І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
72
ланысты оң қанаттық сұлтандар бірінің «Қалайша Ақ Орда сұлтандарының
мына ұрпағы Көк Орда хандарының тағына әмірші болмақ» деп наразылық
білдіргенін айтып өтеді. Бұл келтірілген дерек мәліметтерінен автордың
Жошы ұлысының сол қанатын нақты Ақ Орда деп атап отырғанын көруге
болады. Натанзидің осы мәліметтерін кейінгі
ғасырларда Ахмед Казвини
(XVI ғ.), Хайдар Рази (XVII ғ.) секілді тарихшылар өз еңбектерінде пайда-
ланады.
Ал тарихшылардың келесі бөлігі 1426 жылы жазылған, авторы белгісіз
«Муизз әл-ансаб» атты шығармадағы мәліметке сүйеніп, Көк Орда Жошы
ұлысының сол қанатында болған деп санайды. Шығармадағы Орда Ежен
туралы «Оның ұлдары мен ұрпақтарын Көк Орда деп атайды» деген мәлі-
мет осы пікірге негіз ретінде алынып жүр.
Әбілғазының «Түрік шежіресінде» (XVII ғ.)
Ақ Ордаға қатысты
мәлімет кездеседі. Онда Ақ Орда ұлыс делініп, ұлысты Шибанның ұлы
Бахадүр ханның басқарғаны айтылады. Осы ғасырдың келесі бір тарихшы-
сы Махмуд бен Уәли болса: «Шибан ханның ұлы Бахадүрге келер болсақ,
ол әкесінің орнына ел мен ұлысқа басшылық ете
бастады. Жақын туыстарына, тайпаларына және
төрт қаушынға жиналуға әмір беріп, ол қыстауы
мен жайлауына Жүз Орда ретінде белгілі Ақ Ор-
даны таңдап алды», – деп жазады.
«Ақ Орда» және «Көк Орда» атауына қа-
тысты мәлімет Өтеміс қажының «Шыңғысна ма»
еңбегінде де кездеседі.
Зерттеушілердің пікірін-
ше мұндағы мәліметтердің көбі біржақты, яғни
ши банилік бағытта жазылған мәліметтер деген
қорытынды жасайды.
XX ғасырдың 60-жылдарының басына дейін тарихнамада Ақ Орда ата-
уы Жошы ұлысының сол қанатына қолданылып келеді. М.Г. Сафаргалиев
алғаш рет мұндай қолданысқа қарсы шығып, сол қанатқа қатысты Көк Орда,
оң қанатқа қатысты Ақ Орда атауының қолданылуы дұрыс деп есептейді.
60-жылдардың соңына таман бұл пікірді Г.А. Федоров-Давыдов одан әрі да-
мытады. Ол Натанзидің Ақ Орда әулетінің негізін қалаған Ноғай және оның
ұрпақтары деген мәліметінің қатесін көрсете келе, «екінші бөлініс» жөнінде
тұжырым айтады. Ол бойынша бірінші бөлініс, ол Жошы ұлысының Орда
Ежен және Бату ұлыстары болып бөлінуі де, екінші бөлініске Бату ұлысының
Тоқта мен Ноғай арасында бөлінуі болған
деп санайды және сонда ғана
Натанзидің мәліметі шындыққа айналады. Натанзи мәліметінің қателігін
В.Л. Егоров, В.П. Юдин, Т.И. Сұлтанов және басқалар баса көрсетіп, Орда
Ежен ұлысын Көк Орда, Бату ұлысын Ақ Орда деп жаза бастайды.
Зерттеушілердің талқылауы барысында Шибан ұлысына қатысты мәсе-
лелер көтеріліп, оның қай қанатқа жататыны анықталды. Әсіресе Ақ Ордаға
синоним болған Жүз Орда туралы материалдар
ерекше қызығушылық
туғызады. Жүз Орданың қазақ жүздерімен байланысы бар екені ескеріліп,
Ақ Орда атауы Қазақстан аумағына қайтарыла бастайды. Т.И. Сұлтанов Ақ
IV тарау. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы XIV-XV ғасырлардағы этносаяси өзгерістер
73
Орда атауы алғашында Шибан ұлысына қатысты айтылып,
кейіннен бұл
атау бүкіл Қазақстанға ауысқан деген қорытындыға келеді. К.И. Петров пен
К.А. Пищулина да Шибан ұлысы мен Орда Ежен ұлысының Ақ Орданың
құрамына енгенін жазады.
Моңғол мемлекетінің қос қанатындағы аумақтық-әкімшілік жүйесін
зерттеген В.В. Трепавлов та бұл мәселеге соқпай кетпейді. Оның дәлелдеп
көрсетуі бойынша Жошы ұлысы алғашында Ақ (Бату ұлысы) және Көк
(Орда Ежен ұлысы) Ордалар болып бөлінген де, кейіннен олардың әрқай-
сысы өз ішінде тағы да қос қанатқа жіктелген. Орда Ежен ұлысының шығыс
бөлігі Көк Орда, батыс бөлігі Ақ Орда болған. Шибан ұлысының аумағы
Ақ Орда деп аталған деген тұжырым жасайды.
Жалпы, жоғарыда айтылып өткен Ақ Орда мен Көк Орда атауларына бай-
ланысты талас пікірлерді түйіндей келе мынадай қорытындыға келуге болады.
Біріншіден
, Жошы ұлысының оң қанаты – Көк Орда, сол қанаты –
Ақ Орда делінетін Муин ад-дин Натанзидің
мәліметтерін зерттеушілер
сынға алғаннан кейін дискуссия басталып, керісінше, зерттеушілер енді оң
қанатты Ақ Орда, сол қанатты Көк Орда деп атай бастайды.
Екіншіден
, дискуссия барысында Қазақстан аумағында Шибан ұлы-
сының болғандығы, оның Ақ Орда (синонимі – Жүз Орда) деп аталатындығы,
Шибан ұлысы мен Орда Ежен ұлысының бірігуі Ақ Орда деп аталғаны
дәлелденеді.
Достарыңызбен бөлісу: