үшін, сайын, арқылы, бойы,
шамалы,
т.б.; 2) барыс септікті меңгеретін септеуліктер:
қарай, та-
ман, дейін, шейін, тарта, жуық,
т.б.; 3) шығыс септікті меңгеретін
септеуліктер:
кейін, соң, бұрын, бері, гөрі, бетер,
т.б.; 4) көмектес
септікті меңгеретін септеуліктер:
бірге, қатар, қабат, қоса.
Тіркесетін сөзіне үстейтін негізгі грамматикалық мағынасына
қарай: 1) мезгіл, мекен мағынасындағы септеуліктер:
үйге дейін,
ертеңге шейін, кешке таман, күзге салым
т.б.; 2) амал мағыналы
септеуліктер:
анасымен бірге, көпір арқылы, жоспар бойынша,
т.б.; 3) мақсат мағыналы септеуліктер:
оқу үшін, анасына бола,
т.б.;
4) қатыстық мағыналы септеуліктер:
жұмыс жайлы, адамгершілік
туралы, жоспар жөнінде,
т.б.; 5) теңеу мағыналы септеуліктер:
күн
сияқты, гүл тəрізді,
т.б.
Демеулік щылаулар жалғаулық жəне септеулік шылаулардан
грамматикалық қызметі жағынан ерекшеленеді. Егер жалғаулық,
111
септеулік шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара бай-
ланыстырып, олардың арасындағы грамматикалық қатынасты
анықтаса, демеулік шылаулар өзі тіркесетін сөзге əртүрлі қосымша
грамматикалық мағына үстейді. Мысалы:
мен де, айттыпты-мыс,
жақсы-ақ,
т.б.
Демеулік шылаулардың шылау категориясының бір түрі ре-
тінде танылуында бірізділік болғанымен, оны іштей саралауда
жəне мағыналық топтарының атауларында бірқатар алшақтықтар
кездеседі. Мысалы, 1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілінде» демеуліктер
сұрау, жалынышты тілек, тежеу, күшейту, кісінің көңіл-күйін
білдіретін, сенімділік, кекесін мағынасындағы демеуліктер болып
7 түрге бөлінсе, «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) сұраулық
демеуліктер, күшейту, даралау мағынасындағы демеуліктер, тежеу
мағынасындағы демеуліктер, қарсы қою, салғастыру мағынасындағы
демеуліктер, көңіл күйін білдіретін демеуліктер, модальдық
демеуліктер болып 6 түрге бөлінеді. Ал «Қазақ грамматикасында»
(2002) сұраулық демеуліктер, күшейтпелі демеуліктер, шектеу (те-
жеу) демеуліктері, болжалдық демеуліктер, болымсыздық, қарсы
мəнді, салыстыру мағынасындағы демеуліктер, нақтылау мəнді
демеуліктер, қомсыну мəнді демеуліктер тəрізді 7 түрі көрсетіледі.
А. Ысқақовтың еңбегінде де сұраулық, күшейткіш, нақтылық, шектік,
болжалдық, болымсыздық, қомсыну тəрізді 7 түрі анықталады. Ал
Н. Оралбай шектеу (тежеу) демеулігін шектеу демеулігі жəне тежеу
демеулігі деп жеке алып, демеулік шылаулардың 8 түрін көрсетеді.
Демеулік шылаулардың ішінде ең жиі қолданылатыны – сұраулық
демеуліктер. Мағынасы жағынан заттың, құбылыстың жайын, күйін,
белгілі бір хабарды білу үшін қолданылады. Қазақ тіліндегі сұраулық
демеуліктерге
ма, ме, ба, бе, па, пе, ше
шылаулары жатады.
Күшейткіш демеуліктері сөйлемдегі өзі қатысты сөздің
мағынасына күшейту мəнін үстейді. Мұндай қызметті
-ай, -ақ, -ау,
да,де, та, те
шылаулары атқарады.
Шектеу, тежеу демеуліктері белгілі бір қимылға, затқа, амалға,
мезгілге, т.б. тежеу, шек қою мағынасын үстейді. Демеуліктердің бұл
тобына
ғана, қана, -ақ
шылаулары жатады.
Болжалдық демеуліктер сөйлемде айтылған ойға күмандану,
сенімсіздік, көмескілендіру, мысқыл, кекесін мағынасын үстеу үшін
қолданылады. Бұл топқа
-мыс, -міс, -ау
шылаулары жатады.
Болымсыздық демеуліктері сөйлемдегі өзі қатысты сөздің
мағынасына қосымша болымсыздық, салыстыру мəнін үстеу
112
үшін қолданылады. Болымсыздық мағына
түгіл, тұрсын, тұрмақ
демеуліктері арқылы беріледі.
Нақтылау демеулігі жеке сөздер мен сөз тіркестері арқылы
берілген мағынаны нақтылау үшін қолданылады. Нақтылау
мағынасы
қой, ғой, -ды, -ді, -ты, -ты
демеуліктері арқылы беріледі.
Қомсыну демеулігі өзі қатысты сөзге қомсыну, көңілі толмау,
кемсіну мағынасын үстейді. Қомсыну мағынасы бір ғана
екеш
демеулігі арқылы беріледі.
Сонымен шылау сөздер басқа көмекші сөздерден (көмекші
есім, көмекші етістік) ерекше қолданысы мен грамматикалық
мағыналарының сипатына қарай дараланып, жеке сөз табы ретінде
қарастырылады.
«Көмекшілердің даму дəрежесінің түрлілігі олардың бəрі
грамматикалық мағынаға көшкен деген пікірге күмəн туғызады,
бірақ əзір бұл бағытта зерттеу жұмыстары аз» екендігін ескерсек,
көмекші сөздердің бір түрі – шылаулардың да грамматикалық болмы-
сы, тілдік табиғатына қатысты əлі де болса тереңірек зерттеуді қажет
ететін мəселелер баршылық. Соның бірі – шылаулардың сөйлем
мүшелеріне қатысы, яғни синтаксистік қызметі туралы мəселе. Шы-
лау сөздердің сөйлем ішінде өз алдына жеке сөйлем мүшесі қызметін
атқармайтыны белгілі. Алайда олардың «грамматикалық мəнділігінің
негізгі мағынамен бірге тіркесті сөздің ұғымын кеңейтіп, белгілі бір
сөйлем мүшесі қызметінде көріне алуын» ескерсек, негізгі сөздермен
тіркесу қабілеті олардың лексика-грамматикалық мағынасының
нақтылануына ғана əсер етпей, сөз бен сөз арасындағы байланысу
тəсіліне арқау болып, соның негізінде сөз тіркестерінің белгілі бір
синтаксистік қатынаста болуына əсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |