Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
372
Сөз тіркестерінен сөйлем жасалады:
Сөз тіркесі
Сөйлем
Бала бөленген бесік, бесіктің үсті,
жеті нәрсе, үстіне жабылады
Бала бөленген бесіктің
үстіне жеті нәрсе
жабылады.
Сол қол, қолына ұстаған, үлкен
шортан, отырғандарға көрсетті,
мақтана көрсетті, ұстаған шортанды
Дәмеш кемпір сол қолына
ұстаған үлкен шортанды
отырғандарға мақтана
көрсетті.
289-тапсырма. Сөз тіркестерін тауып, қалай байланысып
тұрғанын көрсетіп, байланысу түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әрбір
жабылатын нәрсенің өзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп
бесікке көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон. Жабу жүген және
қамшы сияқты бұйымдармен жабылады. Тон, шапан жабу – ер
жеткенде баланың елшіл, халықшыл болуына білдірілген тілек,
жүген – тез өсіп, ат үстінде ойнақ салсын, кебенек пен қамшы ел
қорғайтын ер болсын деген тілекті аңғартады.
Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік және екі-
үш әйелге көйлектік мата береді. Ең қымбат мата бесікке
салушы бәйбішеге беріледі. Қалғандары білезік, сақина,
жүзіктерді бөліседі. Сый-құрмет біткеннен кейін, жиналған
әйелдер үйді-үйіне тарасады.
Қазақстанның барлық жеріне бірдей тараған қазақ бесігінің
бір-ақ түрі бар. Көшпелі не жартылай көшпелі өмір сүрген қазақ
халқы үшін бесіктің қолайлылығы сөзсіз.
290-тапсырма. Орфографиялық, я түсіндірме сөздікті
пайдалана отырып, күрделі сөзге 5 мысал, тұрақты тіркестерге 5
мысал келтіріп, өзіндік ерекшеліктерін талдап көрсетіңіздер.
291-тапсырма. Оқып шығып, мәтіндегі жер, ел, қала
атауларының тарихына зер салыңыздар. Қарамен жазылған
сөздердің сөз тіркесі, не күрделі сөз екенін анықтаңыздар.
Қазақ тілі
373
Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген
Тұран жерінде диқаншылықпен, мал өсірумен қатар алтын,
күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік өскелең
мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-
саттық пен қол өнері дамыған. Түркілердің Мари, Шаш,
Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағұн
сияқты қалалары ежелгі Жібек жолының бойына орналасқан.
Бұл жол Үнді, Қытай, Византия мемлекетерімен сауда-
саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға
жол ашқан. Ерте кездерде-ақ Бағдат обсерваториясы мен
«Даналық үйінің» ғылыми жұмыстарының басты ұйытқысы
Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын
мақтанышпен айтамыз. Бұлардың ішінен теңдесі жоқ үздік
ойшылдарының бірі – шоқтығы биік ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-
Фарабидің есімі ерекше жарқырап көрінеді.
292-тапсырма. Оқып шығып, сөз тіркесінің түрлеріне
қарай талдаңыздар. Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін
көрсетіп, басыңқы сыңардан бағыныңқыға сұрақ қойыңыздар.
Әйел аман-есен босанған күні кешке ауыл жастары
шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады.
Бұған өнерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша жаңа туған
баланы, оның анасын ардақтап ән салып, күй тартады. Қыз-
келіншектер мен бозбалалар айтысып, жеңгендері тоғызын
алып, әртүрлі ойындар ұйымдастырады, түнді қуаныш-
қызықпен өткізеді.
Шілдехананы Жетісу жерінде «шілде күзет» деп те атайды.
Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені
әртүрлі жын-шайтан, перілердің салқынынан қорғап күзету –
халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті. Ерте
заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. Оның
сілемі қазақтарға соңғы уақытқа дейін келген. Шырақ жағып
күзету – соның бір түрі. Жаңа туған баланы алғашқы күндері
шырақ жағып күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала
тастап кетеді деген сенім болған.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
374
293-тапсырма.
Төмендегі
сөздерді
осы
жазылған
тәртібімен оқымай, шахмат атының жүру тәртібі бойынша
оқысаңыздар, ой-пікір туралы айтылған халық мақалы шығады.
уайым
өтесің
теңіз
батасың
қайық
кетесің
тәуекел
түбі
де
мінесің
да
түбі
294-тапсырма. Оқып шығып, әр сөйлемдегі сөз тіркесін
тауып, талдап көрсетіңіздер. Күрделі сөздер мен тұрақты
тіркестерді бөлек-бөлек жазыңыздар.
Ғұлама ғалым ғибраты
Қ.И. Сәтбаев – қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі бай рухани
мұраға зор ілтипатпен қарап, айрықша көңіл бөлген ғалым.
Әсіресе, қазақтың батырлық жырының жарияланып, зерттелуіне
елеулі үлес қосқанын біз әр уақытта да естен шығармауға тиіспіз.
Ғалым 1927 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО халықтары
баспасынан «Ер Едіге» атты кітап шығарды. Қаныш Имантайұлы
даярлаған бұл кітап Едіге жырының Шоқан Уәлиханов пен
профессор П.М. Мелиоранский жариялаған нұсқасы болатын.
Жырдың 1905 жылы шыққан қазақша мәтінін салыстыра отырып,
Қ.И. Сәтбаев үлкен текстологиялық жұмыстар жүргізді. 1905 жылы
профессор П.М. Мелиоранский жариялаған «Едіге батыр»
жырының мәтінінде араб және татар сөздері аса көп еді. Ғалым
жырдың мәтінін қазақ оқырманына түсініксіз араб, татар
сөздерінен түгелдей тазартып, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы
қазақ тілінің жаңа
орфографиясының негізінде
қайтадан
дайындады. Бұл ғалымның жыр мәтінін баспа бетінде жариялар
алдындағы елеулі текстологиялық еңбегі болатын.
295-тапсырма. Жоғарыдағы берілген мәтінге ат қойыңыздар.
Мәтіндегі «тоғыз» деген сөзге назар аударып, тоғызға не
кіретінін анықтаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |