Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 71-беті
71
71. ECTS кредиттерін Қазақстан Республикасының кредитіне қайта есептеу əрбір пəн
бойынша 1,5-тен 1,8 шегінде ECTS-тің 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру
коэффицентіне ECTS кредиттерін бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар кредиттер толық бірлікпен құрылады.
Курстық жобалардың (жұмыстардың) еңбек сыйымдылығы жалпы пəннің еңбек
сыйымдылығына кіреді.
72. Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу əрбір
пəн бойынша Қазақстан Республикасының 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру
коэффицентін 73-тармақта көрсетілген Қазақстан Республикасының кредиттеріне көбейту
арқылы жүзеге асырылады.
Аталған ауыстыру коэффиценттері теориялық оқыту (аудиториялық сабақтар мен өздік
жұмыстарды ескере отырып) кредиттерін қайта есептеу үшін қолданылады.
73. Оқу жұмыстарының басқа түрлерінің кредиттерін қайта есепте мынадай ауыстыру
коэффиценттерінің көмегі арқылы 71-тармаққа ұқсас түрде жүзеге асырылады:
Практика: оқу – 0,5-тен 0,6 дейінгі шекте, педагогикалық – 1-ден 1,2-ге дейінгі шекте,
өндірістік – 2,5-тен 3-ке дейінгі шекте, зерттеу – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте;
магистранттың ғылыми (эксперименттік) - зерттеу жұмысы – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте;
білім алушыларды қорытынды аттестаттау – 3,2-ден 4,5-ке дейінгі шекте.
74. Университет оқу орны бойынша жəне факультеттегі ECTS-ті үйлестірушіні
тағайындайды.
Университет үйлестірушісі ECTS-тің принциптері мен тетіктерінің сақталуын
қамтамасыз етеді, сонымен қатар университеттің құрылымдық бөлімдеріндегі барлық
үйлестірушілердің жұмыстарын бақылайды жəне үйлестіреді.
ECTS үйлестірушілері білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға ECTS-
тің практикалық жəне оқу аспектілері бойынша кеңес береді.
75. ECTS-тің бағалау бағаны бес санатқа бөлінген оң бағадан ("А"-"Е"), дұрыстауға
болатын FX бағасынан) жəне кредитті ұсынбайтын F бағаларынан тұрады.
Қазақстан Республикасының білімін бағалау жүйесі білімалушының оқу жетістігін
балдық-рейтинг əріппен бағалау жүйесіне негізделген, кредиттерді тағайындауды
қарастыратын он оң нəтижелі бағадан ("A"-дан "D"-ге дейін), сонымен қатар кредитті
ұсынбайтын бір қанағаттанарлықсыз "F" бағадан тұрады.
76. Бағаны ауыстыру ECTS бойынша балдық-рейтингтік əріптік жүйе бағасы білім
алушының жетістігі жəне осы Ережелердің 3-4-қосымшаларына сəйкес жүзеге асырылады.
5 ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың Қазақстандық үлгісі
шеңберіндегі академиялық ұтқырлық
77. Книверситетте академиялық ұтқырлықты жоспарлау жəне ұйымдастыру кезінде
қолдануға қажет төмендегідей нормативтік құжаттар көрсетілген:
− ұтқырлық бағдарламалары бойынша кететін студенттің өтініші;
− ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім;
− оқу туралы транскрипт;
− ақпараттық пакет (курстар тізімдемесі).
78.Университет ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсыру туралы ереже əзірлейді,
ол ECTS-ті қолдану бойынша университеттегі негізгі құжат болып табылады.
79.Академиялық ұтқырлықты кеңейту үшін университет Ақпараттық пакет (бұдан əрі –
АП) əзірлейді. АП формасы, құрылымы, мазмұны жəне форматын университет дербес
анықтайды.
80.АП мемлекеттік, ағылшын немесе орыс тілдерінде дайындалады.
81.АП университеттің академиялық, ұйымдастырушылық-əдістемелік, ғылыми тəрізді
едəуір маңызды қызмет салаларын сипаттайды жəне қосымша ақпаратты (спорттық-көпшілік
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 72-беті
72
іс-шаралар, мəдени-бос уақыт қызметтері, материалдық-техникалық база жəне тағы басқа)
қамтиды.
82.АП-да жоғары оқу орнының төмендегі негізгі бөлімдер бойынша сипаттамалары
бар:
1) университет туралы жалпы ақпарат;
2) оқу бағдарламалары туралы ақпарат (курстар тізімдемесі);
3) білім алушыларға арналған қосымша ақпарат.
83. Білім алушының өтінішінде студентті жіберетін жоғары оқу орнының атауы жəне
толық мекен-жайы, факультеттің/департаменттің жəне жалпы алғанда, жоғары оқу орнының
академиялық ұтқырлық бағдарламасын үйлестірушісінің аты-жөні, сондай-ақ студенттің
жеке ақпараты (аты-жөні, тегі, туған күні, айы, жылы, мекен-жайы) көрсетілуі тиіс.
Өтініште ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушының уəжділігі туралы
ақпарат, білім алушылардың шетелдегі оқу тілі бойынша біліктілік деңгейі, еңбек тəжірибесі
жəне алдағы шетелде білім алуы туралы мəліметтер жазылады, шетелде оқу грантына ие
болу мүмкіндігіне белгі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сəйкес жүргізіледі.
84.Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу келісімі студенттің
академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту процесін реттейтін негізгі құжат
болып табылады жəне осы Ережелердің 7-қосымшасына сəйкес ағылшын тілінде
толтырылады.
85.Қабылдаушы жоғары оқу орны студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасына
қатысуы туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қабылдайтын жоғары оқу орны, студент
жəне жіберетін жоғары оқу орны – үш тарап келісімге қол қояды.
86.Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының оқығанын растайтын соңғы
құжат осы Ережелердің 7-қосымшасына сəйкес нысан бойынша сыртқы академиялық
ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – ағылшын тілінде, ішкі
академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – орыс
жəне/немесе қазақ тілдерінде толтырылатын білім туралы трансткрипт болып табылады.
87.Білім алу туралы транскриптке оқу бағдарламасы (курс (пəн) коды), пəннің атауы,
пəннің оқыту ұзақтығы (жыл, семестр, триместр), оқу бағасы (ұлттық шкалада (егер болған
жағдайда) жəне ECTS шкалада), ECTS-тегі берілген кредиттер саны туралы мəліметтер
енгізіледі.
Оқудың толық бағдарламасында ойдағыдай оқыған жағдайда берілген дəреже/диплом
туралы белгі жасалады.
88.Білім алу туралы транскриптте оқу бағдарламасының ерекшелігі туралы мынадай
(қосымша) мəліметтер көрсетіледі: бағалаудың университеттік жүйесін сипаттау; ECTS
бағалау жүйесі, оқу жылы, семестр, триместрдегі ECTS кредиттер санын бағалау жүйесі.
6 Модульдік білім беру бағдарламаларын əзірлеу тəртібі
89.Модульдік
оқытудың
əдіснамалық
негізі
ретінде
модульдік
білім
беру
бағдарламаларын əзірлеу принциптері, əдістемесі жəне тəртібі саналады.
Оқыту нəтижелерінің тиімділігіне кешенді тəсілдерді сақтау арқылы қол жеткізуге
болады. Модульдік принцип бойынша білім беру бағдарламалары да, оқу жоспарлары мен
оқу пəндері де құрастырылады.
90.Оқыту нəтижелері білім берудің деңгейіне сəйкес Дублин дескрипторлары негізінде
анықталады жəне құзыреттілік арқылы көрінеді. Бұл ретте оқытудың бес негізгі нəтижесі
көрсетіледі:
білім жəне түсіну;
білім мен түсінгенін қолдану;
пікір айтуды қалыптастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |