Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет85/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   116

250 
 
есептеудің =С4*0,17 формуласын енгізу үшін, төмендегі іс -əрекеттерді 
орындау керек. 
• 
формула енгізілетін D4 ұяшығын белгілеу; 
• 
[=] (тең) пернесін баса отырып формуланы енгізуді бастау; 
• 
С4 ұяшығына тышқанмен шерту; 
• 
«*» символын енгізу; 
• 
0,17 санын теру; 
• 
формуланы енгізуді | батырманы басумен аяқтау. 
3. 
Формулаларды  теңдік  белгісінсіз  енгізу.  Формулаларды  теңдік 
белгісінсіз  енгізуге  болады,  себебі,  теңдік  белгісі  сияқты  қосу  жəне 
азайту  белгілері  де  формуланы  индентификациялау  үшін  қызмет  етеді. 
Бұл белгілер формулада бірінші сандық мəндерге жатады. 
Excel  бағдарламасы  қосу  мен  азайту  белгілерінен  басталатын 
берілгендерді  формула  ретінде  қарастырады.  Қосу  жəне  азайту 
операторларынан басталатын формуланы енгізгеннен кейін жəне [Enter] 
пернесін  басқаннан  кейін  бағдарлама  автоматты  түрде  формуланың 
алдына теңдік белгісін қосяды. 
Біздің  мысалымызда  D4  ұяшығына  формуланы  енгізу    үшін, 
курсорды  D4  ұяшығына  орнатып,  +С4*0,17  формуласын  енгізу  жəне 
[Enter] пернесін басу жеткілікті; бұл жағдайда сыйақыны есептеу жүзеге 
асырылады. 
Формулаларды  көшіру  тәсілдері.  Сонымен,  біз  жоғарыда 
сипатталған  енгізу  тəсілдерінің  бірімен  D4  ұяшығына  формуланы 
енгіздік.  D4  ұяшығы  берілгендерді  есептеудің  бірінші  ұяшығы.  Н.Г. 
Антоновқа  сыйақыны  есептеу  үшін,  D5  ұяшығына  =C5*0,17  
формуласын енгізу керек. Бір бағандағы есептеу формулаларының бір - 
бірінен  айырмашылықтары  тек  жолдың  нөмірінде  ғана  болатынын 
ескерейік.  D  бағанындағы  қалған  ұяшықтарды  осындай  принциппен 
толтыруға болады. Бұл нəтижені əлдеқайда тезірек алуға да болады. 
Тəжірибеде бір типті формулаларды бағанның əрбір ұяшығына енгізуді 
орындамауға  тырысады,  себебі  мұндай  əрекет  тиімсіз  болады.  Excel 
бағдарламасы 
əуел 
баста 
есептеулерді 
автоматтандыру 
үшін 
құрылғандықтан,  бір  типті  формулаларды  бағанмен  жəне  жолмен  тез 
есептеу мүмкіндігін оған енгізді. 
Әдетте, кестені толтыру барысында, есептеу формулаларын тек бірінші 
жолға  немесе  бірінші  бағанға  енгізеді,  ал  кестенің  қалған  бөлігін  көшіру 
немесе  толтыру  режимдерінің  көмегімен  формулалармен  толтырады. 
Формулаларды  көшіру  барысында  ұяшықтардың  сілтемелері  автоматты 
түрде өзгереді. Формулаларды көшіру əдістерін қарастырайық. 
1. 
Формуланы  Түзету  мəзірінің  Көшіру  жəне  Қою  командаларын 
қолдану арқылы көшіру. D бағаны бойынша сыйақының мəнін есептейік. 
Әдетте, көшіру Түзету мəзірінің командаларымен жүргізіледі. Бұл үшін 
төмендегі іс – əрекеттерді орындау керек: 
• 
бағанның жоғарғы ұяшығына формуланы енгізу; біздің мысалымызда 
D4 ұяшығына =C4*0,17 формуласын енгізу. 


251 
 
11.12. 
–сурет.  Түзету  мəзірі 
командаларын  қолдану  арқылы 
формуланы көшіру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
• 
D4 ұяшығын белсенді (белгілеу) ету; 
• 
Көшіру жүргізетін D5:D11 ұяшықтар аймағын белгілеу; 
• 
Түзету/Көшіру командаларымен формуланы енгізу; 
• 
Түзету/Қою командалары арқылы формуланы қою (11.12- сурет). 
Бұл операцияларды орындағаннан кейін формула көшіріледі жəне 
ұяшықтарда  есептеу нəтижелері пайда болады. 
Жоғары  көрсетілген  іс  –  əрекеттерде  Түзету/Көшіру командаларын 
құралдар      панеліндегі      Көшіру     
      батырмасымен,  ал  Түзету/Қою 
командаларын Қою 
 батырмасымен алмастыруға болады. 
2.
Формуланы  толтыру  маркері  көмегімен  көшіру.  Бұл  тəсіл 
формуланы тезірек көшіруге мүмкіндік береді. 
E  бағанымен  есептеу  жүргізейік.  Бұл  үшін,  Е4  ұяшығына  =C4+D4 
формуласын  енгіземіз,  содан  кейін  баған  бойынша  төмен  қарай 
формуланы көшіру жүргізіледі. 
Е  бағанымен  формаланы  көшіру  үшін,  төмендегі  іс  –  əрекеттерді 
орындау керек: 
•  бағанның  жоғарғы  ұяшығына  (Е4  ұяшығына)  формуланы  енгізу 
жəне   
   батырмасын  басу;  бұл  жағдайда  белсенді  ұяшықтың  адресі 
өзгермейді. 
• 
Е4  белсенді  ұяшығының  толтыру  маркеріне  тышқанның 
көрсеткісін əкелу (белгіленген ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышындағы 
қара төртбұрыш), содан кейін көрсеткі крестик формасына ауысады. 
• 
тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, ұяшықтарды үшін 
жиектелген рамканы созамыз (11.13- сурет) 
Сіз тышқан батырмасын жібергеннен кейін, формулалар көшіріледі 
жəне ұяшықтарда есептеу нəтижелері пайда болады. 
Көшіруді  төрт  жаққа  жүргізуге  болады,  бірақ,  біздің  мысалымызда 
біз баған бойымен төмен көшіреміз
 
 


252 
 
 
11.13.-сурет. Маркер көмегімен формуланы көшіру 
Автоматты  толтыру  функциясын  мəзір  көмегімен  де  орындауға 
болады.  Бұл  үшін  Е4  ұяшығына  есептеу  формуласын  енгізгеннен 
кейін,  Е4:Е11  ұяшықтар  диапазонын  белгілеп  алу  керек,  содан  соң 
Түзету/Толтыру  командаларын,  ал  ашылған  мəзір  астында  толтыру 
бағытын анықтайтын  команданы  таңдау  керек.  Біздің  мысалымызда 
Төмен командасын таңдаңыз. 
3.  Формуланы толтыру маркеріне тышқанның екі рет шертуімен 
көшіру.  F  бағанында  жеке  тұлғалар  үшін  табысынан  салық  есебін 
жүргіземіз, негізгі жұмыс орны бойынша қызметкерлер үшін ол 400 
руб-ды  алып  тастағанда,  есептелген  соманың  13%–ын    құрайды. 
Біздің мысалымызда аталған жұмыс барлық қызметкерлердің негізгі 
жұмыс  орны  жəне  олардың  бəрі  де  жалақыдан  ұстап  қалуға  өтініш 
жазған деп есептейік. 
Онда  F4  ұяшығы  үшін  есептеу  формуласы  =(Е4—  —400)*0,13 
түрге  ауысады.  Формулада  дөңгелек  жақшалар  бар  екеніне  назар 
аударыңыз,  олар  математикалық  есептеулерді  орындағанда  жоғары 
басымдылыққа ие. 
Бұл  формуланы  F4  ұяшығына  жоғарыда  ұсынылған  тəсілдердің 
біреуімен енгізейік. 
Формуланы  көшіру  үшін,  F4  ұяшығын  белсенді  етіп  қою  керек, 
курсорды  толтыру  маркеріне  апарып,  ол  қара  крестик  түріне 
келгенше  маркерге  екі  рет  шерту  керек.  Формула  баған  бойынша 
көшіріледі  де,  ұяшықтарда  есептеулердің  нəтижелері  пайда  болады. 
Егер,  кестенің  көрші  сол  жақ  бағанында  берілгендермен 
толтырылмаған  бос  ұяшықтар  болса,  бұл  тəсіл  қолданылады.  Бұл 
көшірудің ең тез тəсілі болып табылады. 
4.  Массив  формуласын  көшіру.  Кестенің  соңғы  бағанында  жол 
бойымен  қорытынды  (жалпы  сома,  барлығы)  сома  есептеледі.  G 
бағанында есептелген сома мен ЖТТС –ның айырмасы ретінде қолға 
берілетін сома есептеледі. 
Қолға  берілетін  соманы  анықтауға  G4  ұяшығы  үшін  есептеу 
формуласы =E4-F4  түрінде  болады.  Оны бір  рет енгізіп,   көшіруге 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау