Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет44/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Әмір Хұдайдаттың Моғолстанның ішкі-сырты саясатындағы орны мен рөлі 
қандай болды? 
2. Моғол билеушілерінің арасында орын алған ішкі алауыздықтардың туындау 
себептерін көрсетіңіз.
3. Жетісу жеріне қалмақтар шапқыншылықтарының жиілеу себептері неден 
туындады?
§­5.­XV­ғасырдың­алғашқы­ширегі-XV­ғасыр­аяғындағы­
­­­­­­­Моғолстан­
1428 жылы әмір Хұдайдаттың қолдауымен билікке келген соңғы моғол 
ханы Уәйіс ханның қайтыс болуымен Моғолстандағы билік үшін тартыс 
бұрынғыдан бетер шиеленісті. Екі топқа бөлінген тайпа көсемдерінің бір 
тобы Уәйіс ханның үлкен ұлы Жүністі, екіншілері кіші ұлы Есенбұғаны 
қолдады. Осы кезде әмір Хұдайдаттың кезінде оның билігін қолдап, қасынан 


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
109
табылған кейбір тайпа көсемдері өз беттерімен әрекет жасауға көшеді. Олар 
ендігі тұста Хұдайдаттың балаларына бағынудан бас тартып, өздерінің 
саясатын қолдайтын ханды өз күштерімен билікке әкелуге әрекеттенеді. 
Бұл оқиғалар туралы Мұхаммед Хайдар Дулатидың қалдырған мәліметте-
ріне көз салайық: «Әмірлердің арасындағы алауыздықтың кесірінен әмір
Хұ дайдаттың сыйлы адамдары Иразан барин және Мирак түрікпен екеуі 
Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін адамдары және қару-жарақтарымен 
Хұ дайдаттың ұлы әмір Мұхаммед шаһтан бөлініп, Жүніс ханға барып 
қосылады. Сөйтіп, олар бүлікшіліктің негізін қалайды.
Басқа жамағат осылай Есенбұғаға қосылған еді. Әмірлердің көпшілігі 
Есенбұға хан жағында болғандықтан, моғол еместер одан әрі Моғолстанда 
қала алмады. Отыз мың отбасын басқарып Иразан барин және Мирак 
түрікпен Жүніс ханды алып, Самарқанға бет алды. Есенбұға хан және 
басқа моғолдар Моғолстанда қалды». Бұдан өзге де ортағасырлық деректер
бойынша (Бабырнаме бойынша 3-4 мың отбасымен) шорас тайпасы да осы 
кезде Мәуереннахрға көшкен.
Сонымен 1429 жылдан бастап Есенбұға ханның билік кезеңі бастала-
ды. Оның хандық билікке келуі Есенбұғаны әмір Хұдайдаттың ұлы әмір 
Мұхаммед шаһ, немересі Саййид Әлі бастаған топтың қолдауының нә-
тижесінде жүзеге асқанын көреміз.
Жоғарыда Уәйіс хан қайтыс болып, Моғолстанда берекесіздік жылда-
ры орын алған тұста Әмір Темір ұрпақтарының Шығыс Түркістан аймағын 
басып алуға жаңа, тың күшпен қайта кіріскенін айтқан едік. Сонымен бұл 
кезеңде Ұлықбек мырза Қашқарды басып алып, алдымен, оны өз атынан 
билеуді әмір Сұлтан Мәлік Дулатқа, кейінірек Қажы Мұхаммед Шаистеге 
тапсырған. Одан соң Қашқарды билеуге Пір Мұхаммед барласты жібереді. 
Осылайша ол, әмір Саййид Әлінің әкесі, әмір Хұдайдаттың баласы әмір 
Саййид Ахметті Қашқардан қуған еді. Бұл оқиға осыдан он төрт жыл бұрын 
орын алған еді.
Дулат әмірлері Моғолстанда Есенбұғаны таққа отырғызып, жағдай рет-
телген тұста Қашқарды қайтарып алу сәті туды деп есептейді. «Әмір Саййид 
Әлі осы кезде Қашқарға көңіл аударып, аталарына астана болған мекенді ол 
он төрт жыл өткен соң қайтаруға жағдай туып отыр деп ойлап, (Есенбұға) 
ханнан: «Егер біз ескі ата жұртымызды қайтарып алмасақ, онда толығымен 
хақсыздық болады», – деп рұқсат сұрайды.
Алғашында, дулат әмірлерінің қолдауымен билікті иеленген хан бірте-
бірте оларды биліктен шеттете бастайды. Мұхаммед Хайдар Дулати «хан 
жастығы мен кәмелетке толмауы себепті әмірлерге әдепсіздік көрсетті», – деп 
жазады. Осылайша, Есенбұға хан бірте-бірте дулат әмірлерінің ықпалынан 
құтылуды көздеп, өз маңайына Турфаннан шыққан ұйғырларды топтасты-
ра бастайды. Солардың бірі Темір ханның сеніміне кіріп, қамқорлығына 
ие болады. Ал Мұхаммед шаһ бастаған дулат әмірлері мемлекет істерінен 
шеттетіледі. Мұндай жағдайда дулат және өзге де ықпалды ру-тайпа кө-
семдері бас қосып өзара кеңесе келе, бір күні хан мәжілісіне басып кіріп, 
әлгі Темір ұйғырды ханның көзінше кескілеп өлтіріп, өздері жан-жаққа 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
110
бытырап кетеді. Осындай саяси дағдарыс кезінде арадағы дәнекерлік рөлін 
әмір Саййид Әлі қолына алады. Ол Ақ-Құйашта (Бартольд бойынша бұл 
Іле өзені – авт.) ханмен кездесіп, оны Ақсуға алып кетеді. Осылайша, хан 
Ақсуда әмір Саййид Әлінің қасында қалады.
Ханның Ақсуға кетуімен Моғолстанда қайтадан ішкі тұрақсыздық пен
бей-берекетсіздік басталады. Әмірлер мен тайпа көсемдері өз бетте рін - 
ше әрекет жасап, өмір сүруге көшеді. Кейбір тайпа көсемдері өз наразы-
лықтарының көрінісі ретінде өз тайпаластарымен тұтас көтеріліп көрші 
мемлекеттерге қоныс аударады. Жалпы біз қарастырып отырған кезеңде 
өз жақтастарымен бір мемлекеттен екінші мемлекетке көшіп кету әрекеті 
саяси қарсылық, саяси күрестің бір құралы ретінде көрінетін. Міне, осы 
кезеңде орын алған бұл оқиғалардан Мұхаммед Хайдар Дулати жан-жақты 
хабар береді. Дерекке көз салсақ: «Сол уақытта тағы бір әмір Кәрімберді 
– ол да дулат руынан еді, Моғолстан шекарасында Әндіжан мен Ферғана 
бағытында Алабұға деген жердегі бір төбенің үстіне қорған салды. Күні 
бүгінге дейін оның орны көрініп жатыр. Әмір Кәрімберді Әндіжанға және 
мұсылмандарға шабуыл жасаған.
Әмір Хақберді бекжак Ыстық көлдің Қой су деген жерінде қорған сал-
ған. Ыстық көлдің аралына бала-шағасы мен әйелін қалмақтардың шабуы-
лынан сақтау үшін орналастырып, өзі Түркістан және Сайрамды ойрандауға 
кірісті.
Шорас (Чурас) пен барин тайпаларының әмірлері Исан Тайшының ба-
ласы Амансанжы қалмаққа кетті. Тағы басқа топ қалучи (қалушы), бұлғашы 
(булгачи) және басқа да бірнеше тайпалар Өзбекстанға Әбілқайырдың қол 
астына кеткен еді.
Құнжы әмірлері, тағы басқалары Моғолстан даласын сергелдеңге 
түсіріп, берекетсіздікке ұшыратты».
Бұдан әрі «Тарих-и Рашидидің» авторы әмірлермен ханның арақа ты - 
насының қайтадан қалпына келіп, елде тыныштық орнағанын жазады. Біз - 
діңше, әмір Саййид Әлінің қамқоршылығын қабылдаған хан оның көмегі-
мен моғол әмірлерімен қайтадан келіссөздер жүргізуге мәжбүр болған. Осы 
келісімнің нәтижесінде ғана әмір Хұдайдаттың баласы «әмір Мұхаммед 
шах бірінші болып ханның алдына келеді». Басқаша айтқанда, дулаттардың 
артықшылықтары мен құқықтарын хан қайтадан мойындап, бұрынғы 
қалыптасқан ел билеу дәстүрін сақтап қалуға көшеді. «Одан соң барлық ел 
ханға қайтып оралады. Хан да өзінің жасаған әрекеттеріне өкініп, елімен 
жақсы қарым-қатынас жасай бастайды». 
Жоғарыда айтылған әмір Кәрімберді дулат та өз заманындағы ықпалды 
дулат әмірлерінің бірі болған. Ол Есенбұғаны қодаған әмірлерге қосылмай 
өз иелігінде қалып, 20 жылдай тәуелсіз өмір сүреді. 
Осындай жағдайларға байланысты Есенбұға хан Моғолстанда толық 
тәртіп орнатып, жеке билігін күшейтуге қол жеткізді дей алмаймыз. Бұл ту-
ралы Мұхаммед Хайдар Дулати де оның билігіне қарсы шығып, «ханнан 
бөлініп әрқайсысы өз бетінше кетіп, қорған тұрғызған моғол әмірлері ханға 
да бағынбайтынын» атап көрсетеді. Ал осы кезеңдегі қаңлы аймағының 


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
111
әмірі Хақберді бек Ыстық көлдің Қой су деген жерінде қорған салған. Ыстық 
көлдің аралына бала-шағасы мен әйелін қалмақтардың шабуылынан сақтау 
үшін орналастырып, өзі Түркістан және Сайрамды ойрандауға кірісті. Де-
рек мәліметтеріне қарағанда Моғолстандағы ықпалды ру-тайпалардың бірі 
дулат әмірлерінің бір бөлігі, ал қаңлы, шорас, баарин, қалушы, булғашы, 
қоншы тайпалары толығымен Есенбұға ханды қолдаудан бас тартқан.
Осындай жағдайда хан көрші Мәуереннахрдағы ішкі талас-тартыстар-
да (Ұлықбектің билігінің соңғы жылдары мен оның өлімінен кейін орын 
алған (1449 ж. – авт.) қатысып, өзара қырқысқан ру-тайпа көсемдерін наза-
рын жаулап алу жорықтарына аудармақшы болды. Есенбұға хан 1451 жылы 
Темір әулетінің иелігіне жататын Сайрам, Түркістан, Ташкент қалаларына 
шабуыл жасап, аталған өлкелерді тонап қайтады. Ханның бұл әрекеті бұрын 
да болған еді. Бірақ кейін де ол Мәуереннахр өлкесіне шапқыншылық 
жорықтарын жиілетпесе тоқтатпайды. Ал бұл кезде Мәуереннахрдағы 
билік Әбу Саид мырзаға өткен еді. Бірақ «Сұлтан Әбу Саид мырза бұл ха-
барды естігенімен, Есенбұға ханға тойтарыс беруге дәрменсіз еді. Өйткені 
егер ол Моғолстанға барса, Есенбұға хан Моғолстаннан шеткері кетіп 
қалар еді. Самарқанд әскерлеріне кең байтақ далада Есенбұға ханның қай 
түкпірге тығылып қалғанын табу қиын болмақ. Сондықтан олар амалсыз 
кері қайтпақ. Ал әскерлер кетісімен, Есенбұға хан да өз жұртына қайта 
оралды. Сөйтіп, Есенбұға ханды жазалау мүмкін болмас еді.
Екіншіден, Есенбұға ханның әскерінің көптігінен Сұлтан Әбу Саид 
әмірлері оларға қарсыласуға шамасы келмейтін де еді. Сұлтан Әбу Саид 
әскерімен Иракқа бет алуға мүдделі-тін. Алайда ол жоғарыда айтылғандай 
Есенбұға ханға алаңдап, ол жаққа бара алмай қалды (бұл туралы кейін де 
айтылады). Содан соң ол Иракқа сол жақтан Есенбұға ханның ағасы Жүніс 
ханды алып келген кісіні жіберді, бұл жөнінде жоғарыда жазғанбыз, алда 
тағы баяндайтын боламыз, және де оны Есенбұға ханға қарсы жіберді, 
ондағысы осылайша ағалы-інілі екеуі бір-бірімен тартысып жанжалдасып 
жатса, уәлаяттың шекарасы тыныш табар деген ойы еді».
Осылайша, Әбу Саид мырза ежелгі сенімді әдіс бойынша Моғолстан 
тағына өз адамын қою арқылы бұл елді бағыныштылықта ұстап отыруға 
шешім қабылдайды. Жүніс ханның інісі Есенбұға ханмен билік үшін та-
ласта жеңіліп, өзін қолдаған тайпалармен Самарқандқа кеткенін жоғарыда 
айтқан едік. Сонымен Жүніс хан 1428-1429 жылдан 1455-1456 жылдарға 
дейін Темір әулетінің иелігінде тұрды. Ұлықбек оны кезінде әкесі Шаһрухқа 
аттандырған еді. Міне, осы кезеңде Жүніс хан кейін Темір әулетінің ресми 
тарихын жазған өз заманындағы атақты ойшыл, ғалым Шарафаддин Әли 
Йездидің қасында болып, одан білім алады. Ол Маулананың (Йездидің) жа-
нында 12 жыл болады. Ал, Иезди қайтыс болғаннан кейін, Шираз қаласына 
тұрақтап, сонда ғылымның әр түрлі саласын меңгереді. Яғни ол бұрын-соңды 
билік құрған моғол хандарының ішінен білімділігімен ерекшеленетін.
Әбу Саид мырза Жүніс ханды Моғолстанға аттандырмастан бұрын оны-
мен келісімге келеді. Бұл келісімнің негізгі шарты мен мазмұны Мұхаммед 
Хайдар Дулати еңбегінде келтірілген.


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
112
Осылайша, Темір әулетінің көмегіне сүйенген Жүніс хан Моғолстанға 
оралғанда оған ең алдымен әмір Кәрімберді дулат және құнжы тайпасының 
әмірлері келіп қосылады. 
Дегенмен Есенбұға хан қайтыс болғаннан кейін 1462-1468 жылдар 
аралығында Моғолстан билігі оның баласы Дос Мұхаммед ханның қолында 
болды. Дос Мұхаммед 1462-1468 жылдары билік құрды. Бұл кезеңде Қаш-
қарда әмір Саййид Әлінің үлкен баласы Сансыз мырза билік құрады. Ол 
1464-1465 жылы аңға шыққанда аттан құлап, бөксесі ұшынан бес жерден 
жарақаттанып, ақырында сонда қайтыс болады. Оның артында Мырза Әбу 
Бәкір және Омар мырза атты екі ұл, Сұлтан ханым есімді бір қыз қалады. 
Ендігі жерде Қашқардағы билік Сансыз мырзаның бауыры Мұхаммед Хай-
дар мырзаға өтеді.
Ал Мырза Сұлтан Әбу Саидтен көмек алып, Моғолстанға оралған Жүніс 
ханды Қашқар билеушісі Сансыз мырза қолдаған еді. Жүніс хан негізінен 
Моғолстанда тұрды. Дегенмен ол Есенбұғаға, одан кейін оның ұлы Дос 
Мұхаммедке өткен иеліктерге кіруге батылы бармайды. Мұхаммед Хайдар 
мырза Ақсудағы Дос Мұхаммедті қолдайды. Жалпы, Жүніс хан бұрынғы 
Шағатай ұлысында орын алған көшпелілік пен көшпелі өмір салтын және 
отырықшылық пен қалалық өмір салтын жақтайтын екі топтың арасындағы 
күреске тап болады. Ол өзі қаншалықты қалалық өмірді аңсағанмен оны 
қолдаған көшпелі және жартылай көшпелі ру-тайпалар мен олардың көсемдері 
бұған көнбейтін хан өз талаптарына бағынбайтын болса, олар оған бас тар-
тудан бұрын, оның өзін өлтірулері де ғажап емес еді. Сондықтан, мұндай 
жағдайды өте жақсы түсінген Жүніс хан өзінің қол астындағылардың талабы-
на көнуге мәжбүр болды. Дос Мұхаммед хан қайтыс болған кезеңде, Сансыз 
мырзаның қайтыс болуынан кейін дулаттардың ежелгі иелігі Қашқардағы 
билікті қолына алған Мұхаммед Хайдар мырза Жүніс хан жағына өтеді. Осы-
лайша, Ақсу да Жүніс хан иелігіне қосылады.
Жүніс ханның билік құрған уақытында (1468-1469 және 1487 ж.) 
Жетісуға қалмақтардың шапқыншылығы қайта күшейеді. 1472 жылы Ама-
санжы тайшы бастаған қалмақтар Іле бойында Моғолдарға қатты соққы 
береді. Сондықтан Жүніс хан Сырдария аймағына қашуға мәжбүр болады.
Жалпы Жүніс хан Темір әулетінің өкілдеріне сүйене отырып, Мо ғол - 
станның тек оңтүстік-батыс бөлігіне ғана билік жүргізе алды. Ал оның сол-
түстік және шығыс бөлігі, яғни Жетісу мен Ыстықкөл аймағын қолынан 
шығарып алды. Бұл аймақта қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек және 
қырғыз билеушілері иеленіп алған еді. Жүніс хан бұдан әрі Шығыс Түр-
кістан немесе Маңғылай-Сүбенің билеушілері дулат әмірлерінің арасындағы 
талас-тартыстарға араласады. Ол Қашқар билеушісі Мұхаммед Хайдар мыр - 
заны қолдап, оның ағасы Сансыз мырзадан туылған інісі Әбу Бәкір дулатқа 
қарсы күресіне қолдау көрсетеді. 
Қалыптасқан саяси жағдайға байланысты Жүніс ендігі тұста Моғол-
станнан батысқа қарай, Сайрам, Ташкент өңірін басып алуға ұмтылады. Сон-
дықтан Мәуереннахр билеушілерінің арасында орын алған алауыздықтарға 
араласады. Ол Ош, кейін Сайрам қалаларын иеленеді. Ханның қалалық 


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
113
өмірге қайтадан аңсары ауғанын білген моғолдардың бір бөлігі Жүніс 
ханның бір ұлы Сұлтан Ахметті (ол көбінесе Алаша хан деген атпен белгілі 
– авт.) хан деп аталып, Моғолстанда қалады. Ал, бұл кезде Мұхаммед Хай-
дар мырза дулат Жүніс ханның ұсынысымен ол Сайрамға кеткенде Ошта 
тұрды. Ал, келесі жылы Әбу Бәкірге қарсы аттанып, оның қолына тұтқынға 
түседі. Бір жылдан кейін, оны Бадахшан жаққа жібереді.
Ташкент пен оңтүстік-батыс Моғолстанды ғана билеген Жүніс хан
1487 жылы қайтыс болады. Оның орнына үлкен ұлы Сұлтан Махмұд хан 
билікке келеді. Ал, Жүніс хан 1484 жылы бөлініп, Моғолстанның шығыс 
бөлігінде билік құрған кенже ұлы Сұлтан Ахмет хан 10 жылдай күрес 
жүргізіп, арлат, шорас, қалушы тайпаларын бағындырады. Ол қалмақтарға 
қарсы соғыста сан мәрте жеңіске жеткен, сондықтан олар оны «Алаша хан» 
деп атап кеткен. Себебі «Алаша» қалмақ тілінде «кісі өлтіруші хан» дегенді 
білдірсе керек. Алаша хан аталған мырза Ахмет хан 1503 жылы, ал оның 
ағасы Сұлтан Махмұд хан 1508 жылы Мұхаммед Шайбани ханның қолы-
нан қаза табады. Әмір Жаппарберді Алаша хан қайтыс болғаннан кейін 
жоғарғы билікті басып алуға ұмтылады. Ханның мұрагері Мансұр Ақсудан 
Тұрфанға қашуға мәжбүр болады. Осы кезде Жаппарберді Қашқар билеу- 
шісі мырза Әбу Бәкір дулатты көмекке шақырады. Әбу Бәкірдің көмегімен 
астананы барлық қазынасымен басып алады. Сондықтан Мансұр хан амал-
сыздан әмірмен келісімге келіп, оның барлық шарттарына көніп, әмірге 
«әкесі (Алаша хан) көрсеткен құрметтен де артық құрмет көрсетуге» уәде 
береді. Тұрфан мен Шалыш аймағында билігін сақтап қалған Мансұр хан 
кезінде әмір Жаппарберді ұлыбегі қызметін иеленеді. Жаппарберді кейіні-
рек Ман сұр хан мен Сайид хандар арасындағы 1514 жылы билікті бөлісу 
туралы келіссөздерге де қатысқан Ол XVI ғасырдың 20-жылдары Мансұр 
ханның Қытайға жорығы кезінде қайтыс болады. 
Моғолстан мемлекетінің ыдырап, жойылуының соңғы кезеңінде бұ-
рынғы моғол хандарының ұрпағынан тек сұлтан Махмұд ханның баласы
Сұлтан Саид хан ғана қалады. Ол 1480 жылы дулаттардың иелігі Қашқар дағы 
билікті қолына алған Әбу Бәкір дулатпен күресіп, 1514 жы лы Қаш қардағы 
билікке қол жеткізеді. Міне, осы датаны Моғолстан мемле кетінің құлауы 
әрі жаңа Моңғолия мемлекетінің негізі қаланған дата ре тінде қарастыру 
қалыптасқан. Себебі бұл кезеңде бұрынғы Моғолстан мемлекетінің аума-
ғына кірген Жетісу аумағы қазақ хандарының, Тянь-Шянь аумағы қырғыз 
тайпаларының билеушілерінің қолына өткен еді. Шағатай ұрпағы деп сана-
латын моғол хандары Қашқария немесе Шығыс Түркістанда ғана иеліктерін 
сақтап қалды. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау