақылау тапсырыс беруші мен мердігердің технологиялық және геологиялық қызметтерімен жүзеге асырылады.

132. Бекіту құбырларын цементтеу жұмыстарын жүргізгенде, кеуек және кеуектік жарықшақтың, құбырлардың табиғи өнімділігін сақтау мақсатында аз сүзгіленетін және жалпы минералданатын, осы деңгейді ашуда пайдаланылатын бұрғылау ерітіндісінің минералдануына жақын тампонажды ерітінділер қолданылады.

133. Құрамында күкірт сутегі және көмірқышқыл газ және басқа арынды қоспалар бар кен орындарында коррозияға төзімді құбырлар және тампонаждық цементтер қолданылады.

134. Бекіту құбырларының цементтелуінің және қаттарды оқшаулаудың сапасы арнайы геофизикалық зерттеулермен бақыланады.

135. Геофизикалық зерттеулер мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:

бекіту құбырларының қабырғасының қалыңдығын және нақты диаметрін бақылау және тіркеу;

түсірілген құбырларының технологиялық жабдықталуының бөлшектерінің нақты жағдайын бақылау және тіркеу;

құбыр сыртындағы цементтің таралуы жөнінде мәліметтер алу;

цементті тас пен құбыр, цементті тас пен тау жыныстары арасында қуыстардың және ағымдардың болуын анықтау;

құбыр сыртындағы қуыста газдың және сұйықтың болуын анықтау.

Бекіту құбырларын цементтеу жұмыстары ұңғыма құрылымының тұйықтығын тексерумен аяқталады.

136. Өнімді қаттың ұңғыма діңімен байланысы цементтелген құбырды тескілеу, сүзгіні цементтеусіз қою немесе түпті ашық тастау арқылы жүзеге асырылады.

137. Өнімді қатты тескілеу арқылы ашу кең таралған тәсіл болып табылады.

138. Игерімдік құбырды тескілеуден бұрын ұңғыма сағасы, ұңғыма құрудың техникалық жобасына және бекітілген сызбаға сәйкес тескілеушілік жапқышпен жабдықталады, ал ұңғыма коллектордың табиғи мұнайлығын және өнімділігін барынша сақтауды қамтамасыз ететін, мұнай-газ бөлектеуіне жол бермейтін тығыздықтығы, құрамында берік фазалар ең төмен бұрғылау ерітіндісімен толтырылады.

139. Қатты ашу тәсілі мен тескілеу аралығын тапсырыс берушіұйымның геологиялық қызметі құбырды түсіруден бұрын атқарылған геофизикалық зерттеулердің материалдарын алғаннан кейін бір тәулік аралығында атқарады.

140. Тескілеудің тәсілі, түрі және тығыздығы объектілердің геологиялық-кәсіптік сипаттамаларын есепке ала отырып, тескілеу тәсілдерінің қолдануы жағдайларына және салаларына сәйкес таңдалады және бекіту құбырларында және цементтік таста қосымша бүлінуді болдыруға жол бермеуі қажет.

141. Оқталған перфораторды ұңғымаға түсіруден бұрын тескілеу аумағындағы және құбырдағы қысымды анықтау және аспаптардың өту мүмкіндігін тексеру үшін ұңғымаға тереңдік манометрмен шаблон түсіріледі.

142. Тескілеу кезінде ұңғыма сағасындағы сұйықтың деңгейіне бақылау жасалады. Оның төмендеуіне жол берілмеуі керек.

143. Шапшымалық арматура ұңғыма ернеуіне орнатылудан бұрын сынақтық қысым мөлшеріне сығымдалуы қажет, ал орнатылғаннан кейін қолданылатын құбырдың қысымына тең қысымға сығымдалуы керек.

144. Өндіру ұңғымаларын игеру көміртек шикізатының өнеркәсіптік ағымын алу мақсатында қолданылады және ол бұрғылау процесінің негізгі бөлігі болып табылады.

145. Ұңғымаларды игеру жұмыстарын ұңғыма құрылысының жобасында қаралған технологиялық жағдайлар сақталғанда және техникалық жабдықтар әрі материалдармен қамтамасыз еткенде ғана бастайды.

146. Ұңғымаларды игеру қаттардың гидродинамикалық сипаттамаларын, пайдаланудың ұтымды режимін анықтау мақсатында типтік және жеке жоспарларға сәйкес атқарылады.

147. Ұңғыманы игерудің кешендік жұмыстары мына мәселелерді қамтамасыз етуі қажет:

Қаттың түп маңын шаю сұйықтарымен барынша тазалау;

түп маңындағы аумақта қаттың қаңқасын сақтау;

табандық судың және газ бүркемесінен газдың жарып шығуына жол бермеу;

қаттың сандық және сапалық сипаты мен геофизикалық параметрін анықтау мақсатында термодинамикалық зерттеулер жүргізу;

газ, су, мұнай байқалуы мен ашық субұрқақтардың бақыланбауын болдырмау;

пайдалану діңінің деформациялануын болдырмау;

жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау.

148. Күрделі геологиялық жағдайлардағы қаттарды ашқан ұңғымаларды (өте жоғары қаттың қысымы, күкірт сутегі және басқа қышқыл газдар, жоғарғы температура және мол газ факторы) игеру үшін жеке жоспар жасалады.

149. Ұңғымаларды игеру кезінде термобарлық және гидродинамикалық зерттеулер кешені жүргізіледі, қаттың сұйықтық сынамасы алынып тексеріледі, өнімнің сулануы анықталады.

150. Егер жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қаттың өнімділігі анықталса және осы объектіге тән сұйық ағымы алынса, ұңғыма игерілген деп есептеледі. Техникалық жобаның нормалары мен талаптарына сай бұрғыланған және игерілген ұңғымалардың кері нәтижелері алынса, олардың себептері анықталады және болашақ жұмыстар жоспары бекітіледі.

151. Қажет болған жағдайда шоғырдың геологиялық-физикалық қасиеттеріне байланысты ұңғыманың өнімділігі қатты қайталап тескілеу немесе түп маңын тазалау арқылы қалпына келтіріледі.

152. Пайдалану тәсілін таңдау, ұңғымалық жабдықтарды орнату, іріктеу, сонымен қоса өндірілетін ұңғымалардың өнімділігін арттыру жұмыстары және су айдамалау ұңғымаларын пайдалану жер қойнауын пайдаланушылармен шоғырдың геологиялық құрылымының ерекшеліктеріне және кен орнын игерудің ағымдық жағдайына байланысты, игерудің жобалық құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

153. Ұңғыма құрылысы, егер оның құрылысы үшін жасалған техникалық жобаға және игеру жоспарына сәйкес барлық жұмыстары орындалса, аяқталған болып есептеледі.

154. Құрылысы аяқталған ұңғыманы мердігерден тапсырыс берушіге өткізу араларында жасалған мердігерлік шартпен реттеледі.

155. Құрылысы аяқталған ұңғымалар бойынша бұрғылау ұйымы тапсырыс берушіге (жер қойнауын пайдаланушыға) белгіленген нысан бойынша жұмыстарды қабылдау-тапсыру актілерімен рәсімделген мынадай құжаттарды ұсынады:

ұңғыманы бастау туралы акті;

ұңғыманы бұрғылау жобасы (типтік геологиялық-техникалық наряд);

ұңғыманы бұрғылауды бастау және аяқтау туралы акті;

бекіту құбырларының сағасының альтитудасын өлшеу туралы акті;

барлық геофизикалық зерттеулердің құжаттары және олардың тұжырымдамалары;

бекіту құбырларының есептемелері, олардың параметрлері, диаметрі, қабырғасының қалыңдығы, болаттың маркасы және бейметалл құбырлардың басқа да қажет сипаттамалары;

бекіту құбырларын цементтеу актісі, цементтеу есептемелері, цементтеу кезінде цементтік ертіндінің сапасын сараптау және оның тығыздығын өлшеу нәтижелері, цемент ертіндісінің сағаға шығуы жөніндегі мәліметтер (цементтеу диаграммасы), құбырды өлшеу актісі, құбырларды жинақтау, ұңғыманы цементтеу алдындағы ұңғымадағы бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы;

барлық бекіту құбырларының тұйықтығын сынау актісі;

әрбір объектіні сынамалау және игеру жұмыстарының жоспары;

бекіту құбырларын тескілеу актісі, тескілеу аралығы, тескілеу тәсілі және тесіктер саны;

әрбір ұңғыманы игеру актісі, сонымен қоса зерттеу мәліметтері (дебиті, қысымы, өнімділігі, мұнайдың, судың, газдың жіктелуі);

сорғы-қысымды құбырлардың өлшемі және түрі, сонымен қоса, қосу клапандарын орналастыру тереңдігі (тесіктері) көрсетілген жабдықтар;

бұрғылаудың және ұңғыманы игерудің барлық кезеңінің геологиялық журналы;

тасбаған сипаттамасы;

бұрғылау кезеңі және мұнай-газдың байқалуы мен құрылым жөнінде мәліметтері бар ұңғыма паспорты;

ұңғыманың сағасын жабдықтау актісі;

ұңғыма жөніндегі геологиялық құжаттарды тапсыру актісі;

жер телімін рекультивациялау актісі.

156. Егер қатты сынағанда мұнай мен газдың өнеркәсіптік ағымы алынса, бірақ алаң жайғастырылмаған және игеруге дайындалмаған болса, ұңғыманы уақытша консервациялайды. Консервациялау тәсілін консервациялау мерзімінің ұзақтығына және қат қысымының жоғарылық коэффициентіне сәйкес таңдайды.

157. Қандай да бір жағдайларға байланысты қолданылуы тиімсіз болып табылатын ұңғымалар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жер қойнауы объектілерін консервациялау және жою ережелеріне сәйкес пайдалану қорынан алынады.

158. Өз міндетін атқарған, алдағы уақытта пайдалануға тиімсіз деп табылған ұңғымалар тиісті тәртіп бойынша жойылуға жатады.

159. Барлау ұңғымаларын сынау кезінде өнеркәсіптік маңыздағы ағым бірде-бір объектіден алынбаған болса, бекітілген тәртіппен жойылу жүргізіледі.

160. Ұңғымалар геологиялық себептермен, сондай-ақ, ұңғымаларды жою нормативтері мен нұсқаулықтары бойынша техникалық себептермен жойылуы мүмкін.

161. Жойылуға жататын ұңғымаларда қатаралық ағымдар, құбыраралық түзелімдер, қайталама газдық жарылымдарды туындататын көздер жойылады.

 

 



2.2.1.7. Қатқа әсер ету жүйесін игеру

 

162. Қатқа әсер ету жүйесі көмірсутектерді жер қойнауынан алудың жобалық құжаттарында ескерілген техникалық құралдар жиынтығы болып табылады.

163. Қатқа әсер етудің техникалық құралдарының кешеніне кіретіндер:

Жұмыс агентінің көздері (су алу көздері және газды ұңғымалар, суланған мұнайды деэмульсациялау қондырғылары, химиялық реагенттерді жеткізушілер және т.б.);

су, газ, өнім құбырлары;

жоғарғы қысымды сораптық және газкомпрессорлық станциялар;

су айдамалау ұңғымалары.

164. Қатқа әсер ету жүйесі мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:



кен орнында, қатта және жеке аумақтарда өндіру ұңғымаларына көмірсутек шикізаттарын қысымдау мақсатында пайдаланатын объектіге қаттың энергиясын қалпына келтіру үшін қажет мөлшерде жұмыс агенттерін құю;

жұмыс агентінің құрамын, физикалық-химиялық қасиетін, механикалық қасиеттерін, оттегін және микрорганизмдерді қажет кондицияға жеткізу;

ұңғымалардың мүмкіндігін жүйелі өлшеу, жеке және топтастырылған ұңғымаларда, қаттарда және игеру объектілерінде, сонымен қоса кен орнында жұмыс агентінің құйылуын есепке алу мүмкіндігі;

жұмыс агентінің сапасы мен қасиетін тұрақты бақылау мүмкіндігі;

әсіресе герметикалық тұрғыдан сенімді жұмыс істеуі.

Қатқа әсер ету жүйесі қуатының технологиялық шығындарды есепке ала отырып, технологиялық блокқа және барлық кен орнына жұмыс агентінің барынша жобалық құйылуын қамтамасыз етуі тиіс.

165. Қатқа әсер ету айдамалау ұңғысына жұмыс агентін сіңіру арқылы жүргізіледі.



Айдамалау ұңғымасының құрылымы (бекіту ұңғымасының диаметрі, болаттың маркасы, цементтің көтерілу биіктігі және басқалар) мыналарға сай болуы керек:

белгіленген көлемде қысым кезінде жұмыс агентін құюға;

қат пен объект қимасының сенімді тұйықталуына;

қаттың ұңғыма түбіне әсер ету шараларын, барлық тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге.

Айдау ұңғымасының құрылымы сүзгіш қат бетінің тұтас қалыңдығы бойында барынша ашық болуын қамтамасыз етуі керек.

166. Айдау ұңғымасының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін іске қосылатын объектінің берілген қалыңдығында ұңғыманы қабылдау ұтымдылығын қамтамасыз етуге байланысты, дәлірек айтқанда, ұңғыма түбіндегі сүзгіштік қасиетін қалпына келтіру арқылы және де керекті айдау қысымын жасау бойынша шаралар кешені орындалады.

167. Ұңғыманың түп маңында бұрғылау кезінде төмендеген сүзгіштік қасиетті қалпына келтіру (тазарту) ұңғыманы құрғату арқылы жүзеге асырылады. Контур сыртындағы және ішіндегі айдау ұңғымаларын құрғату (поршеньдік, шомпольді пайдалану) немесе ортадан тепкіш электр сораптарды пайдалану арқылы жүргізіледі. Контур ішіндегі айдау ұңғымасын құрғату ұңғымаларды жоғарғы өнім алу жүйесіне қосу арқылы да орындалады.

168. Ыңғайлы геологиялық-физикалық жағдайда (қаттың жоғары сүзгіштік қасиеті) және өткізгіштігі жақсы қалпына келтірілгенде айдамалау ұңғымалары құрғатылғаннан соң, топтық сораптық станциялардың өнім құбырлары жүйесі арқылы жұмыс агентіне құюмен толтырылады.

169. Өнім қаттарының геологиялық-физикалық жағдайы қолайсыз болғанда, оны қамтамасыз ету үшін оған қосымша әсер ететін әдістер қолданылады, оның ішінде:

қатты қысымдық мүмкіншілігіне жеткенше төмендетіп (ұңғыманың діңінде деңгейін төмендету), артынан агентті айдау;

ұңғымаларды қайта жуу процесінде сұйықтықты аэрациялау;

агентті мерзімді жоғарғы қысымда ұңғымаға айдап, оны өз еркімен атқылату (гидросвабирлеу әдісі);

қысу сораптарын (цементтеу қондырғыларын) қолдана отырып, агентті қатқа белгіленген жұмыс қысымынан біршама артық қысыммен айдау;

кейін қатты гидравликалық бөлумен гидроқұмды тескілеу;

ұңғыма түбі маңын қышқылдармен және бетті-белсенді ерітінді заттармен өңдеу;

ұңғыма түбі маңын жылумен өңдеу және басқалар.

170. Қатқа ағынды суларды және де басқа да коррозиялы арынды агенттерді айдағанда, өндіру құбырларын (су және газ құбырлары), ұңғыманың бекіту ұстындарын және басқа да пайдалану жабдықтарын коррозиядан сақтау үшін қорғаныс қаттары, коррозия ингибиторы, құбыр маңы кеңістігінің тұйықталуы және басқалары қолданылады.

171. Қатқа айдау үшін дайындалатын бетті-белсенді заттардың сулы ерітінділерімен, қышқылдармен, сілтілермен, полимерлермен және басқа да химиялық реагенттерімен араластырылатын су ерітінділерін дайындау үшін егер бұл игерудің жобалық құжатымен тікелей қарастырылмаған болса, реагенттерді деструкциялап, шөгіндіге түсірмейтін суды пайдалану қажет. Оның үстіне, айдалатын су қат суына химиялық жағынан жақын болып коллекторлардан көмірсутектерін ығыстыруға себепші болуы қажет.

172. Жұмыс агентін айдауға арналған айдау ұңғымасын игеру геологиялық-техникалық қызмет жасаған және жер қойнауын пайдаланушының басшылығы бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі.

173. Жұмысшы агентін айдауды бастау уақыты, бұрғыланған ұңғыманы айдауға қою тізбектілігі, айдаудың көлемін белгілеу кен орнын әзірлеуге арналған жобалау құжаттарында анықталады.

174. Қандай жағдайда да жұмыс агентін айдау, іріктеу аймағындағы қаттық қысымның қанығу қысымынан төмендеуіне жол бермеуімен орындалуы тиіс.

175. Контур сырты мен контур ішіндегі суландыру кезінде жұмыс агентін айдау, әдетте, кен орындарын игерудің бастапқы кезеңінде басталуы тиіс.

176. Контурішілік суландыру кезінде ұңғымаларды бұрғылауды қиындатпау үшін, айдау ұңғымасын толықтыру маңындағы ұңғымалардың көпшілігі бұрғыланып біткеннен кейін басталуы тиіс.

177. Контурішілік суландыру кезінде айдау ұңғымалары қатарлас орналасса, оларды іске қосуды осының бастапқы кезінде айдау ұңғымасы мен мұнай өндіру ұңғымасын кезекпен енгізу қажет. Жұмысын өтеп жатқан ұңғымаларды жоғары дәрежедегі іріктеу кезінде жоғары суландыру деңгейіне жеткен соң айдамалау ұңғымасына айналдыру қажет.

178. Ұңғыма мен қат бойынша жұмыс агентін айдауды мөлшерлеу тоқсанына бір рет жүзеге асырылады және әрбір айдау ұңғымасын пайдаланудың технологиялық режимі ретінде рәсімделеді.



Айдау ұңғымаларының технологиялық жұмыс режимінде мыналар көрсетіледі:

жұмыс агентін айдаудың тәуліктік көлемі;

айдалатын агенттің қасиеттеріне қойылатын негізгі талаптар;

айдау қысымы;

белгіленген айдау агенттің нормаларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.

179. Айдау ұңғымаларының технологиялық жұмыс тәртібі қаттың қысымын бір қалыпта ұстап тұруды қамтамасыз ететін цех пен жер қойнауын пайдаланушы геологиялық-технологиялық қызметпен бірлесе отырып жасалады және оның басшылығымен бекітіледі.



Айдау нормаларын белгілеу кезінде мынадай негізгі ережелерге сүйену керек:

егер жұмыс агентін объектіге айдаған сұйықтықтың орнын толтыру 100% кем болса, айдауға қолданған жабдықтардың өнімділігінен және істеп тұрған айдау ұңғымаларының қабылдау мүмкіндігіне байланысты шығын айдау тапшылығын толтыру (жабу) үшін сұйықтықтың ыңғайлы айдалуын 30-50% асырып ұстанады;

егер де алынған сұйықтықтың орны айдау көлемімен (учаскеде) жетілдірілсе, жұмыс агентін айдау қалпы сұйықтықты алу нормасымен тең болып, сол кезеңдегі уақытта өндіріп тұрған ұңғымалардың дебиттерінің қосылымы болып анықталады, немесе одан бірнеше есе асады, бірақ агенттің шығын мүмкіндігі 10-20% аспауы керек;

кен орнының мөлшері үлкен және қаттың арасының тұтассыздығы мол болғанда, айдау қалпы алдымен сүзгіштік-сыйымдылық қасиеттері жақын учаскелерде орналасқан айдау ұңғымаларының топтарына белгіленеді, содан кейін учаске шегінде орналасқан жеке ұңғымаларға белгіленеді, көп қатты объектілерде айдау қалпы тұтас объектіге және учаскелерде жеке қаттарға бөлініп берілуі тиісті;

көпқабатты объектілерде тұтас объект бойынша және учаскелер үшін айдау нормасы жеке қабаттар арасында бөлінуі тиіс.

180. Ұңғымалар, объектілер және тұтас кен орны бойынша айдалатын су көлемін дұрыс есепке алу жауапкершілігі жер қойнауын пайдаланушының бірінші басшысы немесе ол уәкілеттеген тұлғаға жүктеледі.

 

 


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау