П 042-14-4-03. 20. 17/. 02-2009 Басылым №1 21. 09. 20089


Өзбетімен жауабын дайындайтын сұрақтар



жүктеу 0,58 Mb.
бет3/4
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17731
1   2   3   4

Өзбетімен жауабын дайындайтын сұрақтар.

1.Қабыну деген не? Оның организмге маңызы.

2.Қабынудың себептері.

3.Қабынудағы негізгі морфологиялық өзгерістердің сипаттамасы.

4.Қабынудың негізгі клиникалық белгілері (ісіну, қызару,қызу,ауыру,табиғи қызметтің өзгеруі) қандай морфологиялық өзгерістермен тікелей байланысты?

6.Қабынудың жіктелуі қандай жағдайларға негізделген?

7.Қабынудың терминологиясы.

8.Қабынудың әр түрлеріне байланысты оның морфологиялық белгілері.



1Х.1.Альтеративті қабыну

Альтеративті қабынудың негізгі сипаты-қабынған тканнің дистрофиялық процестермен немесе өлі етке айналып, зақымдалуы қабынудың басқа морфологиялық белгілеріне қарағанда тым бәсең.

Альтеративті қабынудың даму барысында тканьде әр түрлі морфологиялық өзгерістер пайда болады, айталық диспротеиноздар, майлы дистрофиялар,десквамациялар (клеткалардың үзіліп түсуі), дискомплексациялар (комплексті құрылымдардың бұзылуы) ұлпа клеткаларының семуі, өлі етке айналып, ыдырауы.

Негізінде альтеративті қабынуды дистрофиялық өзгерістерден ажырату өте қиын. Мысалы; бүйректегі,бауырдағы,жүрек етіндегі.Үйткемеде қабынған тканьде қан тамырларына байланысты өзгерістерді байқауға болады.-қызғылт нүктелер,жолақтар,дақтар.Ал енді бұл патологиялық процестерді анықтау қиынға түссе,онда микроскопиялық зерттеулер жүргізіледі.


Өзбетімен жауабын дайындайтын сұрақтар.

1Альтеративті қабынудың негізгі морфологиялық өзгерістері?

2.Ағза мен тканьдердің қабынуға байланысты микроскопиялық суреттемесі.
Көрнекті құралдар.

Музей препараттары:

№107.Терінің өлі етке айналып қабынуы (некротизирующий дерматит).Шошқа қызылшасына байланысты.

№129.Бұзау өңешінің ойлық жараға айналып қабынуы.

№274.Қозының ішек фолликульдерінің қан тышқаққа байланысты өлі етке айналып қабынуы (фолликулярный нөкротизирующий энтерит).

№154.Жылқының маңқасына байланысты танау клегейлі қабығындағы ойық жаралар.Бұлшық еттің өлі етке айналып қабынуы.

№78.Шошқаның ас тұзымен улануына байланысты қарын кілегей қабығының өлі етке айналып қабынуы.

№488.Иттің енінің өлі етке айналып қабынуы.


54.Гистопрепарат.

Ағза:қарын. . Гематоксилин-эозинмен боялған

Микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарының кілегейлі қабығын мұқият зерттеу керек.Оның табиғи құрлысы байқалмайды,түр-сипатсыз біркелкі,қызғылт түсті. Кілегейлі қабықтың төменгі қабаты суланып керілген,ондағы қан тамырлары кеңейіп қанға толған.Олардың маңайында біраз клеткалар шоғырланған –нейтрофильді алуан түрлі лейкоциттер.

Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу кеғрек.

75 Гистопрепарат

Ағза: бүйрек. . Гематоксилин -эозинмен боялған.

Препаратты кіші ұлғайтқышпен зерттеп отырып, домалақ үйірімдерді,түтіктерді,сол құрылымдар арасында пайда болған талшықты дәнекер тканнің жалпақ жолақтарын көруге болады. Бүйрек ұлпасы семіп азайған; ол кейбір жерлерде кішігірім аралшықтар тәрізді.Қисық түтіктердің қуыстары тым кеңейген., ал домалақ үйірілімдер бүрісіп өзгерген.

Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу кеғрек.



1Х.2.Жалқаяқты қабыну.

Бұл қабынудың негізгі морфологиялық өзгерістері қабынған Ағзада (тканьде) жалқаяқтың жиналуы және де альтерация мен пролиферацияға қарағанда бұл өзгеріс тым бәсең.

Жалқаяқтың түр сипатына байланысты жалқаяқты қабыну –сулы,кілегейлі, іріңді, фибринді,шірулі, аралас болып жіктеледі.

Өзбетімен жауабын дайындайтын сұрақтар:

1.Сулы қабыну деген не?

2.Сулы жалқаяқтың транссудаттан айырмашылығы қандай?

3.Сулы қабынудың түрлері және олардың патоморфологиясы.

4.Кілегейлі қабыну.Оның патоморфологиясы.

5.Кілегейлі қабынудың түрлері және сипаттамасы.

6.Кілегейлі қабықтардың сулы, кілегейлі қабынуының қанталап қабынудан айырмашылығы.

7.Фибринді қабыну.Оның түрлері.

8.Өкпенің фибринді қабынуының микроскопиялық, макроскопиялық өзгерістерінің даму механизмі.

9.Дифтеритті қабынудың негізі мен морфологиялық сипаттамасы.

10.Іріңдеп қабыну.Оның себептері.

11.Іріндеп қабынудың түрлері, патоморфологиясы.

12.Шірік және аралас қабынулардың патоморфологиясы.

13.Қанталап қабынудың себептері және морфологиялық сипаттамасы.


Көрнекті құралдар.

Таблицалар (№25-31) Муляждар.(№318,319,359,595).

Музей препараттары;

№429.Жіті сулы пневмония

№52.Шошқаның кілегей гастриті

№56.Иттің кілегейлі энтериті.

№101.Жылқының сақауға байланысты іріңді лимфадениті.

№4.Сиырдың бауырындағы абсуесс (лат.сыздауық,бітеу жара).

№231.Бұзаудың іріңді –некрозды бронхопневмониясы.

№109.Шошқаның оба ауруына байланысты лимфа түйірінің қанталап қабынуы.

№447.Жалпы іріңді пневмония; іріңді-некрозды периорхит.

№568.Кілегейлі-іріңді бронхопневмония.

№226.Қанталаған екі жақты пневмония.

№37.Торайдың сальмонеллез ауруына байланысты дифтеритті гастрит және колит.

№70.Шошқаның пастереллез ауруына байланысты фибринді пневмония.

№79.Сиырдың фибринді эпикардиті мен плевриті.

№139.Тауықтың фибринді ларинготрахеиті.

№405. Сиырдың ала өкпе ауруына байланысты фибринді пневмониясы.


57 Гистопрепарат

Ағза:соқыр ішек. Геметоксилин -эозинмен боялған.

Эпителий қабатының үсті толы кілегей.Оған үгіліп түскен эпителий клеткалары мен лейкоциттер араласқан. Эпителий қабатында бокал тәрізді клеткалар көптеп кездеседі. Крипталар кеңейген, кілегей толып керілген.

Сонымен қатар кілегей қабатының астыңғы қабатында гистиоциттер, полибластар, лимфоидті клеткалар көрінеді. Тамырлар қанмен толып керілген.

Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу кеғрек.

70 Гистопрепарат

Ағза:Өкпе.Гематоксилин -эозинмен боялған.

Препаратты кіші ұлғайтқышпен зерттей отырып,альвеолардың қан элементтерімен, әсіресе лейкоциттермен толып керілгенін байқауға болады. Кейбір жерлерде өкпе құрлысы бұзылған,себебі альвеолдар жалқаяқпен тым кеңейіп табиғи сыйқын жоғалтқан.

Бронха қуыстарындағы сулы жалқаяқтың негізі әр түрлі лейкоциттер, көпшілігінің яролары семген немесе ыдыраған. Оларға эритроциттермен бронх эпителиінен үгіліп түскен клеткалар араласқан. Бронхлардың кілегей қабығы алуан түрлі лейкоциттермен кернеу әсерінен жуандап ісінген, эпителий қабаты дистрофияға және некрозға айналған. Кейбір жерінде тіпті жоқтың қасы. (Эпителий клеткаларының үгіліп түсу себебінен).Бронх маңайындағы дәнекер ткань де лейкоциттермен кернелген.

Іріңге толы альвеолдардың қабырғалары ыдырап бұзылған,онда өкпе құрлысы аса байқалмайды.

Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.

60 Гистопрепарат

Ағза: лимфа түйіні. Гематоксилин -эозинмен боялған

Ұсақ қан тамырларына көңіл аударсақ, олардың қабырғаларының гиалин белогі әсерінен жуандап ісінген байқаймыз.

Түйіннің шет жақтары эритроциттермен тым керілген, лимфоид ткані түйін қабынан алшақтау. Фолликулдерде кішігірім, өлі етке айналған ошақтар кездеседі. Ондағы клеткалар ыдырап, зақымдалған.

Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.

108.Гистопрепарат.

Ағза:өкпе. Гематоксилин -эозинмен боялған

Препаратта фибринді пневмонияның барлық сатылары (фазалары)байқалады; қан кернеп қызару сатысы; қызыл және сұрғылт бауыр тәріздес сатылары; айығу сатысы.Осыған орай препаратты мұхият зерттей отырып, фибринді қабынудың бірінші сатысын табу қажет. Бұл жерде альвеоларлық капиллярларды қан кернеген,сол себепті альвеолдар құрылымы анық көрінеді және олардың қуысында эритроциттер бар. Сөйтіп бұл бірінші қай кернеп қызару сатысы.

Ал енді препараттың басқа жерінде қызыл бауыр тәріздену сатысы байқауға болады.Мұнда альвеолдар қуысында қызғылттау өте нәзік өрмек тәріздес фибрин жиналған. Сонымен қатар қан плазмасы және эритроциттер бар.

Сұрғылт бауыр тәріздену сатысы бар жерде альвеоларалық тамырлар көрінбейді; альвеолдар қуысындағы жалқаяқтың негізі фибрин,лейкоциттер және үгіліп түскен альвеолэпителиінің клеткалары.

Бөлшекаралық дәнекер ткань сулы- фибринді жалқаяқпен кернелу себебінен жуандап керілген, қан және лимфа тамырлары да кернелген.Кейбіреуінің қуысында тромб пайда болған.

Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.

IХ.3 Пролиферативті қабыну.

Бұл қабынудың ең бәсең морфологиялық белгісі, қабынған ошақта мезенхиманың және қанның клеткаларының түрлі ұрпақтары көптеп жиналады. Айталық, гистоциттер, фибробластар, эндотелий және адвентиция клеткалары, лимфоциттер мен моноциттер.

Айта кететін жай пролиферативті қабынудың даму процесінде клетка ұрпақтары ауысып отырады. Мысалы; макрофагтар эпителиодтар клеткаларына айналады.Ал дәнекер ткань клеткалары фибробластар белок тропоколлагенді синтездеу әсерінен,қабынған ошақта коллаген талшықтары пайда болды.

Пролиферативті қабыну екі түрге жіктеледі: 1.интерстициалді қабыну;

2.гранулемді (лат.түйір,түйіршік) қабыну.Пролиферативті қабынудың нәтижесінде склероз (грек. қатаю( немесе цирроз (грек. Жирен) дамиды.

Мәселен пролиферативті қабыну белгілі бір індет ауруының қоздырғышының әсерінен даму мүмкін. Мысалы гранулемдер туберкулез, сальмонеллез, актиномикоз, жылқының маңқа ауруларында пайда болады. Сондай-ақ грануллемдер мал денесіне баса-көктеп енген құрттардың маңайында дамиды.Ал енді интерстициалді (Ағзаның қаңқалы сүлдесі) қабыну Ағзаизмдегі иммунологиялық статустың өзгеруіне байланысты; Айталық, ткань реакциясының бәсеңдеп, созылмалы болуы.


Өзбетімен жауабын дайындайтын сұрақтар.

1.Пролиферативті қабынудың патоморфологиясы?

2.Пролиферативті қабыну қалай жіктеледі?

3.Интерстициальді қабынудың патогенезі мен морфологиялық сипаты (мысалы:бауырдағы,бүйректегі дамуы)?

4.Интерстициальді қабынудың нәтижесі қандай?

5.Гранулемді қабынудың патоморфологиясы және оның диагностикалық маңызы?


Көрнекті құралдар

Музей препараттары:

№127.НУТТАЛИОЗ ауруына байланысты өкпедегі ошақты пролиферативті қабыну; жалпы таралған пролиферативті лимфаденит.

№167.Шошқа бауырындағы гипертрофиялық цирроз.

№175.Шошқа бауырындағы құрт ауруына байланысты цирроз.

№124.Қойдың пролиферативті пневмониясы.

№495.Гиалинозға айналған жүрек қабындағы фиброзды қабыну.
87 Гистопрепарат

Ағза;енбау. Гематоксилин -эозинмен боялған

Препараттың көпшілік жерінде бүршікті жас дәнекер ткань көрінеді. Ол гистоциттер мен жас ұршық тәріздес фибробластардан тұрады;олардың арасында қан тамырларында көрінеді. Препаратты мұхият зерттей отырып, көлемі әр түрлі көкке боялған ошақтарды байқауға болады. Олардың арасында жүзім шоғыры тәрізденіп бір жерге үйілген ботриомикоз ауруының қоздырғышын (грибогін-саңырауқұлағын) көреміз.Ошақтардың маңайында көптеп нейтрофильді лейкоциттер шоғырланған; көбі ыдырап ірің денешіктеріне айналған.

Микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен қарасақ, саңырауқұлақ шоғырының негізі кішкентай түйіршіктер; шоғырдың сырт қабаты түр-сипатсыз қызғылт зат-зооглея.

Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.

75.Гистопрепарат.

Ағза:бүйрек. Гематоксилин -эозинмен боялған

Ұлпаның үстіңгі және астыңғы қабаттарын зерттей отырып,олардың құрылымының қатты зақымдалғанын байқауға болады. Түтіктер мен мальпигий денешіктері ыдырап семіп, кей жерді ол жалпақ алаң тәрізді.

Патологогистологиялық диагнозды анықтап, көрінген өзгерістерді дәптерге түсінігімен салу керек.

М А З М Ұ Н Ы

1.Патологиялық анатомия кафедрасының лабораториясы мен өлекселер соятын жерде (прозектория) жұмыс істеу тәртіптері.Өлекседе пайда болатын өзгерістерді зерттеу.

Патогистологиялық зерттеуге арналған материалды алу, консервілеу және жөнелту.

11.Некроздар.

Ш.Дистрофия.Дистрофиялар жөнінде жалпы түсінік.

Ш.1.Белоктік клеткалық дистрофиялар (диспрозеиноздар).

Ш.2.,Клеткааралық диспротеиноздар.

1У.Аралас диспротеиноздар.

У.Майлы дистрофия

У1.Минералды дистрофия

У11.Қан айналымы бұзылуының патоморфологиясы.

У11.1.Қызару (гиперемия).Қан тоқтау.Қан аздық (анемия) Қансырау (кровотечение).Қанталау (кровоизлияние).

У11.2. Тромбоз.Эмболия,Инфаркт.Домбығу.Шемен (водянка).

УШ. Жаңару және бейімделу процесстері.

УШ.1. Сему,гипертрофия,гиперплазия.

УШ.2. Жаңару (регенерация).Ұйымдасу (Ағзаизация).Құбылту(метаплазия)

1Х.Қабыну.

1Х.1.Альтеративті қабыну.

1Х.Жалқаяқты қабыну

1Х.3.Пролиферативті қабыну.


2.Дәрістер

Тақырып тар

Дәріс тақырыптарының аталуы

Сағат саны

Д

ЗС

СОӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7




Жалпы патологиялық анатомия







18







1

жалпы нозология туралы негізгі ұғым.

1







3

3

2

Өлім.Өлімнің клиникалық белгілері.Өлекселік өзгерістер.

1







3

3

3-4

Торша патологиясы.Некроздар олардың морфологиялық сипаттамасы,ақыры,организмдерге некроздардың маңызы.

2







6

6

5

Зат алмасудың типтік бұзылу патологиясы Диспротеиноздар.

1







3

3

6

Аралас протеиндік дистрофиялар. Олардың морфологиялық және гистохимиялық сипаттамасы.

1







3

3

7

Көмір сулар және майлар алмасуының бұзылуы. Минеральды дистрофиялар.

1







3

3

8

Қан айналымының бұзылуы.Веналық гиперемия,стаз,инфарктер,

тромбоз,эмболия,эксикоз.



1







3

3

9

Орын толтыру –бейімделу процестерінің морфологиялық көріністері.

1







3

3

10

Қабыну.Қабынудың морфологиялық нышандары.

1







3

3

11

Бластомалар.Олардың өсуі және анаплазиялық қасиеттері.

1







3

3

12

Инфекциялық аурулардың жалпы клиникалық –морфологиялық сипаты..

1







3

3

13

Жіті бактериялық індеттер.

1







3

3

14

Созылмалы бактериялық індеттер.

1







3

3

15

Протозооздар мен гельминтоздар патоморфологиясы.

1







3

3




БАРЛЫҒЫ

15




30

45

45


3.Зертханалық сабақтар




Тақырып атауы

Мазмұны

Сағ.

Әдебиеттер

1

2

3

4

5

1

Гистотехника негіздері.Патогистологиялық зерттеу әдістері.Өлекселік өзгерістерді зерттеу.

Гистотехниканың негізгі тәсілдерін игеру.Түрлі бояу тәсілдері.Өлекселік өзгерістерді зерттеп анықтау.Патологиялық материалды алу тәсілдері.Зертханаға жіберу.

1

М.А.Добин.П.И.Кокуричев.Практикум по ветеринарной патологической анатомии и вскритию. Ленинград 1963.232-235 б.

2

Зат алмасудың типттік бұзылуы.

Торша ішіндегі метаболизмнің бұзылу салдарынан дамитын морфологиялық өзгерістер.

1

Патологическая анатомия с/х животных.Москва “Колос” 2003 жыл.21-27б.

3

Паренхималық,стромалық-қан тамырлық және аралас протеиндік дистрофиялар.

Түйіршікті, гиалин –тамшылы, гидропиялық және күстену дистрофиялары олардың морфологиялық нышандары.

1

31-60 б.

4

Майлану, көмір сулық және минералдық дистрофиялар.

Паренхимиялық және мезенхималық майлану процестері.Май тамшыларын гистохимиялық арнайы реакцияларымен анықтау.

1

67-76 б.

5

Некроздар.

Некроздың патогенезімен морфогенезі.Олардың жіктелуі. Коагуляциялық, колликвациялық некроздар. Гангрена, оның түрлері.

1

77-85 б.

6

Жеке тоқымалар регенерациясы.

Гипертрофия. Атрофия.



Регенерацияның патогенетикалық негізі және оның түрлері. Торшалық және торша ішіндегі регенерацияның морфогенезі.Гипертрофиямен атрофияның түрлері және олардың морфогенезі.

1

102-125 б.

7

Қабыну және иммундық патологиялық процестер.

Қабынудың анықтамасы, организмдегі маңызы. Оның патогенезі мен морфогенезі.Қабыну процесіне иммунды жүйенің әсері. Қабынудың түрлері:эксудативті,альтеративті және пролиферативті қабынулар.

1

127-152 б.

8

Ісіктер.

Ісіктердің этиологиясы. Олардың өсу тәсілдері-Экспансивті, инфильтративті, Эктофитті және эндофитті.Ісіктердің анаплазиялық қасиеттері: ұлпалық, торшалық, биохимиялық, гистологиялық.


1

173-199 б.

9

Тыныс алу мүшелерінің патологиясы.

Пневмониялардың түрлері,организмге әсері.Плеврит,ателектаз,эмфизема, домбығу, пневмосклероз.Бронхиттар,

ларингиттер,трахеиттер.



1

225-228 б.

10

Ас қорыту патологиясы.

Ас қорту жүйесіндегі қабыну процестері.Олардың патогенезі мен морфогенезі. Метеоризмдермен тимпония процестері.Тастармен конкременттер,цирроз, гепатоз.

1

234-245 б.

11

Несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің патологиясы.

Нефриттермен нефроздар.Олардың патогенезімен морфогенезі.Гломерулонефриттер.Непросклероздар. Бүйрек тастары.

1

253-263 б.

12

Бактериялық инфекциялар.

Індетті аурулардың жалпы клиникалық – морфологиялық сипатты.Жергілікті және жалпы өзгерістердің патогенезі,олардың диагноз қою кезіндегі маңызы.Аралас инфекциялар және асқынулар (сібір жарасы,қарасан,қатерлі домбығу,қой брадзоты,қозының дизентериясы.). Шошқа тілмесі. Пастереллез. Сальмонеллез,колибактериоз,шошқа дизентериясы.Торайдың домбығу ауруы.Листериоз.Лептоспериоз.Диплококкоз.

1

321-370 б.

13

Вирустық инфекциялар.

Шошқа обасы (классикалық және африкалық қарамал обасы, ет қоректілер обасы.).Жылқының індетті анемиясы.Марек ауруы.Құтырық.Ауескі ауруы.Жылқының делбесі.Ірі қара малдың қатерлі қатарлы қызулануы.Аусыл. Сүт қоректілер мен құстар шешегі. Қой мен ешкінің жұғымтал эктимасы.Торайдың вирустық пневмониясы.Ірі қараның ринотрахеиті. Ешкі кебенегі. Сүт қоректілер тұмауы. Құс тұмауы және Ньюкасл ауруы.Тауықтың індетті ларинготрахеиті.Бұзаудың, тауықтың, торайдың, респираторлық микоплазмозы. Ірі қараның вирустық диареясы.Шошқаның вирустық гастроэнтериті.Вирустық гепатиттер.

1

405-470 б.

14

Микоздар, протозооздар.

Микоздар мен микотоксикоздар патоморфологиясы.Олардың маңызы.Патогенезі.Актимикоздың,аспергиллездың, мукормикоздың, стахиботриотоксикоздың,фузариотоксикоздың патогенезі, патологиялық анатомиясы,оларға диагноз қою.

1

489-500б.

15

Гельминтоздар.

Нематоздар, цестоздар,трематоздар.Эймериоздар,пироплазмоздар токсоплазмаздор-олардың патогенезі мен морфогенезі.Оларға диагноз қою.

1

502-529 б.




БАРЛЫҒЫ




15




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау