Қҧрылымдық мазмҧнға өту
(FB2, PDF, CHM, EPUB,DjVu)
Кітаптың мазмұнына ӛту үшін жылдам қатынасу
мәзіріндегі «
Мазмұны
» тармағын басыңыз.
Ескертпе: бұл мүмкіндік тек құрылымдық мазмұны бар
FB2, PDF, CHM, EPUB, DjVu пішіміндегі кітаптарда
ғана қолданылады
.
ОК пернесі кітаптағы таңдалған тарауға ӛтуді жүзеге
асырады. Мазмұн тармақтары үшін мәтінмәндік мәзірді
шығаруға болады («Мәзір» түймешігі).
Мәтінмәндік мәзір кӛмегімен мазмұн тармағын қайта
атауға және ӛңдеуге болады (егер рұқсат етілсе), оған
қоса, мазмұн суретін баптауға болады ( Баптаулар
пәрменін таңдау арқылы).
Баптаулар мәзірінде мазмұнның қандай құрамдастары
кӛрсетілетінін таңдауға болады:
Мазмұны
Ескерімдер
Бетбелгілер
Маркерлер
Түсініктемелер
Қарындаштар
Суреттер
Сонымен қатар, баптау мәзірінің кӛмегімен мазмұнның
барлық тармақтарын қайыруға немесе жаюға болады.
Жылдам мәзір
Жылдам мәзір – құрылғыны басқарудың жылдам
мәзірі.
Жылдам тақтаны шақыруды «Қосу/өшіру» түймешігін
қысқа басуға тағайындауға болады
Баптаулар
>
пернелерді тағайындау бӛлімін қараңыз).
Жылдам мәзірді кез келген қолданбадан шақыруға
болады (соның ішінде кітапты оқу кезінде).
Жылдам мәзір кӛмегімен соңғы ашылған кітаптар
арасында ауысқан ыңғайлы.
Жылдам мәзірде мынадай ӛрістер бар:
1. Құрылғыны басқару тақтасы.
Өшіру – құрылғының қуатын ажырату
Басты мәзір – Басты мәзірден шығу. «Басты бет»
түймешігін қайталайды
Пернетақтаны бҧғаттау – құрылғының пернелерін
бұғаттау. (толығырақ -
Қҧрылғының жҧмыс
режимдері
)
Экран суреті - жылдам мәзір астында орналасқан
экранды суретке түсіреді.
Ойнатқышты ашу - музыкалық ойнатқышты ашады
Bluetooth қосу/өшіру – Bluetooth байланысын
қосады және ӛшіреді
2. Пайдаланушылар профильдері. (егер 1 профильден
астам бапталған болса)
Бұл тармақ құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде құрылғы
пайдаланушысын ӛзгертуге мүмкіндік береді (Толығырақ -
пайдаланушылардың профильдері
). Пайдаланушыны
ауыстыру жаңа пайдаланушыға жұмысы аяқталған кездегі
құрылығының күйін ашады.
3. Соңғы ашылған 10 кітаптың тізімі.
Музыка тыңдау
Құрылғыда музыка тыңдау үшін келесі әрекеттерді
орындаңыз.
1. Дыбыс файлдарын МР3 пішімінде жүктеңіз:
Құрылғыны компьютерге шағын USB-кабелі арқылы
қосыңыз.
Қосылғаннан кейін дереу жүйе қосылым түрін
таңдауды ұсынады – «Батареяны зарядтау» немесе
«Компьютермен
байланысу».
«Компьютермен
байланысу» таңдаңыз
Құрылғының ішкі жады және шағын SD жады
картасы (орнатылған болса) Windows (амалдық)
жүйесінің жетектеушісінің терезесінде жаңа дискі
түрінде пайда болады. Файлдарды «Музыка»
қалтасына кӛшіріңіз.
2. Басты мәзірдегі «
Музыка
» тарауын ашыңыз.
3. Тізімнен бірінші тындағыңыз келген әнді таңдап,
«ОК» пернесін басыңыз.
4. Ойнату режимін таңдаңыз:
Бір ән;
Кезекпен барлық әндер;
Кездейсоқ ретпен барлық әндер.
Ойнатқыштың жоғарғы бӛлігінде ойнатылып жатқан
файлдың атауы және ойнату тізімі кӛрсетіледі.
Ойнатқыштың тӛменгі жағында ойнатқышты басқару
тақтасы кӛрсетіледі.
Ойнату тақтасының түймешіктерін қаламұшпен басуға
болады.
Ойнатуды келесі пернелермен басқаруға болады:
ОК пернесі - Ойнату/Кідірту;
Алға/Артқа пернелері:
Қысқа басу - ойнату тізіміндегі келесі трек / алдыңғы
трек
Ұзақ басу - тректі алға/артқа айналдыру;
Мәзір пернесі – ойнату режимін ӛзгерту;
Тректі айналдыру үшін «Алға» және «Артқа»
пернелерін ұзақ басып тұру керек.
Үнділік деңгейін реттеу үшін мына пернелерді
пайдалануға болады:
Бір бет алға- үнділікті кӛбейту.
Бір бет артқа- үнділікті азайту.
Ойнатқыштан шығу үшін «Қайту» пернесін басыңыз.
TTS (Text-to-Speech)
Мәтінді дауыстық ойнату функциясы немесе TTS
(text/to/speech) мәтіндік ақпаратты диктордың сӛйлеу
дыбысына айналдыру үшін қолданылады.
Дауыстық ойнату функциясын белсендіру үшін келесі
әрекеттерді орындаңыз:
Оқу
режимінде
жылдам
қатынас
мәзірінен
пиктограмманы таңдаңыз
;
Жоғарғы сол жақ бұрышта бӛлектеу тікбұрышы пайда
болады. Сӛйлеуді жаңғыртуды бастау үшін «ОК»
түймешігін басыңыз.
TTS жұмысын басқару мәзірін ашу үшін «ОК»
түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Баптауларды реттеуге ыңғайлы болуы үшін келесі
пернелерді қолдануыңызға болады:
- үнділікті ӛзгерту: «Үнділік +/-», «Жоғары», «Тӛмен»
- тыңдауды тоқтату/жалғастыру: «Солға»
Достарыңызбен бөлісу: |