Оқушылар тәрбиесіндегі хор өнерінің маңызы



жүктеу 141,97 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі141,97 Kb.
#709

УДК 78 (075.8)

ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Ахметова А.Қ.«Музыкалық білім және хореография» кафедрасының

профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты,

Апсаматова Р.Д. Абай атындағы Тараз гуманитарлық колледжінің оқытушысы,
Мақалада оқушылар тәрбиесіндегі хор өнерінің маңыздылығы қарастырылған. Оқушылардың бірлесе отырып, хормен ән айту олардың музыкалық қабілеттерін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырады, көркемдік талғам сезімдерін арттырып, ой-өрісін ұштап, таным түсінігін жетілдіре түседі. Хор балалардың өзара көпшіл болуына үйретеді, оларды достыққа, жолдастыққа баулып, әрі болашақта тәрбиелі азамат болып өсуіне көмектеседі.

Түйін сөздер: хор, сыныптан тыс жұмыс, көркемдік талғам, диапазон, қызығушылық, музыкалық-эстетикалық тәрбие.
Қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған ауқымды істердің бірі – ұрпақ тәрбиесі мәселесін дүниежүзілік құндылықтар негізінде жетілдіру. Әрбір жас ұрпақтың жеке тұлғалық сапаларын жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады, сондықтан жеке оқушыны рухани құндылықтарға, көркем шығармашылық әрекеттерге тарту басым бағыт алуда.

Олай болса, балаларды жастайынан өнерге баулу ең өзекті міндет болып отырғаны баршамызға мәлім. Осы орайда, оқушылар арасында музыкалық білім беру жұмысын жетілдіру мәселелеріне аса зор көңіл бөлінген жөн. Мектепте оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі көркемөнер үйірмелері арқылы оқушылар қоғам талабына сай музыкалық-эстетикалық білім алады.

Осындай сыныптан тыс музыкалық жұмыстың ең көбірек тараған түрі – хор үйірмесі. Хор үйірмесіне белсене қатысу, баланың музыка тілін жақсы терең түсінуіне әсерін тигізеді. Әрбір хор мүшелерінің өз орындауына жауапкершілігі артып әншілік шеберлікке дағдылануы хор шығармаларының көркем дағдыларын меңгеруіне байланысты жүзеге асады. Олай болса, әр шығарманың мағынасын өз мәнінде сезіну, сол шығарманы беріле орындау баланың музыкаға деген сезімін, ынтасын, орындау шеберлігін тәрбиелейді. Міне, осындай жұмыстар жүргізудің оқушыларға берері мол.

Музыкалық педагогикада балаларды әнге тәрбиелеудің мәселелері О.А.Апраксина, Г.Г.Голык, В.Л.Живов, З.С.Квасница, О.П.Соколова, қазақстандық мұғалім-музыкант дирижерлар Г.А.Ахметова, А.В.Молодов, Х.К.Мусина, Т.Н.Нұрымбетов және т.б. арнаулы ізденіс еңбектері мен әдебиет, мақалаларында көрініс тапты.

Біршама еңбектерде балалар даусын тәрбиелеу арқылы музыкалық-эстетикалық тәрбие беру Ә.Нұғманова, халық әндері арқылы оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру Р.Қ.Дүйсенбінова, әндік дауыс дағдыларын қазақ тілі фонетикасы негізінде қалыптастыру А.Ш.Қожахметова зерттеулерінде жан-жақты талданған.

Мектептердегі жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, көбінесе орындалатын шығармалардың ішінде көп қолданылатыны (әсіресе қала жағдайында) – хор шығармалары.

Оқушылардың музыкаға деген қызығушылықтарын, хор шығармаларын орындау дағдыларын қалыптастыруда, оқу-тәрбие үрдісіне хор шығармаларын ендірудің әдістерін, хордың мектеп оқушыларына музыкалық білім берудегі рөлін қарастыру – өз алдына зерттеуді қажет тұтатын проблема.

Осы жолда көптеген еңбектер жасалып, біраз жетістіктер бар дей тұрсақ та, балаларды әнге баулу, хор үйірмелерін ұйымдастырып, жұмыс жасау ең қиын жұмыстардың бірі болып отыр. Мұның заңдылығы мен өзектілігі заман талабына сай жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеуге септігін тигізетіндігінде.

Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып, хормен ән айту, би билеу олардың музыкалық қабілеттерін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білуге, көркемдік талғам сезімдерін дамытуға тәрбиелейді. Үлкен салтанатты мейрамдарда ұйымдастырылатын көпшіліктің құрама хоры оқу-шыларды бір іске, бір мақсатқа топтастырып құлшындырады, достыққа, ынтымаққа ықылас-тандырады. Әр мұғалімнің музыкалық шығарманың терең мазмұнын талғампаздық көзқараспен түсініп, өмірге аса маңызды мәселе екендігі туралы ойын дамыта отырып, оның ішіндегі халықтың асыл мұраларын бағалауға үйрету негізгі міндет. Музыкалық бейнелер, суреттемелер, оның көркемдік сөзі, әсерлі әуені, жағымды саз арқылы патриотизмге, отанды сүйуге, еңбекке сапалы тәртіпке, жақсы әдет-ғұрыпқа, әдептілікке, мейірім-шапағатқа, адамгершілікке, ынтымаққа, достыққа тәрбиелеу хор жетекшісінің негізгі міндеті.

Хормен ән айтудың ерекше ролі: жеке басты қалыптастыруда ең жақсы, тиімді әдіс болып табылады. Хормен ән айтудың маңызы жайында әйгілі педагог К.Д.Ушинский былай деген: «Әнде, әсіресе хормен ән айтуда адамға нәр беретін, еңбекті ұйымдастыратын тату әншілерді жұмылдыратын... бірнеше жеке сезімдерді бір үлкен сезімге ұйытатын күш бар. Әнде, сонымен бірге, жанды, сезімді тәрбиелейтін бір нәрсе бар» [1].

Хормен ән айту көпшіліктің, сүйікті жанрларының бірі болып қаралады. Хормен ән айту - көпшілік өнер, ұжымдық шығармашылық. Бұлай дегеніміз, адамдардың үлкен тобы бір ой, санаға ұйымдасады, бір көркем-орындаушылық арқауға бағынады, сөзбен музыкадағы сезім, ойлар жеке адам арқылы емес, көпшілікпен жеткізіледі. Орындауда хор әншілерінің әрбірінің қуанышы ортақ іске өзінің үлесін, жанының бір бөлігін қосқан ойының өсуі анықталады.

Ал хор үйірмесінің негізгі мақсаты – оқушылардың музыкалық қабілетін арттыру, хор шығармаларына қызықтыру, музыкалық ой-өрісін кеңейту.

Сонымен қатар, оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін әрі қарай жалғастыра отырып, жетілдіру. Бұл хор үйірмесінің негізгі міндеті болып табылады.

Хор жанры халық арасына кеңінен таралып, көпшілікпен орындалатын лайықты шығармаларды уағыздау, халықты өнерге тәрбиелеу мен ортақ іске жұмылдыру мақсатында дамып келеді. Кейбіреулер кез-келген бір топ адамның бас қосып ән салуын хор деп санайды. Тіпті, жеке дауыста орындаса да хормен орындадық деп мәз болысады. Оны орындаудағы біркелкілік, мәнерлілікке еш мән берілмейді. Мұндай топтың орындауларын хор деп атауға болмайды. Ондай кездейсоқ орындалған әуендерді көпшіліктің үйреншікті жалпылама айтып жүрген әні деуге болады.



Хор – әр түрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып, ұйымдасқан ұжымы. Дәлірек айтқанда, хор дегеніміз – шығарманы көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар ұжым.

Хорды П.Г.Чесноков, «дыбысталуында тұрақты ансамблі бар, тура құрылымды және көркем таза қойылған нюансы бар әншілер жиыны деп анықтаса [2], А.Егоров вокалды-хор шығармасын орындайтын көп әншілер құрамы деп тұжырымдайды [3].

Л.Абелян: "Хормен ән айту, оның мәні – орындалатын шығарма арқылы берілетін автордың ойын ұйымдасқан түрде мәнерлеп жеткізу. Бұл – өнер шығармасын сезіну мен белсенді қабылдау ғана емес, көркем шығарманы баян етілген мазмұнға сай тыңдаушының ойы мен сезімін оята білу" деп көрсетеді [4].

Сонымен, хор – негізінде ән айтуға қабілетті адамдардың ұйымдасқан ұжымы.

Хор мүшелері үшін ең негізгісі – автор ойын ұғынып, көркем бейне жасауда белсенділік таныта білу. Осыдан барып оқушылар үшін дыбыс жасаудың түрлі жолдары – регистрге, тесситураға байланысты, әдеби мазмұнын дауыс арқылы бере біліп, демді үнемдеу, жалғастыра алу тәсілдерін бірлесе меңгеру қажеттігі туады.

Хормен ән айтудың білімділік мәні зор. Сол арқылы оқушылардың музыкалық есте сақтау қабілеті мен талғамы өсіп, мәнерлеп орындау шеберлігі артады. Хормен ән айту дегеніміз – әнді құр жаттап алу емес, шығарманың көркемдік мәнін сезіне және түсіне орындау. Орындаушылық шеберлікті меңгеру барысында оқушының музыкалық-теориялық білімі артады. Нотамен ән айта отырып, лад басқыштарын сезіне білу қабілеті дамиды.

Музыкалық-педагогикалық анализ (талдау), әдістемелік әдебиеттер хормен ән айтуды музыкалық шығармашылықтың жүргізушісі ретінде қарастырылады. Мектеп хорларының негізгі басты шарты – балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық деңгейін кеңейту, музыкаға, хормен ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, хорда ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Сонымен қатар музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымақтыққа, достыққа тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі.

Хор үйірмесінің негізгі мақсаты – сыныптағы музыка сабағына қарағанда хормен ән айту жоғары орындаушылық деңгейде болу қажет. Сондықтан хормен жұмыс барысында музыка сабағының репертуарын, өту деңгейін қайталамау керек, керісінше ол жоғары талапта құрылуы керек. Мектеп хорының музыка сабағында үйретілетін хормен ән айтуынан тағы бір айырмашылығы: хорға өз ынтасымен, қалауымен ән айтқысы келетіндер және вокальдық қабілеттері бар балалар қабылданады. Мектептегі музыка сабағы барлық оқушыларға міндетті сабақ болып табылады және бірде-бір оқушы ол сабақтан босатылмайды.

Музыка мұғалімі қызметі және оның жеке кәсіби құрылымындағы модельді қарастыруда академик Б.В.Асафьев былай деп атап көрсетеді: "Педагог-музыкант өзінің күнделікті жұмысында аспапта орындаушы ретінде, хордың жетекшісі ретінде, музыкалық әдебиетті жақсы білетін, әрі оны еркін меңгерген музыка тарихшысы ретінде өзін көрсете білуі тиіс" [5]. Яғни кез-келген сауатты музыкант сияқты, мұғалім музыка әдебиеттерін, музыка тарихын жақсы біліп, музыка тілінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын талдай білуі тиіс.

Хормен ән айту оқушының музыкалық қабілетін дамытуда, рухани жан дүниесін тәрбиелеуге, мінез-құлқын қалыптастыруда өз әсерін тигізеді. Ән айту балалардың музыкалық, әрі көркемдік талғамын арттырып, ой-өрісін ұштап, таным түсінігін жетілдіре түседі. Хор балалардың өзара көпшіл болуына үйретеді, оларды достыққа, жолдастыққа баулып, өзара қарым-қатынастарын нығайта түседі, әрі болашақта мәдениетті азамат болып өсуіне көмектеседі.

Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы балалардың дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек.

Әнді хормен айту – халықтың бүкіл мәдениетінің негізі музыкалық білім мен тәрбие берудің ең ықпалды құралы. Оқушылардың музыкалық-эстетикалық дамуы табиғатқа, қоршаған ортаға, еңбекке, қоғамға деген көзқарасын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Сан алуан тақырыптағы музыкалық шығармалар арқылы оқушылардың жан-дүниесіне, сана-сезіміне әсер ете отырып, музыкалық-эстетикалық белсенділігін арттыру, жоғары көркемдік талғаммен рухани дүниесін байыту, музыкалық шығармаларға деген сүйіспеншілігін арттыру – болашақ мамандардың негізгі мақсаты болуы тиіс.

Сонымен, музыка сабағында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің бірі – ән айту болып табылады. Ән айту балалардың орындаушылық үрдіске белсенді қатысып, музыкалық қабілетінің дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Егер педагогикалық деңгейде ән айту дұрыс ұйымдастырылса, онда ол музыкалық білім берудің ең тиімді жолы болып есептелінеді. Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық үрдіс тек техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендігін орынды аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі "таза" ән айтуға айналады. Сонымен бірге балалар әнді қалай орындап тұрғанына, ән айту үрдісінің техникалық жағына аса жауапкершілікпен қарау өте қажет. Дыбысталу сапасын қалыптастыру, яғни дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіру, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальдық есту мәдениетін білу мұғалімнің, хор жетекшісінің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.

Тәжірибе жүзінде бақылау формаларының пайда болуын қадағалап, балалардың жеке ән айту тәсілдерінің дамуын тексеру қажет. Барлық осы формалар практика жүзінде кең қолданғанда қанағаттанарлықтай болуы керек.

Адамның қиын да күрделі ән айту функциялары көптен бері зерттеліп келеді. Қазіргі уақытта осы тұрғыда зерттеуге тек қана вокальдық педагогика қайраткерлері ғана емес, сол сияқты бір-бірімен байланысты ғылымдар да қызығушылық білдіруде. Сонымен адамның дауыс аппараты ең үлкен байлық, оны күтіп, қадағалап, саналы түрде қолдану керек. Сонымен қатар, белгілі фониатрлар И.Левидов, Е.Алмазов, А.Содейко, А.Рябченко және т.б. кейбір жағдайларда дауыс аппаратының ауруларын вокальдық педагогика әдістері арқылы емдеуге болады деп дұрыс айтқан. Көптеген зерттеушілер дұрыс ән айту тәрбиесі дауысты қорғау болып табылады деген тұжырымға келген.

Балалар хорының дауыстары олардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Дегенмен, әйелдер хорының дауыстарына ұқсастау болғандықтан, олардың дауысы сопрано және альт деп аталады. Олардың айырмашылығы диапазондарының көлеміне байланысты, жалпы балалар даусының көлемі кішілеу үн шығару сипаты да әлсіздеу және әйелдер даусына карағанда ашық, жарқын естіледі.

Балалар даусының диапазоны жас ерекшеліктеріне қарай төмендегідей болады:

6 жасарлар: ре1 - до2

1 сынып (7-8 жастағы) ре1 / до1 / – до2/ре2/;

2 сынып (8-9 жастағы) до1 – ре2;

3 сынып (9-10 жастағы) до1– ре2 /ми2/;



1-ші дауыс 2-ші дауыс

4 сынып (10-11 жастағы) до1 – ми2; до1 – до2;

5 сынып (11-12 жастағы) до1 ми2 /фа2/; сик – ре2;

6 сынып (12-13 жастағы) до1 ми2; ляк /сик / – ре2/ до2/;


7 сынып (13-14 жастағы) ми1/ ре1/ – си1/ до2/; сик до1;

8-11 сыныптар (14-16/17/ жастағы) сик – фа2 /соль2/; рек - ре2

Балалар хорының орындаушылық сипаты жас ерекшеліктеріне байланысты вокальдық орындау мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты.

Хор ұйымдастыруда балалардың жас ерекшеліктеріне көп мәселелердің байланысты екенін ұмытпай, естен шығармау дирижердың негізгі міндеті. Міне, осыған байланысты хор үйірмесі оқушылардың жас шамасына қарай үш топқа бөлініп ұйымдастырылады.

1. Кіші сынып оқушыларының хоры – кішкентайлар хоры, бұған 1-2 сынып оқушылары кейде көбінесе 3 сынып оқушыларын қосуға болады.

2. Орта сынып оқушыларының хоры – орташалар хоры, бұған 3-4 сынып оқушылары кейде 5 сынып оқушыларын қосуға болады.

3. Жоғарғы сынып оқушыларының хоры – үлкендер хоры, бұған 5-7 сынып, кейде өз қалауларымен 8-10 сынып оқушылары, әсіресе қыздардың қатысуына болады.

Хор үйірмелерін мұндай топтарға бөлудегі негізгі мақсат балалардың дауысындағы болатын мутациялық өзгерістерді еске ала отырып, олардың дауысының өсуі мен қалыптасуына зиян келтірмеу. Хорды мұндай топқа бөлудің тағы бір пайдасы балалардың жас шамасына қарай репертуарларды лайықты таңдауға, яғни мазмұнының көлемі олардың ой-өрісіне лайық болуы, дауыс диапазондарына сай, дәл болуды ескеруге мүмкіншілік жасайды. Дегенмен кейде мектептің, ондағы сыныптардың оқушылар санына байланысты және музыка сабағынан беретін мұғалімнің мүмкіндігіне байланысты хор үйірмесін екі топқа ғана бөліп ұйымдастыруға тура келеді. Мұндайда кішкентайлар хорына 1-4 сынып, орташалар хорына 5-8 сынып оқушыларын қатыстырып топтауға болады.

Бүгінгі күннің өскелең талабына сай егеменді еліміздің мұғалімдерінің алдында жаңа міндеттер қойылып отыр.

Мектепте музыка сабағымен қатар сыныптан тыс хор үйірмелерін ұйымдастыру оқушылардың ән айту, бірігіп хормен ән салуға қабілеттерін қалыптастырады. Оқушылардың музыкалық-эстетикалық дамуы – табиғатқа, қоршаған ортаға, еңбекке, сүйікті Отанымызға, қоғамға көзқарасын тәрбиелеу. Сан алуан тақырыптағы музыкалық шығармалар арқылы оқушылардың жан-дүниесіне, сана-сезіміне әсер ете отырып, музыкалық-эстетикалық белсенділігін арттыру, жоғары көркемдік талғаммен рухани дүниесін байыту, музыкалық шығармаларға деген сүйіспеншілігін арттыру мектептегі музыка мұғалімінің негізгі мақсаты.

«Музыкалық тәрбие берудің мақсаты – музыкант тәрбиелеу емес, ең алдымен адам тәрбиелеу» деп белгілі педагог А.Сухомлинский [6] айтқандай, мектептерде өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың, соның ішінде хор жұмысының басты міндеті оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру арқылы сезімталдыққа, әдемілік пен сұлулықты көре, сезіне білуге, иманжүзділікке баулу. Дұрыс ұйымдастырылған хор жұмысы жан-жақты адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, өз ұлттық және классикалық өнеріміз өзге ұлттардың, әлемдік музыка мәдениетінің үлгілерін қатар игерген білікті, ойлы азамат тәрбиелеп шығаруға септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда біздің республикамызда үйірмелерді жақсы жолға қоя білген, көптеген кәсіби хор ұжымдары бар, хор үйірмелері бар. Сонымен қатар, біздің елімізге ғана емес, шетелдерге танымал балалар хор ұжымдары сахнаға шығып жүр. Олар: «Елім-ай», «Көктем», ер балалардың хоры және т.б.

Балалар хоры тек музыка мектептерінде ғана емес, жалпы білім беретін мектептерінде де ұйымдастырылады. Осындай балалар хор ұжымдарының репертуарында қазақ, шетел композиторларының шығармалары, қазақ әндерінің өңдеулері бар. Балалардың хорға қатысуы – олардың музыкалық қабілеттіліктерін дамыту, музыкалық шығармаларды түсіну, музыкалық талғамын тәрбиелеу жұмысына көмек береді.

Кез-келген мектепте хор үйірмесі болуы керек. Ал хор үйірмесінің тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың үйірмеге қатыса жүріп, өнерге деген сүйіспеншіліктері, қызығушылықтары молайып, музыка сабағына да ынталары арта түседі. Сонымен бірге татулыққа, достыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиеленеді.

Қазіргі таңда көптеген балалар хоры шетелдерге барып, өз өнерлерін көрсетіп жүр.

Алдағы уақытта балаларды қызықтыратындай тартымды, әсерлі, хорға лайықталған әндер көп болса деген ұсыныс білдіреміз.

Қорыта келгенде, музыкалық-педагогика саласындағы көркемдік-шығармашылық қызметінің бір түрі болып хор өнерінің атқаратын рөлі үлкен және маңызды. Себебі ол оқушыға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді, байқағыштығы мен әсерленгіштігін жетілдіріп, олардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтеді, музыкалық-эстетикалық, музыкалық талғамын, қиялын дамытады. Сонымен хор өнері музыкалық тәрбиенің басты құралы бола отырып, жан-жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеуге ерекше көңіл аударады.
1 Ушинский К.Д. Педагогические размышления. – Москва, 1976.

2 Чесноков П.Г. Хор и управление им. – Москва, 1952.

3 Егоров А.А. Теория и практика работы с хором. – Москва, 1958.

4 Абуова К. Хор жүргізу. – Алматы, 1993.

5 Асафьев Б.В. О хоровом искусстве. - М., 1980.

6 Сухомлинский В.А. Избр. пед. соч. В 3-х т. – М., 1981.
Резюме

Ахметова А.К. – кандидат педагогических наук,

профессор кафедры «Музыкального образования и хореографии»,



Апсаматова Р.Д. – преподаватель Таразского гуманитарного колледжа им. Абая
Значимость хорового искусства в воспитании учащихся

В статье рассматривается значимость хорового искусства в воспитании учащихся. Во время совместного пения в хоре у учащихся развиваются музыкальные способности (слух, ритм, память), художественный вкус, а также совершенствуются кругозор, понятие о познании. Хор приучает детей к общительности, воспитывает к дружбе и товариществу, а также в будущем помогает становлению воспитанным гражданином.



Ключевые слова: хор, внеклассная работа, художественный вкус, диапазон, интерес, музыкально-эстетическое воспитание.
Summary

Akhmetova A.K.Candidate of pedagogical sciences,



professor of department "Music education and choreography",

Apsamatova R.D. –teacher of humanitarian college in Taraz after Abai
The article discusses the importance of choral art in the education of students. During of common a joint singing in the choir the students are developing musical abilities (hearing, rhythm, memory), artistic taste, as well as the improved outlook, the concept of knowledge. Chorus teaches children to sociability, brings up a friendship and partnership, as well as in the future is helping the formation of well-mannered citizen.
  Keywords: choir, class work, artistic taste, the range of interest, musical and aesthetic education.




жүктеу 141,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау