Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет122/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   135

Қазақ тілі 

 

379 



заттары да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. 

Заттар  айналымы  кезінде  ауа  табиғи  ластанудан  өзін-өзі 

тазартып отырады.  

Қазіргі  кезде  ауаның  ластануы  адамның  іс-әрекеті 

салдарынан  жиілеп  отыр.  Оны  ластайтын  жылу  электр 

стансасынан,  мұнай  өңдеуден,  металл  өндіруден,  көліктерден, 

т.б. шығатын қалдықтар.  

Ірі  қалалардағы  ауаның  ластануы  қауіпті  шегіне  жетті. 

Қалаға  сырттан  қарағанда  оның  үстін  түтінді  тұман  басып 

жатқанын  көресің.  Ол  тұман  газ  бен  тозаңның  араласуынан 

түзіледі.  Содан  келіп  қаланың  ауасы  нашарлайды.  Ауа 

температурасын  біршама  көтереді.  Қала  ауасының  құрамында 

су буы көп болады да, ылғалды ауамен тыныс алу қиындайды.  

Ауаның  ластануы  тіршілік  етушілерге  өте  зиянды. 

Өсімдіктердің жапырағына қонған шаң оның тыныс алуын, суды 

буландыруын  баяулатады.  Ормандағыдан  гөрі  қалада  өсетін 

ағаштар  тіршілігі  ерте  тоқтайды.  Орманда  400  жыл  жасайтын 

жөке ағашы қала ауасында 50–80 жыл ғана өмір сүреді.  

Жануарлар да, адам да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен 

тыныс  алуға  үйренген.  Қоспаның  құрамы  өзгергенде,  басқа 

газдар  араласқанда  ағзаның  тыныс  алуы  бұзылады.  Сөйтіп,  ол 

ауруға шалдығады.  

Ауаға  тарайтын  кездейсоқ  заттардың  көбеюіне  ауа  қабаты 

өзін-өзі  тазарта  алмайды.  Оны  қорғау  қажет.  Ол  үшін  арнайы 

шаралар  жүзеге  асырылады.  Зауыттарда  тазартқыш  қондырғылар 

орнатылады.  Автокөліктерден  шығатын  түтіннің  жолына  сүзгі 

қойылады. Сұйық отын газбен алмастырылады. 

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру.  

 

301-тапсырма.  Сөйлемдердің  аяқталған  тұсына  тыныс 

белгісін  қойып,  келесі  сөйлемді  бас  әріппен  жазыңыздар. 

Мәтінді азат жолдарға бөліңіздер

  

Ауа  газдардың  қоспасы  оның  иісі  және  түсі  жоқ  мұның 

себебі  ауаның  құрамына  кіретін  газдардың  түсі  және  иісі 

болмайды  ағзалар  тыныс  алғанда  ауадан  оттегін  сіңіріп 

көмірқышқыл газын бөліп шығарады қатты сұйық газ күйіндегі 

отындар  жанғанда  да  оттегі  жұмсалады  өнеркәсіп  орындары 

көптеген  көлік  әр  үй  қаншама  отын  жағады  ендеше  ауадағы 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

380 


оттегі  неге  таусылып  қалмайды  жұмсалған  оттегінің  орнын 

жасыл өсімдіктер толтырып отырады олар қоректенгенде ауадан 

көмірқышқыл газын сіңіріп оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктер 

ауаны  оттегіне  байытады  бұл  оның  қоректік  қасиетінен  де 

пайдалы  жағы  онсыз  тірі  ағзалар  тұншығып  өлер  еді  ауадай 

қажет деген ұғым осындай өмір тәжірибесінен алынған тіршілік 

үшін  аса  қажетті  оттегі  ауаның  үштен  бір  бөлігін  құрайды 

көмірқышқыл  газының  ауадағы  үлесі  оттегінен  700  есе  аз  ауа 

қоспасындағы ең көп газ азот ол ауаның үштен екі бөлігін алып 

тұрады яғни 78 %-ы азот 21 %-ы оттегінің үлесінде.  

 

302-тапсырма.  Мәтінді  оқып  тақырып  қойыңыздар. 

Мәтіннен  сұраулы  сөйлемдерді  тауып,  қандай  сұрақ  екенін 

анықтаңыздар.  

 

 



Бүгінгі  жұртшылық  жаңадан  салынатын  «экологиялық 

кесапаттарға» жол бермесе, бермес. Ал әлдеқашан болып, бояуы 

сіңіп  қалған  «экологиялық  апаттардан»  қалай  құтқара  алады? 

Мәселен,  біздің  республикамызда  мал  бағылатын  жерге  егін 

салынып,  егін  салатын  жерден  кен  қазылып,  кен  қазылатын 

жерге  қала  салу  әлдеқашан  үрдіске  айналған.  Жиырма 

миллиондай гектар тың игеріп, одан бірде бар, бірде жоқ астық 

аламыз.  Оның  үстіне,  жылдан-жылға  былай  да  шөлейттенген 

аймаққа  қалай  болса  солай  «индустриялық  алыптар»  орнатып, 

одан сайын тақырлана түстік. Көмірді де, бокситті де, темірді де, 

тіпті уранды да ашық карьер қазу жолымен өндіреміз. Ал білмей 

тұрып іс қылудан асқан қиянат болушы ма еді?!  

 

303-тапсырма. Топ-топқа бөлініп жұмыс істеңіздер. Мәтін 

бойынша бірнеше сұрақ дайындап, ішінде негізгі сұрақ, жетекші 

сұрақ,  анықтауыш    сұрақтар  болсын.  Сұрақтарыңызға  келесі 

топтың студенттері жауап берсін.  

 

Бақыттың кіндігі – Отан 

 

ХХ ғасыр аяқталды. Ал бұл ғасыр болса аласапыран ғасыр 

болды. Осы ғасырда біздің халықтың басынан өткерген қиямет – 

қасіреті  мол.  Бір  шүкіршілік  етер  жай:  қазақ  халқы  құрып 




Қазақ тілі 

 

381 



кетуден  аман  қалды,  шыққан  тегін  сақтады,  тәуелсіздік  алды, 

түркі  халықтарының  қатарына  қосылды,  әлемдік  қауымға, 

терезесі тең халықтар қауымына мүше болды. 

Шыңғыс  хан  заманасында  айтады  екен:  «Құлаш  бойым 

құласа да, тіккен туым құламасын», – деп, міне, ендігі тілек – осы! 

Қазақта  «бақыт»  деген  ұғым  бар.  Шын  мәнінде  бақытты 

болудың  негізгі  факторы:  ол  –  сенің  тәуелсіз  Отаның,  Ұлы 

тұғырың. Ол – сенің тіккен ордаң, ол – сенің сүйікті жарың, ол – 

сенің  ілгері  басқан  перзентің,  ол  –  сенің  сүйікті  кәсібің,  ол  – 

сенің өсірген, ұшырған ортаң.  

Бақыттың кіндігі – Отан.  

«Отан»  деп  лүпіл  қаққан  жүрек  болса,  «Отан»  деп 

ағындаған тілек болса, «Отан» деп сыбанған білек болса, «Отан» 

деп  ел  үшін  егілген,  халық  үшін  қайысқан  лек  болса,  арман 

орындалды дей бер.  

(«Заман Қазақстан») 

 

 

304-тапсырма. Өлеңді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар. 

Өлеңнен бұйрықты сөйлемдерді тауып, нешінші жаққа қаратып 

айтылғанын баяндауыш формалары арқылы түсіндіріңіздер.  

 

Міне, сонда тазалық! 

 

Қандай болар тазалық,                    Сезімін сатып пұлдама –  

Енді соны жазалық. 

                Міне, сонда тазалық! 

Киім таза болғанмен,                       Ескі әдетті тастаңдар, 

Жүректе болмай арамдық,              Жаңа жолға бастаңдар –  

Қоғамға қол сұқпаса –                     Міне, сонда тазалық! 

Міне, сонда тазалық!                       Қоғам мүлкін қорғаңдар, 

Шын тазалық – жүректе,                 Сенімді бол бар жанға. 

Шын сұлулық – еңбекте.                 Адал болса жүрегің –  

Көптің малын ұрлама.                     Жұрт ілеспей қалар ма! 

Ынтымақты болсаңдар,                   Жауыңа да әділ бол –   

Сырттан жау кеп алар ма!               Міне, сонда тазалық. 

Досыңа да адал бол, 



(К. Әзірбаев) 

 


жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау