Оқулық: География: Дүние жүзіне жалпы шолу. Тмд елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы



жүктеу 0,67 Mb.
бет6/10
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21353
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақ: №25

Тақырыбы: Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Қоғам мен табиғат арасындағы өзара күрделі байланыстың мәні, табиғат байлықтары және олардың жіктелуі, табиғат ресурстарының қорлары мен таралуы туралы білімдерін толықтыру мен бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, Еуропаның саяси картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (1 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексереді, сосын бір-екі баладан тарихи-географиялық аймақтарды картадан көрсетіңдер деп айтады. Одан кейін өткен сабақтың білімдерін тексереді.

1. Саяси география мен геосаясат нені зерттейді?

2. Алғашқы геосаяси тұжырымдардың негізгі бағыты қандай болды?

3. Қазіргі заманғы геосаяси ағымдар бойынша елдің геосаяси жағдайына қандай факторлар әсер етеді?

4. Дүние жүзінде қанша тарихи-географиялық аймақ бар? Оларды бір-бірінен ажыратуда қандай принциптер пайдаланылған?


Балалар ең алдымен кескін карталарын тексереді де, бұл тарихи-географиялық аймақтарды дүние жүзі саяси картадан көрсетеді. Сосын мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

1. Саяси география дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді, геосаясат мемлекеттердің сыртық саясаты мен олардың бір-бірімене қарым-қатынастарын саяси, экономикалық және әскери-стратегиялық өзара байланыстар тұрғысынан зерттейді.

2. Аумағын ұлғайтуға, аумақтың біртұтыстылыққа, аумақ арқылы еркін қозғалуға ұмтылуға бағытталған.

3. Бұрынғы заманда физикалық-географиялық факторға көп көңіл бөлінеді, қазіргі кезеңде экономикалық факторға көп көңіл бөлінеді.

4. Дүние жүзі географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 16 тарихи-географиялық аймақтарға бөлінеді.


ІІІ

Жаңа сабақты түсіндіргенде ең алдымен адамзаттың өмірі мен ұлттық экономикасы үшін барлық қажеттіліктерін табиғат ресурстарынан қарқынды түрде орасан зор көлемде алуы – жер қойнауы мен қоршаған ортаға, су және ауа кеңістігіне зардабын тигізетін қатерлі құбылысқа айнала бастады деген сөздерінен бастайды.

Сосын өндірісті орналастырудағы ең негізгі фактор – табиғат ресурстары болып табылатындығын айтып, бірақ оның қазіргі келбеті ғылыми-техникалық революция ықпалынан едәуір өзгеруде.

Одан кейін бұл тақырыпты өздерін оқып, шығып мазмұнын айтыңдар деген тапсырманы береді.


Балалар өндірісті орналастырудың негізгі фактор – табиғат ресурстары болып табылатындығын біліп. Қоғам мен табиғаи арасыедағы өзара күрделі байланысты анықтады.

Сосын балалар өз беттерімен табиғат байлықтары мен олардың жіктелуін, табиғат ресурстарының қорлары мен таралуын оқып шығып, бір-біріне айтады, сұрақтар қою арқылы білімдерін бекітеді.



ІV

Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты қалай түсінесіңдер?

2. «Табиғатты тиімді пайдалану» ұғымына өз анықтамаларыңды мысалдар келтіріңдер.

3. Табиғат ресуртарының түрлерін атап көріңдер.

4. Ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткішін қалай түсінесіңдер?


Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Адамзаттың өмірі мен ұлттық экономикасы үшін барлық қажеттіліктерін табиғат ресурстарынан қарқынды түрде орасан зор көлемде алуы.

2. Табиғат ресурстарын шектен тыс жер қойнауынан алмай, табиғат қайта оны өндіріле алатындай көлемде алу.


V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.



Сабақ: №26

Тақырыбы: Табиғат ресурстары және олардың түрлері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсатыЭкологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Еуропаның саяси картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа сабақты түсіндіру (10 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен балаларға осындай сұрақтарды қояды:

1. Табиғат ресурстары дегеніміз не?

2. Неліктен физикалық географияда пайдалы қазбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың, топырақ жамылғысының, судың таралуына көп көңіл бөлінеді?

3. Қазақстан қандай табиғи қорлар жөнінен әлемдік орындарға ие?

4. Неліктен қазіргі табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселелеріне көп көңіл бөлінуде?

Сосын барлық табиғаттағы байлығын табиғи ресурстары делінетіні, адам өмірінде олардың қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдаланылатыны да табиғи ресурстары деп аталатынын айтады.



Сосын балаларға келесі суретті сызғызады.



Ең алдымен балалар сұрақтарға жауап береді.

Сосын табиғат ресурстарын есіңе түсіріп, оларға анықмата береді.

Сосын табиғат ресурстарының жіктемелерін айтады (қолдану аясына қарай, сарқылу дәрежесіне қарай, пайда болу көзіне қарай және т.б.)

Одан кейін сызбаны дәптерге сызып алып, жаттайды, толықтырады.



ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі тапсырманы береді:

1. Бұл сызбаны аяқтаңыз. Сарқылатындарға және сарқылмайтындарға қандай табиғат ресурстар жататынын ойлаңыз.



Одан кейін балаларға жеке-жеке тапсырмаларды береді.

1. Минералдық ресурстары дегеніміз не? Олардың маңызы қандай? Мысал келтіріңіз.

2. Отын-энергетикалық қорлар дегеніміз не? Олардың маңызы қандай? Олар республикамыздың қай өңірлерде таралғанын анықтаңыз.

3. Жер ресурстары дегеніміз не? Олардың маңызы қандай? Олар республикамыздың қай өңірлерде көбірек таралғанын анықтаңыз.

4. Тұщы су ресурстары дегеніміз не? Олардың маңызы қандай?

5. Орман ресурстары дегеніміз не? Олардың маңызы қандай? Дүние жүзінің қай өңірлерде су қоры көп, қай аймақтар суға тапшы?

6. Дүниежүзілік мұхит ресурстары дегеніміз не? Олардың маңызы қандай? Олар дүние жүзінде қалай таралған?

7. Табиғи қорларды тиімді пайдаланудың негізгі жолдарын көрсетіңіз


Ең алдымен балалар өз беттерінше табиғат ресурстарының сарқылу дәрежесі бойынша топтастыратынын есіңе түсіріп, сызбаны сызады.

Сосын жеке-жеке тапсырмаларынды алып, өзінің тиесілі тақырыпшаларын оқып, сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.



ІV

Үй тапсырма:

1. §20, 21 оқып, мазмұнын айту.

2.Тапсырманы аяқтау.

3. Табиғат ресурстарымен толық қамтамасыз етілген мемлекеттер мен табиғат ресурстарына тапшы елдердің тізімін дәптерге жазу.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: №27

Тақырыбы: Дүние жүзінің табиғат ресурстары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру, табиғат ресурстарға шаруашылық баға беруге үйрету, жекелеген табиғат ресурстарының таралу заңдылығы мен негізгі ерекшеліктері туралы білім беру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың дәптерлерін, ондағы орындаған тапсырмаларды тексереді және балаларға келесі фронтальді сұрақтар қояды:

1. Табиғат ресурстары дегеніміз не?

2. Табиғат ресурстар қандай топтарға жіктеледі?

3. Табиғат ресурстарының топтастырылуы олардың қандай белгілеріне қарай жүргізіледі?

4. Адамның шаруашылық әрекеті табиғат ресурстарының қорына қалай әсер етеді?


Балалар мұғалімге дәптерлерін және ондағы орындаған тапсырмаларды көрсетіп, сұрақтарға жауап береді.

1. Қоғамның дамуын қамтамасыз етуші, табиғат сферасында қалыптасатын және оның құрамдас бөліктері болып табылатын материя мен энергияның нақты түрлері табиғат ресурстары деп аталады.

2. Сарқылатын және сарқылмайтын ресурстары, қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.

3. Біріншіден олардың сарқылу дәрежесіне қарай, екіншіден табиғи-экономикалық жағынан.

4. Шаруашылық әрекеті табиғат ресурстарының қорына тікелей әсер етеді, табиғат ресурстары сарқылуда.


ІІІ

Жаңа сабақты түсіндірген кезде дүние жүзіндегі табиғат ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі екенін айтады. Қазіргі заманда дамыған елдер – табиғат ресурстарын тұтунышы, ал дамушы елдер – табиғат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, «мамандану» бір жағынан елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан жекелеген ресурст түрлерінің жер бетінде таралу ерекшелігімен түсіндіріледі.

Дүние жүзіндегі табиғат ресурстарының теңдестігі, олардың қорлары, жағдайы мен пайдалану болашағы қосымшадағы 4-кестеде көрсетілгенін айтып, осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталады.

Ол үшін балаларды жұптарға бөліп, барлық ресурстарды бөліп береді (энергетикалық, минералдық, жер ресурстары, су ресурстары, биологиялық ресурстары, рекреациялық ресурстары, мұхит ресурстары).


Ең алдымен мұғалімді тыңдап, қысқаша конспект жазып отырады. Сосын дүние жүзіндегі табиғат ресурстарының теңдестігі, олардың қорлары, жағдайы мен пайдалану болашағы қосымшадағы 4-кестеде қарап, осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталады.

Ол үшін жұптарға бөлініп, өз тақырыпшаларын оқып, мазмұны айтады, бір-бірін толықтырады, бір-біріне сұрақтар қою арқылы білімдерін бекітеді.



ІV

Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Минералдық ресурстардың аумақта орналасу заңдылығы немен байланысты?

2. Мұхиттық ресурстардың маңызы неде?

3. Суға тапшы және суға бай аудандарды көрсетіңдер.

4. Биологиялық ресурстарға қандай ресурстар жатады?

Тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырманы береді:

1. «Пайдалы қазба кен орындары» картасын пайдаланып, көмір, мұнай, табиғи газ, темір қоры мол кездесетін аудандарды анықтаңдар.

2. Дүниежүзілік су дағдарысынан шығу жолдарын ұсыныңдар.



Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді және тапсырмаларды орындайды.

1. Минералдық ресурстардың негізгі орналасу заңдылығы ұзақ уақыт бойы дамуы т.б.

2. Дүниежүзілік мұхит тек қана биологиялық, энергетикалық, минералдық ресурстар қоймасы емес, сонымен қатар өнеркәсіптің химиялық, фармацевтикалық және өзге де салаларының шикізат қоймасы болып табылады.

3. Суға тапшы аумақтар – Африканың орталыұ бөлігі, суға бай аудандар – Еуропа елдері.

4. Биологиялық ресурстарға өсімдік тектес және жануар тектес ресурстар жатады.


V

Үй тапсырмасы:

1. §22-23 оқып, мазмұнын айту.



2. Географиялық диктантқа дайындалу.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.

Сабақ: №28

Тақырыбы: №3 сарамаңдық жұмыс

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар сабаққа даяр отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптері мен атласы, кескін картасы болады.

ІІ

1 тапсырма. Оқулық мәтіні мен сызбаларды пайдалана отырып, табиғат ресурстардың түрлерін анықтау.

2 тапсырма. Ресурспен қамтамасыз етілу түсінігінің мәнін ашып, дүние жүзі бойынша минералдық, су, жер ресурстарының таралу заңдылығын және осы ресурс түрімен жақсы қамтамасыз етілген елдерді анықтау.

3 тапсырма. Қалауы бойынша төмендегі карталарды талдауға арналған сұрақтар топтамасын анықтау:

- минералдық ресурстар;

- жер ресурстары;

- агроклиматтық ресурстар;



4 тапсырма. Табиғат ресурстарын игеру мен шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемаларға мысал келтіру.

Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда ең алдымен табиғат ресурстарға анықтама беріп, оның жіктемелерін ұсынады (сарқылу дәрежесіне қарай, пайдалануына қарай, т.б.).

Екінгы тапсырманы орындау үшін ең алдымен ресурспен қамтамасыз етілу түсінігіе ашады, содан кейін табиғат ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды, сосын белгілі бірі табиғат ресурспен немесе бірнеше табиғат ресурстарымен толық қамтамасыз етілген елдерді анықтайды.

Үшінші тапсырманы орындағанда минералдық ресурстар, жер ресурстары, агроклиматтық ресурстары карталарына талдау жасайды. Ол үшін талдауға арналған сұрақтарды дайындайды. Мысалы, картадан не берілген?, бұл ресурстың таралу заңдылығы қандай? т.б.

Төртінші тапсырманы орындағанда табиғат ресурстарын игеру мен шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемаларға мысал келтіреді.



ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау