|
Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»Фрезерлі және тісті фрезерлі жҧмыстардың автоматтандырылуы
|
бет | 63/142 | Дата | 21.12.2022 | өлшемі | 6,23 Mb. | | #40728 | түрі | Оқулық |
| Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1) Фрезерлі және тісті фрезерлі жҧмыстардың автоматтандырылуы
Фрезерлі жҧмыстардың автоматтандырылуының негізгі бағыттары.
Фрезерлеу - механикалық ӛңдеудің негізгі түрлерінің бірі. Фрезерлеу барысында қондырғылы орын ауыстырудың автоматтандырылуы тиеу, орнату, бұйымды қысу, босату және ӛңделген бұйымдарды ағытумен байланысты қол еңбегін азайтады немесе мүлдем қысқартады.
Фрезерлік станоктардағы ӛңдеу айналымдарының автоматтандырылуы технологиялық үрді орындалуын үдетеді, бұйым ӛңдеу дәлдігін арттырады.
Бұйым беттерінің автоматтандырылған ӛңделуі қосарлы жетекті кӛшірме құрылғылары кӛмегімен жүзеге асырылады.
Сандық бағдарламалық басқару жүйелі станоктарды қолдану станоктың бір бұйымды ӛңдеуден екінші бір бұйымды ӛңдеуге жылдам үйлестірілуіне мүмкіндік береді. Оған қоса, бұйымдар аса дәлдікпен жұмысшының қатысуынсыз ӛңделеді.
Фрезерлік станоктардағы ӛңдеу айналымдарының автоматтандырылуы оның автоматты тиеу, қысу және ӛңделген бұйымдарды ағытып алуға қажетті құрылғылармен жарақтандырылуы фрезерлік станокты толықтай автоматқа айналдырады.
Фрезерлік станоктардың автоматтандырылу деңгейі мен сипаты ӛндіріс типіне және түрлі типтегі ӛндіріс жағдайында оның пайдалану ерекшеліктеріне байланысты.
Жекелеген және майда топтарда шығарылатын бір станокта жасалатын бұйымдардың түрлері ӛте кӛп, сондықтан да әмбебап станоктар бұйымның фрезерге беру және алу үшін үстелдің жылдам бос орын ауыстыруы үшін құрылғылармен, сонымен қатар, топтық ӛңдеуге қолдануға қажетті әмбебап жылдам әрекет ететін қысқыш құралдармен жарақтандырылуы қажет.
Ірі топтамалы және жаппай ӛндірісте фрезерлік жартылай автоматтар ғана емес, сонымен бірге, жұмыс айналымының барлық қозғалысы автоматтандырылған және ӛңделген бұйымдарды автоматты тиеу, бекіту және ағыту үшін қажетті қосымша құрылғылар қондырылған.
Заманауи фрезерлік станоктарда станок үстелі жұмыс және бос орын ауыстыруды үш бағытта жүзеге асыра алады: оны оқшауландырылған маятник немес секірмелі айналым бойынша. Осы мақсатта ӛңделетін бұйым беткейімен сәйкес жылжымалы үстелді басқару үшін үстелдің екі бүйір жақтауына тіреуіштер мен жұдырықшалар орнатылады.
Фрезерлік станоктардың автоматтандырылу деңгейін одан әрі арттырылуы болып олардың кӛшірме қондырғылармен жарақтандырылуы табылады. Кӛшірмелі-фрезерлік станок үстелінің қозғалысын автоматты басқару кӛшірмеге немесе үлгіге қатыстыӛлшеуіштің жүріп ӛту жолына сәйкес кесуші құралдың жүріп ӛту жолын бақылаушы жүйемен жүзеге асырылады. Кӛшірмелі-фрезерлік станоктар қылыптар, сығым-қалыптар және күрделі пішінді басқа да қалыптарды жасауға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|