Қабат қысымын ұстау жүйесі негізінен кен орнында 60 жылдардың аяғы 70 – ші жылдардың басында құрылған. Бастапқы қабатқа су айдау 1967 ж басталып, кенорының өнімді қабаттарына 1,8 млн м³ альбсеноман суы айдалды. 1971 жылы “Ақтау – Жаңаөзен” су құбыры салынған кейін, қабатқа теңіз суын айдау қолданылды. Бұданда басқа, ығыстыру агентіне ілеспе өндірілетін қабат суын пайдаланады. Өзен кенорнында алғашқы қабат температурасын ұстап тұру үшін және қабат мұнайының ерекше қасиеті бар болғандықтан, қабатқа ыссы су айдалынады. Қабат температурасының алғашқы мөлшерінің төмендеуі, мұнайдан парафиннің түзілуіне қолайлы жағдай туғызады. - Қабат қысымын ұстау жүйесі негізінен кен орнында 60 жылдардың аяғы 70 – ші жылдардың басында құрылған. Бастапқы қабатқа су айдау 1967 ж басталып, кенорының өнімді қабаттарына 1,8 млн м³ альбсеноман суы айдалды. 1971 жылы “Ақтау – Жаңаөзен” су құбыры салынған кейін, қабатқа теңіз суын айдау қолданылды. Бұданда басқа, ығыстыру агентіне ілеспе өндірілетін қабат суын пайдаланады. Өзен кенорнында алғашқы қабат температурасын ұстап тұру үшін және қабат мұнайының ерекше қасиеті бар болғандықтан, қабатқа ыссы су айдалынады. Қабат температурасының алғашқы мөлшерінің төмендеуі, мұнайдан парафиннің түзілуіне қолайлы жағдай туғызады.
- Технологиялық қажетті су айдау көлемі қабатты жағдайдағы сұйық өндіруден 1,2 есе болу керек, бірақ су айдаудың анық көлемі өндірілетін сұйықтан 1,1 есе артық.
- Қабатқа айдаланатын судың көп шығынға ұшырауының және тиімді пайдаланбауының негізгі себебі, қабат қысымын ұстау жүйесінің техниқалық жағдайының қанағатанарлықсызынан, яғни магистралдық құбырдың су айдайтын скважинаға дейін жарамсыз болуынан.
- Қабатқа айдауға пайдаланатын су өте жоғары агресивтігімен сипатталады. Бұл біріншіден сапалы су дайындалмағанын, екіншіеден теңіз суы мен қабат суының араласпайтындығы, яғни, олардың құрамындағы оттегі мен активтік компонентердің жоғары болуынан.
Арнайы бөлім - Өзен кенорны 1961 жылы ашылып, 1965жылы жасалған кенорынды игеру Бас жобасына сәйкес игеріле басталды. Кенорынды игерудің казіргі жағдайына келсек, қазіргі кезге дейін кенорыннан барлық алынатын қордан шамамен 70-72% мұнай алынды. Кенорын игерудің төртінші сатысында игеріліп жатыр, игеру көрсеткіштері бойынша, пайдалану ұңғымалар өнімі өте жоғары сулануда және өнімділігі түсуде.
- Мұнай кен орнының игеру жүйесінің анықтамасы жалпы барлық кешен инженерлiк шешiмдерді қамтитын және оны жер қойнауларынан пайдалы қазбаларды шығаруға арналған тиімді құрастыруды қамтамасыз ететін осы жоғарыда айтылған. Осы жүйенің анықтамасы үшін кен орындардың игерудің түрлі жүйелерінің сипаттамасына байланысты параметрлерінің көп мөлшерлерін қолдану керек.
- Дегенмен, мұнай кен орындарының игеру жүйелерінің тәжiрибе бойынша екi тән белгiлерге байланысты танып бiледi:
- 1 )жер қойнауларынан мұнайды шығару мақсатында қабатқа әсердің болуы немесе жоқтығы
- 2 ) кен орындарда ұңғымалардың орналастырылуы.
- Жоғарыда аталып өткен белгiлер бойынша кен орындардың игеру жүйесін классификациялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |