Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет32/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 65-беті 
 
65 
 
18.  Кредиттік  оқыту  технологиясын  пайдалану  арқылы  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың 
негізгі міндеттері: 
1) білім көлемін біріздендіру; 
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу; 
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; 
4)  білім  алушының  оқудағы  шынайы  жетістіктерін  оларды  тиімді  бақылау  рəсімдері 
негізінде анықтау болып табылады. 
19. Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді: 
1)  білім  алушылар  мен  оқытушылардың  əрбір  пəн  бойынша  еңбек  шығынын  бағалау 
үшін кредиттер жүйесін енгізу; 
2)  білім  алушылардың  жеке  оқу  жоспарын  қалыптастыруға  тікелей  қатысуын 
қамтамасыз  ететін  элективтік  пəндердің  каталогына  енгізілген  таңдауы  бойынша  пəндерді 
олардың таңдау еркіндігі; 
3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі; 
4)  білім  алушылардың  білім  траекториясын  таңдауына  ықпал  ететін  эдвайзерлерді  оқу 
үдерісіне тарту; 
5) оқытудың интерактивті əдістерін пайдалану; 
6)  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеруде  білім  алушылардың  өзіндік  жұмыстарын 
жандандыру; 
7) оқу  үдерісін  ұйымдастыруда  факультетке  (бөлімге)  жəне  кафедраларға  академиялық 
еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру; 
8)  оқу  үдерісін  қағазды  жəне  электронды  тасымалдағыштардағы  барлық  қажетті  оқу 
жəне əдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; 
9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді əдістері; 
10)  əрбір  оқу  пəні  бойынша  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бағалаудың 
балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану. 
20.  Бір  оқу  жылының  шеңберіндегі  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  университет  ректоры 
бекітетін, академиялық күнтізбе Ғылыми кеңестің шешімі негізінде іске асырылады. 
21.  Оқу  жылы  академиялық  кезеңдерден,  аралық  аттестаттау  кезеңдерінен, 
демалыстардан жəне практикалардан тұрады. 
Академиялық  кезең  ұзақтығы  15  аптаны  құрайтын  семестрдеп  тұрады. Аралық 
аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта. 
Білім  алушыларға  əр  бір  академиялық  кезеңнен  каникулдар  беріледі,  оқу  жылындағы 
каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек. 
22.  Ұзақтығы  кемінде  6  аптаны  құрайтын  қосымша  оқыту  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, 
оқу  пəндерін  оқу  жəне  студенттердің  өз  жоғары  оқу  орнында  міндетті  түрде  қайта  сынақ 
тапсыруымен басқа жоғары оқу орындарында несиелерді игеру, үлгерімнің орта балын (GPA) 
көтеру үшін жазғы семестрді (бітірушілер курсын есепке алмағанда) енгізуге жол беріледі. 
23.Профессорлық-оқытушылық  құрамның  педагогикалық  жүктемесін  жоспарлау 
академиялық  сағат  немесе  кредит  көлемінде  жүзеге  асырылады.  Бұл  ретте  аудиториялық 
сабақтардағы педагогикалық жүктеме оқытушының лекпен, топпен, кіші топпен байланысты 
жұмыс  уақыты  бойынша  есептеледі.  Əрбір  білім  алушымен  жеке  жұмыс  түрлеріне 
жұмсалатын  уақыт  шығыны  (СӨЖ  тапсырмаларын,  курстық  жұмыстарды  (жобаларды), 
емтихан  қабылдау,  оның  ішінде  МАК  құрамында,  бітіруші  курс  жұмыстарына  жетекшілік 
ету) университеттің дербес бекіткен уақыт нормасы негізінде есептеледі. 
Бір  академиялық  сағат  дəрісханалық  сағаттың  50  минутына  тең.  Студиялық  жəне 
зертханалық  сабақтар,  сондай-ақ  дене  тəрбиесінің  сабақтары,  студиялық  сабақтар  үшін 
академиялық сағат тиісінше 75 минутқа тең, немесе зертханалық сабақтар мен дене тəрбиесі 
сабақтары үшін 100 минут. 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 66-беті 
 
66 
 
Білім 
алушылардың 
практикасының 
барлық 
түрлерінің, 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының  бір  академиялық  сағаты,  қорытынды  мемлекеттік  аттестаттау  50  минутқа 
тең. 
24.Оқу  жұмысының  көлемін  жоспарлау  кезінде  бір  кредит  төмендегідей  оқу 
жұмыстарының 15 академиялық сағатына тең: 
-  аптасына  1  сағат  бойынша  тең  бөлінген  семестр  түріндегі  академиялық  кезең 
бойында білім алушының дəрісханалық жұмысы; 
-  білім  алушылардың  кəсiби  жəне  зерттеу  практикасы  кезеңдерінде  оқытушымен 
жұмыстары; 
-  білім  алушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  кезеңдерінде  оқытушымен 
жұмыстары; 
-  білім  алушылардың  дипломдық  (жобалар),  магистрлік  диссертация  жұмыстарын 
жазу жəне қорғау жұмыстары; 
-  білім алушылардың дайындық жəне мамандық бойынша мемлекеттік емтихандарын 
(кешендік емтихан) дайындау жəне тапсыру жұмыстары.
 
25. Білім алушылардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен жəне оқу 
жұмыстарының  əр  түрлері  үшін  академиялық  сағатпен  жүретін  оқу  сағаттарының 
көлемдерімен (50 минуттан) анықталады. 
Аудиториялық  жұмыстың  бір  сағаты  50,  75  немесе  100  минутқа  тең  болғандықтан, 
білім  алушылардың  аудиториялық  жұмысының  академиялық  сағаттары  тиісінше  БӨЖ 
сағаттарымен  толығады,  осылайша  білім  алушының  семестр  түріндегі  академиялық 
кезеңінің  бір  аптасындағы  бір  кредит  жиынтық  оқу  жүктемесі  бакалавриатта  3  сағатқа  тең 
болады. 
БӨЖ-дің дене тəрбие жұмыстарына қосымша сағат берілмейді. 
Əрбір  практиканың  академиялық  сағаты  (оқудан  басқа)  білім  алушылардың  қосымша 
жұмыстарының  оқу  сағаттарына  сəйкес  жүргізіледі:  педагогикалық  практикаға  –  1  сағат, 
өндірістік практикаға – 4 сағат жəне зерттеу практикасы үшін – 7 сағат. 
Əрбір 
академиялық 
сағат 
магистранттың 
ғылыми-зерттеу 
(зерттеу-тəжірибе) 
жұмыстарының, магистрлік диссертациялардың орындалуын қоса алғанда, БӨЖ-ы 7 сағатқа 
жүргізіледі. 
Қорытынды  аттестаттаудың  əр  академиялық  сағаты  білім  алушының  диплом  жұмысы 
(жобасы),  магистрлік  диссертация  кезіндегі  оқытушымен  байланысу  жұмыстарын  немесе 
білім  алушы  мен  оқытушының  мемлекеттік  емтихан  тапсыруға  дайындығы  не  тапсыру 
кезіндегі  оқытушымен  жұмысының  оқу  сағаттарын  білдіреді.  Білім  алушының  қорытынды 
аттестаттаудың əрбір академиялық сағаты БӨЖ 6 сағатқа жүргізіледі. 
26.  Кəсіби  практика  жоғары  білімнің  міндетті  кешендік  оқу  бағдарламасы  болып 
табылады.  Олар  оқу,  педагогикалық,  өндірістік  жəне  диплом  алдындағы  болып  бөлінеді. 
Кəсіби пратиканың барлық түрлерінің жалпы көлемінің құрылуы 6 кредит құрайды. 
27. Магистратурада зерттеу практикасы жүргізіледі. 
28. Практиканың ұзақтықтығы жұмысы білім алушының аптадағы нормативтік уақыты 
практикаға  бір  апта  ішінде  30  сағатқа (жұмыс аптасының  5  күнінде  6  сағаттан)  тең  екендігі 
бойынша  анықталады.  Апта  санын  есептеу  үшін  кредиттегі  практика  көлемі  оқу 
сағаттарындағы  пратиканың  тиiстi  түрiнiң  еңбек  сыйымдылығына  көбейтіледі  жəне  білім 
алушының апта iшiндегі практика жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді. 
Практиканың 1 кредитінің ұзақтығы 15 сағатты құрайтын болғандықтан (50 минуттан), 
оқу  практикасына  30  сағат  (50  минуттан)  педагогикалық  практикаға  75  сағат (50  минуттан) 
өндірістік  практикаға  жəне  зерттеу  практикасына  120  сағат  (50  минуттан),  онда  практика 
ұзақтығына  сəйкес  аптасына  1  кредитті:  0,5  апта  оқу  практикасына,  педагогикалық 
практикаға – 1 апта, 2,5 апта өндірістік практикаға жəне зерттеу практикасына 4 апта. 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау