Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Инженерлі экологиялық факультет Экология, өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы
ӨЗІНДІК ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
Пән: «Тіршілік әрекет қауіпсіздігі»
Мамандық шифры: 5В073100 Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандарға арналған
Оқыту формасы: күндізгі
Көкшетау, 2016
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтарды құрастырған оқытушы Шаймерденова Зинеп Мамановна
«Тіршілік әрекет қауіпсіздігі» пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы типтік бағдарламаға сәйкес құрастырылды.
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
ОӘК студенттер және оқытушыларға арналған.
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әдістемелік кеңесінде бекітілген:
Оқу бағдарламасы кафедра отырысында талқыланды және бекітілді.
№ хаттама ___ _____________ 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________________б.ғ.к. Макеева Л.А.
Университеттің әдістемелік кеңесінде қабылданды
№ хаттама ___ _____________ 2016 ж.
Әдістемелік кеңестің төрайымы
Рецензент: аға оқытушы, б.ғ.к. Баязитова З.Е
Тіршілік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық негіздері. Төтенше жағдайда халықтың тіршілік қызметінің қауіпсіздігін қамтамассыз етудегі азаматтық қорғаныстың ролі мен міндеттері.
Тапсырма:
1. табиғи апаттар;
2. техногедік апаттар;
3. апаттардың табиғат пен тірі ағзаларға әсері;
4. ТЖ-да жауапты ұйымдар мен тұлғалар;
5. ХХІ ғасырда Жер шарында болған ТЖ-ды сипаттау.
Өткізу формасы: Тапсырма: Топ бірнеше командаға бөлініп, әр сұраққа дұрыс жауабын беруге тырысады. Жауаптарға оқытушы төрелік етеді. Дұрыс жауаптар берген команда жоғары бағаланады. Сабақта төтенше жағдайларды көрсететін суреттер көрнекі құрал ретінде көрсетіледі. Сұрақ – жауап. Реферат. Эссе, кластер.
Әдістемелік ұсыныс: «Тіршілік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық негіздері. Төтенше жағдайда халықтың тіршілік қызметінің қауіпсіздігін қамтамассыз етудегі азаматтық қорғаныстың ролі мен міндеттері» бойынша танысулары қажет. Алған білімдерді сараптай білулері керек.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге жазылып, өңделеді және ауызша қорғалады. Ойын - сайыс.
Негізгі әдебиет: 1, 3, 4, 5.
Қосымша әдебиет: 1, 4, 8, 9
Өмір сүру ортасында адам ағзасына зиянды әсер ететін факторлар. СО2, Cl, NH3- тың улы әсері.
Тапсырма:
қоршаған ортада адам ағзасына әсері зиянды факторлар;
Өндірістен шығатын хлор және аммиакқтың химиялық құрамына;
Улы заттардың зиянын сипаттау;
СО2-ның атмосферада жинақталуы және оның климатқа ықпалы;
Өткізу формасы: Тапсырма: Топ студенттері жеке жұмыс жасайды. Зиянды заттар бойынша құрастырылған тапсырмға дұрыс жауап беруге тырысады. Жауаптарды оқытушы қабылдайды. Дұрыс жауаптарда студент жоғары баллға бағаланады. Кесте көрнекі құрал ретінде көрсетіледі. Сұрақ – жауап. Реферат. Кластер. Экология, химия оқулықтарын оқып тақырыпты меңгеру.
Әдістемелік ұсыныс: «Топ ішіндегі студенттер тіршілік ортасындағы зиянды әсерлерді және Cl, NH3, СО2-ның әсерін, әкелетін задабын және қорғану әдістерін түсіне білуі міндетті. Улы заттармен зақымданушыға алғашқы көмек көрсетуді меңгеруі қажет.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге жазылып, өңделеді және ауызша қорғалады, тақырып негізінде глоссарий жазады.
Негізгі әдебиет: 1, 3, 4, 5.
Қосымша әдебиет: 1, 4, 8, 9
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар. ТЖ-ғы адам өмір-тіршілігінің қауіпсіздігі. Өмір сүру ортансында болатын ТЖ-лар.
Химиялық, атом және бактериологиялық қарулар дегеніміз не?
Қарулардың жойқын әсерін қалай түсінесіз?
Химиялық улағыш заттар, радиобелсенді сәуленің табиғат пен адамға әсері.
Тішілікте ату құралдарын, суық қаруларды кенеттен, ұқыпсыздықтан, қауіпті ескермей қолданғанда байқалатын сәтсіз оқиғаларға баға беру.
Өткізу формасы: Тапсырмада студенттер командаға бөлініп жұмыс жасайды. Тапсырма негізінде эссе жазу және кластер құрастырады. Кроссворд тапсырмаларын талдайды.
Әдістемелік ұсыныстар: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар. ТЖ-ғы адам өмір-тіршілігінің қауіпсіздігін сараптау бойынша талқылайды. Экология оқулықтарын пайдаланып тақырыпты терең меңгеру.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге жазу және ауызша қорғалады.
Негізгі әдебиет: 1, 3, 4, 5.
Қосымша әдебиет: 1, 4, 5
7-8 Химиялық қауіпті объектілерде қолданылатын күшті әсер етуші улы заттардың сипаттамасы. Фосген және синиль қышқылына сипаттама, әсер етуі, қорғану жолдары.
Тапсырма:
Күшті әсер етуші улы заттар.
Фосген және синиль қышқылына сипаттама беріңіз,
Күшті әсер етуші улы заттардың әсер етуі.
Улы заттардан қорғану жолдарын түсіну.
Өткізу формасы: Тапсырма бойынша сұрақтарды топта пікірталас түрінде тереңдете талқылау. Глоссарий. Реферат.
Әдістемелік ұсыныстар: Химялық қауіпті объектілерде табиғатқа және тірі ағзаларға күшті әсер етуші улы заттар болады. Олардың көбі тыныс жолдары, жүйке жүйелеріне, көзге және теріге т.б. өте зиянды әсерлі келеді. Фосген мен синиль қышқылының химиялық құрамы, қолданылатын объектісі және әсері туралы мұқият танысу, ой-елегінен өткізіп, ой-талас түрінде талқылау.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге жазылады және ауызша қорғалады.
Негізгі әдебиет: 1, 3, 4, 5.
Қосымша әдебиет: 5, 8, 9,
Күшті әсер етуші улы заттармен (КӘУЗ) уланғанда дәрігерге дейін көрсетілетін алғашқы көмек.
Тапсырма:
Уландырғыш заттар топтары және қауіптілігі, аймаққа баға беру.
КӘУЗ мен уланғанда алғашқы медициналық көмек көрсетудің амалдары мен тәсілдері
аммиак, хлор, фосфор органикалық улы заттармен, иісті газбен уланған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек түрлері
Өткізу формасы: Аммиак, хлор, фосфор органикалық улы заттармен, уланған жағдайдағы көрнекті ситуациялық сұрақтарды шешу, әр студентке таратылады.
Әдістемелік ұсыныс: Сұрақтарға жауап іздеуде студенттердің өзіндік жұмыс істеуі, дәріс конспектілер, химия, биология оқу құралдарын және газет, журнал баспаларынан ТЖ жаңалықтарымен танысу.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге және реферат жазу мен ауызша қорғалады. Эссе, глоссарий дайындау.
Негізгі әдебиет: 1, 3, 4, 5.
Қосымша әдебиет: 5, 6, 8, 9.
11-12 -13Төтенше жағдайлар кезіндегі ахуалға баға беру
Тапсырма:
Радиациялық, химиялық, биологиялық апат ошақтарына баға беру;
барлау жұмысын жүргізу мақсаты мен әдістері;
ТЖ-да қолданылатын аспапта;
Өткізу формасы: Оқытушы басшылығымен сабақ тақырыбының мазмұнын пікір, ой-талас түрінде талқылап, тереңдей ашу.Реферат
Әдістемелік ұсыныс: Сұрақтарға жауап іздеуде студенттердің өзіндік жұмыс істеуі, дәріс конспектілері мен тіршілік қауіпсіздігі негіздері пәне арналған оқу құралдарын оқуы қажет. Радиациялық апат ошағына сипаттама беріп, қауіптілігін ескере отырып дозиметрлік бақылау аспаптарын қолдану ережелерін сақтау керектігін айту және радиациялық ахуалға баға беруін үйрену. Химиялық апат ошағына және бактериологиялық ошаққа баға беру үшін жүргізілетін зертханалық жұмыстарды, карантин мен обсервацияға түсінік беру.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге, реферат, эссе, кластер жазылады және ауызша қорғалады.
Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4.
Қосымша әдебиет: 5, 6, 7, 9.
14-15-16 Зақымданғандар мен ауруларды тасымалдау
Тапсырма:
Жеке дара қорғану құралдарын жіктеу және қолдану.
Тыныс жолын және теріні қорғайтын құралдар.
Медициналық (АИ-2; ИПП-8) құралдары және қолдану әдістері.
Өткізу формасы: Оқытушы басшылығымен сабақ тақырыбының мазмұнын пікір, ой-талас түрінде талқылап, тереңдей ашу. Глоссарий. Тест. Кроссворд жазу.
Әдістемелік ұсыныс: Апат ошағында тыныс жолдарын қорғау үшін қолданылатын, противогаздардың түрлерімен таныстыру, қолдану әдістерін көрсету, киіп-шешу әдісін үйрену. Респираторлар түрлерін көрту, мақта-матадан таңғышты жасау әдісін үйрену. Тері қабатын қорғау үшін қолданылатын табель киімдерін қолдану әдістерін көрсету. Медициналық құралдар, АИ-2; ИПП-8 санитарлық сумканы пайдалану әдістерін үйрену. Әдебиетерді пайдалана отырып сабақты пысықтау, конспекті жазу
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге жазу және ауызша қорғалады.
Негізгі әдебиет: 2, 3, 4.
Қосымша әдебиет: 5, 6, 7.
17-18 Адамдарды санитарлық тазартудан өткізу.
Төтенше жағдайлар ахуалында суды және азық-түлікті қорғау.
Мал және өсімдік уларымен уланған кезде
дәрігер келгенге дейін көмек көрсету.
Тапсырма:
Улы өсімдіктер және олармен улану;
Улы саңырауқұлақтар.
Жануарлар уларымен зақымдану;
Уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек әдістері;
Өткізу формасы: Оқытушы басшылығымен сабақ тақырыбының мазмұнын пікір, ой-талас түрінде талқылап, тереңдей ашу. Глоссарий. Тест. Кроссворд
Әдістемелік ұсыныс: Жәндіктермен, улы өсімдіктермен, улы жыланмен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек. Улы саңырауқұлақтардың түрін ажырата білу, улану белгілерін анықтау, улы өсімдіктер түрлері; улану белгілері; улы жыландар түрлері, шаққандағы белгілері; улы жәндіктер түрлері, шаққандағы улану белгілері. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің түрлері. Ботаника және зоология кітаптарын қосымша қолдану.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге жазылады, реферат, эссе түрінде қорғалады.
Негізгі әдебиет: 1, 3, 4, 5.
Қосымша әдебиет: 4, 6, 7, 8.
19-20 Жарақаттар түрлері.
Ашық жарақат. Жаралардың індеттенуі.
Балалардың жарақаттануы. Қансырау.
Тапсырма:
Қан тамырының жарақатының түрлері,белгілері, қауіптілігі;
Уақытша қан тоқтату тәсілдері;
Қан топтарына түсініктеме беру;
Қан құю туралы ұғым;
Өкпеден қан кету себебі, белгілері, қан тоқтату әдістері.
Өткізу формасы: сабақ топта тәжірибе алмасу түрінде өтеді.
Әдістемелік ұсыныс: Таңғыш түрлерін салып көрсету, қан тоқтататын жгутты қолдану әдісі, саусақпен анатомиялық нүктеде қысып қанды тоқтату, қол-аяқ буындарын қысып бүгіп ұстап тұру әдісі, қолдан бұрау салу арқылы қан тоқтату, стерильді таңғыш салып байлап тастау тәсілдерін үйрену, ситуациялық сұрақтарына жауап беріп, баға беру. Таблица, қан тоқтататын резина бұрау, бинт, орамал, қағаз, қарандаш,таяқша қолданылады.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге жазылады және ауызша қорғалып, топта талқыланады.
Негізгі әдебиет: 3, 5.
Қосымша әдебиет: 1, 4, 8, 9.
21-22 Сүйектің сынуы. Жедел дәрігерге дейінгі көмек. Бастың жарақаттануы.
Аяқ-қол, кеуде мен құрсақтың зақымдануы.
Тапсырма:
Сүйектердің сынуы;
Балалардың сүйек сынуы;
Сүйек сынғандағы алғашқы көмек;
Иммобилизация, шина салу әдістері;
Өткізу формасы: сабақ топта тәжірибе түрінде өтеді.
Әдістемелік ұсыныс: Сүйек сынуының түрлері, себептері, белгілері, қауіптілігі. Балалардың сүйек сынуының ерекшелігі, қол-аяқ сүйектері сынғанда шина қолдану ережелері; омыртқа, жамбас және бас сүйектері сынғанда тасымалдау әдістері. Иммобилизация салу әдістері. Шиналардың түрлері, қолдағы заттарды пайдалану, тасымалдау әдістерін көру, үйрену.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге, ЖК (жеке компьютермен теріп жазу) жазылады және ауызша қорғалып, топта талқыланады. Реферат. Эссе
Негізгі әдебиет: 1, 3, 5.
Қосымша әдебиет: 1, 4, 8, 9.
23-24 Күйік. Алғашқы дәрігерге дейінгі көрсетілетін көмек.
Қан тамырларының аурулары.
Суға кету. Электр жарақат. Күн тию және күн қызуының әсері.
Тапсырма:
Суға кету, құтқару әдісі;
Электр тоғының жарақатының белгілері, қаупі;
Алғашқы көмек түрлерін көрсету, сақтану;
Күйген жерге таңғыш салу әдісі;
Реанимация туралы ұғым, әдістері, қолдану техникасы;
Күн тию және жылудың әсері, естен тану белгілері, алғашқы көмек түрлері.
Өткізу формасы: Жұмыс топпен тәжірибе түрінде өткізіледі.
Әдістемелік ұсыныстар: Студенттер үш-төрттен бөлініп реанимация, яғни тірілту әдісін: ауыздан ауызға; ауыздан-мұрынға ауа үрлеу және жүрекке сыртынан массаж жасау техникасы, «прекардиальдық соккы» қалай жасалынады, кенеттен өлім белгілерін анықтау. Күйген жерге таңғыш қою әдісі, күн тиген адамға көмек көрсету әдісін үйрену.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге жазылады және ауызша қорғалады
Негізгі әдебиет: 1, 2, 4.
Қосымша әдебиет: 5, 6, 9.
Зақымдану ошақтарының сипаттамасы. Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, ядролық жарылыс, АЭС авариясындағы аймақтың радиоактивтік залалдануы. Радиобелсенді сәуле ауруы, қорғану жолдары.
Тапсырма:
Радиактивті сәулелер;
Терінің радиоактивті сәулелерден зақымдануы;
Ағзаның әлсіреуі;
Ағзаның мутациялық белгілерін сипаттау;
Радиактивті сәулелерден қорғану.
Өткізу формасы:
Жұмыс топпен дискуссия және тәжірибе түрінде өтіледі. Студенттер ғылыми әдебиеттерден алынған мәліметтерді талдайды. Реферат. Кроссворд.
Әдістемелік ұсыныс: Радиоактивтіліктің шығатын көздері, онда бөлінетін сәулелердің тіршілік үшін зияны, радиоактивтілік жарақатының белгілері, қаупі. Алғашқы көмек түрлерін көрсету, сақтану әдісі, естен тану белгілері, алғашқы көмек түрлерін түсіну.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге жазылады және ауызша қорғалады.
Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4.
Қосымша әдебиет: 5, 6, 9.
27-28. Аса қауіпті індеттер. Туберкулез,бруцеллез аурулары. Терінің паразитті аурулары.
Тапсырма:
Қауіпті аурулардың түрлері;
Қауіті ауруларды таратушы микроорганизмдер;
Аса қауіпті, ошақты ауралардың туындауы;
Қауіпті аурулардан қорғану жолдары.
Өткізу формасы: Жұмыс топпен, дискуссия түрінде өткізіледі. Студенттер оқулықтарға, интернет материалдарына сүйене отырып тақырыпты талдайды. Реферат. Глоссарий, кластер.
Әдістемелік ұсыныстар: Тақырыпты меңгеру үшін қойылған сұрақтарды тереңірек түсіну қажет. Пікірталас кезінде мәліметтерді дәлелдерге сүйене отырып талдайды. ҚР үшін аса қауіпті аурауларды және ошақты аураларды сипаттайды, олардың бұқара халық үшін зиянын баяндап, сипаттап, зиянды аурулардан қорғану әдістерін меңгереді.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге, ЖК жазылады және ауызша қорғалады.
Негізгі әдебиет: 1, 2, 5.
Қосымша әдебиет: 6, 7, 9.
29-30 Салауатты өмір сүру. Маскүнемдік, есірткіге әуесқойлық, темекі шегудің зияны. Экология және денсаулық.
Тапсырма:
Салауатты өмір салты;
2.Темекі мен маскүнемдіктің ағзаға зияны;
3.Қоршаған ортаның ластануының ағзаға әсері;
Өткізу формасы: Жауапты ізденуде өзіндік жұмыс жасау. Топта талқылау. Кроссворд құрастыру. Глоссарий.
Әдістемелік ұсыныстар: студенттер жастар арасында маскүнемдік пен нашақорлықтың және темекінің жастар өміріне аса қауіпті, зиянды екенін және одан қорғану жолдарын сипаттайды. Табиғаттың шектен тыс ластануының ағзаға кері әсері туралы тапсырма мазмұны топта талқыланады.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге жазылады және ауызша қорғалады.
Негізгі әдебиет: 2, 3, 4.
Қосымша әдебиет: 5, 6, 7, 8.
Негізгі әдебиеттер
1. «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. 1,ІІ кітап.ҚРТөтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі,ТЖ және АҚ республикалық курстары-Алматы,2004 ж.
2.Өмір тіршілік қауіпсіздігі-Алматы,2004ж. С.Арпабеков
3. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни (учебное пособие(.Саудебеков К.Е.,Алманиязов Э.А.,Лухнова Л.Ю.-Алматы,2010г.
4. Тіршілік қауіпсіздігі және АҚТҚ/ЖҚТБ пәніне арналған оқу методикалық комплексінің әдістемелік негізі
Қосымша әдебиеттер
1.Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы.Бюллетень-АҚ және ТЖ Республикалық курстары.
2.Законы РК в области ЧС.
3. ВИЧ/СПИД. Кауашев С.К.Алматы,2003г.
4. Қасымов З.Х: «Бастапқы әскери дайындық» Алматы 2000ж.
5. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша нұсқаулық
6. Основы безопасности на воде. Видеофильм Москва, 2006
7. УП по дисциплине «Безопасность жизнедеятельности» на казахском языке Махмутова А.Д. Кокшетау, КУАМ , 2012
8. УП по дисциплине «Безопасность жизнедеятельности» на русском языке Тимеева М.Ю. Кокшетау, КУАМ , 2012
9. Основы безопасности на воде. Видеофильм Москва, 2005
10. Материальные испытания оборудования предприятий, аварий, пожарных и черезвычайных ситуаций на обьектах. Стихия спаси себе и другое. Действия при химических опасности Карантин. ГО населению. Видеофильм Москва, 2006
Достарыңызбен бөлісу: |