Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет76/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
2. ХVІІ ғ. қазақ-жоңғар қарым-қатынасын талдаңыз. 
3. Орбұлақ шайқасының тарихи маңызы.
4. ХVІІ ғ. Қазақ хандығы мен көрші елдер арасындағы саяси қарым-қатынастар.
5. Ортағасырлық деректер негізінде Есім, Тұрсын, Жәңгір хандардың сыртқы 
саясатын талдап көрсетіңіз.
§­7.­XVII­ғасырдың­екінші­жартысындағы-XVIII­ғасыр­басындағы­
­­­­­­­Қазақ­хандығы
ХVII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығыдағы билік Жәңгірдің 
ұлы Тәуекел-Мұхаммед – батыр ханға көшті. Тәуке хан құт қонған парасат-
ты саясаткер, ұтқыр дипломат, әділ хан болды. Тәуке ханның өзіне дейінгі 
билеушілерден ерекшелігі хандықта билердің үстемдігін нығайту арқылы 
орталықтандыру саясатын жүргізді. Билер әдетті-құқық, әскери және идео-
логиялық міндеттерді атқаруда ерекше рөлі болды. Төңірегіне беделді би-
лерді топтастырған Тәуке «билер кеңесінің» қолдауына сүйене отырып, 
хан билігінің конституциялық формасын енгізді. Соныдықтан зерттеулерде 
Тәуке заң шығармашылықтың жаңа кезеңін қалыптастырған хан ретінде 
айтылады. Билер кеңесі ерекше жағдайларда, аса маңызды мәселелерді ше - 
шуге ғана шақырылған. Билер кеңесінің қызметін ретке келтіруде Тәуке
бірқатар шаралар қабылдады. Ол билер кеңесінің өтетін жері мен уақы-
тын белгіледі. Ханның маңызды билік жүйесі болып табылатын билер ке-
ңесі әрдайым Тәуке ханның белгілі бір ордасында: Түркістан қаласы жа-
нындағы Битөбеде, Сайрам қаласының маңындағы Мартөбе және Сырдария 
облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілген. Тәуке 
хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін 
кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырды. Осыдан бастап билер 
кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды 
мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге арналды. Тәуке ханның жеке биліктен, 
институцианалды билікке өтуі ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға 
бағытталған саясат болды. Ол қазақтың Үш жүзінің беделді билерінің 
қатысуымен, билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырды. Ұлы жүзде Төле 
бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше 
болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына 
қарсы қазақ халқының күшін біріктіруге, сондай-ақ хандықта ауыр сындарлы 
кезеңде дұрыс шешім қабылдауға арқау болды. Үш жүздің басын құрудағы 
саяси оқиғада билер кеңесі үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар Тәуке хан 
өзінің билігі мен саясатында «би-батырлар тірегін» кеңейтуге тырысты. 
Кеңеске барлық рулардың қатардағы билер мен әскербасылары және батыр-
лары көптеп шақырыла бастады. Билердің мүддесін көздей отырып, Тәуке өз 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
230
билігін нығайтты. Мұның барлығы қазақ тайпалары мен көшпелілердің ара-
сында жоғары билікті күшейтуге мүмкіндік берді. Сонымен, қазақ қоғамын 
ішкі саяси қайта құрулар хандық үкімет билігін орталықтандыруға тырысқан 
әрекет болды. Ортағасырлық қазақ тарихының білгірі, әлемге танымал Санкт-
Петербург университетінің профессоры Тұрсын Сұлтанов: «Тәуке ханнан 
кейін келте хандар заманы басталды», – деп орынды көрсеткен. Себебі Тәуке 
тұсында жүздерді би билігінде болса, ендігі жерде жеке билікке ұмтылған 
төрелер жүзді бөліп билей бастады. 
Тәуекел-Мұхаммед батыр хан өзінің даналығы, жеке басының қасие-
ті арқасында ел арасында «Әз-Тәуке» деген атаққа ие болған. Қазақ жері-
не орыс елшілігін бастап келген А. Тевкелевтің 1748 жылғы жазған құ-
жат та: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) 
үл кен құрметпен еске алады», – деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке 
заманының Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстінде бозторғай 
жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Ресей шенеулігі 
А.И. Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгей заңгері Ликургпен теңеген 
еді. Тәуке ханның даналығына бас игендердің бір Абай болды. Абай өзінің 
«Ғақлияларының» үшінші сөзінде былай дейді: «Бұл билік деген біздің 
қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғының 
«Қасым ханның қасқа жолын», Әз Тәуке ханның «Күлтөбенің басында 
күнде кеңес болғанда», «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм ол ескі сөздердің 
қайсысы заман өзгергендіктен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын бол-
са, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық 
кісі болса керек еді, ондай кісі, яки тіпті жоқ». 
Тәуке ханның Қазақ хандығындағы билік құрған алғашқы жылдары
оның барлық іс-әрекеті ішкі саяси тартыстан әлсіреген хандықтың ішкі 
жағынан нығайтуға арналғандығын «Жеті жарғының» қабылдауымен негіз-
деуге болады. Тәуке қазақ қоғамындағы қарама-қайшылықтарды шешуде, 
әлеуметтік және құқықтық нормаларды заң жүзінде баянды ете отырып, әр-
бір қауым мүшесі хандықтың қоғамдық құрылымына енуіне мүмкіндік жа-
сады. «Жеті жарғының» қабылдауының басты себебі әдеттегі құқықтық нор-
маларды реттеу қажеттілігінің туындауы, екінші орында саяси-әскери жағ - 
дай болғандығы оның баптарынан анықтауға болады. Тәуке хан 1653-1654 жыл - 
дары хандықтағы билік жүйесіндегі өзгерістер «дала билеушілерін» қолдай 
отырып, 1670 жылдары «Жеті жарғының» қабылдануына алғашқы қадамдар 
жасай бастады. Жазба деректердің орнын толықтыратын, Қазақ хандығының 
тарихына құнды мағлұматгарды қосатын, қазақ халқының дәстүрлі ауыз-
ша тарихы: Тәуке заманын Қазақ хандығының ең бір өркендеген және 
тыныштық орнаған кезі екендігін «Қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған 
заман», «алтын ғасыр» деп айтылады. Тәуке 1653-1654 жылдардан бастап хан 
болды десек, ол Қазақ хандарының ішінде жарты жыл билік құрған хан бо-
лар еді. 1653-1680 жылдар аралығында қазақ жеріне сыртқы шабуылдардың 
толастаған тұсы ретінде қарастыру керектігін, хандықпен шектесіп жатқан 
мемлекеттердің тарихындағы жағдайлар көрсетеді. Тәуке сұлтан хандықтың 
ішкі ісіне жас күнінен араласа бастады. Тәуке сұлтан 14-15 жасында (ша-


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
231
мамен 1649-1650 ж.) Шығыс Түркістанға барғаны туралы Фазыл Чоростың 
еңбегінде берілген үзіндіні келтіре кетейік: «Сол кезде Жәңгір ханнан Жүніс 
қожа атты елші келді, ол Шейх-Хаван Тахур әулетінен тараған. Мына жақтан 
Софы Қожаны, Сеиид Мұхаммед Қожаның баласын жібереді. Ал Жәңгір 
хан Софы қожамен бірге өзінің баласы Тәуке сұлтанды жібереді». Жәңгірдің 
әкесі Есім хан өз заманында Шығыс Түркістанның біраз жеріне билік еткен 
Әбді Рахым ханның қызын алған. Сондықтан Жәңгір хан балаларын өзінің 
нағашы жұртына жиі жіберіп тұрған. Тәуке хан билікке келісімен Қазақ 
хандығында ішкі тартысты тоқтатып, бірлікті күшейтуге барын салғаны 
мәлім. Ал сыртқы саясатта Қазақ хандығы Сыр бойындағы қалаларды өз 
құрамында сақтап қалу үшін күреседі. Сондай-ақ оңтүстік-шығысынан 
жоң ғарлар тарапынан шабуылдар жасалып тұрды. Тәуке ханның хандық 
билігінің кезеңі қазақ жеріндегі ең бір қиын да аласапыран кезді қамтыды. 
Тәуке кезеңінде Қазақ хандығындағы мемлекеттің бірлігі, оның жүргізген 
ішкі саясаты бойынша ірі екі билеуші әлеуметтік топтың да мүддесін қорғай 
отырып, тендікте ұстау арқылы жүзеге асты. Осы әлеуметтік иерархияның 
жоғарғы билеушісі хан болды. Хан қазақ қоғамындағы басқару мен заң 
шығару құқығынан бастап, отбасылық, әскери және әкімшілік тұтқаны 
қолына ұстаған жеке-дара билеушісі еді. Жүздері – кіші хандар, ұлыстары 
– сұлтандар, арыстарды билер, руларды ру ақсақалдары, ал аталарды жасы 
келген, көпті көрген өз ақсақалы басқарды. Бұл билеу тәртібі ертеден келе 
жатқан рәсім болды. Хандық мұрагерлік жолмен хан өлсе, баласы таққа отыр-
ды. Баласы болмаса, аға-інісі не олардың ұрпақтары билеп төстеді. Бірақ хан 
таққа отырған кезде ежелден келе жатқан дәстүр – «хан көтеру» деп аталатын 
сайлаудан өтуге тиісті еді. Ондай сайлауға бүкіл халық қатынасып ханды ақ 
киізге отырғызып, үш рет жоғары көтеріп, үлкен ақсақалдар бата беріп, оған 
барлық ұлыс-тайпа тағзым етеді. Жоғарыда айтып өткендей көшпелі қазақ 
қоғамының ханы өз халқының қамқоршысы болуы қажет және оған барлық 
қауым мүшелері бас иіп таңдауға тиіс болды. Көшпелі хандықтағы ханның 
атқаратын қызметі мен міндеттерін былай көрсетуге болады: Ол бүкіл 
қазақ тайпаларының билеушісі ретінде хандықтағы жерді иеленуге құқылы 
болғандықтан, мемлекеттік территориясын сыртқы жаудан қорғау үшін 
әскери қолбасшы болу міндеті тұрды. Екіншіден, соғыс немесе бейбітшілік 
жариялауды хан шешеді. Үшіншіден, ханға көрші мемлекеттермен қарым-
қатынас орнатуға, сыртқы саясаттағы байланыстарды шешу құқы берілуі. 
Төртіншіден, «Жеті Жарғыда» көрсетілгендей қылмыстыны жазалауда соңғы 
шешімі хан құқығында болды. Бесіншіден, хан қоғам мүшелеріне арналған 
заң шығару қызметі жүктелді және де осы заңның орындалуын қадағалау хан 
мүддесіне берілді. Алтыншыдан, хан салық түрлерін бекіту, салық жинауды 
басқарып отырды. 
Хан ордасы тұрақты жері Қазақ хандығының тарихында үнемі өзгеріске 
ұшырап отырады. XVII ғасыр соңы-XVIII ғасыр басында Қазақ хандығының 
тұрақты орталығы Түркістан қаласы болатын. Тәуке ханға келген орыс 
елшілері Ф. Скибин мен М. Трошин бұл жерде қазақтардың ең жақсылары 
жиылып кеңес құратын деп көрсетеді. Құқықтық мәнге ие хан жарлықтары 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
232
көшпелі қазақ қоғамындағы ерекше құбылыстардың бірі. Хан жарлықтары 
алым-салық төлеу, астана таңдау, әскер ісі, көшіп-қону мәселелерін реттеу 
салаларында біршама орын алды. Қазақ хандығы Тәуке хан тұсында ішкі
саяси тарихы тұрақтылық үшін дала билеушілеріне сүйенген саяси институт-
тарының қалыптасып және нығаюы бағытындағы оқиғалардан тұрады. Тәуке 
ханның өмірден өтуі биліктегі жіктелу, жүздерді билер емес келте хандар-
дың билеуі хандықтағы орталықтанған биліктің ыдрауына әкелді.
Қазақ қоғамындағы реттеушілік қызметті жүзеге асырған «Жеті жарғы» 
құқықтық ескерткіштің қабылдануы XVII ғасырдың екінші жартысына 
тиесілі. Орыс жазбаларында «Тәуке заңдары» деген атпен белгілі. Басты 
жеті мәселені қамтыды. Қазақ қоғамындағы «Жеті жарғының» реттеушілік 
қызметі ХХ ғасырда да сақталды. Оның негізгі қағидалары салт-дәстүрде, 
әдетте орын алып отыр.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау