Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет29/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 59-беті 
 
59 
 
ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш береді.  Қайта қабылдану туралы өтінішке 
Анықтама (түпнұсқа) қоса беріледі. 
2.20  Білім  алушы  ауысатын  ЖОО-ның  басшысы  бұйрық  шыққан  күннен  бастап  үш 
жұмыс  күні  ішінде  білім  алушы  бұрын  оқыған  ЖОО-ға  оның  жеке  іс  қағаздарын  жіберу 
туралы жазбаша сұрау жолдайды. Сұрауға білім алушыны ауысу тəртібімен қабылдау туралы 
бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі. 
2.21  Білім  алушы  бұрын  оқыған  ЖОО-ның  басшысы  мұндай  сұрауды  алғаннан  кейін 
«(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген мазмұндағы оқудан шығару 
туралы бұйрық шығарады жəне бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні  ішінде білім 
алушының жеке іс қағаздарын қабылдаушы ЖОО-ның мекенжайына жолдайды.Білім алушы 
оқыған  ЖОО-да  транскрипттің  көшірмесі,  сынақ  кітапшасы,  студенттік  билет  жəне 
жіберілетін құжаттардың тізімдемесі қалады. 
2.22  Білім  алушыны  басқа  ЖОО-дан  АƏИУ-ге  білім  беру  гранты  негізінде  ауыстыру 
кезінде АƏИУ ректоры білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін оның атына 
жазылған білім беру гранты куəлігінің көшірмесімен бірге білім беру саласындағы уəкілетті 
органға  жəне  тиісті  бюджеттік  бағдарлама  əкімшісіне  АƏИУ-дің  қаржыландыру  көлемін 
түзету үшін ұсынады. 
2.23  Оқу  кезеңінде  пайда  болған  ауру  нəтижесінде  берілген  мамандықта  оқуға  тыйым 
салынғаны  туралы  дəрігерлік-консультативтік  комиссияның  қорытындысы  бар  білім  беру 
гранты  бойынша  білім  алушы  бір  мамандықтан  екіншісіне  білім  беру  тапсырысы  бойынша 
бос орынға ауысады. 
 
 
2.4 БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС БЕРУ ЕРЕЖЕСІ 
 
1. Жалпы ережелер 
1.  Осы  Осы  Аймақтық    əлеуметтік-инновациялық  университетте(бұдан  əрі   
университет)  білім  алушыларға  академиялық  демалыс  беру  ережелері  (бұдан  əрі  -  Ереже) 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, ҚРБҒМ 2014 
жылғы  4желтоқсандағы  №506  қаулысымен  бекітілген  «Білім  беру  ұйымдарында  білім 
алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларына» сəйкес əзірленген. 
1.  Академиялық  демалыс    университетте    білім  алушылар  (студенттер  мен 
магистранттар) медициналық айғақтар бойынша жəне өзге де ерекше жағдайларда өз оқуын 
уақытша тоқтата тұратын кезең. 
2.   Академиялық  демалысты  ресімдеу  үшін  білім  алушы  университет  ректорының 
атына  өтініш  береді  жəне  осы  Ереженің   6-тармақшасында  қарастырылған  құжаттарды 
тапсырады. 
3.   Білім алушыға академиялық демалыс мынадай: 
1) сырқатына  бойынша  ұзақтығы  6  айдан  12  айға  дейін  амбулаториялық-емханалық 
ұйым  жанындағы  дəрігерлік-консультациялық  комиссияның  (бұдан  əрі 
  ДКК) 
қорытындысы; 
2)  ұзақтығы  36  айдан  аспайтын  туберкулезбен  ауырған  жағдайда  туберкулезге  қарсы 
медициналық  ұйымның  Орталықтандырылған  дəрігерлік-консультациялық  комиссияның 
(бұдан əрі - ОДКК) қорытындысы; 
3)  əскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде; 
4)  босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін беріледі. 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 60-беті 
 
60 
 
4.  Университет ректоры үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың негізінде білім 
алушыға басталу жəне аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы 
бұйрық шығарады. 
5.  Осы  бағдарламаны  қаржыландырудың  тиісті  сомасы  мен  мерзімдерін  түзету  үшін 
университет ректоры білім беру гранты бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру 
туралы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігіне үш 
жұмыс күні ішінде жолдайды. 
6.  Білім  алушы  академиялық  демалыстан  шыққан  соң  университет  ректорының  атына 
өтініш  береді  жəне  ауруына  байланысты  академиялық  демалыста  жүрген  білім  алушы  осы 
мамандық  бойынша  білімін  жалғастыру  мүмкіндігі  туралы  қорытындымен  қоса  науқасты 
қараған денсаулық сақтау ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасын 
тапсырады. 
7.  Ұсынылған  құжаттардың  негізінде  университет  ректорының  үш  жұмыс  күнінің 
ішінде  мамандығын,  курсын  жəне  тобын  көрсете  отырып,  білім  алушының  академиялық 
демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады. 
8.  Осы  бағдарламаны  қаржыландырудың  тиісті  сомасы  мен  мерзімдерін  түзету  үшін 
мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушы академиялық демалыстан келген кезде 
университет  аталған  бұйрықтың  көшірмесін  үш  жұмыс  күнінің  ішінде  Қазақстан 
Республикасы Білім жəне ғылым министрлігіне жолдайды. 
9.  Университет 
ректоры 
ұсынылған 
құжаттардың 
негізінде 
оқу 
жұмыс 
жоспарларындағы  пəндердің  айырмашылығын,  оқу  курсын  анықтайды  жəне  офис 
регистратормен келісе отырып, білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді. 
10.  Академиялық  демалыстан  келген  соң  білім  алушы  оқуын  аталған  демалысты 
ресімдеген курстан (жəне академиялық кезеңнен) бастап жалғастырады. 
11.  Егер академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу  уақыты 
академиялық  кезеңнің  басталуына  немесе  аяқталуына  сəйкес  келмесе,  білім  алушы  жеке 
кесте  бойынша  барлық  оқу  тапсырмаларын  орындап,  рейтингке  рұқсат  алу  үшін  қажетті 
балдарды  жинайды  немесе  жазғы  семестрде  айырмашылықтар  пайда  болған  пəндерге 
жазылады. 
12.  Білім  алушы  айырмашылықтарды  жою  үшін  ағымдағы  оқу  жұмысымен  қатар 
академиялық  кезеңде  барлық  сабақ  түрлеріне  қатысады,  сол  пəн  бойынша  оқу  жұмыс 
жоспарында  қарастырылған  ағымдағы  жəне  кезеңдік бақылаудың  барлық  түрлерін 
тапсырады,  рұқсат  алады  жəне  академиялық  күнтізбеге  сəйкес  білім  алушыларды  аралық 
аттестаттау кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады. 
 
 
 
2.5  КРЕДИТТІК  ОҚЫТУ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ  БОЙЫНША  ОҚУ  ҮДЕРІСІІН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ 
 
1. Жалпы ережелер 
1.Осы  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетте  «Оқытудың  кредиттік 
технологиясы  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыру  ережелері»  (бұдан  əрі  -  Ереже)  «Білім 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы 
Білім жəне ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сəуірдегі  №152 бұйрығымен бекітіліп,  2014 
жылғы 2 маусымдағы №198 жəне 2016 жылғы 28 қаңтардағы №90 бұйрықтарымен өзгерістер 
ендірілген  «Оқытудың  кредиттік  технологиясы  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыру 
қағидаларына» сай əзірленді. 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау