8
өзендердің су шығынын өлшеуге және оған қатысты жұмыстарды дұрыс
жоспарлауға негіз салды. Омар Хайям көптеген карталар жасады. Яқут
Хамави географиялық сөздік – сол кезеңдегі географиялық білімдер эн-
циклопедиясын құрастырды. Захириддин Мұхаммед Бабыр “Бабырнама”
шығармасы арқылы география ғылымына елеулі үлес қосты.
Бұл кезеңде еуропалықтар да түрлі саяхаттар жасап, географиялық
білімдердің баюына айтарлықтай ат салысты. 982 жылы Эрик Рауда
Гренландияны, ал оның ұлы Лейве Эрикссон Солтүстік Американың сол-
түстік-шығыс жағалауларын зерттеді. 1271–1295 жылдарда венециялық
Марко Поло Қытайға сапар жасады, оның мағлұматтары Птоломейдің
картасына түспей қалған жерлерді толықтырды. 1466–1472 жылдарда
А.Никитин Үндістанға саяхат жасап, “Үш теңізден асқан саяхат” шығар-
масын жазды.
Сатының негізгі нəтижелері: Жердің пішіні мен өлшемдері анығы-
рақ өлшенді, геодезия, гидрология, климаттану ғылымдары қалыптасып,
дамыды, өлкетану мен мемлекеттануға арналған ірі шығармалар жазылды.
Шығыс, соның ішінде Орта Азия географиясына негіз қаланды.
Ұлы географиялық ашулар кезеңі. ХV ғасырдың 2-жартысына қарай
Еуропада табиғи ресурстар мен шикізаттарға бай деп саналатын Үндістан
мен Қытайға барудың жаңа жолдарын іздестіру басталды. Соның нәтиже-
сінде “Ұлы географиялық ашулар” жасалды. Ұлы географиялық ашулар
негізінен 3 бағыт бойынша жүргізілді: 1) оңтүстік – Африканы бойлай;
2) батыс – Атлант мұхиты арқылы; 3) солтүстік – Еуразияның полярлық
өлкелері және солтүстік жағалаулары бойымен.
Бұл саты 1492 жылы испаниялық Христофор Колумбтың Америкаға
1-саяхатынан басталады. Х.Колумб Америкаға 4 рет барса да, әр барғанын-
да жаңа аралдарды ашқанына қарамай, ол жерлердің Үндістан еместігін
білмеген. 1499–1501 жылдары Америго Веспуччи Оңтүстік Америка жаға-
лауларын тексеріп көріп, бұл жерлердің Үндістан емес, жаңа жерлер екен-
дігін жазады. 1507 жылы М.Вальдземуллер “Космографияға кіріспе” атты
шығармасында осынау жаңа ашылған жерлерді “Терра Америка” деп атай-
ды. Бертін келе Меркатор өз карталарында екі материкті де осылай атаған.
1498 жылы португалиялық Васко да Гама экспедициясы Африканы ай-
налып өтіп, Еуропадан Үндістанға баратын теңіз жолын ашты. 1519–1521
жылдарда испаниялық Фернан Магеллан экспедициясы әлемдік саяхат жа-
сады. Соның нәтижесінде Жердің шар тәрізді екендігі дәлелденді және
Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығы анықталды.
9
ХVІ ғасырда ағылшын және голланд саяхатшылары да Үндістан мен
Қытайға апаратын теңіз жолын ашу мақсатымен солтүстік-батыс және
солтүстік-шығыс бағыттары бойынша экспедициялар ұйымдастырды. Со-
ның нәтижесінде Солтүстік Америка мен Еуразияның солтүстік жағалау-
лары және көптеген аралдар зерттелді. Бірақ теңіз жолын ашуға қол жет-
кізілмеді. Бұдан тыс Американың ішкі өлкелері, яғни ағылшындар – АҚШ
аумағын, француздар – Канада аумағын зерттеді.
ХVІ ғасырдың соңынан бастап ағылшындар мен голландтар Оңтүстік
Азия, Австралия және Океания аумақтарын да зерттеп, игеруге кірісті.
1605 жылы голланд саяхатшысы Янсзон Австралия материгін ашты. Одан
кейін 1641–1643 жылдарда А.Тасман материкті айналып шықты.
Осы кезеңде орыс саяхатшылары Сібірді, Қиыр Шығысты, Еуразияның
солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауларын, Солтүстік Американың
солтүстік-батыс бөлігіне дейінгі аумақтарды зерттеп, картаға түсірді және
сипаттап жазды.
Жоғарыда айтылған және басқа ондаған экспедицияларда жинақталған
мағлұматтар географиялық білімдердің молайып, жетіле түсуіне себеп
болды. 1544 жылы С.Мюнстердің “Космография”, 1650 жылы голланд
ғалымы Б.Варениустың “Жалпы география” атты шығармалары баспадан
шықты. Г.Меркатор карталардың математикалық негіздерін, картографи-
ялық проекцияларды жасады. Бұлардың барлығы ғылыми географияның
дамуына негіз қалады.
Бұл кезеңнің негізгі нəтижелері: Cолтүстік және Оңтүстік Амери-
ка, Австралия материктері ашылды; Жердің шар тәрізділігі және Дүни-
ежүзілік мұхиттың біртұтастығы іс жүзінде дәлелденді; бұрындары бей-
мәлім болған Тынық мұхиттың бар екені және оның әлемдегі ең үлкен
мұхит екендігі, Жер жүзінің үлкен бөлігі құрлық емес, судан тұратын-
дығы анықталды.
Ғылыми географиялық жұмыстар кезеңі. ХVІІ ғасырға қарай ғылымдар-
дың дамуында күрт жылдамдау байқалды. Географияда арнайы ғылыми
экспедициялар ұйымдастыру қолға алынды. Бұндай экспедициялардың ең
маңыздылары: 1725–1741 жылдарда В.Беринг пен А.Чириков басқарған
орыс экспедициясы, 1785–1788 жылдарда Дж.Лаперуз басқарған фран-
цуз экспедициясы, 1768–1779 жылдарда Дж.Кук басқарып, дүние жүзін 3
рет айналып шыққан ағылшын экспедициясы. Бұл экспедициялар Куриль
аралдарын, Камчатка және Чукотка түбектерін, Азияның солтүстік жаға-
лауларын, Африка мен Оңтүстік Американың шығыс жағалауларын, Жаңа
10
Зеландия, Жаңа Каледония, Оңтүстік Георгия, Жамият, Гавай, Кук аралда-
рын және басқа аралдарды зерттеді.
Жердің ішкі бөліктері, тектоникалық қозғалыстар туралы білімдердің
жинақталуына байланысты табиғи географиядан геология бөлініп шықты.
Ал Жер бетінің бедері, жерүсті және жерасты сулары, климат, желдер,
өсімдіктер жөніндегі білімдердің кеңеюі геоморфология, гидрология, мете-
орология және геоботаника пәндерінің дербес ғылым дәрежесінде дамуына
себеп болды.
Бұл кезеңде бірқатар теориялар мен гипотезалар, кітаптар дүниеге
келді. Бұлар: Кант-Лапластың космогониялық теориясы; Палластың гео-
логиялық қабаттардың жасы жөніндегі теориясы; Лейбництің таулардың
пайда болуындағы жанартау қозғалыстары гипотезасы; М.Ломоносовтың
“Жердің қабаттары туралы”, “Атмосферадағы құбылыстар туралы” кітап-
тары, Канттың “Табиғи географиядан лекциялар” кітабы және басқалар.
Бұл кезеңнің негізгі нəтижелері: Жер бетінің түрлі бөліктері ғылыми
зерттелді; ғылымда жаңа теориялар мен гипотезалар жаратылды; карто-
графиялық проекциялар мен бедерлі кескіндеудің соны әдістері табылды;
кесек туындылар мен кітаптар жазылды; география ғылымының құрамын-
да бірнеше дербес ғылым салалары дамыды.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың 1-жартысында географияның дамуы. Бұл
кезеңге қарай ұлттық географиялық қоғамдардың құрылуы басталды. Атап
айтқанда, бұндай қоғамдар Францияда (1821), Германияда (1828), Ұлыбри-
танияда (1830), Ресейде (1845), ал Түркістанда 1897 жылы құрылды. Көпте-
ген мемлекеттер ірі ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастырды. 1821
жылы Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.Р.Лазарев Антарктиданы ашты. О.Е.Коцебу
1823-1825 жылдарда Дүниежүзілік мұхитты бойлап жүргізген экспедиция-
сында маржан аралдарының келіп шығуын зерттеді, ал физик Лэнс те-
реңдікті өлшеуде тұңғыш рет барометрді қолданды. Д.Ливингстон Африка-
ның ішкі бөліктерін зерттеді. П.П.Семенов-Тяньшанскийдің басшылығымен
Орта Азияның ішкі аумақтары зерттелді. Р.Пири 1909 жылы Солтүстік по-
люсті, ал Р.Амундсен 1911 жылы Оңтүстік полюсті бағындырды.
А.Гумбольдт Еуропа, Америка, Азия материктеріне экспедиция ұйымдасты-
рып, көптеген құнды мәліметтер жинады. Ол өсімдіктердің зоналылығы мен
биіктік белдеулену заңдылықтарын анықтап, бұл мәліметтер негізінде бірне-
ше томдық “Табиғат көріністері”, “Ғарыш” секілді ірі шығармаларын жазды.
Гумбольдт табиғатты біртұтас, қатаң заңдылықтары бар және үздіксіз даму
үстіндегі жүйе ретінде қарап, жаңа географияның негізін қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |