Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет33/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

98 



Басқа  заттармен  салыстырғанда,  судың  өте  көп  аномалиялық 

(ауытқу) қасиеттері бар.  

1) 0

0

С  -ден    4



0

С  -қа  дейін  қыздырғанда,  судың  көлемі 

көбеймейді,  керісінше  азаяды,  ең  максимальды  тығыздық 

мағынасы су қататын нүктеде (0

0

С) емес, 4



0

С -де болады.  

2) Басқа  денелердей  емес,  су  көлемі  қатқанда  сығылысу 

орнына үлкейіп, оның тығыздығы төмендейді.  

3) Қысым 

көтерілгенде 

судың 

қату 


температурасы 

көтерілмейді, ол төмендейді.  

4) Судың  диэлектрлік  тұрақтылығы  өте  жоғары  болуына 

байланысты  соның  еріткіштік  және  диссоциациялау  қасиеті 

басқа сұйықтармен салыстырғанда өте жақсы. 

5) Сұйықтықтардың  ішінде  судың  беттік  керуінің  шамасы 

ең жоғары – 75*10

-3

 Дж/м



2

.  


6) Булану 

кезінде 


жылу 

сіңіріліп, 

ал 

бұдан 


конденсациялану мен қату кезінде керісінше жылу бөлінеді.  

Ауытқулықтың  болу  себебі  –  оның  құрылысының 

ерекшелігі  мен  су  молекулаларының  бір-бірімен  күшті 

байланысатындығында.  Жер  бетіндегі  барлық  тіршіліктің  суға 

байланыстылығының  негізі,  осы  ауытқулықтың  болуы.  Су 

табиғатта  үш  агрегатты  күйде:  сұйық,  қатты  және  газ  тәріздес 

жалғыз 

зат 


болып 

саналады. 

Табиғаттағы 

барлық 


биогеохимиялық,  биофизикалық  процестер  судың  қатысуымен 

жүреді десек қателеспейміз.  

Академик  Карпинский  су  туралы  былай  дейді:  «  Су  –  ең 

бағалы  байлық,  су  –  тек  минералды  шикізат.  Ол  тек  өнеркәсіп 

пен  ауыл  шаруашылығын  дамытушы  ғана  емес,  сонымен  бірге, 

өмір жоқ жерге тіршілік сыйлайтын ыстық қан».  

Су  –  тірі  материяның  негізі.  Қазіргі  кезде  сулы  ортада 

тіршілік ететін жануарлар түрінің саны 150  000 немесе олардың 

жалпы  санының  7%  ,  ал  суда  өсетін  өсімдіктер  түрінің  саны 

10 000 (8%). Ал жануарлардың ішінде балықтардың шамамен 16 

000  түрі,  былқылдақ  денелердің  80 000  түрі,  шаян тәрізділердің 

20 000-нан астам түрі, қарапайымдылардың 15 000-ға жуық түрі 

және т.б. бар. Жануарлардың дене массасының орта есеппен 75 

%, ал кейбір өсімдіктер массасының 89–90 % судан тұрады.  

Адам  ұрығының  97%  -ы  су,  жаңа  туған  баланың  дене 

массасының  77–80%  судан  тұрады.  Орта  есеппен  ересек  адам 




Қазақ тілі 

 

 



99 

денесінің 65–70% су, ұлғайған су мөлшері адам денесінде 60% -

ға дейін төмендейді. Осы деңгейден денедегі судың мөлшері 10–

12%  төмендесе  организм  әлсіреп,  жұмыс  атқару  қабілеті 

жойылады, ал организмдегі судың көлемі 25% -дан төмен түссе, 

адам  өміріне  қауіп  төнеді.  Кейбір  жан-жануарлар  (балықтар, 

киттер,  дельфиндер,  құндыздар)  тек  қана  сулы  ортада  тіршілік 

етеді.  Себебі,  организмде  судың  мөлшері  азайғанда  ас  қорыту 

мен басқа да процестер яғни, организмдегі тепе-теңдік бұзылып, 

түрлі  ауыр  жағдайларға  әкеліп  соғады.  Негізінде  барлық 

организмдердің  өсіп-өнуіне  таза  су  қажет,  сондықтан  сумен 

жабдықтау көздеріне, судың сапасына ерекше көңіл бөлінеді.  

Су  ең  жақсы  еріткіш,  осыған  байланысты  барлық  өнер-

кәсіптер,  ауыл  шаруашылығында,  үй-жай,  т.б.  шаруашылықтарда 

кеңінен  қолданылады.  Ол  айырбасталмайтын,  сарқылмайтын 

(тұщы су сарқылатын) табиғат ресурсы.  



 

Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология.  

                            − Алматы: Экономика, 2002. – 402 б. 

 

220-тапсырма.  Сөйлемдерді  оқып,  асты  сызылған  сөздер 

мен сөз тіркестерінің дұрыс мағынасын белгілеңіздер.  

 

1.  Су күрделі заттың біріне жатады.                              



___________ қиын 

____________ таза 

2.  Судың көп аномалиялық (ауытқулық) қасиеттері бар. 

______________ өзгерушілік  

______________ қалыпты 

3.  Су тірі материяның негізі 

____________ формасы 

____________ бөлігі 

4.  Барлық организмдердің өсіп-өнуіне таза су қажет 

________________ өркендеуіне 

________________ дамуына 

 

221-тапсырма.  Мәтіннен  суға  қатысты  сөз  тіркестерін 

теріп жазыңыздар.  



 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

100 



222-тапсырма.  Мына  сөздерге  қарама-қарсы  мәндес 

сөздерді табыңыздар. 

 

Уақыт -                                           ауытқу - 



Ауыр-                                             қарапайым - 

Қасиет –                                          ұлғаю -  

Үлкею –                                          сапа - 

Қату –                                             жабдықтау – 



 

223-тапсырма.  Мәтінді  оқып  шығып,  әрбір  азат  жолдағы 

негізгі ойды анықтаңыздар. 

 

А) Су күрделі заттың бірі. 



Ә)  Судың  басқа  заттармен  салыстырғанда  аномалиялық 

қасиеттері бар.  

Б)  Табиғаттағы  барлық  процестер  судың  қатысуымен 

жүреді. 


В) Су – тірі материяның негізі. 

Г) Организмнің өсуіне таза су қажет. 

Д) Су ең жақсы еріткіш.  

Сіздердің жауаптарыңыз: 

1.  _____________________ 

2.  _____________________ 

3.  _____________________ 

4.  _____________________ 

5.  ______________________ 

6.  ______________________ 

 

224-тапсырма. 

Су 

ресурстарының 



маңызы 

туралы 


айтыңыздар. Әр сөйлем астына өз болжамдарыңызды жазыңыздар. 

  

Су – тіршілік көзі 



Сіздің ойыңыз:_____________ 

Су ең жақсы еріткіш 

Сіздің ойыңыз:_____________ 

Су – минералды шикізат 

Сіздің ойыңыз:_____________ 

Судың өте көп қасиеттері бар 

Сіздің ойыңыз:_____________ 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау