Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет76/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   107

   7-
ТАРАУ 
 
БАСПА ҚҰРЫЛҒЫСЫ 
 
 
 
 
 
 
    7.1.   
ПРИНТЕРЛЕР 
 
 
 
7.1.1. 
Соққы типті принтерлер 
 
Баспа 
құрылғылары 
дербес 
компьютерлерінің 
шеткері 
құрылғылар  сияқты  түрлі  салаларда  қолданады:  басқару, 
инженерлік, дизайнерлік. 
Принтерлер 
—  ЭЕМ-дан  деректерді  шығаратын  құрылғы,  ол 
ақпаратты 
ASCII- кодтарды графикалық символдарға айналдырады 
жəне осы символдарды қағазда бетіне шығарады. 
Принтерлер  əдетте  екі  режимде  жұмыс  жасайды:  мəтінді  жəне 
графикалық.  Мәтінді  режимде  жұмыс  істеген  кезде  принтер 
компьютерден  принтердің  өзінің  белгі  генераторынан  басып 
шығаруға  қажетті  символдар  кодын  қабылдайды.  Графикалық 
режимде  кескін  нүктелерінің  реттілігі  мен  орналасқан  орнынан 
анықталатын кодтар принтерге жіберіледі. 
Қағазға  кескінді  баспа  тəсілі  бойынша  принтерлер  негізгі  үш 
түрге  бөлінеді:  соққы  əсерлі,  бүріккіш,  фотоэлектронды  жəне 
термолық принтерлер. 
Соққы  әсерлі  принтерлер  немесе  Impact-принтерлер  кескінді 
қағазға механикалық қысыммен бояуы бар лента арқылы шығарады. 
Соққы тетігі ретінде символдар шаблоны (типтер) немесе матрицаға 
конструктивті біріккен инелер пайдаланады. 
Матрицалық принтерлерде (Dot-Matrix-Printer) кескін принтер 
бастиегінде  орналасқан  бірнеше  инелер  арқылы  жасалады.  Инелер 
əдетте  электромагнитті  əдіспен  іске  қосылады.  Әрбір  соққы  инесі 
селеноид  негізінде  тəуелсіз  электромеханикалық  түрлендіргіштің 
қозғалысына  алып  келеді.  Матрицалық  принтер  инелерінің  қозғалу 
принципі 
7.1.-серетте көрсетілген. 
 
 
245 


 
7.1.- сурет. Матрицалық принтер инелерінің қозғалу принципі 
 
Бастиек  көлденең  бағытқа  жылжиды  жəне  қадамдары  қозғалтқышпен 
басқарылады.  Қағазды білік тартып алады, ал  қағаз бен принтер бастиегі 
арасында  бояулы  лента  орналасады.  Принтердің  көбісі  басып  шығаруды 
тікелей  жəне  де  кері  жүрісте  де  жасайды.  Матрицалық  принтерлердің 
баспа сапасы басып шығаратын бастиектің ине санымен анықталады: 9, 18 
немесе 24. 
Осы принтерлер өнеркəсіптік жағдайларда пайдалануға арналған жəне 
қалың  қағаздардан  кəртішкелер,  жинақтаушы  кітапша  жəне  басқа 
қағаздарға басып шығаруға мүмкіндігі бар. 
Матрицалық принтерлердің айтарлықтай кемшілігі соққы принтерлері 
сияқты  шулы  болады.  Қазіргі  уақытта  матрицалық    принтерлердің 
таралуы қысқарды. 
 
7.1.2. Бүріккіш принтерлер 
 
Жұмыс  істеу  принципі  бойынша  бүріккіш  принтерлер  матрицалық 
принтерлерден  айырмашылығы  –  соққысыз  жұмыс  істейді,  ол  басып 
шығарушы  бастиек  диаметрі  миллиметрдің  он  бөліктерінен  тұратын, 
жіңішке  тұмсықшаның  жинағынан  тұрады.  Осы  бастиекте  сұйық  сиясы 
бар резервуар орнатылған, ол тұмсықша арқылы микробөлік ретінде қағаз 
материалына  басылады.  Сияларды  сақтау  екі  құрылмалық  шешіммен 
қамтамасыз  етіледі.  Оның  бірінде  принтер  бастиегі  сия  резервуарымен 
біріктірілген,  бұл  ретте,  сия  резервуарын  ауыстыру  кезінде  бастиекпен 
бірге ауыстырылады. 
 
246 


Басқасы бөлек резервуарын пайдалануды қарастырады, ол капилляр 
арқылы бастиекке сияны бөліп отырады. 
Бүріккіш  принтер  негізінде  сияны  баспаның  мынадай 
тəсілдерімен қолданады: пьезоэлектрикалық, газды көпіршіктер мен 
«Drop-on-Demand» тəсілі
Пьезоэлектрикалық  тәсіл  кері  пьезоəсерді  пайдаланумен 
тұмсықшаны 
басқаруға 
негізделген. 
Өздеріңізге 
белгілі, 
пьезокристалл электр алаңының əсерімен деформацияланады. 
Осы  тəсілді  іске  асыру  үшін  əрбір  тұмсықшаға  диафрагмаға 
байланысқан  жалпақ  пьезокристалл  орнатылған.  Баспа  кезінде 
тұмсықшадағы  пьезоэлемент  тұмсықшаны  бір  босатып  (7.2,  а- 
сурет),  бір  қысып  (7.2,  б-сурет)  оны  сиямен  толтырады.  Кері 
сығылған  сия  қайтадан  резервуарға  ағып  өтеді,  ал  тұмсықшадан 
тамшы  сияқты  шыққан  сиялар  қағазда  нүкте  қалдырады.  Осыған 
ұқсас  құрылғылар  негізінде  Epson,  Brother  компанияларымен 
шығарылады. 
Бүріккіш  принтер  бұрыннан  бері  танымал  болғанымен,  оны 
пайдалану  ұзаққа  созылмады,  оның  бүріккіш  технологиясы  басқа 
принтерлерді  ойлап  табуға  негіз  болды.  Алғашқы  жəне  негізгі 
патент  Canon  компаниясына  берілген.  Hewlett-Packard  осы  салада 
бірқатар  патенттерге  ие,  ол  ThinkJet  көпіршікті  технологияны 
пайдаланумен,  1985  жылы  алғашқы  бүріккіш  принтерді  шығарды. 
Лицензияны алмасу жолымен осы екі компания бəсекелестерге жол 
бермеді – қазір еуропалық нарықтағы бүріккіш принтерлердің 90 
осы екі компанияға берілген
Газды  көпіршікті  тəсіл  жылулық  және  инжектірленген 
көпіршіктер  тəсілі  (Bubble-Jet),немесе  баспаның  көпіршікті 
технологиясы деп аталады, олар 7.3-суретте бейнеленген. 
 
 
 
7.2.-сурет. Пьезоэлементті бүріккіш принтердің жұмыс істеу принципі 
 
247 
 
 


 
 
7.3.-сурет.  Баспаның  көпіршікті  технологиясын  (Bubble-Jet)  пайдаланумен  сияны 
баспаның принципі 
 
 
Принтердің  басып  шығарушы  бастиектің  əрбір  тұмсықшасы  жұқа 
қабыршақты  резистордың  түрінде  қыздырғыш  элементімен 
жабдықталған.  Ол  арқылы  өткізу  кезінде  7  ...  10  мкс-та  жоғары 
температураға  дейін  қызады.  Сияны  буландыруға  қажетті 
температура,  мысалы 
Hewlett-Packard  фирмасының  принтері, 
шамамен  330  °С  –ге  дейін  жетеді.  Өткір  қызу  кезінде  туындайтын 
булы  сия  көпіршігі  (
Bubble 
)  тұмсықшаның  шығыс  тесігі  арқылы 
қажетті  0,16  мм  кем  емес  диаметрлі  сұйық  сияны  шығаруға 
ұмтылады.  Тоқты  өшірген  кезде  жұқа  қабыршақты  резистор  тез 
суиды, булы көпіршіктің көлемі кішірейеді, бұл келесі жаңа порция 
сияны қабылдайтын тұмсықшаны сұйылтуға алып келеді. 
Баспаның  көпіршікті  технологияларын  пайдаланумен  сияны 
баспаның  реттілігі  7.3.-суретте  көрсетілген.  Осы  технологиялар 
Canon, Hewlett-Packard фирмалары пайдаланады. Газды көпіршіктер 
тəсілін 
іске 
асыратын 
принтерлерді 
баспа 
тетігінде 
пьезоэлектрикалық  технологияларды  пайдалануға  қарағанда, 
конструктивті  элементтері  аз  болады.  Осындай  принтерлердің 
беріктігі  мен  ресурстары  жоғары  болып  келеді.  Сонымен  қатар, 
көпіршікті 
технологияларды 
пайдаланумен 
басып 
шығару 
қабілетінің ажыратымдылығын жоғарылатуына мүмкіндік береді. 
 
248 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау