Пайдаланушы нұсқаулығы



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет20/25
Дата28.11.2017
өлшемі0,73 Mb.
#2433
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

39

5.4.1 

Пайдаланушы интерфейсі мен бағдарламаның 

пайдаланылуы

Пайдалану оңай болуы үшін негізгі терезе төрт бөлімге бөлінген — 

Бағдарламаның басқару элементтері негізгі терезенің жоғарғы жағында, 

шарлау терезесі негізгі терезенің сол жағында, сипаттама терезесі 

оң жақ ортасында, ал мәліметтер терезесі оң жағында төменде 

орналасқан.



5.4.1.1 

Бағдарламаның басқару элементтері

Бұл бөлімде ESET SysInspector бағдарламасында бар басқару 

элементтерінің барлығының сипаттамасы бар

Файл 

Осы жерді шерту арқылы ағымдағы есеп күйін кейінірек зерттеу үшін 

сақтауға немесе бұрын сақталған есепті ашуға болады. Егер есепті 

жариялағыңыз келсе, оны жіберуге ыңғайлы етіп жасау ұсынылады. 

Бұл пішіндегі есепте құпия ақпарат болмайды.

Ескертпе: Бұрын сақталған ESET SysInspector есептерін оларды 

негізгі терезеге апарып тастау арқылы ғана ашуға болады.

Тармақ 

Барлық түйіндерді шығарып алуға немесе жабуға мүмкіндік береді



Тізім 

Оның құрамында бағдарламада шарлауды жеңілдететін функциялар 

мен желіде ақпарат табу сияқты басқа функциялар бар. 

Маңызды: Қызылмен ерекшеленген элементтер белгісіз, 

осы себепті бағдарлама оларды ықтимал қауіпті деп белгілейді. 

Егер элемент қызыл болса, бұл автоматты түрде файлды жоюға 

болатынын білдірмейді. Жоюдан бұрын, файлдардың шынымен 

қауіпті немесе қажет емес екеніне көз жеткізіңіз.

Анықтама 

Мұның құрамында бағдарлама мен оның функциялары туралы 

ақпарат бар.

Мәліметтер 

Негізгі терезенің басқа бөлімдерінде көрсетілетін ақпаратқа әсер 

етеді, сондықтан бағдарламаны пайдалануды оңайлатады. Негізгі 

режимде жүйедегі әдеттегі мәселелердің шешімдерін табу үшін 

пайдаланылатын ақпаратқа рұқсатыңыз болады. «Орташа» режимде 

бағдарлама азырақ пайдаланылатын мәліметтерді көрсетсе, Толық 

режимде ESET SysInspector тым ерекше мәселелерді шешуге қажетті 

бүкіл ақпаратты көрсетеді. 



Элементтерді сүзу 

Элементтерді сүзуді жүйедегі күдікті файлдарды немесе тіркелім 

жазбаларын табу үшін пайдаланған дұрыс. Жүгірткіні реттеу арқылы 

элементтерді қауіп деңгейлері бойынша сүзуге болады. Егер жүгірткі 

шеткі сол жақта болса (1 қауіп деңгейі), онда барлық элементтер 

көрсетіледі. Жүгірткіні оңға қарай жылжытқанда, бағдарлама 

ағымдағы қауіп деңгейінен қаупі азырақ барлық элементтерді сүзеді 

және көрсетілген деңгейден күдіктірек элементтерді ғана көрсетеді. 

Жүгірткі шеткі оң жақта болса, бағдарлама тек белгілі қауіпті 

элементтерді көрсетеді.

6-дан 9-ға дейінгі қауіп ауқымына жататын барлық элементтер 

қауіпсіздікке қауіп тудыруы мүмкін. Егер ESET компаниясының 

қауіпсіздік шешімдерінің кейбіреулерін пайдаланып жатпасаңыз, 

бағдарлама кез келген осындай элементті тапқаннан кейін жүйеңізді 

ESET Online scanner бағдарламасымен қарап шығу ұсынылады. ESET 

Online scanner — тегін қызмет, оны 

http://www.eset.eu/online-scanner

 

веб-торабынан табуға болады.



Ескертпе: Элементтің қауіп деңгейін элементтің түсін «Қауіп 

деңгейі» жүгірткісінің түсімен салыстыру арқылы тез анықтауға 

болады.

Іздеу 

Іздеуді белгілі бір элементті аты немесе атының бір бөлігі арқылы 

табу үшін пайдалануға болады. Іздеу сұрауының нәтижелері сипаттама 

терезесінде көрсетіледі. 



Оралу 

Кері немесе алға көрсеткілерін шерту арқылы сипаттама терезесінде 

бұрын көрсетілген ақпаратқа оралуға болады. 

Күй бөлімі 

Шарлау терезесіндегі ағымдағы түйінді көрсетеді.



5.4.1.2 

ESET SysInspector бағдарламасында шарлау

ESET SysInspector әртүрлі ақпарат түрлерін түйіндер деп аталатын 

бірнеше негізгі бөлімдерге бөледі. Бар болса, әр түйіннің ішіндегі 

түйіндерді шығарып алу арқылы қосымша мәліметтерді табуға болады. 

Түйінді ашу немесе тасалау үшін түйіннің атын екі рет шертіңіз немесе 

түйін атының жанындағы   немесе   командасын таңдаңыз. Шарлау 

терезесіндегі түйіндер мен ішкі түйіндердің ағаш құрылымын шолу 

барысында сипаттама терезесінде көрсетілген әрбір түйін туралы 

әртүрлі мәліметтерді табуға болады. Сипаттама терезесіндегі 

элементтерді шолу барысында мәліметтер терезесінде әрбір элемент 

үшін қосымша мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

Төменде шарлау терезесіндегі негізгі түйіндердің сипаттамалары мен 

сипаттама және мәліметтер терезелеріндегі байланысты ақпарат 

берілген.



Үрдістерді орындау 

Бұл түйіннің құрамында есепті жасау барысында жұмыс істеп 

жатқан бағдарламалар мен үрдістер туралы ақпарат бар. Сипаттама 

терезесінде әр үрдіс туралы қосымша мәліметтерді, мысалы үрдіс 

пайдаланып жатқан динамикалық кітапханалар мен олардың 

жүйедегі орналасуы, бағдарлама жеткізушісі, файлдың қауіп деңгейі, 

т.б. туралы мәліметтерді, табуға болады.

Мәліметтер терезесінде сипаттама терезесінде таңдалған элементтер 

туралы ақпарат, мысалы файлдың өлшемі немесе оның тор белгісі 

туралы ақпарат бар.



Ескертпе: Операциялық жүйе тәулік бойы жұмыс істейтін және 

басқа пайдаланушылық бағдарламалар үшін негізгі және аса 

маңызды функцияларды қамтамасыз ететін бірнеше маңызды 

ядро компоненттерінен тұрады. Белгілі бір жағдайларда мұндай 

үрдістер ESET SysInspector бағдарламасында жолы \??\ деп 

басталатын файл түрінде көрсетіледі. Бұл таңбалар үрдістер 

үшін іске қосу алдындағы оңтайландыруды қамтамасыз етеді; 

олар жүйе үшін қауіпсіз және дұрыс болып табылады.


жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау