Оқулық: География: Дүние жүзіне жалпы шолу. Тмд елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы



жүктеу 0,67 Mb.
бет2/10
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21353
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақ: №1

Сынып: 10 А

Бекітемін: ­­­_______________ 23.09.15

Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Күні

Нурбалиева Г.С.

Тақырыбы: Жердің геологиялық тарихы.

Мақсаты – оқушылар жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, қорытындылау негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы жайлы білім беру. Жердің геологиялық тарихы, оның негізгі зерттеу кезеңдері туралы, геологиялық жыл санау, геохронологиялық кесте туралы білім беру. Тау жасалу кезеңдеріне жалпы шолу жасау.

Нәтижесінде: Оқушылардың географиялық ой-өрісі дамыиды. Жалпы оқу, шығармашылық іскерліктерін үйренеді, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарасы болады, пәнге деген қызығушылығы артады, танымдық қызығушылығы мен географиялық ойлауы және терминдерді түсінеді.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: СТО Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Сабақтың келесі кезеңінде мұғалім тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жастарының ерекшелігі неде деген сұрақты қояды. Балалар жауап берген соң, анықтама жазғызады. Сосын геологиялық жыл санау деген түсінікке анықтама беріп, одан кейін геологиялық жыл санауды геохронологиялық кесте арқылы жүргізілетінін айтады. Сосын балаларға кеохронологиялық кестеге қарап, қанша эраларға және дәуірлерге бөлінетінін сұрайды. Басты геологиялық оқиғалар мен тіршіліктің даму кезеңдеріне тоқталады. Сосын тау жасалу кезеңі деген не және қандай қатпарлықтарға бөлінетінін сұрайды. Келесі кезекте қатпарлықтарға қысқаша сипаттама беріңдер деген тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.

Оқушылар қысқаша конспект жазып отырады, сұрақтарға жауап береді.

Қатпарлықтарға қысқаша сипаттама береді.


ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға екі параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін келесі сұрақтарды қояды.

1. Дүние жүзі тарихы неше эраға бөлінген?

2. Әрбір эра өз ішінен қандай дәуірлерге бөлінеді?

3. Эралар мен дәуірлердің атаулары ненің құрметіне осылай аталған?

4. Қатпарлық дегеніміз не?

5. Жер тарихында қанша қатпарлықтар өтті?

Тапсырмалар.

1. ТМД аумағында силур және перм дәуірлерінде қандай таулар пайда болған? Осы дәуірге тән өсімдіктер мен жануарларды дәптерге жазыңдар.

2. ТМД картасынан Кавказ тауларын, Памирді тауып, геохронологиялық кесте бойынша олардың түзілген уақытын анықтаңдар.


Балалар параграфты оқып шығады. Сұрақтарға жауап береді, және тапсырмаларды орындайды. Түсінбеген жерлерін сұрайды.

ІV

Үй жұмысы:

1. §4, 5 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

3. Геохронологиялық кестені сызып, жаттау.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Оқушының аты

Сұрақтарға жауап

Білемін білдім білгім келеді













Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


Сабақ: №7



Тақырыбы: Бастапқы бақылау жұмысы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – балалардың 9 сыныпта алған білімдерін еске түсіру және бекіту

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы

Сабақ түрі: Қайталап, қорытындылау сабағы

Сабақ жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады да, кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылардың бақылау дәптерлері немесе қағаздардың бар-жоқтығын тексереді. Балаларды нұсқаларға бөледі.



Оқушылар мұғаліммен амандасады және сабаққа дайындалады.

ІІ

І нұсқа

1 тапсырма. Көлік кешені. Міндеті мен түрлері

2 тапсырма. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына кешендік сипаттама

  • ЭГЖ

  • Табиғат жағдайлары мен ресурстары

  • Халқы

  • Шаруашылығы

  • Ірі қалалары

  • Қорытынды

3 тапсырма. Қазақстанның геосаяси жағдайы

4 тапсырма. Терминдерге анықтама бер: урбандалу, этнография, диаспора, мелиорация

ІІ нұсқа

1 тапсырма. Шаруашылықтың құрамы мен құрылысы

2 тапсырма. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданына кешендік сипаттама

  • ЭГЖ

  • Табиғат жағдайлары мен ресурстары

  • Халқы

  • Шаруашылығы

  • Ірі қалалары

  • Қорытынды

3 тапсырма. Қазақстанның геосаяси жағдайы

4 тапсырма. Терминдерге анықтама бер: миграция, демография, депортация, рекреация

Тапсырмаларды орындайды.

ІІІ

Мұғалім жалпы сабақ барысын қорытындылайды. Сосын оқушыларды үзіліске жібереді.

Оқушылар үзіліске шығады.



Сабақ: №8

Тақырыбы: Литосфера және оның даму заңдылықтары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Литосфера және литосфералық тақталар туралы түсінікті кеңейту, геосинклиналь, платформалар туралы білімді беру, литосфералық тақталардың қозғалыс типтері, жер қыртысының түрлері туралы білімдеріңді молайту.

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15 мин)

V кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп, сосын орындаған тапсырмаларды тексереді. Қателіктерін айтады. Сосын оқушыларға фронтальді сұрақтарды қояды.

1. Географиялық объектілер мен құбылыстарды карталарда бейнелеудің толықтығы және егжей-тегжейлігі неге байланысты?

2. Топографиялық карталарда шартты белгілердің қандай түрлері қолданылады?

3. Азимут деген не және ол не үшін керек?

4. Карталарды масштабына қарай нешеге бөледі?

5. Дүние жүзі тарихы неше эраға бөлінген?

6. Әрбір эра өз ішінен қандай дәуірлерге бөлінеді?

7. Эралар мен дәуірлердің атаулары ненің құрметіне осылай аталған?

8. Қатпарлық дегеніміз не?

9. Жер тарихында қанша қатпарлықтар өтті?



Мұғалімге өз дәптерлерін тексеруге береді.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім литосфера деген не? деген сұрақтарды қояды.Сосын жер қыртысының 90 пайызын 8 элемент құрайтынын айтады: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний. Сосын тектоника ғылымында ұзақ уақыт бойы жер қыртысының платформалық-геосинклинальдық дамуы жайлы тұжырымдама басым екенін айтады және тақырыптан геосинклиналь мен платформаларға анықтама жазыңдар деген тапсырманы береді. Соңғы кезде ғалымдар арасында қолдау тапқан екінші ғылыми тұжырымдама – литосфералық тақталар қозғалысы екенін айтады. Сосын жер беті орасан зор 8 литосфералық тақталардан тұрып, олар өздері қозғалыс жасайтынын айтады. Тақталардың қозғалысы нәтижесінда (жылына 2-3 см жылдамдықпен) қандай жер бедері пішіндері қалыптасатынын сұрайды (таулар, су асты жоталар, терең шұңғымалар). Геологиялық уақыт аралығында материктер орнының өзгеруі ондағы табиғат жағдайларының өзгеруіне себепші болды, тақталар қозғалысы мен тіршілік дүниесінің даму тарихы бір-бірімен тығыз байланысты. Тіршілік дүниесінің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым палеонтология деп аталады. Одан кейін материктер мен мұхиттар пішінінің өзгеруін 7-сурет арқылы түсіндіреді. Одан кейін жер қыртысы құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық болып бөлінетінін айтады. Материкті жер қыртысы шөгінді жыныстар, гранит және базальт қабаттарынан тұрады,ал мұхиттық жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді жыныстар қабаты жұқалау болып келеді. Материктік жер қыртысы платформалар мен геосинклинальдарға бөлінеді. Негіздері архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформалар қалқандар мен тақталардан тұрады. Қалқандарда кристалды жыныстар жер бетіне шығып, оларға қыратты-үстіртті жер бедері сәйкес келеді. Платформаның қалқаннан тыс, шөгінді жыныстармен жабылған бөлігін тақта деп атайды. Ал геосинклинальдар аумағында тектоникалық жарықтар жиілігі жоғары болғасын, ішкі күштер ықпалы күшті. Мұнда қатпарлану жүреді, нәтижесінде антиклинорийлер (тау жоталары) және синклинорийлер (тауаралық және тау алды ойыстары) түзіледі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мұғалімді тыңдайды, білген білімдерін еске түсіреді.

Қысқаша конспект жазып алады.



ІV

Материалды бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды.

1. Жер қыртысының құрамы қандай?

2. Жер қыртысының қалыптасуы мен дамуы жайлы қандай тұжырымдамалар бар?

3. Материктер мен мұхиттар орны мен пішінінің өзгеруі қандай қозғалыстар нәтижесінде жүзеге асады?

4. Платформаның құрылымдық бөліктерін атаңдар.


Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.

V

Үй жұмысы:

1. §6 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға литосфералық тақталарды түсіру.


Оқушылар үй жұмысын жазып алады.




Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: №9

Тақырыбы: Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтар ішкі күштер мен сыртқы күштер әрекеті нәтижесінде пайда болған жер бедерінің қалыптасуы, оның негізгі заңдылықтары туралы білімді кеңейту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балаларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтарды қояды.

1. Жер қыртысының құрамы қандай?

2. Жер қыртысының қалыптасуы мен дамуы жайлы қандай тұжырымдамалар бар?

3. Материктер мен мұхиттар орны мен пішінінің өзгеруі қандай қозғалыстар нәтижесінде жүзеге асады?

4. Платформаның құрылымдық бөліктерін атаңдар.

Сосын дәптерлер мен кескін карталарын тексереді де, литосфералық тақталарды картадан көрсетіңдер деп тақта алдына балаларды шығарады.



Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім жердің жер бедерінің барлық пішіндерінің қалыптасуына әсер етуші күштер екі топқа – ішкі және сыртқы күштерге жіктеледі. Ішкі күштер жердің ішкі қойнауындағы жылу, химиялық және радиоактивтік энергия әсерінен жер қыртысында тау түзілуі мен тербелмелі қозғалыстарды туғызады.

Сыртқы күштер әрекетінеүгілу, эолдық әрекеті, ағын су әрекеті, жер асты суларының әрекеті, мұздықтардың әрекеті, адам әрекеті жататынын айтады. Сосын балаларды топтарға бөліп, оларға жер бедерінің қалыптасу күштерін бөліп береді. Сосын балалар оқыған тақырыптары бойынша сабақ айтады, бір-бірін толықтырады, бір-біріне сұрақтарды қояды. Мұғалім балалармен бірге сабақ талдайды.



Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді. Сосын топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғады, бір-бірін толықтырады, бір-біріне сұрақтарды қояды. Мұғаліммен бірге сабақ талдайды.



ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін келесі тапсырмаларды береді.

1. Жер қыртысының құрылысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, материктер мен мұхит табанындағы жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндерін анықтап, олардың жер қыртысының қандай құрылымдарына сәйкес келетінін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.

2. Үгілудің, ағын судың, желдің, жер асты судың, мұздықтардың, теңіздің, соқпа толқынның, адам әрекетінің жер бедерінің әсер ететініне мысалдар келтіріңдер.

3. Көрсетілген объектілердің қайсысы тауға, қайсысы жазыққа жататынын анықтап, бөліп жазыңдар: (Альпі, Тибет, Орта Сібір, Анды, Арабия, Ұлы Қытай, Гималай, Скандинавия, Кавказ, Орта Сібір).



Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тапсырмаларды орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.



Сабақ: №10

Тақырыбы: Атмосфера және оның қасиеттері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Атмосфера, оның құрамы мен маңызы, атмосфераның құрылысы, атмосфераның жылынуы және атмосфера құрамындағы ылғал туралы түсінікті молайту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен атмосфера – Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасын, тығыздығы мен құрамын сипаттап жазғызып алады. Сосын атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметін сипаттап береді. Мысалы, азот белок заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді минералды корекпен қамтамасыз етеді. Сосын атмосфера құрылысын 8-сурет арқылы түсіндіріп, тропосфера, стратосфера, мезосфера, экзосфера қабаттарынан тұратынын айтады.

Сосын күн энергиясы дегеніміз не деген сұрақты қояды. Яғни, күн радиациясы – Күннен шығатын сәулелі энергия (Дж/см2). Оның түрлері шашыранды, тура, жыинтық, жұтылған, шағылысқан күн радиациялары. Оған жеке сипаттама береді. Сосын балалардан атмосфера құрамындағы ылғал деген не сұрайды. Кітаптан абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылық анықтамаларын жазып еске түсіріңдер деп тапсырма береді.



Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.

Оқушылар жалпы географиялық картаның негізі мен кескіндеулерді сызып, барлық терминдерді теріп жазады.



ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға екі параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін келесі сұрақтарды қояды.

1. Атмосфераның құрамы қандай?

2. Атмосфера құрамындағы газдардың қандай маңызы бар?

3. Атмосфераның қандай қабаттарын білесіңдер?

4. Салыстырмалы және абсолюттік ылғалдылық дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі неге әртүрлі?


Балалар параграфты оқып шығады. Сосын параграф соңындағы тапсырмаларды орындайды.

ІV

Үй жұмысы:

1. §7, 8 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға жер бедерінің ірі пішіндерін түсіру.

3. Параграф соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау